Жеделәлеуметтік көмек көрсетудің басты міндеті – төтенше жағдайда көмекті қажет ететін қарттарға жедел қолдау көрсету.
Осы аталған әрекеттің негізгі бағыттары мынандай:
- ыстық тағаммен немесе азық - түлікпен камтамасыз ету;
- ақшалай және заттай көмек көрсету;
- медициналық - әлеуметтік бөлімдерге жіберу;
- тұрмыстық, заңгерлік, психологиялық көмек көрсету, жұмыс іздеу және тіркелуте әрекеттесу;
- тұрмыстық техника мен шаруашылық бұйымдарын жалға алуын немесесатып алуын ұйымдастыру;
- өзара көмектесу ұйымын және т.с.с көмек түрлерін кұру [65].
Өз тұрмыс жағдайын ұйымдастыруда, шаруашылығын жүргізуде киыншылыққа ұшырайтындарға, қандай да бір себептермен интернат -үйлерінде тұрғысы келмейтіндерге әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары аймактық базаларында немесе денсаулық сақтау мекемелерінде арнайы медициналық - әлеуметгік бөлімдер ұйымдастырылады, онда ең алдымен жалғыз басты зейнеткерлер, соның ішінде өз - өзіне қызмет жасай алмайтын қарт адамдар жіберіледі.Қамқорлыққа мұқтаж жалғызбасты қариялар саны күн санап көбейіп келеді. Жалғызбасты қарттарға үйде қызмет көрсетіледі. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар туғызу, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасау. Жергілікті атқарушы органдар үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді дербес немесе әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері арқылы ұйымдастырылады.
Әлеуметтік қызметкерлер аптасына екі рет жалғызбасты жанның үйіне барып, азық - түлік, дәрі - дәрмек сатып алып беру, коммуналдық төлемдерін төлеу, үйін тазалау сынды жұмыстарын жүзеге асырады. Және қарттарға қоғамдық көліктерде жеңілдетілген тариф арқылы жүру қарастырылған [66].
Қазақстан әлеуметік қызмет көрсетудің бірден - бір жолы - зейнетақы тағайындау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 - бабына сәйкес «Қазақтсан республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамыздандырылуына кепілдік беріледі».
Кесте 3. ҚР зейнетақы жүйесі [67].