Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет12/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
БЕРДАҚ ҚАРҒАБАЙҰЛЫ (1827-1900)


ХІХ ғасырдағы қарақалпақ әдебиетінің классигі Бердақ (Бердімұрат) Қағабайұлы 1827 жылы Қарақалпақстанның қазіргі Мойнақ ауданында дүниеге келген. Ол он жасында әке-шешесінен жетім қалып, тұмыс тауқыметін көп көреді.
Бердақ іргелі мәдениет ошақтарында оқи алмағанымен, өз заманына сай білім алған сауатты адам болған. Ол жас шағынан шығыстың Низами, Физулли, Науаи, Мақтымқұлы секілді классик ақындарының шығармаларынан үлгі-өнеге алып өскен.
Бердақ шайыр өз шығармаларында заманының көкейкесті мәселелерін сан қырынан көтеріп, оны халқының жүрегіне жеткізе жырлай білген. Мысалы, ол өзінің «Жаз келер ме!» деген өлеңінде табйғаттың маусымдық ауысуымен емес (жаз), халық үшін жаз сияқты жадырап тұратын әділетті өмірді армандайды, өзі өмір сүрген дәуірдің кертарпа келеңсіздіктеріне наразылық білдіреді. Ақын «Іздер едім», «Керек-ті» сияқты өлеңдерінде шығыс елдерінің Әбу-Насыр Әл-Фарабйден бастау алатын ақындары мен білімпаздарының шығармаларында көтерілетін идея – халықты әділ адамдар басқаруы керектігін жалғастырып, дамыгга түседі. Ол «Заманда», «Келін», «Ойланба» сияқты өлеңдерінде әйелдердің қоғамдағы орны жоғары болу керектігін терең жалғастырып, қоғамның өскелең болмағы әйелдердің жағдайымен айқындалатындығын сөз етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер


1. Каипбергенов Т. Дочы каракалпақа. Кн. 1-2. -Ташкент: 1968; 1971.
2. Қайыпбергенов Т. Қарақалпақнама. Роман-эссе. -А:1988.
3. Қырык қыз. (Аударған Х.Ерғалиев, С.Мэуленов). -А:1959.
4.Турумбетов X. Счастливая девушка. М:1954.
5. Айымбетов Қ. Халық даналығы. - Нокис: 1988.
6. Кұдайбергенов Т. Бақытсыздар. Роман. - А: І971.
7. Қайыпбергенов Т. Рахмет саған, ұстазым. - А: Жалын: 1983.
8. Бейсенова М. Туркі халықтары әдебиеті. Шымкент, 2006.

5 ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҚЫРҒЫЗ ӘДЕБИЕТІ




Дәріс мақсаты: Студенттерге қырғыз халқы мен қырғыз әдебиетінің басты-басты ерекшілктерін ұғындыру.


Дәріс жоспары:
1. Қырғыз халқы туралы қысқаша мәлімет.
2. Қырғыз әдебиеті туралы шолу.
3. «Манас» - эпикалық дастан.
4. Тоғалақ молда.
5. Тоқтағұл.
6. Аалы Тоқамбаев.
7. Түгелбай Сыдықбеков.
8. Шыңғыс Айтматов.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет