Ресей және ТМД елдерінің барлығы дерлік қарттармен әлеуметтік жұмыста және қарттарға әлеуметтік көмек көрсетуде бір модельді ұстанады.
Әлеуметтік көмек
Әлеуметтік қызмет
Зейнетақы жүйесі
- үйде қызмет көрсету;
- геронтологиялық орталықтар;
- қарттар үйі;
- сенім телефоны;
- күндізгі орындар;
психологиялық, медициналық, тұрмыстық, заңгерлік, қаржылық көмек көрсету, қиын жағдайға тап болған адамдарды бейімдеу.
жасына байланысты зейнетке шығу, жинақтаушы зейнетақы қоры, міндетті сақтандыру.
Сурет 6. ТМД елдеріндегі қарттарға көрсетілетін көмек үлгісі [59].
Ресейде және Украина мен Белорусия мемлекеттерінде өзін-өзі көмектесу топтары құрылған. «Адамдардың өзара көмекке бейімділігінің шығу тегінің алшақтығы сонша, оның бастауы адамның эволюциялық түбірімен өріліп, тарихтың құбылмалы кезеңдеріне қарамастан қазіргі уақытқа дейін сақтаған» - деп жазды П.Кропаткин. Өзара көмек тобы – бұл белгілі бір жерге бауыр басқан, мүшелерінің проблемалары ортақ (бір-біріне айта отыратын қажеттіліктерді) бір-біріне көмектесетін кіші топ. Мұндай топтар бір-біріне жақын тұратын 5-7 адамнан тұрады. Мұндай топтар кейде спонтанды пайда болады, бірақ көбіне оларды оның болашақ белсенді мүшесі немесе оларға тұрмыстық көмек көрсететін әлеуметтік жұмысшы ұйымдастырады. Топтың әр қатысушысы өзінің ресурстарының дамыта және өзектелендіре отырып көмекті қабылдап қана қоймай, оны жасайды, өмірдің бұрынғы нормаларын толығымен жоққа шығару емес, позитивті өмірге дағдылануға ақырындап үйрету. Қазіргі таңда, мұндай топтардың ресми орталықтары бар. Өзара көмек топтарының пайда болу себептері: өзіндік реализация және жеке тұлғаның дамуы; кризисті ситуация немесе қайғы; әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, денсаулық жағдайы, мүгедек болуы; қарттардың жалғызбастылық мәселелері [60].
Үйде көмек көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде әлеуметтік қызметкер келесі қызметтерді ұсынады:
тамақ сатып алу және үйге жеткізу;
өндірілген қажетті тауарларды сатып алу;
коммуналдық төлемдер;
заттар мен тұрмыстық заттарды кірге, құрғақ тазалауға және жөндеуге жеткізу;
хаттар, өтініштер, іс-қағаздарын жүргізуге көмек көрсету;
тұрғын үйді жөндеуге көмек көрсету;
дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу дәрігердің үйге шақыруы, емханаға алып бару;
зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік төлемдер, жеңілдіктер беру, заңгерлік кеңестер алу мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
моральдық-психологиялық қолдау көрсету, жерлеу қызметтерін көрсетуге көмек көрсету [61].
Сингапур мемлекетінде қарттардың әлеуметтік-экономикалық мәселесімен діни ұйымдар мен қайырымдылық ұйымдары айналысады. Сингапур қарттарға әлеуметтік көмек көрсетуде пансионаттарды қолдаса, Финляндия, Дания, Швейцария сынды елдерде үйде көмек көрсету қызметін басымдыққа алады, ал Еуропаның көптеген мемелекеттері, атап айтқанда, Франция, Испания, Италия сынды елдерінде қарттар үйі мен оның қызметтерінің тиімділігіне баса назар аударады [62].
Достарыңызбен бөлісу: |