Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет10/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

Бақылау сұрақтары:
1. Башқортостан Республикасы туралы не білесіз?
2. Башқұрт ауыз әдебиетінің үлгілері. Қобайыр жанры.
3. С.Юлаев туралы пікіріңіз қандай?
4. М.Үмітбаев шығармашылығы туралы пікіріңіз қандай?
5. С.Құдаштың «Жастық шақтың ізімен» шығармасы туралы пікіріңіз кандай?


Дәріс тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
1. Башқұрт ауыз әдебиетінің үлгілері. Қобайыр жанры.
2. С.Юлаев шығармашылығы.
3. М.Үмітбаев шығармашылығы.
4. С.Құдаштың «Жастық шақтың ізімен» шығармасы.


Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1 .История башкирской советской литературы. Очерки. – Уфа: 1963.
2. Башқұрт ертегілері. (Аударған Б. Өтембаева). – А: І960.
З. Башқұрт әңгімелері. – А: 1958.
4. Салауат Юлаев. Жорық жырлары. – А: 1983.
5. Құдаш С. Жастық шақтың ізімен. – А: 1966.
6. Құдаш С. Ұмытылмас кезендер. – А: 1971.
7. Құдаш С. Көктемді қарсы алғанда. – А: 1959.
8. Ақеділ А. Башқұрт жазушыларының әңгімелері. – А: Жазушы: 1976.
9. Сайра, сандуғаш. Башқұрт ақындарының өлеңдері. – А: Жазушы: 1976.
10. Ибрагимов Ғ. Қазақ қызы. – А: 1961.
11. Бейсенова М. Түркі халықтар әдебиетІ. Шымкент, 2006.

4 ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҚАРАҚАЛПАҚ ӘДЕБИЕТІ




Дәріс мақсаты: Студенттерге қарақалпақ халқы мен қарақалпақ әдебиетінің классикалық үлгілерін ұғындыру.


Дәріс жоспары:
1. Қарақалпақ халқы туралы мәлімет.
2. Қарақалпақ әдебиеті туралы шолу.
3. Жиен жырау Тағайұлы.
4. Бердақ шайыр Қарғабайұлы.
5. Жолмырза Аймырзаев.
6. Төлепберген Қайыпбергенов.


Дәрістің мазмұны. Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы құрамындағы суверенді мемлекет. Ол Өзбекстаннның солтүстік-батысында, Әмударияның төменгі ағысында, Арал теңізінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Жер көлемі – 165,5 мың км. Халқы – 1,482 млн. адам. Астанасы – Нөкіс қаласы. Мемлекеттік тілі – қарақалпақ және өзбек тілі. Қарақалпақ тіпі Қазаақ-ноғай тілдерімен бірге түркі тілдерінің қыпшақ-ноғай тармағын құрайды. Ақша бірлігі – өзбек сумы.
1924 жылы Қазаақстан құрамында Қарақалпақ автономиялы облысы құрылды. 1932 жылы Қарақалпақ автономиялы облысы авггсшомиялы республнка мәртебесін апды.
1936 жылы Қарақалпақстан Автономиялы Республикасы Өзбек ССР-ның құрамына енді.
1995 жылғы халықаралық санақ мәліметі бойынша қарақалпақтардың дүние жүзіндегі саны – 500 мың адам. Оның 93%-ы Қарақалпақстан Республикасын мекендейді. Сонымен катар Қарақалпақтар Өзбекстанның басқа облыстарында, Түрікменстанда және де Ауғанстанда тұрады.
Қарақалпақ халқы Алтын Орда және Ноғай Ордасы тұсында қыпшақ тобындағы халықтармен қоян-қолтық өмір сүрген. Қарақалпақтар XVII ғасырдың ақырынан XVIII ғасырдың орта тұсына дейін Сырдария бойын мекендеп, Қуаңдария мен Жаңадариядан су шығарып, диқаншылықпен айналысқан. Олар генетикалық негізі жағынан он төрт ру және қоңырат болып екі арысқа бөлінеді. Тәуке ханның тұсында қарақалпақ ұлысы қазақ ұлысымен бір бірлестік құрамында болған. XVIII ғасырдан кейін қазақтың Кіші жүз Ордасының қоластына қараған Сырдария қарақалпақтары түркістандықтар деп аталып, ал Түркістан – күллі қарақалпақтың ата жұрты болып есептелген. Сырдария бойындағы Сығанақ пен Жанкент қалалары қарақалпақ халқының тарихыңда маңызды орын алған. Жоңғар шалқыншылығы кезінде қарақалпақ халқы ауыр зардап шегіп, XVIII ғасырдың орта шенінде Хорезм жеріне барып табан тіреген.
Қарақалпақ халқының фолыклоры – бәдік, тойбастар, айтыс, аужар, сыңсу, жоқтау, бесік жыры, терме, толғау, төрт түлік малға байланысты т. б. өлеңдерден тұрады. Бұлардың ішіндегі бәдік жыры – арбау өлеңдерінің қатарына жататын түркі халықтарына ортақ жанр. Бұл жанрдың ерекшеліктеріне филология ғылымдарының докторы, қарақалпақ ғалымы Н.Дәуқараев «Революцияға дейінгі қарақалпақ әдебиеті тарихының очерктері» (Нөкіс, 1950) деген еңбегінде жан-жақты тоқталған.
Қарақалпақтар сөз өнеріне ден қоятын халық ретінде той-томалақ пен әр алуан жиындарда масқарапаз (күлдіргі айтыс) жарысын өткізетін болған. Қыз бен жігіттің сұрақ-жауапқа құрылған айтысында шешендігімен, тапқырлығымен, әзіл-қалжыңға жетіктігімен көзге түсетін «Лаққылар» өнері қарақалпақ ауыз әдебиетінің ерекше үлгісі болып есептеледі. Қарақалпақ халқының ертедегі музыка мәдениеті мен әдебиетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде әнші-жыршылар «сазендер» мен «қиссахандар» айрықша орын алады.
Қарақалпақ ауыз әдебиегінің ауқымды бөлігін Алдар Көсе, Жиренше, Қожанасыр туралы ертегілік аңыздар құрайды. Сонымен қатар қарақалпақ ауыз әдебиетінің ерекше дамыған түрі – айтыс жанры – қарақалпақтар арасында төкпе ақындықтың жарқын үлгісі.
Қарақалпақ тарихының Ноғай ордасы дәуіріндегі кезеңдері қарақалпақ халқының «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Бозжігіт» «Бозұғлан» тәрізді дастандарында көрініс тапқан.
Қарақалпақ фолыклоры ауыз әдебиетінің сан алуан түрлерінен кұралып, олар лирикалык және эпикалық жырлар болып екі салаға бөлінеді. Мысалы, «Шадияр», «Ақымақ патша» сияқты дастандар эпикалық жырлардың тобына енсе, ал лиро-эпостық жырлардың қатарына «Қырық қыз», «Ашық-Ғариб» т.б сияқты дастандар жатады.
Сонымен бірге қарақалпақ ауыз әдебиеті үлгілерінің қомақты бір саласын Шығыс халықтарының дәстүрлі сюжеттеріне құрылған «Жүсіп-Зылиха», «Таһир-Зуһра», «Жүсіп-Ахмед», «Ғашық Хамра» сияқты дастандар құрайды.
Қарақалпақ халық ауыз әдебиетін ғылыми саралап, жүйелі топтастырған «Қарақалпақ фолыклоры» деп аталатын жиырма томдық сүбелі еңбек қарақалпақ әдебиетінде ерекше маңызға ие. Бұл жинаққа қарақалпақ халқының есте жоқ ескі замандардан бері қиялынан туған жетілген, сұрыпталған, сан әулеттің сынынан өткен көркемсөз қазынасы топталған.
ХУІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қарақалпақ халқының өмір сүру салтының, поэзиялық көркемсөз үлгісінің шыңы болып есептелетін «Қырық қыз» дастаны – өз бойына бағзы замандардағы поэтикалық айшықтарды жинақтаған қарақалпақ халқының төл туындысы.
Сонымен қатар түркі халықтарына ортақ сюжетке құрылған «Көроғлы», «Алпамыс», «Қобыланды» сияқты батырлық дастандар да қарақалпақ халқының ауыз әдебиетінде өзіндік ерекшеліктерімен жырланады.
Қарақалпақ халқының жазба әдебиеті ХҮІІІ ғасырдан бастау алып, түркі халықтарына ортақ болып келетін араб әліпбиінің негізінде жасалған.
Қарақалпақ әдебиетінің XVIII ғасырдағы көрнекті өкілі Жиен жыраудың «Босқан ел» атты тарихи дастанында қарақалпақ халқының жаулардың шапқыншылығына ұшырауы, қасіретті тағдыры, соның нәтижесінде Жаңадария бойына ауып көшуі көрініс табады.
XIX ғасырдағы қарақалпақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне, қарақалпақ әдебиетінде демократиялық бағыттың дамуына Күнқожа Ибраимұлы (1799-1880), Әжінияз Қосыбайұлы (1824-1878), Бердақ Қарғабайұлы (1827-1900), Омар Өтеш (1828-1902), Құлмұрат (1845-1927), Омар Сүйірбекұлы (1879-1922), Сыдық Шайыр (1857-1917) сияқты ақындар мол үлес қосты.
Осы кезеңде қарақалпақ әдебиетінде тарихи тақырыпқа жазылған шығармалар пайда бола бастады. Мәселен, Күнқожа шайырдың «Орақшылар» және «Түйе екенсің» атты толғаулары Қарақалпақ халқын адам төзгісіз езгіге салған Хиуа ханын әжуа етсе, Әжінияз шайырдың «Бозатау» дастанында қарақалпақ халқының туған мекенімен зарлы қоштасуы тебіреніспен беріледі.
Сонымен қатар Әжінияз өз заманындағы айтыстың майталман шебері болған. Ол тек өз халқының ақындарымен ғана емес, басқа түркі халықтарының өкілдерімен де айтыскан көрінеді. Бұған мысал ретінде қазақтың ақын қызы Меңешпен айтысын атап өтуімізге болады.
XIX ғасырдың ұлы шайыры Бердақ Қарғабайұлы қарақалпақ Әдебиетінің классигі болып есегггеледі. Оның «Ерназар», «Айдос би» шығамалары қарақалпақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларға, өмір шындығына құрылған. Оның «Ақымақ патша» дастаны қарақалпақ әдебиетінің інжу-маржаны іспеттес туынды.
Кеңес дәуірінде қарақалпақ әдебиеті сан-салалы жанрда дамыды. Халық ақындары С.Мәжитов (1869-1938), А.Мұсаев (1880-1936) А.Дабылов (1898-1970), С.Нұрымбетов (1900-1971) шығармалары қарақалпақ халқының ұлттық болмысын, оның ішінде қарақалпақ әйелінің бейнелерін жаңаша беруге талпынады.
XX ғасырдың 20-жылдарының аяғында қарақалпақ әдебиетінде драматургия мен көркем проза өріс алды. А.Шамұратов (1902-1953), А.Өтепов (1904-1934), Н.Дәуқараев (1905-1953), А.Бегимов (1907-1958), М.Дәрібаев (1909-1942), У.Айжанов (1919-1960) сияқты ақын-жазушылар өз шығармашылығына халықтық поэзия үлгілерін жаңа дәуір талаптарымен сабақтастыра білді.
Елуінші жылдары А.Бегимовтің «Балықшы қызы» (1958), У.Айжановтың «Арал құшағында» (1958) сияқты романдарында Әмудария бойын жағалай отырған қарақалпақ халқының балық аулау кәсіпшілігіне байланысты тұрмыс-тіршілігі, оның қоғамдық өмірінің өзге де көріністері сөз болады.
Қарақалпақтың кеңестік дәуірінің көрнекті жазушыларының бірі – Жолмырза Аймырзаев (1910-1973) қарақалпақ әдебиетінің барлық жанрда қалыптасуына ерекше мол үлес қосқан, Ол «Поезд», «Завод», «Сандық» т.б. көптеген өлеңдерінде өз дәуіріндегі қоғамдық өмірді поэзия тілінде шебер бейнелеген. Ал «Күрес» поэмасында ақын бүкіл қарақалпақ халқының басынан өткен қоғамдық-саяси жағдайларды кедей шаруа Қарабай тағдыры арқылы көрсетсе, «Арал» поэмасында жаңа өмірді табиғат көріністерімен астастыра суреттеген. Сондай-ақ, ақын «Нұрлы жол», «Ербай батыр», «Жайлауда», «Жұмағұл» сияқты поэмалар жазған.
Сонымен бірге Ж.Аймырзаев қарақалпақ әдебиетінде драматургия саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген. Оның «Раушан», «Айгүл-Абат» пьесаларында қарақалпақ қыздарының қилы-қилы тағдыры көрініс табады. Ал тарихи тақырыпқа жазылған «Бердақ» атты пысасыңда драматург Бердақ шайырдың өмір сүрген кезеңін, ұлы ақынның өз халқы үшін жүргізген күресін нанымды бейнелеген.
Қарақалпақ әдебиетін жанрлык, көркемдік-идеялық тұрғыдан дамытуға ерекше үлес қосқан қаламгер Төлепберген Қайыпбергенов (1929). Ол алғашқы туындыларының өзінде-ақ қарақалпақ халқын өнер-білімге, мәдениетке шақыра білген. Мысалы «Мұғалімге рахмет» повесінде ауыл мұғалімінің бейнесін жасап, оның сауатсыздықты жою жолындағы бастан өткізген қиыншылықтарын, халықты сауаттандыру ісінде қол жеткізген табыстарын сөз етеді. Повесте ұстаз бен шәкірт арасындағы терең сыйластық, ұстаздың шәкірт өміріндегі қалдырған мәңгілік ізі нанымды суреттеледі. Т.Қайыпбергеновтің «Қарақалпақ қызы» (1963-1965) деп аталатын екі томнан тұратын роман-дилогиясында XX ғасырдың I жартысындағы қарақалпақ халқының басынан өткізген қарақалпақ қызының тадыры арқылы көрініс береді. (Жазушының аталмыш романының желісі бойынша көркем суретті кинофилым түсірілген.)
1968 жылы жарық көрген «Маман би әпсанасы» атты романында Т.Қайыпбергенов ХҮІІІ ғасырдағы қарақалпақ халқының басынан өткізген шырғалаң оқиғаларды суреттеуді мақсат етеді. Роман ел-аңыздарына, шежіре-әңгімелердің желісіне құрылған. Шығармада қарақалпақ тарихының ең маңызды жарты ғасырлық кезеңі көрініс табады. Романда қарақалпақтың ханы Ғайып өз халқын уысынан шығармай жеке билеуді мақсат етсе, қарақалпақтың ябы руынан шыққан Мұрат шайық, Маман билердің мақсаты қарақалпақ елін жеке халық ретінде қалыптастырғысы келеді. Романдағы Мұрат шайықтың бейнесі қарақалпақ халқының рухани таза келбетін танытады. Романның негізгі идеясы –қарақалпақтарды жеке халық сипатында даралап суреттеу болып табылады.
Қаламгердің «Бақыггсыздар» романында (1971) ХҮИ-ХҮІІІ ғасырлардағы қарақалпақ халқының басынан өткізген күйзелісті тағдыры шебер беріледі.
Қарақалпақстан Республикасындағы халықтың бестен бірін қазақ ұлтының өкілдері кұрайтындықтан, онда қарақалпақ тілінде жазатын қазақ қаламгерлер шоғыры қалыптасқан. Қарақалпақ әдебиетінің қалыптасуына өзіндік үлес косып жүрген бұл топқа Жаңабай Сапаров, Ғайболла Ерниязов, Жұбатқан Мұратбаев, Бисенғали Ғанибаев, Мендібай Әбілов, Құтмағамбет Қонысбаев, Сәтбай Қалқашев, Абатбай Кірғабақов секілді ақын-жазушылар жатады.
1993 жылдан бері Ташкентте қазақ тілінде «Нұрлы жол», Қарақалпақстанның астанасы – Нөкісте «Достық үні» газеттері шыға бастады. Сонымен қатар Нөкіс қаласында «Қазақ мәдени орталығы» жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет