Қарт адамдар – жacы кeлгeн, өздepiнe ғaнa тән өмip тәжipибeci мeн caлты бap әлеуметтік-демографиялық топ. ДДСҰ-ның жастық классификациясына сәйкес, жасы 60-тан асқан адамдар қарттар категориясына кіреді. Қарт адамдар - қоғам мен мемлекеттің қолдауы мен көмегін қажет ететін, әлеуметтік топтардың бірі. Сондықтан да, мемлекеттің саясаты тікелей қарттардың әлеуметтік-экономикалық қамсыздандырылуы мен өмір белсенділігін жақсартуға бағытталады. Бiздiң eлiмiздe coңғы жылдapы ғaнa қaлыптacып кeлe жaтқaн әлeумeттiк кызмeткep үшiн қapттapғa дeгeн қaмқopлық кәciби мiндeт бoлып тaбылaды. Әлeумeттiк қызмeткep қapттapдың күндeлiктi тipшiлiгiнe көмeктeciп қaнa кoймaй, oлapды осы кезеңге әлеуметтік тұрғыдан дайындап, әлеуметтік қамқорлыққа алып, күpдeлi кeзeңнeн қaйыcпaй өтугe үйpeтугe тиic.
С.И.Ожегованың сөздігінде «егде» - «қартая бастаған», «қарттық» - «организм әлсізденетін, кемелдеген кезеңнен кейінгі өмір» және «қарт» - «қартаюға жеткен». Мұндай анықтамалар мынадай ойға әкеледі, біздің елімізде анық бейнеленген, біз адам қартайғанда қандай болатынын және қарт кісілердің тобына 60-та 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және осы арқылы психологиялық, педагогикалық өзін жақсы сезінетінін бұзу маңызды мәселелердің бірі болып табылады [2].
Қарттық – жастық кезеңнің соңғы сатысы көрініс табатын ,өлгенге дейінгі кезең. Қарттық жас – қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі. Қазіргі кезде қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Ғалымдардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық структура өзгерісі есебінен реактивті клеткалдардың біртіндеп өзгеруі деп қарайды. Басқалардың ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, мінез-құлықтың, физиологияның, биологияның төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруімен және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлықпен организмнің есейгендегі өзгеруі деп санайды.Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық эволюцияның бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.
Қартаюдың себебіне ең көп ескі анық ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің еңбегінде жазылған Аристотельдің ойынша қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілген жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысып, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Бірінші бөлім – жастық, екінші бөлім – кемелдену, үшінші – қартаю.
Қартаю мәселесі ерте заманда адам өмірінде маңызды орынға ие болды. Қартаюдың алғашқы анықтамалары мен оның себептері антикалық дәуірге жатады. Ұлы көне грек дәрігері Гиппократ (б.д.д.Ү-ІҮғ.ғ) қарттықты – табиғи жылудың азаюы және ағзаның кебуінің нәтижесі деп санаған [3].
Сол кезеңде өмір сүрген философ Платон, қаратаюға әсіресе орта жастағы өмір сүру салты әсер етеді деп көрсеткен. Қартаю өз даму жылдарында мына сала мамандары бойынша: дәрігерлерден және физиологтардан, философтардан және биологтардан, психологтардан, социологтардан, тарихшылар және құқықтанушылардан өзіне жаңа білімдер жинады.
Қартаю мәселелері туралы Цицирон, Аристотель, Роджерс, Бэкон, Ж.А.Кондорсе өз еңбектерінде жазған. Мәңгілік жастық, ұзақ жасау және мәңгі жасау туралы мифтер мен аңыздар адамзат дамуының барлық кезеңінде пайда болып қолдау тауып отырды. Егде жастарғылардың ең белснеді қорғаушысы Рим саяси қайраткері және философы Марк Тулий Цицирон (106 – 43 б.э.д.) болды, ол «Үлкен катон немесе қартық туралы» 44 жылы диалог жазды. Цицирон адам үшін өмірдің бүкіл қоғам үшін аса құнды деп қарттық жасты шебер қорғай білді және мадақтады. Цицирон тіліменайтқанда, ақылды адам үшін өмірдің осы кезеңі ең бағалысы болып саналады, өйткені осы кеезңде адам ақыл ойын эмоция мен құндылыққа жеңілдірмейді. Сондай-ақ, қарт адам өмірлік тәжірибе сияқты байлыққа ие болады.Марк Цициронның қорытындысы бойынша, адам үлкен биіктіктерді мінез күші мен сауатты ойды меңгере отырып, ақыл-ай арқылы игереді. Оның пікірінше, осы жағынан алғанда қарттар жастардан басым түседі[4].
Адам қартаюының нормалы процесін оның негізгі көрінулері мен факторларын, мінез-құлыққа әсер етуін, үлгілері мен қарттық өзгерістерінің күшейе түскендігін зерттейтін ғылым – геронтологияның басын әдетте ағылышын философы Бэкон есімімен байланыстырады. Бэкон қартаю процесін жүйелі зерттей отырып, қартаюдың себептерін ашуға мүмкіндік береді және ол қартаю процесіне жағымсыз әдеттер әсер етеді, - деп санаған.
Ресейде қартаюдың белсенді ұзартуына байланысты алғашқы еңбектер ХVІІІ ғасырда пайда болған. Мәселен, орыс дәрігері И.Фишердің «Қартаю, оның деңгейлерімен аурулары туралы» атты кітабын айтуға болады.
Ю.Б.Гварнавский бүкіл қарттық кезеңді жеке топтарға бөлуді ұсынады: зейнеткерлік жасты мемлекет жасайды. Зейнеткерлік жасты анықтауда хронологиялық жас кезеңі, яғни өмір сүрген жылдардың санын есепке алмайды, бірақ жұмыс атқарған жылардарына қарай анықтайды.
Функциялық жас кезең – жас ерекшелік динамикасының физиологиялық функциясында көрініс береді, генетикалық компонентінен, өмір салтымен жүре пайда болған ауруларымен, стресстік жағдайларымен, физикалық-психикалық және интеллектуальды белсенділікпен анықталады.
Психологиялық кезең – көрсеткіштер тобы. Психиканың жас ерекшелік өлшемдерімен сипатталады.
Биологиялық кезең – жастық структура және ағза функциясының деңгейлерінің көрсеткіші.
Қартаюдың себебіне ең көп ескі және оның ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің «De juventute te senectute» еңбегінде жазылған. Арситотельдің ойынша, қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілетін жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндірілді. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысады, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Біріші бөлім – juventus (жастық), virilitas (кемелдену), senium (қартаю), Гиппократтың «De diaeta» шығармасында «табиғи ыстықтықты» жоғалту туралы ой бар [5].
Гиппократ пен Аристотельдің ойлары қартаю кезіндегі жылдың бөлімді жас кездегі жылу бөлінуге қарағанда баяу өтеді дегенге негізделген. Гален одан ары барады. Оның ойынша қартаю тәннің ылғалдығын азайтуын табатын «табиғи ыстықтан» анықталады. Гален қарт адамдары қалпының көлемі азаяды, нәтижелерінде өмірді ұстап тұратын негізгі жылу кетеді. Бұл ой ХVІІІ ғасырға дейін үстемділік құрды. Дәрігер А де Лауренсон қартаю шырын мен «табиғи ыстықтың» үздіксіз төрт соғысты көрсетеді деп жазды. «Майшам майды қалай керек етсе тән де ылғалды солай керек етеді. Ылғалдық тән тамақтанғанда ғана қалпына келеді, бірақ бұл қалпына келу әрқашан толық болмайды,біздің тәніміздің органикалық заттары тамақпен сұйық болады. Организм құрғақ және салқын болады және соңында өмір өшеді. ХVІІІ ғасырда «табиғи ыстық» деген ескі термин «өмірлік күш (энергиямен)»» алмастырылды. Ағылшын дәрігері Э.Дарвин атақты биологтың ағасы «өмірлік түршігудің жүдеуіне әкелетін витамитикалық болжам жасады», бұл жерде қартаю клеткалардың ауыстырылмайтындай болуын құрауы ретінде растайды [6].
Қоғамның қартаюға қатынасының негізгі екі дәстүрі бар. Біріншісі, 30 мың жылдай есептеледі – автор оны Көне Египеттің дәстүрі деп атайды. Қартаю «басқа адамдардың ішінде ең сыйлысы», «қартаң адам құдайларға жақын жалғыз адам», «қарттық – бақытты және бүлкіші шақ» және тағы басқа.
Екінші дәстүрлі 3 мың жылдан есепетеледі – автор оны Спартандық дәстүр деп атайды. Спартада «Кәрі болғанша, үйсіз ит болғаным жақсы» дейтін болған. Күшсіз (пайдасыз) қарттарды Спартада жардан лақтырып жіберетін болған, спартандық қарттар өмірдің бұлай аяқталуын табиғи құбылыс деп есептеген.
Осы күнге дейін әртүрлі елдерде қартайған азаматтардан көне египеттік не спартандық моделін көруге болады. Қарттық құбылыс ретінде ,ең алдымен қартаң адам көптеген хронологиялық ауруларған (орташа 9-13) тұтылады. Олар адам қартая бастағанда пайда болады, 20-30 жаста ауыра бастағанда пайда болады. Патологоанатомдар олардың аурулары чиператониялық ауру болса да, жүректің линиялық не жара аурулары болса да, өздерінің ауруларынан өлмейді (олардың көбі 40-50 жастарында өледі). Көрнекті орыс патологоанотомы И.В. Довыдский барлық хронологиялық аурулардан қартаю белгілерін көруді ұсынады. Бірақ, бұл қарттарға ерекше әдістемесі керек етер еді. Алайда, қартаң хроникамен ауыратын адамдар поликлиникада кезекке тұруын жалғасытыруда және әрбірі екінші-үшінші орын олардың бос емес. Көбінесе, әсіресе ақша бөлмесі ауруды я асырауға, я оның дәрісіне жетпейтін қазіргі Ресейде дәрігерлер оларға «спартандықтарша» қарайды (медиперсональ айлығы біздің елде басқа баяу дамушы елдерге қарағанда төмен). Қарттық ұғымы бұл кезеңдерде тек медициналық және биологиялық тұрғыдан ғана қарастырылды [7].
XX ғ. екінші жартысынан бастап «қарттық» термині жаңа мағынаға ие болды. Оны тек биологиялық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан зерттей бастады.
Ал, қазіргі таңда, қарттықты үш тұрғыда қарастыруға болады. Біріншіден, қарттық – ол, биологиялық үдеріс, адам ағзасының өз қабілетін жоғалтуы, екіншіден, ол әлеуметтік құбылыс, яғни егде адамдардың қоғамның өндірістік өмірінен алыстауы мен әлеуметтік байланыстардың бұзылуы, отбасылық-туыстық қатынастардың құрылымында, әр түрлі ұрпақтардың өзара қолдау жүйесінде айтарлықтай өзгерістердің болуы, үшіншіден, қарттық мәселесінің – экономикалық сипаты, ол еңбек ресурстарының демографиялық құрылымының өзгеруі және т.б. үдерістер. Қарттық – қартаю процесінің нәтижесі. Көптеген қартаю үдерісіндегі егде адамдар қарттық кезеңге келгенде қарттық дағдарысқа түседі. Ол оның тікелей өмір белсенділінің төмендеуі мен оны қабылдауы, экономикалық жағдайы мен әлеуметтік тұрмысына және ішкі әлеуетіне тәуелді болады. Қарттық кезеңде әрбір қарт адамға мемлекет тарапынан және жақындары тарапынан әлеуметтік қолдау мен қорғау қажет. Оның бірнеше түрлерін бөліп қарастыруға болады. Мемлекет тарапынан зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік қызметтер жиыны болса, жақындары тарапынан әлеуметтік-психологиялық қолдау қажет. Қарт адамдар арасында жалғыз басты қарттар мен қарттар үйінде тұратын қарттар бар. Сондықтан қарт адамдардың әрбір санатына әр түрлі стратегиялы әлеуметтік көмек қажет болады.
Егде кезде белсенді өмір сүруді сақтау қажеттілігі қазіргі замандағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселесі. Берілген контексте (еңбек қызметінің жоқтауы дағдыны қатынас шеңберінің жарылуы және тағы басқа). Жаңа сыртқы шарттарға бейімделу, ойдың мүмкіншіліктерінің төмендеуі жоғары бағаланушылық холнинг – механизмдер (механизмдер жағдайымен) және тағы басқа сияқты сұрақтар қарастырылады. (М.Д.Александрова, Л.И.Анциферова, Л.В.Кирасимов, С.Г.Максимов, М.Н.Сачук, Н.П.Петрова және тағы басқа)[7].
Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды. Б.Г.Аканеьев жетекшілігінде ғалымдар егде адамдардың психоэволюциясына зерттеу жүргізген. Осы зерттеу нәтижелері даму динамикасын бақылауға мүмкіндік берді, яғни жеке жалпы физиологиялық, психмоторлық және психологиялық функцияларынң жоғарлауы, бір қалыпты болуы және төмендеуін көруге мүмкіндік алды.
Жоғарды аталған топтың бір белгісі – денсаулық жас өткен сайын адамның денсаулығы төмендейтіндігі белгілі. Әсіресе, қалаларда өмір сүруші егде адамдардың организмінң әсер етеді. Осы жаста оның алдыңғы өмірінің өмір салтының нәтижесі көрінеді. Балалық шақтан бастап, матеиалдық жағдайы сияқты жағдайлар оның денсаулығыынң нәтижесін береді. Егде адамдардың денсаулығы туралы айтқанда, олардың ауруы және мүгедектігі ғана емес, толыққанда, гармониялық және адамгершілік тұрғысынан да қараау керек. Егде адамдардың денсаулығы еңбек және қоғмадық қызметке қабілеттілігінен ғана емес, сондай-ақ еңбек ету қаюілетін және қоғмадық белснеділігін сақтауынан да көрінеді. В.П.Казначеев және М.Г.Субботин атап өткендей, адам организмі қартайғанда тек қана жайлылықты ғана емес, сондай-ақ белгілі бір жайсыздықты, барлық функцияларынң қысымға ұшырауы мен жаттықтыруын да сезінуі керек. Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы сананың азаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айырысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның сана-сезімінеде әртүрлі қалыптасады. Өкінішке орай, отандық геронтологияда психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, олардың өзіндік санасы мен ішкі дүниесі аз зерттелген [8].
Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген. Қарттарды әлеуметтік қорғау шараларының бірі жасқа қарттық келіп немесе жоғалған қарекетін өзіне-өзі қызмет ету жалпы қызметтің әртүріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін тұратын, сондай-ақ қарттардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет, мүмкіндіктерін іске асыруын қамтамасыз етуін оңалту болып табылады.
Өмірдің осы кезеңіндегі адамдар зейнетке шығуға құқылы; зейнет жасы әр елдерде 55 жастан 70 жасқа дейінгі аралықты құрайды. Барлық елдерде ерлердің зейнет жасы мен әйелдер зейнет жасында айырмашылықтар кездеседі. Көбінесе, әйелдердің зейнет жасы көбірек болады.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде зейнет жасы, ер адамдар үшін 63 жасты құраса, әйел адамдар үшін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60,5 жасты құрайды. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін қазақстандық әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады. 2027 жылы әйелдер үшін зейнет жасы 63 жасты құрайтын болады, ал ерлер үшін ештеңе өзгерген жоқ – олар зейнет демалысына бұрынғыдай 63 жаста шығады. Көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Мәселен, бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген аналар 53 жаста зейнетке шыға алады. Ал Семей ядролық полигонынының жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда бес жылдан артық тұрған әйелдерге 45 жаста, ерлерге 50 жаста зейнетке шығуға рұқсат етілген[9].
Кесте 1. Қазақстандағы зейнеткерлер саны 63(59) + [42].
|
Барлық зейнеткерлер саны
|
Ерлер саны
|
Әйелдер саны
|
2015ж.
|
1 837 854
|
520 769
|
1 317 085
|
2016ж.
|
1 903 815
|
540 244
|
1 363 571
|
2017ж.
|
1 975 592
|
560 009
|
1 415 583
|
2018ж.
|
2 054 605
|
584 446
|
1 470 159
|
2019ж.
|
2 030 211
|
608 720
|
1 421 491
|
2020ж.
|
2 120 362
|
635 803
|
1 484 559
|
2021ж.
|
2 252 713
|
685 906
|
1 566 807
|
Қазақстанда 2 млн. 252 мың зейнеткер бар десек, соның ішіндегі 34301 Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Ал, олардын 12218-і Ұлы Отан соғысының мүгедектері. Республика көлеміндегі барлық зейнеткерлер құрамын сараптайтын болсақ, олардың 38656-ы Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы және майдандағы еңбектері үшін марапатталғандар, 144648 зейнеткер соғыс кезінде 6 айдың шамасында еңбек еткенмен, ескеруісз калғандар. Сондай-ақ, қамқорлыққа мұқтаж жалғызбасты қариялар саны күн санап көбейіп келеді.
Сурет 1. Қазақстандағы зейнет жасындағы қарт адамдар санының жылдар бойынша схемалық үлгісі (автордың құрастыруы бойынша)
Қазіргі кездегі ресми деректерге сүйенсек, қарт адамдардың саны жыл сайын 4%-ға өсіп отыр. Зейнет жасындағы қарт адамдардың басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы мен Алматы облыстарында байқалады. Алматы қаласында 2022 жылдың қаңтар айының есебі бойынша, зейнет жасындағы қарт адамдар саны 231 959 адамды құрайды. Ол, барлық зейнет жасындағы қарт адамдар үлесінің 10,7 %-ын құрайды.Сондай-ақ, кестеде көрсетіліп тұрғандай, орташа есеппен зейнет жасындағы ерлер санының әйелдер санынан 2,5 есе аз екенін байқауға болады. Бұдан, әйелдердің өмір сүру жасының ұзақтығының ерлерге қарағанда көп екенін көруге болады. ҚР-ның 2022 жылғы статистикасы бойынша елдегі орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 68,5 жасты құраса, оның ішінде әйелдердің орташа өмір сүру жасының ұзақтығы – 74,1 жас, ерлердің орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 63,2 жасты құрайды. Сондай-ақ, қазір Қазақстан бойынша қала, аудан орталықтарында 35 қарттар мен мүгедектерге, 26 жүйкелері тозған үлкендерге арналған үйлер, сондай-ақ 99 қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме бар. Үкіметтің толық қамқорлығына алынған осындай қарттар мен мүгедектер үйінде 19 мың зейнеткер мен 9690 мүгедек өмір сүруде. Солардың 350 -ден астамы Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Қартаю – күрделі әлеуметтік-экономикалық проблема. Қазіргі кезде, қоғамның қартаюы айтарлықтай барлық мемлекеттерді алаңдатып отыр. Бүкіл әлемде қарт азаматтардың саны айрықша өсуде, ал қарттық және қартаю мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Адамның қартаюының өзіне назар аудартуының жоғарылауына қарамастан көптеген сұрақтар осы уақытқа дейін өңделмеген. Қартаю кезеңінің «кеш естиярлық», «қарттық жас» деген анықтамалары кездеседі. «Демографиялық-энциклопедиялық» сөздікте 1985 ж. мынадай анықтамалар келтіріледі: Қартаю бұл – адамзат тарихының әртүрлі тарихи-эволюциялық кезеңдерімен және әртүрлі экологиялық манипулияциялық әлеуметтік алмасушы биопсихологиялық және әлеуметтік ұғым. Бұдан қартаю кезеңінің биологиялық және тарихи сипаттамаларын көруге болады [11].
Coңғы 50 жылдa coғыcтaн кeйiнгi жылдapы экoнoмикaлық, мeдицинaлық, ғылыми-тeхникaлық, мәдeни жeтicтiктep apқacындa, мaңызды әлeумeттiк-экoнoмикaлық тaбыcқa жeткeн бapлық мeмлeкeттepдe жaңa дeмoгpaфиялық құбылыc пaйдa бoлды, ол – тұpғындapдың қapтaюы. Яғни, бұл дeмoгpaфиялық қapтaю, хaлықтың жaлпы құpылымындaғы eгдe aдaмдapдың caнының көбeюiнe нeгiздeлгeн. Демографиялық қартаю - бұл халықты көбейтудің ұзақ мерзімді өзгерістерінің нәтижесі. Қартаю екі жақтан да төмендейді, себебі бұл санның азаюы салдарынан балалардың санының тұрақты төмендеуіне байланысты және жоғарыда аталған қарт адамдар мен қарттардың санының ұлғаюына байланысты, бұл адамдардың өлімінің төмендеуіне ықпал етеді.
Осындай негізде, адaм үш түpлi негізде қapтaяды деген тұжырымға келуге болады. Epтe тәни қapтaю – кәpiлiк бeлгiлepiнiң мeзгiлiнeн бұpын aян бoлуы. Aдaмның биoлoгиялық жәнe пcихoлoгиялық қopғaныc мeхaнизмдepiнiң шaмaдaн тыc тoтығуы. Жaлпы дeнcaулықтың aқaулығы, aуыp, coзылмaлы дepт зapдaбы. Жeкe бacтың күтiмciздiгi, тipшiлiгiнe жaуaпcыздығы.
Қaлыпты физиoлoгиялық қapтaю – eгдeлiктeн кeйiнгi жac жiгi қaпeлiмдe бaйқaлa қoймaйтын, coзылып бapып aнық бeлгi бepeтiн тaбиғи құбылыc. Бұл кeзeңгe тән: дeнe қaжып, күш-қуaт кeмiгeнмeн caнa мeн ceзiм cepгeктiгi. Төңipeккe жiтiкөзқapac, oйғa бepiлу. Бaйcaлдылық, пaйымдылық, шүкipшiлiк.
Pухaни қapтaю тән мұқaлуынaн бұpын жaн жұтaлуы, жүйкe жүйe түтiлiп, жaд көмecкiлeнуi. Қoғaмдық opтaдaн oқшaулaну. Тaнымдық ceзiм тұйықтaлғaн ocы пcихoлoгиялық үдepicкeй жaғдaйдa пapacaтcыз, кeлeңciз өмipcүpугeopгaнизмнiң қapcылығы дeп түciндipiлeдi. Қaлaй дeгeндe дe, pухaни қapтaю өтe cиpeк кeздeceтiн тipшiлiк.
Достарыңызбен бөлісу: |