«кітап. УақЫТ. ҚОҒАМ»



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата06.04.2017
өлшемі2,14 Mb.
#11083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
Литература 
1.  Назарбаев  Н.А.  Выступление  на  конференции  посвященной  10-  летию 
независимости РК / Н.А. Назарбаев  // Казахстан: 20 век.- 2001.- №3. - С.5. 

 
 
69 
2. Ахунджанов Э.А. История книги в Туркестане. Древность. Средние века 
/  Э.А.  Ахунджанов,  отв.ред.и  авт.  предисл.  В.Я.  Рушанин;  Челяб.  гос.  Акад. 
Культуры и искусств; Ташкент. Гос.ин-т им. А. Кадыри.- Челябинск, 2009.- 403 с. 
3.  Аманжолов А.С.  Историко-этимологические этюды /  А.С. Аманжолов.  - 
Вестник КазГу. Серия Филология. - 1999. - С.9-13. 
4.  Айтекенова  А.Б.  Из  истории  изучения  древнетюркской  письменности 
(труды профессора Алтая Сарсеновича Аманжолова) / А.Б.Айтекенова // Вестник 
КазНУ. Серия историческая. - 2005. - №1.- С. 187-189. 
5.  Касымжанова  К.И.  История  находок  и  исследования  памятников 
письменности тюрков / К.И.Касымжанова // Вестник КазНУ.Серия историческая. - 
2004.- № 3.- С. 22-27. 
6.  Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятники рунического 
письма / С.Г.Кляшторный.- СПБ: Филологический факультет СПбГУ, 2003.- 560с. 
7.  МаловС.Е.  Енисейская  письменность  тюрков:  тексты,  переводы  / 
С.Е.Малов, отв. ред. Академик В.А. Гордявский. - М: изд. Акад.наук СССР, 1952. - 
115с. 
 
 
 
АҚБЕРЕН, АЛҒЫР МІНЕЗ ДИХАН – МЕНМІН! 
 
Е.М. Қайыров  
 Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі, Павлодар қаласы 
 
Бабалар сөзін, бабалар ізін, бабалардан қалған асыл мұраларды 
жинақтап,  сақтап,  өскелең  ұрпақты  ұлттық  негізде  тәрбиелеуде 
ерекше  орын  алып,  өңіріміздің  әдебиеті  мен  өнерінің  дамуына  үлес 
қосып жатқан республикамыздағы бірден бір музейлердің бірі – Бұқар 
жырау атындағы әдебиет және өнер музейі. Биылғы жылы музей қоры 
тағы да құнды жәдігерлермен толықты. Жақында музей қызметкерлері 
Алматы  қаласына  арнайы  іс  сапармен  барып,  Қазақстанның  халық 
жазушысы,  драматург,  ақын,  композитор,  журналист,  соғыс  ардагері 
Дихан  -  Баба  Әбілевтің  кабинетіндегі  жиһаздарын,  қолжазбалалары 
мен жеке заттарын әкелді.  
Алымы  зор,  әдебиет  майданының  ерен  жүйрігі,  Дихан  Әбілев 
1907  жылы  Павлодар  облысы,  Баянауыл  ауданы,  Мойылды 
қыстауында дүниеге келген. 
Дихан баба  әдеби  кітаптарды  оқуға,  өлең  жазуға  бала жасынан 
құмартты.  Оның  тұңғыш  өлеңі  «Қызыл  әскерге»  1926  жылы  «Қазақ 
тілі» газетінде, алғашқы әңгімесі «Сырлы шкафтың сыры» 1928 жылы 
«Әдебиет майданы» журналында жарияланған.  
Семей қаласында ауылшаруашылық техникумында оқып жүрген 
шағында  1927-28  жылдары  губерниялық  «Жаңа  ауыл»  газеті 
редакциясында  істейтін  белгілі  ақын  Сәбит  Дөнентаевқа  өлеңдерін 

 
 
70 
апарып  көрсетіп,  Сәбит  Диханға  өлең  жазу  жөнінде  ақыл-кеңесін 
беріп тұрған.  
Сол  газет  беттерінде  жарық  көрген  «Кооператив»,  «Дәулетбай 
мен  Дәмеш»  өлеңдері  Сәбит  Дөнентаевтың  тікелей  көмектесуімен 
жарық көрді. Жасынан тұрмыс талқысын жоқшылықты өткерген ақын 
өмірден  де,  мектептен  де  үйреніп,  білімін  толықтырып,  жетілдіре 
берді.  
Ақынның  соғысқа  дейін  жазған  өлеңдері  кедейдің  байлардан 
көрген  қорлығы,  кедейлердің  тап  сезімінің  оянуы,  ауылдағы  жаңа 
өмір, Отан қорғау, табиғат суреттері бейнеленген. 
Емеспін не Пушкин, не Фирдоуси де, 
Қаламын Дихан болып өз даусымда. 
Жалын ой, нажағай тіл менде де бар, 
Жыр таусылмай, тынысым, сен таусылма! 
Жазамын толасы жоқ өмір сырын- 
Жазбаған  былайша етіп менен бұрын. 
Жалғанды құлағынан басып ұстар 
Жалын боп от шайнаса тентек жырым - деп жырлады. 
1939-41жылдар  аралығында  ақын  Д.Әбілев  ҚазҰПУ-дың 
аспиранты  болған.  Екінші  дүниежүзілік  соғысқа  қатысты.  Ұлы  Отан 
соғысы  дәуірінің  қауырт  уақиғаларын  тез  көріп,  оперативтікпен 
бейнелеуде,  майдандағы  қаһарман  қимылдар  мен  жауынгерлердің 
ерлік  образын  жасауда  поэзия  зор  қызмет    атқарды.  Себебі  көптеген 
қазақ  жазушылары  қолына  қару  алып,  жауға  қарсы  күреске  аттанған 
еді. Солардың ішінде Дихан Әбілев те бар еді.  
«Біз аттандық майданға, 
Ар ұлдары даланың. 
Кездессе қатер қандай да 
Ақ сүтін ақтап ананың, 
Найзасын оқпен сындырып, 
Танкісін талқан күл қылып, 
Елеуреген фашистің 
Кездескенін кіл қырып
Алдарына келтіріп 
Арға тиген мазағын, 
Дегіземіз сонда біз: 
«Қайтеді-ей,  мына  қазағың?»  -  деген  жыр  жолдары  жеңіске 
деген  сенімге толы. Қанды майдан үстінде туған «Деуші еңіз», «Отан 
сен  қымбат»,  «Москва  түбінде»,  «Біздің  батыр  полковник»,  «Сиқын 
қара  фашистің»,  т.б.  өлеңдері  және  «Майданбек»,  сияқты  ерлікті, 
патриотизмді,  майдан  мен  тыл  бірлігін  жырлаған  поэмалары  

 
 
71 
«Шалқыма»/1937/,  «Қуат»,  «Өрт»  1938/,  «Мұңсыз  Мәриям»/1940/, 
«Москва  түбінде»  /1942/,  «Майданбек»  /1945/,  «Жұлдызды  жігіт», 
«Жүректен»  /1945/,  «Тұлға»  /1947/,  «Жас  азамат»  /1949/т.б.  Ал  төрт 
бөлімді  «Алтай  таулары»  /1953-57/  атты  өлеңмен  жазылған  романы 
мен  «Отты  толқындар»  /1956/,  «Уақытпен  сырласу»  /1967/, 
«Миллиард  жыры»  /1974/,  «Толғаныс  толқындары»  /1979/,  т.б. 
жинақтары  –  тарихи  және  бүгінгі  күн  тақырыптарын  көркемдікпен 
жырлайтын туындылар. 
Поэзия  әлемінде  ұзақ  жылдар  жемісті  еңбек  еткен  Д.Әбілевтің 
«өзге  жанрға»  -  прозаға  көшуі  және  бірден  роман  жазуы,  сырт 
қарағанда кездейсоқ  құбылыстай  сезіледі.  Бірақ романды оқыған  кісі 
жаңа  талап  прозаиктің  емес,  материалды  меңгерген,  жанрдың 
құпиясымен  жақсы  таныс,  өмірді  өзінше  пайымдаған  салауатты 
суреткердің қалам сілтесін көреді.   
Прозамыздың жалпы дәрежесінің биікке шығып, көптеген озық, 
үлгілі  дәстүр  қалыптастырғаны  Д.Әбілевтің  роман  шарттарын 
абыроймен  атқарып  шығуына  септескен,  «Ақын  арманы»  автордың 
прозадағы үлкен қадамы болды. 
Өзің жоқ, сөзің тірі, жалын ақын, 
Жан едің жасын еткен ар қанатын. 
Дүлдүлі өлең –жырдың асыл аға, 
Қабыл  ал,  ата,  еліңнің  махаббатын!-деп  С.Торайғыровты 
жырға да қосты.  
Дихан  Әбілев  әдебиеттің  барлық  жанрында  да  өзінің  қалам 
күшін  байқап  көрді.  Бірнеше  пьеса  жазып,  Некрасовтың, 
Щевченконың  шығармаларын  қазақ  тіліне  аударды.  Ақынның 
шығармалары бірнеше шет тілдеріне де тәржімаланды.  
Ол  Қазақстан  Жазушылар  одағында  жауапты  қызметтер 
атқарып,  «Жазушы»  баспасының  бас  рекдакторы,  аудандық  газеттер 
мен майдан газетінің редакциясында бөлім бастығы, әдеби қызметкер 
болып  көп  жылдар  еңбек  етті.  «Құрмет  белгісі»,  «Қызыл  жұлдыз» 
және «Парасат» ордендері мен бірнеше медальдардың иегері.  
Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  20  жылдығына 
облыстық  мәдениет  басқармасының  қолдауымен  Бұқар  жырау 
атындағы әдебиет және өнер музейінде «Ақберен, алғыр мінез, дихан 
– менмін» атты көрме ашылды. 
Көрмеге 
жазушының 
Алматы 
қаласынан 
әкелінген 
кабинеттіндегі  жиһаздар,  700-ге  тарта  кітаптар,  қолжазбалар,  фото-
суреттер, 
ең 
құнды 
табылып 
отырған 
еңбектердің 
бірі 
С.Торайғыровтың  1933  жылы  басылып  шыққан  таңдамалы  өлеңдер 
жинағы.  

 
 
72 
Қилы-қилы ән тыңдап көндіккенмін, 
Жаман әннен үркініп өліп көрдім. 
Жақсы әнменен қайыра тірілдім де, 
Сезімімді жақсы әнге бөліп бердім- деп ақын өзі айтқандай,  
бабаның жаңа бір қырын ашқан, ол оның композиторлық өнері – 
20-ға  тарта  ән  шығарып,  оған  сөзін  жазып,  өзінің  орындауында 
таспаға  жазып  кеткен.  Бүгінгі  күні  осы  көрмеде  күйпарақтары  да 
қойылды. 
Дихан Әбілев қай тақырыпта қалам тербесе де, өмір шындығын, 
патриотизм мен гуманизм  идеясын өз шығармаларына арқау етті.   
Ақберен, алғыр мінез, 
Дихан менмін! 
Кәрілігім болмаса, кімнен кеммін?! 
Тоқсанды тобығыма  
атқосшы етіп, 
Келеді жыр сұңқарды 
Сілтей бергім- деген ақынның рухы қазынамыздағы, халықтың 
жадындағы  өмірі  тым  ұзақ,  ол  өлмейді.  Қайта  уақыт  өткен  сайын 
тұлғаланып өсе бермек. 
Әдебиет  пен  өнер  айдынында  Дихан  Бабаның  жұлдызы 
жоғарыда болмақ. Өйткені, ұрпақтар жалғастығы жаңғыруда, бабалар 
салған  өнердің  алтын  көпірінің  тұғырын  берік,  туын  биік  ұстаған 
ізбасарлары Дихан бабаны жырға қосып, пір тұтуда.  
 
 
 
ЕЛІМНІҢ МҰЗАҒАСЫ 
 
Е.М. Қайыров 
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі, Павлодар қаласы 
 
«Қазақ»  деген  құдіретті  халықпыз.  Бойымызға  ананың  ақ 
сүтімен сіңген дарындылығымызды ана табиғаты одан әрі жетілдіріп, 
бойымызда  өзінің  дала  сарынымен,  әуенімен  қайталанбас  бір  үлкен 
өнер сезімін оятады.  
Қазақ деген - өнерлі, өренді ұлдарына бай халықпыз ғой.  
Қазақтың қай ұлын алсаң да «әу» демейтіні жоқ. Өйткені сонау 
ықылым  заманнан  қазақтың  бойында  өнердің  шамшырағы  жанған 
халықпыз.  Ертедегі  аңыздардың  бірінде:  «Аллаһ  тағала:  Әй,  қазақ! 
Сана бердім, санаңа қосып дана бердім. Өзіңнен өрбіген ұл- қыздарың 
шетінен өренді  болады.  Ұлыңнан  тарағаны  – еліңді  қорғайтын,  еліңе 

 
 
73 
пана  болатын  ерлі  болады,  ал  қызыңнан  тарағаны  -  өзім  жаратқан 
даланың  кез  келген  затын  қолына  ұстаса  бойынан  ән-  күй  төгіле 
кететін өнерлі болады» деген бар.  
Міне, біз қазақ, ертеден бата алған халықпыз.  
Қазақ  қазақ  болып  танылғаннан  бастау  алған  еліміздің 
данышпандық  өнерін  Бұқар  бабамыз  бен  Мәшһүр  данамыз, 
қабырғалары  қайысып  халқының  бостандығын,  болашағын  ойлаған 
Ж.Аймауытов,  С.Торайғыров,  Қ.Кемеңгеров  сынды  асылдарымыз 
жалғастырып, үлкен бір биік шыңға көтерілмеп пе еді?!  
«Адам  ол  дүниелік  болса  да,  өнер  бұл  дүниелік»-деген  бар 
халқымызда.  
Міне,  осындай  асыл  бабаларымыз  салған  сүрлеу  жолында 
сүрінбей,  өнердің  туын  түргізбей,  халқының  Мұзағасы  атанған 
жерлесіміз – Мұзафар Әлімбаев. 
Қазақтың ақиық ақыны Әбу Сәрсенбаев: «…Сен ақындығыңмен 
де,  азаматтылығыңмен  де  халық  махаббатына  бөлендің.  Сен 
Естай ақынды қайтадан тірілттің. Сен қазақ солдатын Рейхстаг 
күмбезіне  көтеріп,  жеңіс  туын  тіктірдің.  Сен  қазақ  Корчагинін 
халқына  танытып,  топшысы  толмас  қанат  бітірдің.  Сенің 
шығармаларың  мүгедек  жанға  дәрігерлердің  даруынан  да  күшті 
рухани қуат берді»- деген болатын. 
Бұл шынымен де дөп басып айтылған. 
Мұзафар  Әлімбаев  -  ақын.  Ақын  болғанда  -  тырнақалды  өлеңі 
он  алтысында  газет  -  журналдар  бетінде  жарияланды.  Сол 
ақындықтың алғашқы қадамынан бастау алған арғымағы желмен бірге 
жарысып,  талай  –  талай  бал  татыған  жырлары  ел  таңдайына  тиіп, 
тамсандырып,  жадыратып  келеді.  Ақынның  өлеңін  қолына  алып 
оқыған  әрбір  оқырман  өзінің  жан  –дүниесінің  жаңаша  бір  сезімге 
бөленіп,  өмірге,  өнерге  деген  құлшынысының  оңалары  және  жас 
балдырғанның жүрегіне өнер шамшырағын ұялататыны шындық.  
Мұзағаның оқырманға ұсынар ойына, ұрпаққа айтар ғибратына 
иланасыз, сенесіз. 
Жер түбі ме, жақын ба: 
Жету –мұрат. Жол алда. 
Орта жолда аһ ұрма, 
Орта жолдан оралма. 
Сүрін, жығыл, жер тырна, 
Екі аяқ пен екі қол! 
Өр қырандай ұмтыл да, 
Діттегенге жетіп өл,- деген ақын сөзіне қалай тамсанбайсың?! 

 
 
74 
Терең  ойлы  қалам  иесі  23  жасынан  бастап  сөз  көркі  –  мақал  –
мәтелдерді  аса  үлкен  ыждаһаттықпен  жинастырып,  зерттеді. 
Халқымыздың мынадай даналық өсиеті бар: «Егер сен алыс сапардан 
қоржын  толы  алтынмен  оралсаң,  сол  алтынды  отыңның    басы, 
ошағыңның  қасына  төк.  Егер  жақсы  дос  тауып  қайтсаң,  онда 
ауылыңды жинап таныстыр. Ал егер, алыс сапардан ұлағатты сөз 
естіп қайтсаң, онда бүкіл еліңді жинап, айтып беру міндетің».  
Мұзафар  аға  осы  даналық  өсиетті  орындап  жүрген  адам.  Ол 
дүниежүзінің  жетпістен  астам  елінің  20  мыңдай  даналық  ойларын 
қазақ  халқының  рухани  игілігіне  айналдырды.  Олардың  ой-
тұжырымды  мағыналы  мақал-мәтелдерін  қазақ  тіліне  аударып, 
кейінен  «666  мақал  –  мәтел»,  «Мақал  –  сөздің  мәйегі»  сынды 
кітаптары жарық көрді.  
Ақын  сонымен  қатар  балалар  әдебиетінің  атасы.    Мұзағаның 
өлеңдерін оқып, тыңдаған тілі шыққан бүлдіршіндер қазақ халқының 
бойындағы  асыл  қасиеттерін,  қазақ  сөздерінің  ғажайып  нәрімен 
сусындап,  бойларында  еліне,  жеріне,  туған  халқына  деген 
сүйіспеншілік  сезімін  ұялатады.  Жерлес  ақынымыздың  мол  әдеби 
мұрасының  жармысынан  көбі  әр  жастағы  балалар  ұғымына 
лайықталып жазылған. 
Жалғыз саусақ тіпті де, 
ұстай алмас жіпті де, 
Екі саусақ бірікті, 
Ине қолға ілікті. 
Үш саусағым орамды, 
Жүгіртеді қаламды, 
Өнерлі екен он саусақ 
Қала салсақ, жол салсақ. 
 
Бұл  тақпақ  тілге  жеңіл,  оңай  жатталады.  Бөбек  өзіне  жақсы 
таныс  он  саусағын  көрнекті  құралға  айналдырып  отырып  оқиды. 
Сондықтан  өлеңнің қызықтығы да арта түседі.  Небары бір-ақ демде 
айтылатын осы жолдарда  автордың  қаншалықты шеберлігі танылып  
тұр десеңізші!? 
Балалар  поэзиясының  қай  саласында  болмасын  Мұзафар 
Әлімбаевтың  алатын  орны  бөлек.  Тақпақ  десең  тақпақ,  ертегі  десең 
ертегі – аға  ақын шығармашылығында бәрі табылады. Табылып  қана 
қоймайды, әрдайым көптің көңілінен шығады. 
Ақын  өзінің  бір  сөзінде:  Уақыт  –  мезгіл  –  ұзақ,  бұралаң, 
шексіз.  Әр  адам  ғұмыры,  сол  ұзақ  жол  бойындағы  қадау  –  қадау 
көпірлердің  қилы  –  қилы  детальдарына  ұқсас.  Мен  де  өзімді 

 
 
75 
көпірдің  буынындағы  бір  кесек  тасындай,  бір  табан  теміріндей 
сезінемін. Мен де жон арқамды тосып, жолдың үзілмей, жұрттың 
алға өтуіне азды – көпті себімді тигіздім бе деп ойлаймын» - депті, 
өз өмірі жайлы толғанған бір сәтінде. 
Мұзаға  көпірдің  детальдары  емес,  ол  -  өнер  мен  өреннің, 
әдебиет  пен  халықтың  арасындағы  үлкен  көпір.  Өйткені, 
халқымызбен бірге қайнасып, халқының мұң  –мұқтажын, болашағын 
ойлаған,  толғанған  шығармалары  том  –  том  болып  халқымыздың 
рухани  қазынасына  айналды.  Әсіресе  «Естай  –  Қорлан»,  «Менің 
Қазақстаным»,  «Ту  тіккен»  эпикалық  туындылары  жыр  сүйер 
қауымның жүрегіне жол тауып, олардың алғысына бөленіп, таңдаулы 
шығармалар  қатарынан  орын  алды.  Көптеген  жылдар  бойы  ауыздан 
түспей  шырқалып  келе  жатқан  «Ақмаңдайлым»,  «Маралдым», 
«Ақсұңқарым», «Алматым-әсем астанам», «Өзің де, жігіт, қызықсың» 
әндерін  білмейтін  қазақ  кемде  кем.  Оларды  ән  сүйер  халық  сүйіп 
тыңдайды. 
Мұзағаны  өз  халқы  ғана  танып  қойған  жоқ.  Оны  шет  ел 
жұртшылығы  да  жақсы  біледі.  Өйткені  ақынның  шығармалары 
жиырмадан аса тілдерге аударылды. 
Ақиық  ақын  өз  туындыларымен  жұртшылықты  таңқалдырып 
қана  қоймай,  сонымен  қатар  Сағдидың  «Жәннатын»,  Ю.Фучиктің 
«Дар 
алдындағы 
сөзін», 
Орбелианидың 
«Ғибратнамасын», 
Тоқтағұлдың,  Аполлиненрдің  таңдамалы  өлеңдер  жинақтарын, 
Пушкиннің,  Лермонтовтың,  Ғ.Тоқайдың,  М.Жәлилдің,  Фирдоусидің, 
Зелилидің өлең – жырларын қазақ тілінде сөйлетті.  
Мұзафар  Айтмағанбетұлы  -  әдебиеттің  көкейтесті  мәселелерін 
көтеруде  де  атсалысқан,  әдебиет  зерттеу  саласында  еңбек  сіңірген 
сыншы.  
Мақал-мәтелдердің  көркем  табиғаты  мен  аудару  тәсілдері 
туралы  «Өрнекті  сөз  -  ортақ  қазына»  монографиясы,    «Қалам 
қайраты»  атты  сын  мақалалар,  эссе  кітабы,  1980  жылы  шыққан 
жазушы 
еңбегінің 
қыр-сырын 
зерттеуге 
арналған 
«Көңіл 
күнделігінен»  атты  эссе  кітабы–ақынның  зерттеу  саласындағы 
еңбегінің жемісі. 
Ондаған  жылдардың  жемісі  болған  М.Әлімбаевтың  «Өмір. 
Өнер. Өнерпаз» атты еңбегі де халқымыздың игілігіне айналып отыр. 
М.Әлімбаев    очерк  жанрына  1948  жылдан  бастап  атсалысуда. 
Сол  уақыттан  бергі  ақын  қаламынан  шыққан  эссе-очерктері 
«Көргендерім  көңілде»  деген  жинаққа  енді.  Очерктердің  негізгі 
қаћармандары  –  бәрі  дерлік  тұлғалы  азаматтар:  Рахымжан 
Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Рафиқа Нұртазина т.б. 

 
 
76 
Тартымды  да  татымды  жазылған  ақынның  бұл  жинағы  жас 
жеткіншектер үшін тәрбиелік те танымдық маңызы зор. 
Қадірлі Қазақстан, Отан – Ана, 
Есімім сенен бөлек атала ма? 
Алдыңда парызымды өтеп кетем, 
Өтсемде ата – анама қарыздар боп. 
Көгінен күн аумайтын Қазақстан! 
Сен жайлы өмір бойы жазам дастан. 
Жырлаймын әр сөзімді өле - өлгенше, 
Соғамын  сәнді  сарай  асыл  тастан,  -  деп  жырлаған 
Қазақстанның 
халық 
жазушысы, 
Қазақстан 
Республикасы 
Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  көрнекті  ақын,  жерлесіміз 
Мұзафар Әлімбаев.  
 
 
 
ҰЛЫ ДАРЫНДЫ ТҰЛҒА 
 
Е.М. Қайыров 
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі, Павлодар қаласы 
 
Мамандығы  дәрігер  Қошке  Кемеңгеров  1896  жылы  15  шілдеде 
Омбы уезі, Теке болысы, № 9 ауылда дүниеге келген. 
Приходская  школаны,  ветеринарлық  –  фельдшерлік  мектептің  
2  класын  бітірген  ол  1913  жылы  1  тамызда  Омбы  ауылшаруашылық 
училищесіне оқуға түседі. 
Кемеңгерұлының Омбы сынды үлкен қалаға білім іздеп келуінің 
өзінде  үлкен  мағына  бар.  Бұл  кезде  Омбы  қаласы  өнер  –  білімге 
ұмтылған қазақ жастарының орталығына айналған еді. Мұнда тұңғыш 
жастар  ұйымы  «Бірліктің»  ашылғаны  да  тарихтан  белгілі.  Ол 
жөніндегі  деректерді  біз  Сәкен  Сейфулиннің  «Тар  жол,  тайғақ 
кешуінен»  білеміз.  Осы  кітапта  ұйым  туралы  көп  айтылған,  онда 
Кемеңгерұлының  да  ұйымға  белсенді  мүше  болғаны  жайында 
қызықты деректерде бар. 
Жастар  ұйымының  ашылу  жылы  жөнінде  екі  дерек  бар.  Бірі, 
яғни  Сәкен,  1913  жылы  десе,  Смағұл  Садуақасұлы  1914  жыл  дейді. 
Мұның екеуінің де жаңсақтығы жоқ. «Бірлік» 1913 жылдан жасырын 
ұйымдасқан да, 1914 жылдан бастап жария болған. 
Туған  елінің  әдебиеті  мен  мәдениетін  көтеруді  мақсат  еткен 
ұйымның  негізгі  міндеттерінің  бірі  –  ұйымның  журналын  шығару 
болады. Көп кешікпей олар «Балапан» атты журнал да шығарады. Ал 

 
 
77 
Қошке  осы  журналға  редактор  болып,  үлкен  ұйымдастырушылық 
қызмет  атқарады.  С.Садуақасұлының  айтуынша,  1916  жылдан  шыға 
бастаған  «Балапан»  журналы  бірден-ақ  ауызға  ілініп,  оқырман 
арасында аса зор беделге ие болады. 
Қошке  Кемеңгерұлы  Омбыда  жүрген  кезінде  «Айқап» 
журналының  шығуына  да  белсене  ат  салысады.  Сол  кезде  оның 
журналдың бірнеше санында «Солған гүл», «Жазғытұры», «Сонда…» 
атты  өлеңдерімен  қатар  «Пайғамбар»  (Пушкин),  «Сәскелік  көлдің 
жағасында»  (Никитин)  аудармалары  да  жарияланып,  көпшілікке 
таныла  бастайды.  Омбыда оқуда  жүрген  алаш жастарының  ұйымына 
айналған «Бірлік» 1918 жылы мамыр айында «Жалпы жастар съезін» 
өткізеді.  
«Кеңес  үкіметін  тану,  танымау»  мәселесі  күн  тәртібіне 
қойылғанда,  съезде  қызу  айтыс  –  тартыс  туған.  Жастар  пікірі  үшке 
бөлінген.  Кеңес  үкіметінің  саясатына  «Бірліктің»  басшылары  –  «оң» 
пікірлі  Қ.Кемеңгеров,  С.Садуақасұлы,  Ғ.Тоғжанұлы  және  басқалар 
қарсы  шыққан.  Осы  съезден  кейін  Қ.Кемеңгерұлы  Қызылжарда 
жабылып  қалған  Көлбайдың  газеті  –  «Үш  жүздің»  орнына  «Жас 
азамат»  газетін  шығарушы  болып  сайланады.  Ол  қоғамдық  іске 
осылай белсене араласумен қатар білімін жетілдіруге де уақыт табады. 
Қошке  Омбы  политехника  институтында,  Сібір  ауылшаруашылық 
және  өндіріс  институтында,  Ташкенттегі  Орта  Азия  мемлекеттік 
университетінің медицина факультетінде оқып, білімін жетілдіреді. 
1925  жылдың  басында  Қазақстандағы  жағдай  күрт  өзгеріп, 
Қазақстан өлкелік партия комитетін басқаруға Ф.И.Голощекин келеді. 
Ол  келген  күннен  бастап  қазақтың  оқыған  азаматтарының  соңына 
шам  алып  түседі.  Қазақ  зиялыларының  жүрген  жолы  мен  істеген 
ісінен «тырнақ астынан кір іздеу» басталады. 
Осы жылы Мағжан Жұмабаев «Алқа» атты әдеби үйірме құруды 
көздеп, оның бағдарламасын жасаған. Онда тоғыз жолдың торабында 
тұрған қазақ әдебиетінің өткен тарихы, оның бүгіні мен болашағы кең 
сөз  болады.  Қаламгер  бұл  ұйымның  оқушы  жасқа  жөн  сілтейтінін, 
адасқандарды  жолға  салатынын  айта  келіп,  қазақ  әдебиетінің 
болашағын ойлар әдебиетші, тума таланттарды осы ұйымға мүшелікке 
шақырады.  Ұйымның  құрылуына  ат  салысқан  М.Әуезов,  Даниял 
Ысқақұлы,  Қошке  Кемеңгрұлы,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Абдолла 
Байтасұлы  сынды  қазақ  әдебиетінің  ірі  өкілдері  солшыл  саясаттың 
қырағы  сынына  түсті.  Жандайшаптардың  қолына  түскен  осы 
бағдарлама  жоғарыда  аты  аталған  қаламгерлердің    әрқайсысына  сор 
боп жабысты. 

 
 
78 
Голощекиннің  атышулы:  «Қазақ  ұлтшылдары  Байтұрсынов, 
Әуезов,  Дулатов,  Кемеңгеров,  Омаров,  Жұмабаев,  Аймауытов, 
Жұматаев,  Сейфулин  бұрынғы  заманды  мадақтап,  жаңа  заманды 
жамандап, өздерінің жебелерін кеңес үкіметіне қарсы жіберіп жатыр» 
деген  сөзінен  кейін,  көп  ұзамай-  ақ  қазақ  елінің  бір  туар  білімді 
азаматтарына жала жабылып, қоғамдық істерден аластатыла бастады. 
1929 жылдың Қазақстан үшін аса ауыр болғаны тарихтан мәлім. 
Жеке адамға табыну зардаптарының алғашқы нышаны біліне бастаған 
осы  бір  тұста  отызға  жуық  қазақ  оқығандары  Алматы  түрмесіне 
қамалады.  Бұдан  кейін  де  зиялыларды  қаралау,  қамау  қызыл  шеке 
қырғын науқанға айналып, толас таппайды.  
Бұл  кезде  М.Әуезов  пен  Қ.Кемеңгерұлы  аспирантурада  оқып 
жүрген болатын. Сол жылдардағы сталиндік жаппай жала жауып, мін 
тағудың  қарамағынан  бұлар  да  шет  қалмады.  Мұхтар  мен  Қошке 
ұсталып, оқудан қуылады.  
Құрамында  М.Тынышбаев,  Х.Досмұхамедов,  Ж.Досмұхамедов, 
Ә.Ермеков  бар  қырықтан  астам  қазақ  зиялылары  түрмеге  қамалып, 
жазаға  тартылады.  Бес  жылға  жер  аударылғандардың  ішінде 
Қ.Кемеңгерұлы да бар еді. 
Бір  жақты  қоғамдық  пікір  тудыруда  саясаттың  сүр  семсері  – 
комсомол  ұйымдары  да  жала  жауып,  тіл  безеуден  алдарына  жан 
салмады.  Қазақстан  комсомол  ұйымының  VІ  конференциясында: 
“Көркем  әдебиет  негізінен  соңғы  кезге  дейін  Алашорда 
идеологиясының  творчествосы  болып  келеді.  Көркем  әдебиеттегі 
басшылық  орындарды  өз  қолдарына  ұстап  келген  алашордашылар 
өткен  жылдарда  бірқатар  ұлтшыл  -коммунистердің  (Қожанов, 
Сәдуақасов)  қолдауына  сүйене  отырып,  өз  әдебиетін  бұқараға 
енгізумен  болды.  Жастар  негізінен  Жұмабаев,  Әуезов,  Аймауытов, 
Дулатов, 
Кемеңгеров, 
Байтұрсынов 
және 
басқалардың 
шығармаларынан нәр алды”- деп байбалам салды.  
Сталиндік  солақай  саясат  сілтеген  сойылдың  зардабы 
Қазастанға  оңай  тиген  жоқ.  Халқының  қамын  ойлап,  болашағына 
болжау  айтқан  терең  ойлы,  ақыл-парасаты  мол  зиялыларын  жазда 
жауған бұршақтай жайпай салды. Олардың қарақан басына ғана емес, 
айналасындағыларға  да,  жора  –  жолдастарына  да  бұлтты  бұршақты 
ауыр  күн  туды.  Қазақ  жазушыларын  қуғындау,  әсіресе  1932  жылы  
10  қаңтарда  ВКП  (б)  Қазақ  өлкелік  комитетінің  Мәдениет  және 
насихат бөлімі мен Қазақстанның марксизм- ленинизм институтының 
«Сталин  жолдастың  хатына  байланысты  Қазақстанда  теория 
майданындағы 
күрес 
міндеттері 
туралы» 
түсіндірме 
хаты 
жарияланғаннан  кейін  мүлдем  асқынып  кетті.  Республика  көлемінде 

 
 
79 
ресми  нұсқау  ретінде  басшылыққа  алынған  бұл  құжат  қазақ 
әдебиетінің  ұлттық  кадрлары  үшін  аса  қауіпті  рөл  атқарды.  Біздің 
өткен  тарихымыздың,  соның  ішінде  әдебиетіміздің  теріс  бағалануы 
осы қаулыдан кейін тым өршіп, өрістеп кетті. 
КАЗАПП-тың 1932 жылғы съезінде өлкелік партия комитетінің 
хатшысы  М.Кахиани  өз  сөзінде  әдебиеттің  қай  бағытта  жүру 
керектігін  кесіп,  пішіп:  «Литература,  написанная  о  Казахстане,  в 
значительной  своей  части  является  не  марксистской,  сохраняет  на 
себе  влияние  алаш-ордынской,  кондратьевской и прочей  враждебной 
марксизму-ленинизму  идеологии.  Необходимо  наряду  с  разработкой 
проблем  социалистического  строительства  в  Казахстане  подвергнуть 
марксистско-ленинской 
критике 
все 
великодержавно 

шовинистические  теории,  проникшие  в  литературу  о  Казахстане. 
Особое 
внимание 
должны 
привлечь 
вопросы 
казахской 
художественной литературы и литературной критики, которые далеко 
еще  не  стоят  на  уровне  требований  и  задач  переживаемого  этапа 
соцстроительства  в  Казахстане и  полностью  еще  не освободились  от 
алаш – ордынских влияний» –деді. 
Съезд өзінің кезекті міндеттерін белгілеген кезде, оның бірінші 
міндеті  етіп:  «Байшыл-ұлтшыл  әдебиетті  ортаға  салып,  талқылап,  ең 
соңғы  түрде  бетін  ашып  салу  үшін  –  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов, 
М.Әуезов,  Ж.Аймауытов,  С.Торайғыров,  Қ.Кемеңгерұлы  және 
басқалардың  шығармаларын  тексеру»  деп  нұсқау  берді.  Сөйтіп 
жоғарыда аты аталған қаламгерлер төл туындыларында халық мұңын 
мұңдап,  жоғын  жоқтағаны  үшін  байшыл-ұлтшыл  жазушылар  болып 
танылып,  шығармалары  баспалардан  алынып,  өздері  қуғынға 
ұшырады. 
Қаулы  жарыққа  шыққаннан  кейін  көп  ұзамай-ақ  Қошке 
Кемеңгерұлы НКВД-ның тұзағына екінші рет түседі. Содан қамаудан 
аман-сау  құтылмай,  1937  жылдың  21  қарашасында  Омбы  түрмесінде 
атылады. 
«Ақын-жазушыларын  жазалап,  соттап,  айдатып,  атқызып 
жіберетін өкіметі болған елдің маңдайындағы соры бес елі ғой. Ақын 
–жазушыларын  жәбірлеген  үкімет  адамдары  ше?  Әне,  халқының 
жауы-солар!  Солар,  солар!»  -  деп,  академик  жазушы  Ғ.Мүсірепов 
айтқандай, біздің де маңдайымыздың соры бес елі ел болдық қой.  
Замана тізгіні халқының нағыз жауы, яғни үкімет адамдарының 
қанды  қолында  болған  ХХ  ғасырдың  алғашқы  30  жылы  тарих 
парағынан ешқашан да өшірілмек емес.  
Елуінші  жылдардың  орта  тұсында  қоғамдық  ойдың  құрсауы 
босап,  баспасөз  беттерінде  жұртшылық  пікірі  ашық,  айқын  айтыла 

 
 
80 
бастады. Мұндай жағдайдың болуына СОКП ХХ съезінің (1956) әсері 
болды. Осыдан- ақ қараңғы қапаста шаң басып жатқан құжаттарға қол 
тиіп, сәуле түсіп, ақ -қарасы ажыратыла бастады. 
Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің «Қазақ халқының 
әдеби-прозалық  және  музыка  прозасын  зерттеудің,  сын  тұрғысынан 
қарап пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шаралары туралы» 
қаулысы  жарияланғаннан  кейін,  яғни  1957  жылдың  17  тамызында 
Қошке Кемеңгерұлы да мыңдаған қуғын -сүргін құрбандарымен бірге 
ақталды. 
Қошке  Кемеңгерұлы  ресми  ақталғаннан  кейін  зайыбы  Гүлсім 
апайдың  ізденімпаздығының  арқасында  шығармалар  жинағы  1965 
жылы  жарық  көрді.  Бұл  көп  талқыға  түскен,  қаншама  қысқартуға 
мәжбүр болған қаламгер туындыларының оннан бір нұсқасы ғана еді. 
Қайта жариялауға мүмкіндік болғанмен, кезінде шығармаларын түгел 
қолға  түсіре алмай,  әзірге  жоқтан бар құрауға  негіз болды.  Қаламгер 
мұраларының өзінде аз  уақыт ішінде көп іс тындырғаны белгілі. Ол- 
әдебиет,  тіл  білімі,  тарих,  журналстика,  педагогика  сынды  әр  алуан 
салада тебірене тер төгіп, қалам тартқан абзал жан. 
Халқының болашағын ойлаған азаматтардың алдында сан алуан 
міндеттер тұрды. Кемеңгерұлының тіл саласында жазған еңбектері тіл 
мәселесі  жөнінде  көкейкесті  мәселелерді  қозғады.  Ол  тілмаштардың 
бірінші конференциясында «Тілшілердің міндеті мәнісі туралы» («Ақ 
жол»,  1925,  сәуір)  көлемді  баяндама  жасады.  «Жат  сөздер  туралы» 
(Қызыл Қазақстан, 1926, №11, 14, 138-143 -б), «Қотыр сөздер» («Жаңа 
мектеп»,  1926,  №  14-15)  мақалаларын  жазумен  қатар  «Қазақша  -
орысша  тілмаш»  (1925),  «Жағрапия  үшін  оқу  құралы»  (1928,  1-том, 
Қызылорда,  1929)  атты  еңбектер  жазды.  Сондай-ақ  алғашқы 
кітабының  соңынан  сол  кітап  жайында  «Қазақша-орысша  тілмаш» 
туралы  («Еңбекші  қазақ»,  24.ХІ,  1926)  мақала  жазған.  1927  жылы 
«Жаңа  мектеп»  журналының  бетінде  «Жат  тіл  оқыту  әдісі»  атты 
көлемді ғылыми -әдістемелік еңбегі де жарық көрді. 
Кемеңгерұлының  тарихи  -нанымдық  еңбектері  де  аз  емес. 
«Қазақтың  тарихи  тұрмысынан»  мақаласында  қазақтың  өткен 
замандағы  жайы  мен  әскердің,  сот,  оқу  және  жер  мәселесі,  ру 
жайында  талдау  жасайды.  «Қазақ  тарихынан»  атты  еңбегінде  қазақ 
халқының Ресейге қосылудан бұрынғы жайма -шуақ өмірінен бастап, 
кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі (1923-1924 жылға дейін) жағдайларға 
шолу жасайды. Кітап үлкен-үлкен төрт тараудан тұрады. 
«Бұрынғы  езілген  ұлттар»  атты  зерттеу  кітабында  патшалық 
Ресейдің  езгісіне  ұшыраған  36  ұлттың  тұрмысы  (тарихы,  жер  -суы, 
мәдениеті,  шаруашылығы,  қоғамдық-әлеуметтік  жағдайы)  кең  түрде 

 
 
81 
қаралады.  Ғұлама  ғалымдығымен  қатар  Қошке  журналист  ретінде  де 
жұртқа жақсы танылды. «Кеңес қызметкерлері туралы», «Мектеп қай 
тілде  болу  керек?»,  «Дұрыс  па?  Бұрыс  па?»,  «Қызмет  адамдарының 
қонақасы»,  «Ұмытшақтық»,  «Ел  газеті  қандай  болу  керек?» 
мақалаларымен қатар «Жол әсері» очеркі арнайы талдауды, зерттеуді 
қажет ететін құнды дүниелер.  
Оның  «Жол  әсері»  атты  очеркі  20-жылдардағы  Семей  уезінің 
Бұғылы,  Шыңғыс,  Мендеш  болыстары,  Қарқаралы  уезінен  Ағанды, 
Кент,  Абыралы,  Ақсары,  Дастар,  Ақбота  елді  мекендерінің 
тұрмысынан  жан  -жақты  хабар  береді.  Олардың  тазалық  жайлы, 
жалпы  жайы,  денсаулық  жайы,  кооператив  жағы,  салық  жағы, 
отырықшылық жағы сөз болады. 
Қ.Кемеңгерұлы  -  халық  мұрасын  жинауға  да  үлес  қосқан 
қаламгер.  Ол  «Абайділдә  хан  айдаудан  келгенде  Орынбай  ақынның 
айтқаны»,  «Қалмақ-қырғыз»,  «Мұрат  ақынның  сөздері»,  «Есепбике 
қыз  бен  жылқышының  айтысқаны»  сынды  мұралар  да  аса  құнды 
дүниелері болды. 
Оның «Көркем әдебиет туралы», «Сәбитпен айтысты доғардым» 
және  «Қазақ  тарихынан»  зерттеуінің  ІІІ  бөлімі  -Кемеңгерұлының 
сауатты да сындарлы әдебиетші екендігін танытқан еңбектер. 
Ол  сондай-ақ  жазушы  ретінде  поэзия,  проза,  драматургия 
салаларына  елеулі  үлес  қосты.  «Солған  гүл»,  «Жазғытұры», 
«Сонда...»,  «Ашығып  үш  күн  болды  арығаныма»,  «Қайғыланба 
қаймығып»,  «Бұлбұл  үнсіз,  гүлсіз  бе?»,  «Бала-шаға,  серік  жоқ» 
өлеңдерімен қатар Пушкиннің «Пайғамбарын», Никитиннің «Сәскелік 
көлдің жағасында» өлеңдерін қазақ тіліне аударды. 
Дарамалық  туындылары:  «Алтын  сақа»  (1926),  «Парашылдар», 
«Ескі оқу», «Бостандық жемісі» атты пьесалар жазды. 
Прозалық 
туындылары: 
«Жетім 
қыз», 
«Момынтай», 
«Отаршылдық  ұсқындары»,  «Қанды  толқын»  әңгімелері  баспасөз 
беттерінде жарық көрді. 
Қошкетанудың  көшбасында  жүрген  Рәзия  апай  өзінің 
еңбекқорлығының  арқасында  қаламгердің  шығармалар  жинаған  1995 
жылы  ҚР  мәдениет  қоры  жанындағы  «Мұраттас»  ғылыми-зерттеу 
және  баспа  орталығы  жанындағы  «Тұлға  жекеменшік  өндірістік 
фирмасынан  шығарып,  тот  баспаған  асылдарды  көпшілік  оқырманға 
тарту етті. Соңғы жылдары әдебиетші Д.Қамзабекұлы да осы тақырып 
төңірегінде көп ізденіп, мерзімді басылым беттерінде бірнеше мақала 
жариялады және екі бөлімді «Қазақтың Қошкесі» атты деректі фильм 
түсірді.  Сондай-ақ  қаламгердің  таңдамалы  еңбектерін  1996  жылы 
«Қазақстан» баспасынан кітап етіп шығарды. 

 
 
82 
Жиырмасыншы  жылдары  қоғам  өмірі  күрт  өзгерістерге  толы 
болды. Бұл өзгерістерден көркем әдебиет саласы да қалыс қала қойған 
жоқ. Қызу айтс-тартыс идеология майданында ерекше көрініс тапты. 
Қазақстан  топырағында  әдебиет  мәселесі  1922-23  жылдардан 
бастау  алады.  Сол  кездердегі  «Еңбекші  қазақ»,  «Қызыл  Қазақстан», 
«Еңбекші  қазақ»,  «Ақ  жол»,  «Шолпан»,  «Темір  қазық»  сынды 
көптеген  газет  -журналдарда  әдебиет  мәселелесі  қызу  талқыға  түсті. 
Осы  талқылау  кезінде  көркем  әдебиет  төңірегінде  шиеленіскен 
айтыстарға қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері белсене қатысты. 
«Әдеби  мұраға  қалай  қарау  керек,  қазақ  әдебиеті  қай  бағытта 
даму  керек,  ақын  кім,  ол  кімнен  үлгі  алу  керек,  қазақ  әдебиетінде 
қанша  бағыт  бар?»,  т.б.  мәселелер  төңірегінде  айтыстар  туды.  Бұл 
салада  өз  ойларын  ортаға  салған  Сәбит  Мұқанұлының  «Көркем 
әдебиет  туралы»,  «Қошкеге  жауап»,  Қ.Кемеңгерұлының  «Көркем 
әдебиет 
туралы», 
«Сәбитпен 
айтысты 
доғардым», 
Смағұл 
Сәдуақасұлының 
«Әдебиет 
әңгімелері» 
мақалаларын 
айтыс 
мақаланың  үлгілеріне  қосуға  болады.  Бұлардың  біразы  маман 
әдебиетші  болса,  енді  біреулері  ұлтын  сүйген,  оның  тарихын  жетік 
меңгерген, өресі бік қоғам қайраткерлері еді. 
Қошке  Кемеңгерұлының  қазақ  әдебиетін  сөз  ететін  келесі 
көлемді  жұмысы  –  1924  жылы  Мәскеуден  басылып  шыққан  «Қазақ 
тарихынан» атты тарихи – танымдық еңбегі. Қаламгер осы кітабының 
5 тарауы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы 
қазақ  әдебиетіне  арнаған.  Мұнда  патша  үкіметінің  шоқындыру 
саясатына  қарсы  шыққан  қазақтың  ұлы  перзенттері  –  Шоқан 
Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және ХХ ғасырдың 
басындағы  ақын-жазушылар,  қоғам  қайраткерлері  туралы  біраз 
мағлұмат  береді.  Қазақ  халқының  осы  тұстағы  мәдениетінен,  рухани 
байлығынан сөз қозғайды. 
«Қазақтың  оқыған азаматтарынан  ең  бірінші бұқараның  мұңын 
жоқтаған, ұлтшылдық негізін салған Шоқан Уәлиханов болды»  - дей 
келіп, оның еңбектерін, көздеген мақсатын тілге тиек етеді. 
Осы  күнгі  әдебиетші,  тарихшы  ғалымдарымыздың  Шоқан 
туралы  пікірлерінің  көбін  Кемеңгерұлы  сол  кезде  айтқан.  Ол  Шоқан 
жөнінде  ойын  былай  қорытындылайды:  «Шоқанның  пікірлес, 
замандас  қазақ  жолдасы  болмағандықтан  және  Шоқанның  пікірлері 
бір 
жерге  жиналып,  кітап  болып 
ерте 
жарық 
дүниеге 
шықпағандықтан,  кейінгі  азаматтарымызға  мезгілімен  әсер  бере 
алмады...». 
Ал  Ыбырай  Алтынсарин  жөнінде:  «Ибраһим  (Ыбырай) 
Алтынсарин да діни фанатизмге қарсы болып, миссионерлердің түпкі 

 
 
83 
мақсатына  алғашында  көз  жібермей,  оқумен  қазақты  татарға 
кіргіземін  деген  ойда  болды.  Бұл  дағы  ұлтшылдық  өрісіне  бет  алды. 
Бірақ  ақырғы  кезде  Алтынсарин  де  орыс  төрелеріне  наразы  болып, 
орыстан безіп, қырда өлді»- дейді. 
Ыбырайдың  педагогтік,  ағартушылық,  жазушылық  көзқарасы 
орыстың  революцияшыл  –  демократының  озық  ойлы  ағартушылары 
мен  жазушыларының  шығармалары,  пікірлері  негізінде  қалыптасты. 
Ол  қазақ  қоғамының  федалдық  –  патриархалдық  күйін  терең  танып, 
оны  замандастарының  ішінде  бірінші  болып  прогреске  жетеледі.  Ол 
жас  ұрпақты  тәрбиелеуге  ұмтылған  жаңа  ғылымның  іргетасын 
қалады.  Оқулықтар  жазды,  сөйтіп  қазақтың  жазба  көркем  әдебиетін 
дамытты.  
Қошке  шығармаларын  сөз  еткенде,  оларды  өзімен  тұстас 
еңбектенген  замандастарының  туындыларымен  салыстыра  қарап, 
талдаған жөн. 
Оның  ең  алғашқы  шығармалары  1915  жылы  «Айқап» 
журналының  бірнеше  санында  жарық  көрген  «Жазғытұры»,  «Солған 
гүл», «Сонда...» өлеңдері мен «Пайғамбар» (Пушкин) аудармалары. 
«Жазғытұры» өлеңінде: 
«Қарайды жылы жүзбен күннің көзі, 
Күлімдеп сәлемдесер дүние жүзі. 
Көгеріп, буалданып өзендердің, 
Бетінде жылтырайды көкше мұзы»,- деп, жансызға жан бітіріп, 
әсем  табиғаттың  сұлулығын  сол  қалпында  көз  алдыңа  әкеледі.  Жас 
ақын нәзік тілмен көктемнің шырайын әрлендіре суреттеуде шеберлік 
танытқан. Әсіресе:  
«Көңілді әсіресе жас балалар, 
Әкесі  алыс  жолдан  келгендей-ақ»-деген  жолдар  балалардың 
психологиясын  жақсы  жеткізеді.  Азынаған  алты  ай  қыста  үйде 
тығылып,  бұйыққан  балалардың  көктемнің  жылт  еткен  алғашқы 
күнінен бастап далаға шығып, қоңыр күзге таусылмас ойын қызығына 
килігетіні,  жолаушылап  келген  кісі  алдынан  базарлық  алуға  қуана 
жүгіретіні де анық. Өлеңде табиғат көріністері өз қызығымен жайдары 
жайма шуақ суреттелгені болмаса, ақынның айтпағы арыда жатыр. 
Өлең: 
«Көгалда жазғытұрым сауулы бие
Сары қымыз сапырулы тегенеде. 
Ішкен мас, жеген тоқ болушы едің, 
Түсесің,  енді  жұртым,  қандай  күйге!»-  деп,  үлкен  салмақпен 
аяқтайды. 19 жастағы балаң жігіт сол кездегі халқының мүшкіл халін 
мегзеп отыр. Мұндағы лирикалық кейіпкер – ақынның өзі.  

 
 
84 
Қошкенің «Солған гүл» өлеңінде: 
Қызыл гүл қураңқы болып қапсың, 
Бүрісіп жылы жерде- ақ тоңып қапсың. 
Аңқыған жұмақ исің қайта кетті? 
Қуарып жапырағың солып қапсың. 
Жайраңдап тұр едің ғой кешегі күн, 
Сахаралы болғаны ма қараңғы түн. 
Құлпырған қызыл гүлім жалт-жұлт еткен, 
Басыңа  қайдан  түсті  қайғылы  мұң?!-  дейді.  Қара  тасты 
жіпсітетін жылы күнде қызыл гүлдің солып қалғанын сөз етеді. Қошке 
гүл  арқылы  жас  қыздың  өмірін  айтып  отыр.  Лирикалық  кейіпкер 
халық  мүддесін,  соның  ішінде  қыз  өмірінің  болашағын  ойлайды. 
Өлеңнің құндылығы – заман сырын, заман шындығын көрсетуі. 
Ал  1930-31  жылдары  Алматы  абақтысында  жазған  сағыныш 
өлеңдері  жазықсыз  жапа  шеккен  ақынның  ішкі  жан  дүниесін  анық 
танытады.  «Сағынып,  сәлем  жаздым,  тілмаш  аға»  өлеңіндегі  сол 
тұстағы  ауыр  кезеңді  «Құс-ауға,  балық  -  торға  кездесті  ғой»  деп 
жеткізуінің өзі Қошкенің сөз жүйесін түсінген, астарлы айтуға икемді, 
айтпағын  түйіп  айтатын  ақын  екенін  көрсетеді.  Сондай-ақ  ақынның 
осы тұста жазылған «Бұлбұл үнсіз, гүлсіз бе?», «Бала-шаға серік жоқ», 
«Ашығып  үш  күн  болды  арығаныма»  (аштық  жариялағанда) 
өлеңдерінен  ақынның  қатты  қынжылуын  ашық  көреміз.  Ол  бірде 
«Бала-шаға,  серік  жоқ,  Серіксіз  жерде  көрік  жоқ»  деп  қиналса,  енді 
бірде  елде  қалған  жары  мен  үш  ботасын  туған  -туысқанына  аманат 
етіп тапсырады. 
Ақын: Жаздым сәлем анама, 
Сағындым деп жылама. 
Кісі тонап, ат ұрлап, 
Жатқаным  жоқ  жалада  -  деп  анасын  жұбатса,  енді  бірде  өзінің 
жаламен жатқанын айтып жабырқайды: 
Жазығым жоқ инедей
Неден жала жабылған? 
Лирикалық  кейіпкер  «Кебенек  киген  оралат»-деп,  өмірге  деген 
құштарлығын  танытады.  Ақын  абақтыда  аштық  жариялап  жатқанда 
жазған өлеңі: 
Ашығып үш күн болды арығаныма, 
Тағдырдың кім көнбейді салғанына. 
Осыдан олай-бұлай болып кетсем, 
Жеткізер кім сәлемімді жан -жарыма... 
Ашығып үш күн болды төсегімде, 
Жатырмын белді байлап тәуекелге. 

 
 
85 
Осыдан олай-бұлай болып кетсем, 
Жеткізер  кім  сәлемді  туған  елге...,-  деп  күңіренеді.  Қошке 
Кемеңгерұлының  өлеңдерін  оқып  отырғанда,  оның  жырлары  поэзия 
жанрының: махаббат, табиғат, көңіл -күй лирикаларына жазылғанына 
куә боламыз. Өлеңдерінің жетістігі – шыншылдығы, көтерген жүгінің 
ауырлығы. 
Қошке  өлеңдері  саусақпен  санарлық  тым  аз.  Бұған  қарап  оның 
халқының  алдында  ақындықты  емес,  азаматтықты  мұрат  тұтқанын 
көреміз. 
Қ.Кемеңгерұлының  поэзиядағы  үлкен  жетістігінің  бірі  - 
аударма.  Қазан  төңкерісіне  дейін  А.С.Пушкиннің  бірнеше 
шығармалары  қазақ  тіліне  аударылғаны  белгілі.  Солардың  ішінде 
1915  жылы  Қошке  «Пайғамбар»  атты  өлеңін  аударған  болатын.  Ал 
осы өлеңді әйгілі ақын І.Жансүгіров пен Қ.Бекхожин де аударған еді.  
Қазақ  әдебиетінде  20-  жылдары  шығармалардың  бір  тобы  әр- 
түрлі  әлеуметтік  тақырыптарға  жазылды.  Солардың  ішінде 
қорғансыздар  өміріне  жазылған  М.Әуезовтың  «Қорғансыздың  күні» 
(1921),  «Жетім»  (1925),  С.Дөнентаевтың  «Көркемтай»  (1924), 
Қ.Кемеңгерұлының  «Момынтай»  (1925),  «Жетім  қыз»  (1924),  т.б 
әңгімелер. 
Қ.Кемеңгерұлының  «Жетім  қыз»  әңгімесіне  шешесінен  жастай 
айырылған  жетім  қыздың  аянышты  өмірі  арқау  болған.  Әңгіме  
5  жолаушының  С.қаласынан  Шыңғыстың  асуына  баратын  қара 
жолмен  келе  жатқанында  басталады.  Ат  шалдыруға  тоқтасқан  
жолаушыларға бір қыз бала кездеседі. 
«Шайдың  буы  бұрқырап,  дастархан  жайылып  жатыр. 
Дастарханнан  тайып  шыққан  көзі  ауыл  жақ  бетте  жиырма  қадам 
бойында сүзек аурудан жаңа тұрғандай өңі қазылған, шілдеде тұрған 
қаймақтай  жұқа,  қабағын  төңкерген,  шыңыраудай  терең  мұңды 
көзімен  дастарханға  үйме  төбе  болып  жатқан  бауырсақ,  қант,  етті 
сүзген  7-8  жастар  шамасындағы  қызға  түсті.  Қыздың  үстінде 
сауыншының киімнде сауысталған, боршаланған, еттей жырымдалған 
түйе  көйлек,  басында  жабағыдай  ұйысқан  айдар,  аяғы  шаң- 
топырақтан  былғарыланып,  суықтан  жарылған  ағаштай  тілімденіп 
кеткен. Екі аяғы сынып қалғандай салбырап, қол терісі қапшықтанып, 
жапырағы  ағаштай  сыйдиып  құр  сүйегі,  тарау-тарау  тамыры 
көрінеді». 
Сырт  көзге  осыншама  аянышты  көрінген  жас  қыздың  өмірі  де 
адам  шошырлық.  Шешесінен  жастай  айырылған  оның  қазір  өгей 
шешесі  бар.  Бірақ,  ана  махаббатын  көре  алмаған  бейкүнә  сәбидің 
өмірі  де  сол  жетімдіктің  салдарынан  сұрақсыз  күйде  өтуде.  Таңның 

 
 
86 
атысы,  күннің  батысы  тізесін  бүкпей  тыпырлап,  еңбек  ететін  жетім 
қыз,  өмірінде  қарны  томпайып  тамақ  ішіп  көрген  де  жоқ.  Бейнет  -
қыздікі,  рақат  –  өгей  шеше  мен  оның  балаларынікі.  Өз  үйінен  ұрты 
толып  тамақ  ішпейтін  бешараға  көршілерден  сұрап  алатын  құрт, 
бауырсағы  да  бұйырмайтын.  Себебі,  өгей  шеше  тілеп  алған  тамағын 
да өз балаларына тартып алып береді. Асып төгілген мол дастарханға 
сүзіле  қарауы  -осының  салдары.  Мұны  сезген  Дарабек  қызды 
шақырып бірнеше бауырсақ, бір шағым қант береді де, баланы сөзге 
тартады.  Ол  өз  шешесінен  ерте  айырылғанын,  өгей  шешесі  тамаққа 
жарытпайтынын  жыламсырап  отырып  айтып  береді.  Әңгімесін  «біз» 
деп көпше түрде айтқаны болмаса, өзімен бірге туған бауыры да жоқ 
екен.  Қыздың  қант  пен  өзі  жуынған  сабынының  не  екенін  білмей 
таңырқап  қарағаны  Дарабекке  қатты  батады.  Қыздың  қол-аяғының 
соншама тілімденуі -сабын көрмегенінің айғағы.  
Әңгіме аяқталады: 
«Адамның  ең  қасиетті  белгісі  -  «меннен»  айырылған,  мендігін 
көрсете  алмай  «біз»-ге  қосақталып,  жер  қорқақ  болған,  жас  бетеге 
өмір  таңында  аруақтай  семіп,  аштықтың  азабын  тартқан,  о  кезде 
қантты көрмеген қазақ даласының терең түкпірінде толып жатыр ғой. 
Біз  көрген  жеке  бақыттың  құны  жеті  тиынға  да  тұрмайды.  Жалпы 
бақыт, ортақ өмір керек деген ой желісіне Дарабек байланады». 
Ақын  -жазшылрдың  көбірек  қалам  тартқан  тақырыбының  бірі 
әйел еркіндігі, теңдігі, бақыты еді. 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  демократ  ақын  -жазушылар 
М.Сералин,  С.Торайғыров,  С.Дөнентаев,  С.Көбеев  те  әйелдердің 
теңдік  алу  мәселесін  көркем  әдебиетте  кең  көтеріп,  оны  жалпы 
азаттық  жолындағы  күреспен  байланыстырады.  Осы  тақырыпты 
Қ.Кемеңгерұлы да жан -жақты дамытты. 
«Ерлік  жүрек»,  «Дүрия»,  «Қазақ  әйелдері»,  «Қарашаш», 
«Назиқа» әңгімелерін жазды. 
Өнердің  ең  биік  қиын  саласы  –  драматургия.  Қазақ 
жазушыларының  ішінде  бұл  жанрға  алғаш  қалам  тартқанның  бірі 
Қошке  еді.  «Өзге  жұрттың  айтуына  қарағанда,  театр  өнерінің  ұрығы 
елдің  әдет  -  салтынан,  ойын-  сауығынан,  өлең-жырынан  басталған. 
Театр  өнерін  тудыратын  жайлы  топырақ,  қолайлы  шарт  елдің  өз 
ішінен шыққан» дегеді ұлы суреткер М.Әуезов жиі айтқан екен.  
Ұлт  театрының  туып,  қалыптасуының  өзі  –  ұзақ  сонар  тарих. 
Осынау  ұлт  театрының  дүниеге  келуіне  бірден  -бір  үлес  қосушы 
Қошке Кемеңгерұлын бүгіндері біреу біліп, біреу білмейді. 
Қазақ  елінің  іргесіне  орналасқан  Омбыда  1765  жылы  қалалық 
театрдың  ашылуы-  үлкен  маңызы  бар  мәдени  оқиға  болды.  Театр 

 
 
87 
даңқы  тез  жайылып,  оның  сахнасында  батыс  және  орыс 
классиктерінің шығармалары қойыла бастады. Ал Омбы болса – өнер 
мен білімге ұмтылған қазақ жастарының орталығы болды. 
Екінші бір қазақ жастарының оқу-білім іздеп көбірек жиналған 
жері  –  Орынбор.  Мұнда  профиссионал  театр  1869  жылдың  
14 қаңтарынан батап жұмыс істеді. 
1925 жылы сәуір айының аяғында Қызылордада өткен Қазақстан 
Кеңестерінің  5  съезінде  «Қазақтың  ұлттық  театрын  ұйымдастыруды 
жеделдету қажет» екені басым айтылды. 
1925  жылдың  11  желтоқсанында  «Еңбекші  қазақ»  газетінде 
Халық ағарту комиссары С.Садуақасұлы мен Білім ордасының ағасы 
М.Жолдыбайұлы  «Қазақша  пьесаға  бәйге»  жариялайды.  Бұл 
құлақтандыруда бәйгенің бес шартын көрсетіп, жазушыларға сәттілік 
тілейді. 
Ұлт театрын ашуға осылайша қауырт жұмыс жүріп жатты. Оған 
қолынан  жазу  келетін  қазақ  қаламгерлері  түгел  дерлік  қатысты. 
Қазақстанның  түкпір  -түкпірінде  бірдей  қаулаған  істің  нәтижесі  ұлт 
театрының  ашылуына  алып  келді.  Сонымен,  қазақ  мемлекеттік  ұлт 
театры 1926 жылдың 13 қаңтарында үлкен салтанатпен ашылды. 
«Ғынуардың  13-ші  кешкі  сағат  алтыда  мемлекеттік  ұлт 
театрының ашылу мерекесі болды. Театры әртістері Кемеңгерұлының 
«Алтын  сақинасын»  ойнады.  Оның  соңынан  концерт,  демалыс 
уақыттарында  оркестр  ойнап  тұрады.  Театр  деректрі  –  Дінше 
(«Еңбекші қазақ», 13.01.1926) деп қол қойған. Және сол күні «Алтын 
сақинаның»  ойналғанын,  оған  Міржақып  Дулатов  отбасымен 
барғанын  қызы  Гүлнәр  Дулатова  растап  отыр»  деп  жазды  «Қазақ 
әдебиеті» газетінде Р.Рүстембеков. 
Осыған  дейін  ұлт  театрының  шымылдығын  М.Әуезовтің 
«Еңлік-  Кебек»  трагедиясымен  ашты  делініп  жүрді.  Деректерге 
қарағанда  бұл  сөздің  қисыны  жоқ.  Ол  -  Қошке  Кемеңгерұлы  «халық 
жауы»  деген  жаламен  жүрген  кезде  оның  пьесасы  туралы  да  айтуға 
мүмкіндік болмағандықтан шындықты мойындау қажет.  
Алғашы  пьесалары  көркем  үйірмелерде  қойылған  Қошкенің 
«Қасқырлар  мен  қойлар»,  «Бостандық  жемісі»,  «Күнәсіз  күйгендер» 
туындылары  із-түссіз  жоғалған.  Әйтсе  де  «Әулие  тәуіп»  1918  жылы 
Омбыда,  «Бостандық  жемісі»  1919  жылы  Ақмолада  қойылған  деген 
дерек  бар.  Осымен  қатар  Омбы,  Қызылжар,  Ақмола,  Қостанай, 
Көкшетау,  Қызылорда  қалаларының  көркем  үйірмелерінде  осы 
пьесалармен  қатар  «Алтын  сақина»  да  қойылған.  «Алтын  сақина»  - 
Қошке Кемеңгерұлының шоқтығы биік дүниесі.  

 
 
88 
Қазіргі  қазақ  әдебиетін  сөз  етсек  те,  оның  көш  басында  тұрған 
алыптар  тобын,  олардың  шығармаларын  немесе  оның  қалыптасуын 
және  одан  берідегі  өрлеу,  өркендеу  биігін  сөз  етсек  те,  үлкен  бір 
талантты тұлғаның есімін, оның шығармаларын аттап кете алмаймыз. 
Ол ұлт әдебиеті негізін қалаушылардың бірі – Қошке Кемеңгерұлы. 
Ол  тым  ерте,  қыршын,  қырық  бір  жасында  дүниеден  өтсе  де, 
ұрпағына мол мұра қалдырып кетті. 
Ол  қоғам  қайраткері,  дәрігер,  педагог,  тіл  маманы,  тарихшы, 
көсемсөз ретінде әлеуметтік мәселелерге белсене араласты, халқының 
білімді иегеріп, тәуелсіз болуы жолында тер төкті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет