І.2. «Ақ және және «қара» түр-түс атауларының тұлғалық дамуы.
«Ақ» және «қара» түр-түс атауларының екінші бір даму көзіне олардың тұлғалық өзгерістері жатады. Өйткені олар да, басқа сөз таптары сияқты, қазақ тілінің ортақ заңдылықтары бойынша толығып, жаңғырып, жаңаланып, сан алуан өзгерістерге түсіп отыратын құбылыс.
Ол өзгерістерді екі топқа бөліп қарауға болады: біріншісіне «ақ» және «қара» түр түс атауларының жеке-дара өз бастарына жалғанатын (тәуелдік, септік, жіктік, көптік, есімше, көсемше т.б.) жалғау-жұрнақтар жатса, екіншісіне басқа сөз таптарындағы атаулармен тіркесіп, тіркесті (анықтауышты) күрделі атауларға, бейнелі де тұрақты тіркестерге айналуын жатқызуға болады.
1.2.1 «Ақ» және «қараның» көптік жалғауында қолданылуы. Әрине, көптік жалғауын кез-келген сөз қабылдай бермейді. Сол сияқты түр-түс атауларының бұл қосымшаны қабылдауы да олардың көптік санын емес, затқа айналған мағынасын білдіру үшін, орыс тілінің әсерінен ақтар (белые) және қара түсті нәсілге, негрлерге қатысты атауларында қалыптасқан. Бұл жерде көптік жалғауы сөзжасамдық қызметін атқарып тұр.
1.2.2 «Ақ» және «қараның» тәуелдік жалғауында қолданылуы. Қазақ тіліндегі «ақ» және «қара» түр-түс атауларының тұрақты тіркестер кұрамында тұрып қабылдайтын грамматикалық форманттардың бірі – тәуелділік жалғауы. Мысалы: көзінің ағы - ақ, қарасы - қара; Көзінің ағы менен қарасындай т.б. Бұл арада тәуелдік жалғауы тіркеске идиоматикалық рең беріп, «аса қымбат зат», «асыл дүние», «жақын адам» деген мәнде қолданылып тұр.
1.3. Синтетикалық сөзжасам негізінде «ақ» және «қарадан» туындаған күрделі тұлғалар. Сөзжасамдық моделіне байланысты бұл атауларды негізінен екі топқа бөліп қарауға болады: біріншісіне - «ақ» және «қара» атауларынан туындаған етістік тұлғалары да, екіншісіне - есім тұлғалары жатады. Бұл екі топтың екеуі де қазақ тілінің өз табиғатына тән сөзжасам жұрнақтары арқылы жасалады. Бұлардың ерекшелігі; «ақ» және «қара» түс ұғымдарынан қалыптасқан туынды етістіктер мен есім сөздер көбіне - көп өзінің негізгі мағынасында емес, ауыспалы мағынасында қолданылатындығында. Мәселен, «Кіммен қарайсаң, сонымен ағар» деген мақалдағы: қараю —«әбестік іс істеп қою» ағару - «ақтаяу, оқ ісімен беделін сақтап қалу»; осы сияқты: «көзі қараю» дегендей екі түрлі мағынада - 1) «ас - тамақ ішпей әбден ашығу»; 2) « көптен бері көрмей, құмартып жүрген адамды көруге ынтығу»; қаны қараю «біреу істеген қаскүнемдікке, арам ойы мен қылығына зығырданы қайнау, өзінің істегенін өзіне қайтаруға тырысу» т.т. Сол сияқты: қара жамылу - «тарихтың беймәлім айқындалмаған беттері» т.т.
Көріп отырғанымыздай, бұл түр-түс атаулары ауыспалы мағынасында қолданылып тұр. Алайда, «ақ» және «қара» түр-түс атаулары мағыналырының бәрі осылай деп қарауға болмайды.Олардың мағыналарын біз төмендегі мысалдардан айқын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |