Кіріспе І. Тарау «АҚ» ЖӘне «Қара» ТҮр-түс атауларының мағыналық ЖӘне тұЛҒалық дамуы



бет5/30
Дата12.04.2023
өлшемі167,25 Kb.
#81819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
dip -tur-tuske-baylanysty-toponimderdin-jetnolingvistikasy (1)

«Ақ» және «қара» атауларының бұл қасиетін тек көпмағыналық ерекшелігі ғана емес, онда да кеңірек құбылыс деп қараған жөн. Демек, олардың бұл толассыз дамуы, бір жағынан, қолданыс аясының кендігі мен жиілігіне, екінші жағынан өмір-тіршіліктің сан алуан ситуациясында тура мағынасында да, болмаса, салыстырма түрінде де кең қолданылуына байланысты деген соз.
Бұл мәселені зерттеген ғалымдардың көбісі-ақ, мәселен, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, И.Циртаутас, Е.Қойшыбаев, Ә.Қайдаров, З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбеков, Р.Сыздықова, Ә.Қ.Ахметов, Ө.Айтбаев, Ж..Манкеева, Қ.Ш.Хүсаинов, Р.Н.Шойбеков. С.Сәтенова т.б. «ақ» және «қара» т.б. түр-түс атауларының көп мағыналыққа бейімділігін бізден бұрын да айтқан болатын. Мысалы, академик А.Н.Кононов тек «қара» сын есімінің түркі тілдерінде 20 - шақты қосымша, қосалқы, символдық. ауыспалы, кәделік т.б. мағыналарға ие екендігін санамалап көрсетеді.
Әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бұл сан өзгеріп отырады және мағына түрі де бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Академик Ә.Т.Қайдаров және т.б. авторлардың жоғарыда көрсетілген еңбегінде қазақ тіліндегі «қара» түске байланысты атаудың 30 шақты мағынасы бар екен. Бұл тәрізді айырмашылық «ақ» түске байланысты да байқалады.
«Ақ» түсті білдіретін «ақ» атауы түркі тілдерінің барлығына бірдей ортақ атау. Бірақ оның мағына өрісі барлық түркі тілдерінде бірдей емес. Мәселен, оның қазақ тіліне тән бір ерекшелігі: «сүт» және «сүт тағамдарына» байланысты мағыналарын жеке-дара тұрып та, белгілі бір мәтін құрамында тұрып та білдіре берсе, одан басқа ауыспалы (қосымша, кәделі, рәмізді, салт-дәстүрге байланысты т.б. ) мағыналары көп жағдайда тіркес құрамында тұрып қана білдіре алатынғында.
«Ақ» түс атауының екінші бір ерекшелігі: көптеген ауыспалы мағыналары ғайыптан пайда болған емес, сол «ақ» ұғымының өз табиғатынан теңеу, салыстыру, балау, ұқсату т.б. тәсілдері нәтижесінде туындап, өрбіп, дамыған мағыналар. Бұлайша дамудың шарықтау шегі, логикалық шеңбері кең екенін, мысалы «ақ» атауының; «таза, пәк, кіршіксіз адал, әділ, жайдары, әдемі, сұлу, айқын, анық, асыл, ардақты» т.б. осы сияқты өзара сәйкес, мәндес ұғымдардың білдіруінен де анық көруге болады. Дегенмен, «ақ» мағынасының нақтылы түрлерін тек белгілі мәтінде ғана айқын көруге болады. Біз анықтаған 15 мағынаның бәрін болмаса да, кейбіреулерін атап өтіп, мысалдар келтірейік.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет