Кіріспе Тақырыптың өзектілігі


Тақырыптың зерттелу деңгейі



бет3/18
Дата05.12.2022
өлшемі326,5 Kb.
#55083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дип.-Қазақ-татар-ауыз-әдебиеті

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырып негізінен ХХ- ғасырдың II-жартысында Б.Ысқақов зерттеген.Оның «Қазақ – татар әдеби байланысы» ( 1976) атты зерттеу еңбегі бар. Бұдан кейін бұл тақырып осы уақытқа дейін зерттелмей келуде.Ары қарай зерттеу ісі жастардың еншісінде.
Алайда, осыған қарамастан, көп уақытқа дейін осы мәдени қарым-қатынас пен әдеби байланыс жан-жақты терең зерттеліп, толық анықталмай келді. Қазақтар мен татарлар арасындағы мәдени байланыстар сөз болса, әдетте олардың көлеңке жағы көбірек айтылып, күнгей жағы көрінбей қалады. Әдебиеттер байланысын бірнеше қырынан алып зерттеуге болады. Біз бұл жұмысымызда қазақ татар әдебиеттері байланысының барлық мәселесін қамтымай, тек оның негізгі тарихи даму кезеңдерін ғана әңгіме етіп, көбінесе оның демократиялық, прогресшілдік жақтарына баса назар аудардық.
Біз бұл жұмысымызда қазақ татар әдебиеттері байланысының даму жолдары, осы екі халықтың саяси – экономикалық және мәдени қатынастары тарихына байланысты, негізінен төрт кезеңге бөліп қарадық. Оның біріншісі – қазақ-татар халықтарының жалпы түркі тұқымдас халықтардың құрамында – Түрік қағанаты, Дәшті Қыпшақ одағы, Алтын орда хандықтары қол астында тайпа-тайпа болып өмір сүрген кезі. Қазақ – татар әдебиеттерінің көптеген әдебиет нұсқалары –ауыз әдебиет үлгілері мен көне әдебиет ескерткішері негізінен осы тұста жасалған. Екінші кезең – татар және қазақ елінің Ресей мемлекетінің құрамына кіріп, тарихи тағдырлары мне ұлттық мүдделерінің ұштасып, тарихи мақсаттары мен мұраттарының ортақтас кезі. Бұл негізіне Х1Х ғасырдың екінші жартысын қамтыды. Үшінші кезең – ХХ ғасырдың басы, Қазақ төңкерісінің қарсаңы, қазақ-татар әдеби байланысының жаңа тарихи жағдайларда жаңа биікке көтерілуі. Төртінші кезең – көтерілістен кейінгі кез – Кеңес дәуірі. Мұнда қазақ- татар әдебиеттерінің өзара туысқандық, достық байланысы жатады.


I тарау.
1.1 Қазақ- татар ауыз әдебиеті үлгілерінің ұқсастықтары мен өзгешеліктері.
Әдебиеттің басқада құбылыстары сияқты әдеби байланыстың да өзіндік пайда болу процесі, даму жолы және оның тарихи кезеңдері болады. Бұл құбылыстар көбінесе әдебиетті жасаушы халықтардың тарихи байланысына, саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынасына негізделеді.
Қазақ пен татар халықтарының тарихына көз жіберсек, бұл туысқандық тамырларының тіпті тереңнен, сонау көне ғасырлардан басталатынын көреміз. Біріншіден екі халықтың шыққан тегі бір – тарих сахнасыеа біздің дәуіріміздің басында-ақ көріне бастаған сонау көне түркі тайпалары. Екіншіден бұл екі халық көп уақыт бойы әуелі (V-VIII ғасырларда) Түрік қағанатының, кейін (1Х-Х11 ғасырларда) Дәшті қыпшақ одағының, ақырында (Х111-ХV ғасырларда) Алтын Орда хандығының құрамына кіріп, бір мемлекеттің қол астында өмір сүрген.Қазақ татар әдебиеттерінің көптеген көне ортақ үлгілері көбінесе осы кезде жасалған [4 ;139]. Үшіншіден бұл екі халық кейін сол көне түркі – монғол тайпалары құрған қоғамнан бөлініп шығып, бірі бұлғар-татар одағының, екіншісі – үйсін- қыпшақ одағының негізінде өз алдына жеке халық болып қалыптасқан.Төртіншіден, бұл екі ел бірі- қазақ, екіншісі – татар атанып, тарих сахнасына шыққанан бері негізінен бір өлкені (Еділ-Жайық өзендерінің бойлары мен Орал-Алтай тауларының арасын) мекендеп, көп ғасырлар көршілес қонып, іргелес тұрып өмір сүріп келеді.
Осыған байланысты олардың басынан кешірген тарихи тағдырлары да бір болып, ұлттық мүдделері үнемі ұштасып жатты. Мәселен, қазақ –татар халықтары Шыңғыс пен Бату бастаған монғол шапқыншыларының шабуылына бірдей ұшырады. Кейін Қазан,Астрахань, Қырым, Сібір және Қазақ хандықтары болып бөлінген кездердің өзінде де қазақ, татар халықтары өзара экономикалық байланыс жасап, бір-бірімен сауда қатынастарын жүргізді. Тіпті қазақтар мен татарлар бір кезде Ноғайлы одағын құрып, бір хандық болып та тұрды. Қазақтың көптеген батырлық және лиро- эпостық жырлары көбіне осы дәуірде пайда болған.
Міне, осы түбі бір туыстық, көне көршілік, тарихи тағдырластық және эконмикалық қатынас екі елдің мәдени өміріне, соның ішінде әдебиетіне де елеулі әсерін тигізіп, олардың өзара жақындасуына себеп болды.Мұны, әсіресе екі халықтың ежелгі заманнан бері сақтанып келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілеріне көз жіберсек анық аңғарамыз. Бұл жөнінде белгілі татар ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Х.Усман былай деп жазады: «Қазақ – татар әдебиетінің қарым-қатынас, өзара байланыс тарихы өте ертеден басталады. Олардың түп тамыры, бастау бұлағы біздің халықтарымыздың ауыз әдебиетінде жатыр.Ескі Орхон- Енисей жазуы мен Махмут Қашқари сөздігіне үңілсек, олардан біздің тілімізде күні бүгінге дейін ортақ мақал- мәтелдерді каездестіреміз. Мұндай туыстас шығармалар кейігі замандарда да кем түспейді. Әсіресе эпос төңірегінде аса қызғылықты жәйттер бар...»[4;26].
Расында да, қазақ-татар халықтары жасаған ауыз әдебиеті үлгілері үнемі өзара ұқсап, ұштасып жатады. Бұл жағынан алып қарағанда, олар бір көрікті бақшаның қос гүлі тәрізді. Олай дейтін себебіміз:Бұлар бірігіп жасаған ертегі-аңыздар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, батырлық және лиро- эпостық дастандар бір-біріне өте ұқсас. Тіпті, олардың кейбіреулерінің қай халықтікі екенін де айыра алмайсың. Мәселен, Көз –қорқақ, қол – батыр, Ер жолдасы тәуекел, Жатып қалғанша, атып қал, Бітер істің басына, жақсы келер қасына,Өнер алды-қызыл тіл, Өнерді үйрен, үйрен де жирен, Ұста -әруақ, Жан аямаған жау алар, мал аямаған дау алар, Ат аунаған жерде түк қалар [5:17,28,37; 6:256,265,306] – деген қазақ-татар мақалдарының мән-мағына жөнінен еш айырмасы жоқ. Өзгеріс тек жазылуы, оқылуы және айтылуында ғана.
Сол сияқты татардың «Шомбай» атты ертегісі қазақтың «Шық бермес Шығайбай мен Алдар көсе» деген ертегісіне өте ұқсас. Екеуінде де қу кедей жігіт сараң байды алдап кетеді.Ал татардың «Бай мен шаруа» деген ертегісі қазақтың «Хан мен тазша бала» деген ертегісіне, татардың «Молда мен Мәзи» деген ертегісі қазақтың «Тапқыш» деген ертегі-аңыздарымен мазмұн, идея, тіпті сюжет жағынан өте сәйкес. Ал, «Есек дәме», «Екі жалқау», «Ағайындардың қаз бөлгені» деген ертегісі қазақ ертегілерімен тіпті сөзбе-сөз үйлесіп жатады [7:367; 8:128].
Жоғарыда қазақ пен татарлардың тіпті бір кезде бірігіп Ноғайлы одағын құрып, бір хандықтың қол астында өмір сүргенін айтып, өткен болатынбыз. Қазақтың көптеген батырлық жырлары мен лиро – эпостық дастандары міне осы Ноғайлы дәуірінде туған. Бұл жөнінде қазақтың тұңғыш ағартушы-ғалымы, қазақ-татар халықтарының тарихи байланысын терең зерттеп, олардың ауыз әдебиеттерінің нұсқаларын көп жинаған Ш.Ш.Уәлиханов былай деп жазады: «Туысқан ноғай мен қазақ ордаларының бірігіп өмір сүрген кезі қазақ дастандарында алтын ғасыр есебінде жырланады. Жиренше шешен, Әз Жәнібек және ноғай философы Асан қайғы атына байланысты әңгімелер, ертегі- аңыздар және нақыл сөздердің көпшілігі сол кезде туған. Оларды дала тұрғындары осы уақытқа дейін пайдаланады...»
Орталық Азиядан Еділ бойына жөңкіген Жоңғар қалмақтары ноғай мен қазақ ордасына шабуыл жасап, жат жерлік жаулар оларды өздерінің туған жерлерінен ығыстырады,талан-таражға ұшыратады,қазақ пен ноғайдың туысқандық одағын ажырытады. Қалмақтардан ығысқан ноғайлар Еділ мен Оралдың ар жағына кетеді.Ал, қазақтар оңтүстікке ауады.Ноғай мен қазақтың осы екіге айырылуы жөнінде шығарылған, бүкіл дала тұрғындарына мәлім жоқтауды дала күйшілері осы уақытқа дейін ұмытпай қобызда ойнайды. Мұны естіген ақсақалдардың көзіне жас келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет