Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы


Расұл Ғамзатұлы - Ана тілі



бет51/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

Расұл Ғамзатұлы - Ана тілі

Адам деген не көрмейді түсінде


Жатыр екем бүгін қабір ішінде
Дағыстанның кең аңғары күн ыстық
Көкірегімде орнаған бір тыныштық

Асау өзен арқырайды жарды ұрып


Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде
Жер болады балғын тәнім менің де

Мен жатырмын қара жерге табына


Жоламайды келмейді ешкім маңыма
Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта
Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта

кетті ғой деп қыршын ғана жасында


Жыламайды ешким молам басында
Жарым қайда досым қайда кешегі
Анам қалай жатқанымды білмеді

Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен


Бір дауысты естіп қалдым кенеттен
Естідім мен осы арадан үнін де
Екі кісі сөйлесті авар тілінде

Мен жатырмын қара жерде көз жұмып


Мына екеуі күбірлейді сөз қылып
Ғасан деген бір кісінің қулығын
Али деген бір кісінің сұмдығын

Естідім де сөзін ана тілімнің


Бойым жылып лезде мен тірілдім
Балгер де емес дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін

Өзге бір тіл емдер басқаларыңды


Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымак
Мен дайынмын өтуге де бүгін ақ

Мен жаныммен сүйем осы тілімді


Кедей деп ақ айта берсін білімді
Ассамблеяда естілмесін үні де
Ана тілі ұлы менің өзіме.

Махмұт жырын оқу үшін жастауын


Күтем әлде аударуын басқаның
Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде
Өлеңдерін жаза алар тілінде
Мен сүйемін планетаның барлығын
Өзен тауын, әр гүлі мен әр қырын
Мен сүйемін бұл елімнің гүлін де
Әлім шолы айттым авар тілінде

Қымбат маған елімнің бар даласы


Балтық пенен Сахалиннің арасы
Қайда болсын қия маған жанымды
Туған жерден қазсын бірақ қабірді

Алаша бір жазып қойған құлпы тас


Тұрсауылда хабарлар да ұмытпас
Еске ап жүрер кәрі жасы жақын кеп
Мұнда Расұл Ғамзаұлы жатыр деп!

Ендігі сөз Қырым татарлары жөнінде, ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда «қырымдықтар», ХІХ-ХХ ғасырларда «татарлар», Қазан төңкерісінен кейін (1917) «қырым татарлары» деп аталды. 1783 жылдан басып күш жұмсау арқылы Ресей өз қол астына қаратты. Ресейге тәуелді болғанға дейін қырым татар түркілерінің астана қаласы Бақшасарай болып келген. Бақшасарайда бірнеше рет болған орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин «Бақшасарай фонтаны» атты көлемді поэмасын арнаған екен. 1883-1914 жылдары арасында түріктің ұлы тұлғаларының бірі И.Гаспрински Бақшасарайда бүкіл түркі оқырмандарына арнап «Тәржімән» газетін шығарған. Атақты поляк перзенті, түркітанушы ғалым В.В.Бартольд Бақшасарайдың бүкіл түркі жұртының мәдени орталығы болғандығын еңбектерінде тілге тиек еткен. Қырым татар түркілері 1929 жылға дейін араб, 1938 жылға дейін латын, 1992 жылға дейін кирилл, Украина егемендігін алғаннан кейін латынға қайта өтті, қырым түркілері осы елдің құрамында болғандықтан бұлар да латын әріпіне көшті.


ХХ ғасырдың басында жазылған Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамса», Әбілғазының «Түрік шежіресі» атты еңбектерінде айтылған түркінің бұлғарлар, малқарлар, мажарлар, хазарлар қазіргі күнде ұлт ретінде жойылып Еуропа елдеріне сіңіп кеткені белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет