Кіріспе І. Тарау «АҚ» ЖӘне «Қара» ТҮр-түс атауларының мағыналық ЖӘне тұЛҒалық дамуы



бет4/30
Дата12.04.2023
өлшемі167,25 Kb.
#81819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
dip -tur-tuske-baylanysty-toponimderdin-jetnolingvistikasy (1)

Зерттсу жұмысының кұрылымы. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне байланысты жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және косымшадан тұрады.
Зерттеу жұмысының мазмұны. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, ғылыми жаңалығы негізделіп, мақсаты мен міндеттері, теориялық және практикалық құндылығы, негізгі теориялық-методологиялық бағыты мен зерттеу әдіс–тәсілдері, талқылауға ұсынылған тұжырымдар мен сараптау сипаты айқындалды.


І.ТАРАУ.«АҚ» ЖӘНЕ «ҚАРА» ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫ
І.1. «Ақ» және «кара» түр-түс атауларының мағыналық даму шеңбері
«Ақ» және «қара» түр-түс атауларының мағыналық және тұлғалық дамуы - деп аталатын қазақ тіліндегі жалпы түр-түстерді ішінен зерттеу нысаны етіп, ерекше бөліп алып, қарастырылған «ақ» және «қара» түр-түс атауларына қатысты ең өзекті мәселелердің бірі - өте кең шеңберде қолданылатын сан түрлі мағыналары мен әр алуан түрлі тұлғаларын анықтау оның ең басты себебі бұл түр-түс атауларының күрделі табиғатына, басқа түр-түс атауларымен салыстырғанда қолданыс аясының кеңдігіне, тұлғалық жағынан өзгерістерге бейімділігіне байланысты.
«Ақ» және «қара» түр-түс атауларының табиғаты күрделі дейтін себебіміз - бұл екеуі екі - ақ түсті білдірумен шектелетін құбылыс емес. Табиғатты жай көзбен және арнайы аспаптар арқылы көруге болатын түстердің жалпы саны табиғатта 2 мыңнан 30 мыңға дейін болса [2.23], бірақ Ньютонның 7 түрлі заңы бойынша олардың өзі екі - хроматты және ахроматты топқа бөлініп, солардың қосымша ахроматты тобына тек «ақ», «кара», «сұр» түстері ғана жатса, мұны қалай түсіндіруге болады? Біздің пайымдауымыз бойынша, түр-түс кұбылыстарының сапасы мен саны, сыны мен сипаты, оларға сәйкес атаулары барлық тілдерде бірдей емес. Қазақ тілінде болса, түр-түс атауларының жалпы саны 70 - тен асып жығылады. Олардың 30-ы негізгілері де, 40-тан астамы туынды түрлеріне жатады. Осылардың ішінде тұлғалық өзгерістерге ұшырауы жағынан да, мағынасының күрделілігі жағынан да «ақ» және «кара» түр-түс атаулары ерекше көзге түседі. Тек «ақ» атауының өзі ғана 15 түрлі (бағыт-бағдарды, кәдені, геосимволикалық, ауыспалы, қосыміпа т.б.) мағынаны білдірсе «қара» атауы 23 түрлі (осы тәрізді) мағына түрін білдіретінін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет