Кіріспе зерттеудің қысқaшa сипaттaмaсы


Қазақстан Республикасында



бет19/36
Дата07.12.2022
өлшемі307,95 Kb.
#55700
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Қазақстан Республикасында қарт адамдардың құқығын қамтамасыз ететін арнайы бірлестіктер мен министрліктер құрылмаған, тек ҚР Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрлігі қызмет атқарады.
Қазақстанда 2 млн. 252 мың зейнеткер бар десек, соның ішіндегі 500 мыңнан астам қарт адамдар күтімді қажет ететін болса, 100 мыңнан аса қарт адамдар ерекше күтімді қажет етеді. Тастанды қарттардың көп бөлігі осы күтімді қажет ететін қарттар екендігін ескеру қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсетудің мынандай бөлімдері жұмыс істейді:

Үйде әлеуметтік көмек көрсету мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

  • үйге азық-түлік ыстық тағам және алғашқы қажеттіліктердегі заттарды жеткізу;

  • тұрғын - үй төлемдерін, коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге ықпал ету;

  • үй-жайындапайдаланған заттар мен нәрселерді жууға, химиялық тазартуға және жөндеуге беру;

  • медициналық көмек алуға әрекеттесу, соның ішінде сауықтыру – алдын-алу мекемелеріне басқа да стационарлық мекемелерге апару;

  • әлеуметтік - медициналық экспертизадан өтуге әрекеттесу;

  • санаториялық – демалу мекемелеріне жолдама алуға, соның ішінде жеңілдікпен жолдамалар алуға көмектесу;

  • зейнеткерлік камсыздандыру сұрақтарын шешуге және басқа әлеуметтік төлемдерді алуға көмек көрсету:

  • үйді жөндеуді, отынмен қамтамасыз етуді, үй алдындағы телімдерді өңдеуді, су жеткізуді қамтамасыз ету;

  • кітаптармен газет – журналдармен камтамасыз ету және концерттерге, киносеанстарға және көрмелерге баруын ұйымдастыру;

  • хат жазуға, құжаттарды толтыруға соның ішінде үйді айырбастау және жекешелендіру және тағы да солсикты кұжаттарға байланысты шараларды атқару [64].

Қазіргі таңда мыңдаған жалғыз қарт адамдарға үйден қызмет көрсетіледі. Үйде қызмет көрсетлітін қызметтердің көпшілігі тегін аткарылады, кейбір қызметтерді зейнеткерлер өздері төлейді, Бірақ олар өз зейнақыларына қызмет көрсетілгені үшін қосымша акы алады. Қызмет көрсетуден түскен қаржы, орталык есебіне түседі де, оны қарай дамытуға бағытталады. Осы есепке түскен қаржы есебіне әлеуметтік қызметкерлер үшін арнайы киімдер, аяқ киімдер алынады, ал ауылдық жерлер үшін - велосипедтер алынады: ал қаржының бір бөлігі сыйақыға жұмсалады.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының көпшілігінде стационарлық бөлімдер жұмыс істейді. Онда қарт адамдар бір аптадан үш айға дейін бола алады.
Күндізгі бөлім қарттардың жалғыздығымен, қоршаған ортадан тысқары қалуымен күреседі. Күндізгі бөлімге баратын қарттардың көбісінің отбасылары бар, кейбіреулері жалғыз тұратын жалғыз басты қарттардың қатарында. Мұнда дәрігерлік алды көмек, тегін және жеңіл тамақтану, еңбек терапиясының әртүрлі түрлерін меңгеру (колөнер, шеберлік және т.б.) мүмкіндіктері болады. Күндізгі бөлім клиенттері мерекелерді, туған күндерді және т.б.б атап өтеді. Ресей тәжірибесі бойынша Еңбек мен әлеуметтік камсыздандыру Минитстрлігінің зерттеулеріне сай, күндізгі бөлімге келушілердің басты мотивтері 74 пайызы қарым - қатынас жасау; 26 пайызы -тегін тамақтану; 29 пайызы - ас дайындау үрдісінен босатылу мүмкіндігі үшін екен. Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары зейнеткерлердің тұрғылықты жерлеріне байланысты, олардың қызығушылықтары деңгейінде әртүрлі клубтарды ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет