Кіріспе І. Тарау «АҚ» ЖӘне «Қара» ТҮр-түс атауларының мағыналық ЖӘне тұЛҒалық дамуы



бет6/30
Дата12.04.2023
өлшемі167,25 Kb.
#81819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
dip -tur-tuske-baylanysty-toponimderdin-jetnolingvistikasy (1)

«Ақ» - «қара» түс атауына қарама-қарсы мағынасында, яғни өзінің негізгі номенативтік мағынада қолданылуы: аршыған «ақ» жұмыртқадай; Ақ серке жол бастайды, Ақын жігіт той бастайды. Мақал.

  • «Ақ» - «сүт, сүт тағамдары»; Кедейдің аузы аққа тигенде мұрны қанапты. Мақал

    1. «Ақ» - «асыл, таза, қоспасыз»: ақ берен сауыт;

    1. «Ақ» - «адал, таза, күнәсіз, пәк» Аққа құдай жақ; Ақтың отын ақымақ өшіре алмайды. Мақал

    2. «Ақ» - «ізгі тілекке, игілікті ниетке» қатысты сипаттама: ақ дастархан, ақ отау, ақ жаулъқ, ақ босаға т.д.

    3. «Ақ» - «бір қалыпты, бірыңғай, ұзаққа созылған, ұдайы, қайталанып тұратын құбылыс сипаты»: ақ жауын, ақ нөсер т.б.

    4. «Ақ» - «бағыт-бағдарды (шығыс, кейде батысты) білдіретін рәміздік (геосимволикалық) белгі, нышан»: ақ ноғай, ақ үйсін, ақ қаңлы т.б.

    5. «Ақ» - «кең, ұшы-қиыры жоқ, шексіз»: ақ жазық, ақ дала, ақ жайлау; Ағаның үйі — ақ жайлау. Мақал т.б.

    «Ақ» атауының мағына шеңбері қазақ тілінде бұлармен ғана шектелмейді. Ол бұлардан басқа да саяси-әлеуметтік қтар, ақ жайлау, ақ ту, ақ билет, ақ аүыл, ақ күн, ақ көз батыр т.б.) рәміздік, кәделік мағыналарда әр алуан тұрақты тіркестерде көптеп кездеседі.
    Түр-түс атауларының ішінде мағынасының ең кең дамығанын қазақ тілінде «қара» атауы жатады. Оның себебі, біріншіден, табиғатының кең түрде қабылдауына, көрнекілігіне және басқа түр-түс атауларымен тіркесе қолданылуына, яғни аралас түр-түсті білдіруге бейімділігіне байланысты болса, екіншіден, оның табиғатпен қоғамдық өмірдегі құбылыстардың көбісінің түр-түсіне, бейнесіне, сұлбасына, қайғы-қасіретіне, қаралы сәтіне, қөңілсіз т.б. осы сияқты күңгірт жақтарына қатыстығына байланысты. Осылардың негізінде қазақ тілінде: қара қазан, қара су, қара ниет, Қара шал, қара қобыз, қара шаңырақ т.б. осы сияқты 30 - дан астам туынды мағыналардың қалыптаскқандығын көреміз. Олардың біразы Н.А.Кононов, Ә.Қайдар, Ф.Ахметжанов т.б. авторлар тарапынан түркі тілдері бойынша анықталған «қара» атауы беретін мағыналардың 30 шақтысын біз дипломдық жұмыста нақтылы деректер арқылы сипаттадық. Солардың біразын келтіре кетсек:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет