KcpcUy-Б л я и
кітлихлиАсъі
Жүсіпбек
Аймауытов
11 - кітап
ПАВЛОДАР
2 0 0 3
ББК 84.2(Қаз)
А -12
Қазакстан Республикасы Президентінің
Ж олдауы нда үсы н ы лган «Мәдени мүра»
арнаулы орта мерзімді багдарлам асы бойынш а
Редакция алкасы:
Арын Е.М. (бас редактор), Нухулы А. (бас редактордын
орынбасары), Қүдабаев А.Ж. (қүрастырушы, жауапты
редактор), Акышев А.А., Алдабергаюв Қ.М., Әбілев Д.,
Әлімбаев М., Бәделхан А., Елікбаев С., Жаксыбаев С.,
Ж аманбалинов М., Ж умабекова Р. Ж., Ж үсш Қ.П.,
Исабаев Қ., Кадысова P., Қанафина А. М .Сарбалаев Ж.,
Сүтжанов С., Шапауов Ә.
А-12
Ж үсіп бек А й м ауы тов . П авлодар:
«Э К О » ҒӨФ , 2003. - 126 бет.
ISBN 9965-652-28-3
Бүл кітапта Ж.Аймауытовтын халкымыздын рухани
байлығын тер ең аш ып кө р сететін “ Ә н ш і” , “ Елес"
әнгімелгрі мен “Шернияз”, “Мансапкорлар”, “Ел корғаны"
жән; “Психология” aтты гылыми енбегі камтылған.
Кітап ғылыми кызметкерлгрге, аспиранттарға, жоғары
оқу орындары мен мектеп оқытушыларына, студшттерге,
сондай-ақ ғалымнын өмірі мен шығармашылығы жайлы
мағл үмат алғысы келгтін жалпы копшілік кауымға арнал-
гаа
4702250000
ББК 84.2(Қаз)
00-(05)-03
ISBN 9965-652-28-S- .
© “С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекетгік университет!” , 2003
?Күсіпбек Анмауьггов
Ш.Елеукенов
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
Ж үсіпбек А йм ауы тов 1889 ж ы лы Семей гу-
берниясы , П авлодар >езі, Қы зы лтау болы сы ны н
№ 1 ау ы л ы н д а кедей ш а р у ан ы н сем ьясы н д а
туды.
Ғұмыры алты -ж еті карадан арты к мал бітіп
кө р м еген ә к е с і А й м а у ы т б а л а л а р ы н (А к а т ,
Ж үсіпбек, Ж акы пбек) карш адайы н ан енбекке
баулиды. Ауылдағы етікш і, ағашш ы, сыршылар-
ға ж іберіп, кол өнерінг үйретеді. Ж алпы бұл се-
мьяда колы іс білм ейтін адам болмаған. Әкесі
үй іші ж абды ғы нан сынған-бүлінген н әр сш і өзі
бүтіндеп тастайды екен. Ш еш есі бүкіл бір ауыл-
ды ң киім ін тігетін ісмер болған. А лаш а току,
сы рм ак ою лау өнері де осы босағадан табыла-
тын- Т аб и ғат ж ары кты к бір берсе, үйіп-төгеді
ғой. Ж үсіпбектін ш еш есі Бәтим а, апайлары жа-
ны нан өлең ш ы ғарып, ауы л арасы айты ска да
түсе береді екеа
Ж үсіпбек ж астайынан зерек өскен. Ә%елі ауыл
м олдасы нан тіл сы нды рған ол, 1907 жылы Баян-
ауьш мектебіне түседі. Бүдан сон Павлодардағы
екі класты оры с-казак училищ есін (төрт жыл-
дык) бітіреді. Қыс окып, жаз шыға елдаі күн көріс
тауып, етік тігіп дегендей, ты ны м таппайды. Сол
еті тірлігінін аркасы нда 1914 ж ылы Семейдін
м ү ғал ім д ер әзірлейтін сем и н ар и я сы н а түсіп,
оны 1919 ж ы лы тәм әм дайды .
Осы ж ы лдары ол оры с және дүние жүзі әде-
биеті классикасымен танысуын бастайды. «Сма-
К ер ек у -Б ая н кітапханасы “Рухнама*
щМтг
үлга жауап» деген анкета есебіндегі матери-
алда Аймауытов өзінг шетел жазушыларынан:
ІГ
Мопассан, М ольер, Виктор Гюго, Ш експир,
w
Д ж ек Лондон, Раби ндран ат Тагор, С тефан
Üm Цвейг, орыс суреткерлерінш: Гоголь, Пушкин,
ДП Толстой, Максим Горький, Короленко, Чехов
gui катты унағанын айткаа
Jji)
Қай уакыттан жаза бастағаны туралы да
J
Жүсекеңшң өз колымш калдырып кеткен куәлігі
бар. Жаңағы жауап хатындаол былай дейді: «Ен
алғаш өлен жазғаным 13 жасар кезім болса ке-
рек. Дұғалык жазатын кіш кае кара шолак кітап-
шама тіленші шалға боранда есігін ашпаған бір
кемш рді, көшкенде байталға мінбеймін деп,
әкесін раш іткен кызды (Ол Жәмікен деген апам
ғой) өлен кып жазғанымды әкем керіп, ман-
дайымнан иіскегені әлі есімде».
А лғаш кы өлеңдерінде жас талап көбінесе
А байға еліктейді. Ж азуға ден қойғанын бір
әңп м ш ін баспа жузін көруімен байланыстыра-
ды. «Ен алғаш басылған сөзім, 1913 жылы бол
са керек, бір акымак алыпсатардың болыс бо
лам деп, елге бір месте апарып, елдін кулары
болыс етіп коямыз деп, бул хабар «Қазак» газе-
тінде басылды. Сол хабардын басылуы калам
устауыма улкш себеп болды».
Содан ол оки журе, баспасөз ісіне е т а* ара-
ласа бастайды. 1918 жылы Семейде шыға бас-
таган «Абай» журналының редакторы болады.
Ж үсіпбек журналдын екінші саны нда «Тур,
букара, жиыл кедей, умтыл жастар» деген мака
ла ж ариялайды . Р еволю цияға тілектестігін
білдіреді. 1917 жылдың көктемінде Семейде
Ж үсіпб ск А йм ауы тов
болашак «Алаш» партиясының облыстык коми
тет! құрылады. Жусіпбек алаш жақтастарымш
кей сәселеде ажырасып, кей мәселеде жанасып
жүретін «Жанар» деген коғамнын мүшесі еді.
Мүхтар Ә>езов, Аймауытов, Қаныш Сәтбаев,
тағы да бірқатар жас буын советтік өмірдің ірге
тасын білек сыбанып каласады. 1920 жылдың
январь айында Ж. Аймауытов РКП (б) қатары-
на алынады.
Болыиевиктер партиясы Жүсіпбек Аймауы-
товка зор сагім көрсетеді. Ол Қазақстан Совет-
терінің Қүрылтай съезіне делегат, Қазақстан
Орталық Аткару комитетінің (КазЦИК) мүшесі
болып сайланады. Сол жылдың аяк шенінен 1921
жылдың июль айының ортасына дейін Халык
ағарту комиссарының орынбасары кызметін
атқарады.
1921 жылы жазда ол Семейге кайта оралды.
Семей губерниялық аткару комитетінің мүшесі
болып сайланды, губерниялык оку бөлімінің
меңгерушілігіне тағайындалды.
Ол кезде не көп - саяси науқан көп. Сол қалың
науканнын бірінде («продналог» шгізу мәселе-
сімаі) ел ішінде кызмет бабымен жүріп калады.
Осы кезде партияның мүшелерін кайта тіркейтін
наукан ашылады. Жүсіпбек сол санақтан дер
кезінде өтуге мүмкіндігі болмай, партия қата-
рынан сырттай бейкүнә шығып калады.
Қалаға оралған соң «Қазак тілі» газетінің ре-
дакторлығына тағайындалады. 1922 жылдың
жазында аштарға көмектесетін комиссияның
(«помгол») ісімщ елге шыгып, күзге карай Тор-
гай елінің ашықкандарына мал айдап апарады.
К е р ек у -Б ая н кітапханасы "Рухнам а
|Сол жылдың кысынан 1924 жылдар аралығын-
да Актөбе оку бөлімінде, Қаркаралы мектебін-
де кызмет істейді, мүғалш болады.
1924
жылдың аяк шенінде Аймауытов Таш
кентке шакырылады. Осы кезде жазушылык ісін
удете туседі. Ташкенттен Орынборда шығатын
газет-журналдарға жиі катысып түрады. Таш-
каітте
«Ак жол» газетінің әдебиет бөлімін бас-
карады, газетке косымша «Сәуле» журналын
редакциялайды. 1926-1929 жылдары Жүсіпбек
Аймауытов - Шымкент каласындағы педагоги-
калық техникумның директоры. Осы кызметте
жүргенде Торғайға айдалған мал турасы нда
устінен іс жүрпзіледі. Сот барысында Ж. Айма
уытов кінәсіз деп табылып, акталады. Соттын
калай өткеніне куәлік те бар. Оны Б.Кшжебаев-
тың калдырып кеткен кунды естелігінаі табамыз.
«Сот уш күнге созылады, - деп жазады про
фессор Бейсембай Кенжебаев. - Үшінші куні
Жүсіпбек соңғы сөзін сойлейді. Оны түгел жа-
зып алған екен, мәнерлеп окып шыкты. Залдағы
отырған көпшілік өте риза болды. Соңгы сөзін
Жүсіпбек түгелдей казак халкынын әдет заны-
нын негізіне курған еді. Асылы былай болды:
«Қазак ежелден карыз берш, қарыз алады, кун
беріп кун алады, калың мал береді, калың мал
алады. Сонда ол бірінен-бірі еш уакытта колхат
алмайды, ешбір протокол жасамайды; бәрін
ауызша, сөзбаі жүрпзеді. Бул әбдш әдет болып
кеткен. А ш тарға ж әрдем үлестіргенде менін
бойымда да ойымда да осы зан күшті болды. Мш
атам казақтын осы занын үстандым. Аштарға
не
берсем де ешкайсысынан колхат алмадым. Хат
Ж үсіпб ек Аимауьггов
білмейтін. аштан көзі карайып, өлейін деп отыр
ған адамнан колхат сұрауды қолайсыз көрдім»
дегаіді айтты. Осылай Жүсіпбек ақталып шык-
ты».
Осы пәледоі күтылдым ба, күтылмадым ба
деп жүргэще, аяк астынан саяси жалаға ұшы-
райды. Басмашылармен байланысың бар деді ме,
астыртын контреволюциялык «Алка» уйымык-
да болдьщ (шынында әдеби үйірме) деді ме,
ә й т ^ ір Сталин культінің алғашкы күрбандары-
ның бірі болып, есіл азамат, талантты жазушы
Жүсіпбек Аймауытов 1929 жылы үсталып, 1931
жылы атылды. «Маған тағылған кінәмен таныс-
тым. Өзімді айыптымын деп санамаймын». Бүл
Аймауытов каламынан туған соңғы сөздер еді.
Енді, міне, жарты ғасыр өткенде жазушы ак
жүрегінен бар шыяын айтканы толык дәлелдагіп
отыр. Аяулы аға маңдайы жаркырап арамызға
кайта келді. Халкы сүйікті перзштінің асыл ру-
хымен қайта кауышты.
* * *
Жүсіпбек Аймауытов әдебиет ауылына карай
аяңдағанда бірден әр жанрға кол артканын
көреміз. Әу дегеннен-ак әнпме, өлен, макалалар-
ды төгіп тастайды. Әсіресе, оны драма жанры
кызыктырды. 1915 жылы Семейдің приказчик-
тер клубында Біржан мен Сара айтысынан ин
сценировка көрсетіледі. Оны жазған да, койған
да, Біржан ролін ойнап, ән шырқаған да бір адам
- Жүсіпбек еді. «Айкал» журналы (1915 жылғы
5-ші саны) мүны «Қазакша бастапкы ойын» деп
бағалаған. Сондыктан түңғыш режиссер, ар-
К е р ек у -Б ая н кітапханасы “ Рухнама
ист, драматург атанған Жүсшбектін пьеса жа-
зуға ансары аууы кездейсок емес-ті. Эрине
«түнғыш» деген сөзді біз шартты түрде колда-
намыз. Шьгнында, ойын казіргі біздің көркемө-
ж рпаздар клубыньщ дәрежесінде болган гой.
Ойынга катысқан жалғыз Жүсіпбек кана емес.
Саранын ролін Түрар ханым Қозыбағарова де-
ген эйел орындайды.
Ойын программасы жалгыз Біржан-Сара ай-
тысымен шектелмегш. Сахнадан Абай мен Ыбы-
рай өлеңдері окылады. Оны окыгандардын ара-
сында Жүсіпбектен басқа, Қаныш Сэтбаев, Тай-
ыр Жомартбаевтар болгаа Қаныш домбыра тар-
тып, эн шыркаган.
Жусіпбек сол түстагы казактын бетке шығар
азаматтарының ыкпалымен тез толыскан. Эде-
биет seprrw iui Қ. Мүхаметкановтың айтуынша,
1914 жылдан бастап, он жылдай Семейде окуда,
кызметте жүргаі кезінде Жүсіпбектін өте-мөте
тыгыз қарым-катынас жасаскан, көңілдес, дос-
тас адамдарынын ішінде «Ш әкәрім, Сүлтан-
махмүт, Сәбит Дөікнтаев, Иса Байзаков, Жүмат
Шанин, Майра, Әміре сиякты әдебиет, өшр кай-
раткерлері» болады.
Жүсіпбектщ бізге белгілі пьесаларынан атай-
тынымыз «М ансапкорлар» («Ж ебір болыс»),
«Рабига», «Қанапия-Ш арбану». Бүлар, 1922,
1925 жылдары Орынбор, Таш кап . Москва кала-
ларында жарияланған.
Мүхтар Ә}езовтін 1925 жылы жазылып, сол
жылы жарияланған конкурсте бірінш і бәйге
алган пьесасы «Қаракөз» бізге жаксы таныс.
Ж үсіпб ек А йм ауы тов
Міне, сол конкурста Жүсіпбек Аймауытовты
«Шернияз» пьесасы екінші орын алған.
Аймауытов пьесалары оньщ дүниетанымы-
нын калай калыптасып, дамығанынан толык
мағлүмат береді. Жас жазушы ілкі кадамынан-
ақ ескі қоғамньщ куөгері және катаң айыптау-
шысы боп көріжді.
«Мансапқорларда» жебір болыс Қасқырбай-
дан бастап, катыны Күләндә, тілмәші, жакын
інісі Мүсілім, ауылнай, кажы, шабармандарын
коса бәрі-бәрі - ар-инабаттан кеткен, корегін
еңбектен таппай, не қулык-сүмдыктан сауған
өңшен қүзғындар. Мүсілім жеңгесі әрі ашына-
сы Күләндәнің нәпсіқұмарлығын пайдаланып,
Қаскырбайға у ішкізіп, болыстықка жеткшдей
болады. Пьеса сонымен тәмамдалады. Бірак кыл-
мыска белшесіжн баткан мерездерге жиіркшіш
сезімі үдей түседі. Қасқырбайдың қаза болуы,
Мүсілімнің алдап соқканын біліп, өз колынан у
берген байын шді жоқтауға шыккан Күләндәнін
ащы зары бүл сезімді баса алмайды.
Сол кез үшін жана характер - Мүсілім бей-
несі. Онын әр кимылы бакай есептен түрады. Әр
жаксылығы сатулы. Болыстыкка кол жеткізу
үшін, ол ағасын өлтірткізумен тынбайды. Шар
жинаудьщ амалын ойластырады.
«Мүсілім:... сен Қойбағарға межн сәлем айт.
Мүсілім биесін алма деп, болыска осынша айт-
са да болмады де. Ршжімесін, тірі болса, онын
есесін қайырамын деп айт, білдің бе?»
Міне, осы әдіспаі арызын басып Көрпебай-
дын бетін бері каратпақ. Шабарман Әубәкірге
«ауылнайға өсірем, елді маған икемдей бер» деп
К ер е к у -Б ая н кітапханасы "Рухнам а"
оны колында үстамак. Қаскырбай елді кырып-
жоюмен ұстайды. Ал Мүсілім одан аярлау, за-
лым. Мүсілім: «Елді алдаумен, еплен ұстау ке-
рек» - дейді.
«Мансапкорлар» қыска хикая тәрізді эсер
береді.
Пьесадағы бүкіл харакет акыры драмаға әкеп
соғады.
«Мансапқорлар» алғашкы казак пьесалары
сияқты әлдебір аңызға негізделмегеи. Нақтылы
өмір суреттеріне күры лғаа Бүл - оның жетістігі.
Алайда кемшілік те осы түстан белең береді.
Өйткаіі характерді талдауда тым жалаң, тура
кеткаі жері басым. «Болыс болу үшін, бак алу
үшін, арды, адамшылықты аяқка таптамай бол-
майды» дейді Мүсілім. Мүндай публицистика-
лык корытынды пьесадан гөрі, ол туралы жа-
зылған рецшзияға лайық. Натуралистік сурет-
тер, жалаң фотография терең әлеуметтік-мораль-
дык талдауларға баруға бөгесін болған.
Д әл
осы пікфді бір перделік драма «Рабиға»
жөнінде де айту керек. «Кед казактың күң кыз-
дары. Қол үстасып, бостандык түрмыска же-
тейік!» деген Рабиғаның шымылдык жабылар
алдында айтатын соңғы сөзі пьеса мазмүнымоі
қабыспайды. Рабиғаның сүйген адамы жок. Кәрі
кү й ^ш месінбейді. Ауылдын ерікке жігіттері-
мен сөз кақпайдан әрі бармайды. Қызғанған кәрі
күйеуінен таякка жығы лған соң, жаңағы дай
«теңдік» деген жаңа сөз аузына түседі. Оны
каранғы әйел кімнш естіді? Бұл жағы мәлімсіз.
Мүндағы Жүсіпбек табысы - пьесаның оралым-
ды тілі, үлкш такырыпка түраг кадауы.
Ж үсіпб ек А йм ауы тов
Жүсіпбек Аймауытов драматург есебінд
үлкен оперативтілік, окиғаның ізін суытпай,
оған дереу талдау жасау сиякты талаптарымен
көзге түскен. 1916 жылы бүрк еткен халык
көтерілісі такырыбына драматург 1917 жылы
пьеса жазып үлгереді. Тіпті ол жедел түрде Се
мейде, баска қалаларда ойналады да. Пьеса
текстін баспаға берер алдында, авторы қайта
түзеп, редакциялап шыккан.
Бүл - төрт перделі драма. 1916 жылғы көте-
рілістің біркатар кыр-сыры ашылған. Халыкка
келг® нәубеттен ел іші кан күскандай болып
жатса, Сазамбай сиякты байлар мәре-сәре.
Өйткеиі калта калыңдататын тағы бір қолайлы
сәт туды.
Пьесаның бірінші бөлімі өте қызғылықты. Әу
дегшіш-ак кейіпкер басына түскен ауыртпалык,
яки драмалык окиға бірден назарынды өзіш ауда-
рып алады. «Енді не болар екш?» дегізіп ынтык-
тырады. Бірін-бірі құлай сүйгш екі жас - Қана-
пия мен Шарбану 1916 жылғы июнь жарлығы-
ның дүрпуімен айырылысайын деп түр. Драма
тург тартысты шиеленістіре түсетін тағы бір
мотивтер табады. Шәрбанудың үй ішінен Ын-
тықбай да окоп казуга аттануы тиіс. Оны калай
да алып калу үшін пара беруді ойлап, Шәрба-
нудын әке-шешесі Сазамбайдан карызга акша
алады. Пәленін көкесі енді басталады. Акшаны
тауып бере алмаса, Шарбану Сазамбайға токал-
ды ккакетпек... .
Алайда казак драматургиясына жол салушы
пионердін бірі - Жүсіпбек Аймауытов тәжірибе
жетімсіздігінгн окиганы әрі карай өрбіте алма-
К е р ек у -Б ая н кіталханасы “Р у х н ам а'
ған. Дәлірек айтсақ, ширықкан окиға Шәрбану-
дың Сазамбайға токалдыкка берілуіне байланыс-
ты күрт бәсендейді. Тартыс қызуын кайта көте-
руге Қанапияның кайтып оралуы, совет соты
арқылы Ш әрбануды барған жерінен айырып
алып қосылуы септік ете алмады. Себеп - дра-
малык тартыс сырттан косылған күштің әсері-
мш шешілсе, характерлердің өз күшімэі аяқтал-
маса, жасандылыққа ұпіырайды. Окиға ағымы-
ның бетінде қалқитын жаңқа кейіпкер пьесаны
драмалык маңызын сүйылтады.
Жүсіпбек Аймауытовтың бір перделік пье-
салары нан окигасы каркынды да тарты мды
журетш шығармасы - «Ел корғаны» (Қазақстан
Мемелекеттік баспасының Күншығыс бөлімі.
1925 жыл, Ташкент). Пьесаның сәтті шығу се-
бебін іздесек, ол - бірнешеу, Ең алдымен драма
тург мәдениетінің артқанын аңғарамыз. Кіріспе-
де кең көлемді ремарка, яғни, пьесаның койы-
луына, режиссурасына байланысты нүскау бе-
рілуі сол кездегі драматургия үшін жаңалык еді.
«Есік алдында ел қазақтары аулағырак шегі-
ніп отырсын: көпшілігі сол жақта болсын, оң
жақ ашығырак түрсын, Алдыңғы ретте келбетті
екі зор ақсақал, оларға таяу жақсы киімді, жуан
қарынды үш бай, оған тете орташа киімді би,
ауылнай сықылдылар орын алсын. Төменп жак
та жаман тымақты, жалба киімді кедейлер, орыс,
қазак киімін араластыра киген мұғалімдер, жас
жігіттер отырсын. Ақсақалдар жок, есікке таяу
гамак жейтіндер катарланып, алка котан сала
отырса да, төменгі жақтагылар үйлығып, үйме-
жүйме отырганы жөн».
Ж үсіпб ек А йм ауы тов
Баска сөзбен айтсақ, Ж. Аймауытов бір пер-|
делі пьесаға сол кездегі әлеуметтік таптардын
бәрін алып келгендей, эпостык масштаб дагіз-
гш. Ж әж бүл әшейін халыктык фон емес. Ав
тор әлеуметтің өзін сөйлеткен. Ол үшін сонау
антикалык дәуірден белгілі хор енгізілген. Ор-
тада - Окыған. Мінг, осылардьщ күшімен азамат
соғысы кезінде Елек >езінде болған жағдайдан
мағлүмат аламыз. Қызылдар женіп, ақтар бор-
дай тозып бара жатканы айтылады. Атқанын
атып, атпағанын тонап, әйел атаулыны зорлап,
ойран салуда. Соған ел корғаны боларлык әскер
катарына жігіт косуымыз керек дейді Оқыған.
Қазіргі театр терминін колдансак, бүл шығар-
маны публицистикалық драма жанрына жат-
қызар едік. Мүндағы басты кейіпкер автор аты-
нан сөйлейгін Окыған мен хор. Публицистика-
лык драма эпоска бір табан жакын. Жеке адам-
нын ел тағдырын аркалауын кен көлемде көрсе-
туге бағытталған жанр казак эпосында көп кез-
деседі. Автор прозалық шығармасындағыдай,
белгілі бір кейіпкері аркылы болып жаткан
оқиғаға түсініктеме береді.
Ж. Аймауытовтың соңғы «Шернияз» («Бас-
тырушысы Қазакстан оку комиссариаты, типо
графия Семипалат», 1926 жыл) пьесасы адам-
гершілік проблемасын көтереді. Шығарма махаб-
бат күйін көп шертеді. Сондыктан ба, ол өлең-
меи жазылған. Пьеса шалкып басталып, кайғы-
лы аяқталады. Бас каһарман, ескі интеллигент
Шернияз өзін жан-тәнімен сүйген, келін боп
түскен әулетіне жаккан Раушан деген алғашқы
әйелінен оқуы жок деп жеріп,тастап кетеді. Таң-
f
l
i
p
Кереку-Баян кітапханасы “Рухнама"
---------------------------
itaan алған, окуы бар, гимназия бітірген екінші
/ әйелі Ж әмилә бой түз^ден баска ештеңе біл-
мейтін ак саусак, оның үстінг етегінен қағынған
боп шығады. Пьеса Ш ернияз әйелі Раушанды
қоя бергенде емшегінен айырып алып калған
кішкентай нәресте Ш оканның өлімімен аякта-
лады.
Автор пьесаның бас шенінде қала м ® ауыл-
ды салыстырып, екі оқыған - Шернияз бш Ба-
зарбайға біріне ауылды жактатып, екіншісіне
каланы мактатып қояды. Шернияздың айтуын-
да ауыл адамында жарасымды мінез бар, қыл-
тьщ-сылтынды білмейді, сүйсе де, жек көрсе де
турасына жүгінеді, ал калада қадам басы алдау,
бәрі саудаға түседі, әйелінг дейін «кылтың-сыл-
тын». Сөйте түра ол кала кызына үйленеді де,
күм кабады.
Ж. Аймауытов творчествосының тағы бір
алуан саласы роман жанрынан түрады. «Карт-
кожа» романы (Қазалы мемлекеттік баспасы,
Қызылорда, 1926) жәнз козі тірісінде үзіндіжрі
ғана жарияланған, бірақ соңғы нүктесін койып,
баспаға тапсырған «Акбілек» романы - жазу-
шынын әдебиеттегі ірі табысы деп бағалағаны
абзал. Бұл шығармалар казак әдебиетінде роман
жанры талабын өтеген алғашқы қарлығаштар.
«Қартқожа» - эпикалык туынды. Қараңгы
кедейден жаңа заман аркасында үлкен азамат-
тык дәрежеге котерілген кейіпкер Қартқожа таг-
дыры оның өмір сүргш қоғамыньщ өзгерістері-
мен бір арнада тоғысады. Романнан заман ты-
нысын, сол тұстағы қоғам басынан кешкен ауыр-
палыктарды айқын сезінеміз.
Ж үсіпбск А йм ауы тов
Роман үш бөлімнш түрады. Бірінші бөлім бал
шәкірт Қартқожаның туған ортасын, ата-анасы-
ның коныр түрмысын суретт^дш акыры жок-
шылык зардабын тартып, күйеуге шыккан апа-
сының ауылында бала окытуын әнгімелеумен
аякталады. Бөлім қыска-кысқа новеллалардан
түрады. Автор оқиғаға бел сае араласып, өзінін
кейіпкерлерінг деген көзқарасын ашык білдіреді.
«Ұмытпасам, бүдан табандаткан 14-15 жыл-
дар бүрын болса керек; Қаржасбайдын аңыра-
ған конақ үйінде жиырмаға тарта баланы алка
қотан отырғызып, Мәжит Қожанын азан-казан
қып окытып жататыны. О кез М екалайдын
аузынан жалыны шығып түрган шағы в д і...» -
деп роман жазушынын өз баяндауынан баста-
лады. Соған карағанда роман окиғасының бас-
талу ы 1910 жылдың түсы.
Шығарманын бас кейіпкері ешқандай үздік
қасиетімен ерекшеленбейді. Тіпті автор оны
әдейі төменшіктететін тәрізді. Момындығын,
бүйығы мінезін, койылған аты Қарткожаға дейін
жазушы жеңіл мыксылмен түйреп отырады.
Сонымш катар «Жуастан жуан шыкты» деген-
дей, бас каһарман характерінін негізінде еш
нәрседен каймықпайтын, не қиындыкты қас-
кайып карсы алатын бір жігер бар. Оның аты -
білімге кұштарлык. Бұл бейнаіін типтік күра-
мында автордың өзі басынан кешкен белгілер
сезіліп отырады. «Смағүл жолдаска» деген ха-
тында Ж. Аймауытов бүл жөнінде былай дейді:
« 15 жасқа келгенде молдалык қүрып, бала окыта
бастадым.
К е р ек у -Б ая н кітапханасы “Р ухн ам а'
Жазушы кейіпкерінің окуға д егаі қүмарлы-
ғының қалай басталғанын, дамығанын психо-
логиялык детальмен әдіптеп, нанымды көрсет-
кен. Қаладан келген бір шәкірт бала Қартқожаға
«Тумыш» дегш кітап сыйлайды. Соны окыған-
да Қартқожа үшш дүние үмыт болады. Жазушы
қаһарманының ішкі толкынысын бет ажарын-
дағы күбылысты тап басып суреттейді. «Оқыған
сайын ажарланады, бет аузы балбырап, иегін
созып, көзін кадап, қағазды жеп қоятын тәріз-
д і...»
Міне, осы суреттен кейін Қартқожаның «оқи-
мын» деген сертіне сенесщ. Бірақ калай оқиды?
Қаражат қайда? Жас баланың онымен ici жок-
Дәл сол мезгілде жаз куаңшылық пен катал қыс-
тың қыл бүрауына шыдай алмай, Жүман акса-
қалдьщ коңыр шаруашылығы да күйрейді. Оны
мен бірге қарттың өзі де ауруға шалдығып, дүние
пәним ш кош айтысады. Кейіпкер алдындағы
бөгет таудай...
Сөйтіп біршші бөлім революциядан бұрынғы
казак ауылы ның күйкі түрм ы сы нан едәуір
мағлүмат береді. Молданьщ окытуы, ж ерл^ге
байланысты діни-ғұрыптар, шаруашылық ка-
рым-катынас жағын көрсету арқылы роман сол
түстағы қоғам түрпатын көз алдына әкеледі.
Екініш бөлім кыз бен жігіт арасында жеңге-
тайлык рольде жүрген Қартқожаны кездесті-
реміз. Өзінше Жүніске еткен жақсьшығы. Жүніс-
тен ол орысшадан сабақ алады. Соның акысын
төлейтіндей. Бірак бүл лирикалык ә>ш көктемгі
ауа райындай тез бүзылады. 19 бен 31-дің ара-
сындағы жастарды окопка аламыз дейтін пат-
Ж үсіпб ек Аймауы тов
ша жарлығы ел төбесін; жай түсіргендей әсе
етті.
Ел іші желдей гулейді, судай тасиды. 1916
жылдың көтерілісі басталады. Жазушы осы ха-
лык козғалысының сипатын әдемі ашкан. «Бай-
лар баласынын жасын ееге бұзады?» деген си
якты таптық сәуленің енгшін, жасақ азығы үшін
сол байлардан мал тартып алуын, Дәрмен сияк
ты көтеріліс басшыларының «Бізге кастык ой-
лаған Николай патша дәл осы тізімдей өртшсін ! »
деп саяси үран тастау дәрежесіне көтерілуін
үлкен тапкырлыкпен керсеткен.
Көтеріліске катысушылар ала-кұла. Әсіресе
сана өресі жағынан. Мұны жазушы «Ән» атты
новеллада әдемі көрсете білген. Көтеріліске
шыккан жасак кешкүрым ойын-сауыкка көшеді.
Сондағы әншінің бірі:
Бар дейді кара өткелде мейіз сатқақ
Бар ма екен сол мейіздің дәмін татқаа
Молдалар шариғатта обал дейді,
Бір үйде бойжеткен кыз жалғыз жаткан, -
деп жасактьщ қазіргі халінг сәйкеспейтін, бұрын-
ғы ауьш арасы кылжакка басып ұсақтанады. Бүл
фактіні жазушы қағыс калдырмайды. Дәрмен
аркылы ол қазак елінің тарихына шолу жасай-
ды. Ал елдің отарлық жағдайдағы мүшкіл халі
дүрыс көрсетіледі. Ерлік тарихы бар халык ездік-
ке жол берм ^і тиіс.
Кектеиетін нәрсе жетерлік. Қазақтан шыккан
көзі ашыктар «елдін камын ойламай, шенғе,
шекпенге мастанъш, елді канап, пара жеп, жауыз-
дыкка салынған. Олардың тапкан ермегі, арма-
ны үсақ нәрседе калған». «Қара шай, ащы на-
К ер е к у -Б а я н кітапханасы “Р ухн ам а”
сыбай, ер арпасы» д еганет аса алмайды. Д эрмш
жорыққа шығып, қайрат көрсеткш жолдаста-
рын мақтайды. Оларға үлгі ететін тарихи ерлер
есімін атайды. «Бұл күнде қолдан күш кетіп,
азамат басына күн туып, казақтың басы каң-
ғырып, не болары белгісіз екенін сарнап, сары
даланы басына көтерш» күңіренеді
Романда Дәрмен бейжсі жағымды кейіпкер
есебінде едәуір сомдалған. Оның бсйынан ба-
луандык қасиет те, ақындык, әншілік те табы-
лады. «Бәтіш» атты новелла оның интимдік,
жеке басы сырын ашады. Сүйген жарына қосы-
ла алмай жүрген шерлі жүрегінің мұңлы күйін
шертеді. Дәрмен 1916 жылғы көтеріліске баста-
ған жасағының жеңілуіне карамастан, күресін
токтатпаған. Қызылдар жеңіп, ақтар жеңіліп,
қаңсыраған жау Қазақстан жерімш шығысқа
шүбырғанда қазак жері тағы да канға боялады.
Зорлық-зомбылықтың не ащы уын ішеді. Міне,
осындай қиын-кыстау түста жіпттердің басын
қосып, ақтарға карсы қайрат көрсеткен тағы да
сол Дәрмен. Романның осал жері - осы кейіпкер
мен бас каһарман Қартқож аны ң байланысы
әлсіз. Оқиғаның жуан ортасына шықкан Дәрмш
бірте-бірте көздш ғайып болады. Ақыры Вар
наков деген асыра сіл т^ш і белсендінщ оғына
қаза тапқанын естиміз.
Жазушының романдағы үлкен табысы - көте-
ріліске қатыскан қалың бүкаранын көллектив-
тік портретін жасағандығы. Ж. АЛмауытов казак
жасағының осал тұстарын дөп б аскаа Әлдебір
теріні бөлісе алмай, ескі жараның аузын ашып
Ж үсіпб ек А йм ауы тов
алуы, руға жіктеле калуы жеріне жеткізіле көрсе
тілгш.
Үшінші бөлім Қарткожаны дүниеж үзілік
бірінші империалистік соғыстың окобын казып
жүргш жерінен бір-ак шығарады. Осы жерде ол
патш а түрғанда казақтың да, мүжыктын да
түрмысы онбайды деген сөз естиді. Бүл ақиқатка
онын көзін жеткізген - орыс адамы, большевик
Андрей.
Поезбен еліне кайтып келе жатканда ол орыс
халкы туралы әдемі ой тербейді: «Енді орыстан
да коры кпайды, тілінін бөтендігі болмаса,
жүрегі де, ойы да өзіміздікіндей. Андрей кай
казактан кем? Артык емес пе? Қарткожаға сон-
дай акыл айткан казак болды ма?»
Бүрынғыдай емес, аіді оған орыстын даусы
да жылы үшырайды. Әні де қүлағына жағады.
Омбыға оқу іздеп келгшде, бар қаражатын үрла-
тып алып, маскараға үшырап сасқанда, оған
колының үшын берггн тағы да орыс азаматы
Палидуб болады. Одан ешкімнен көрмеген жак-
сылык көреді. Іні, карындасын интернатка ор-
наластырып, өзі орысша оку бітіреді.
«Қарткожа» романы - көп зертгеуден, талдау-
дан туған шығарма. Қазір бетбүрыс заманында
20-30 жылдардағы тарихымыздың көп беттері
кайта каралып жатыр. Міне, осы іздагістерде
Ж. Аймауытов романдарынын куәгерлік пай-
дасы мол Сол кездегі «разверсткаға» байланыс-
ты есіл малдын кырылғаны, аштык, белсенді-
лердін асыра сілтеулері роман назарынан тыс
калмаған. Осы киыншылыктарға карамастан,
«Совет калай?» деген сүрақка халык теріс жауап
К е р ек у -Б ая н ю тапханасы “Р у х н ам а”
)бермейді. «Не дегенмен бүрынғы жок кой дейді».
«Бүрынғы жок қсй» деп Қарткожа да жымияды.
Роман кенеттен аякталады. Ф инал дүрыс
шешілді ме, жок па, бүл - алдағы әңгіме. Бірак
жанрлық жағынан келеек, роман табиғаты пуб-
лицистикалы қ финалды көтермей түрғаны н
анғарамыз. Жазушының айтар ойы айқын: сол
кезде дәуірлеген социализм дәуірін жырлағысы
келген.
«Кім?» деген сонғы бөлімшеден мынадай
жолдарды оқимыз:
«Қартқожа өзгереді. Бүрынғы соқыр наным-
нан, діншілдіктен тазарды... Бұрынғы жабығу,
уайым-кайғьіның бірі жок, Қартқожа талантты,
жігерлі, жалынды жігіт болды ... Қарткожа енді
тап тартысы ж екенін б іл д і...»
Бүған сенесіз. Сонда да көшлге түйткіл ке-
леді: бүйтіп түжыра салмай, роман арнасынан
шыкпай, сол өзгерістерді суретт^ керек емес пе
еді дегш.
Әринг, бүл кемшілік «Қартқожаның» тұтас
тартымды тұлғасына шіркеу түсіре алмайды.
Келесі «Акбілек» романында жазушы шығарма-
ның акырғы жолына дейін жанр стилінен жаз-
байды.
«Акбілек» романы күрылымы жағынан оқыс
оқигалы детектив жанрына үқсайды. Шығарма-
ның әу деп басталуынан-ак окиға шиыршыкта-
лып, бас кейіпкер кенет кыл көпірдің үстінде
түрғандай халге үшырап, батпакка жығылған-
дай былғанып, тіпті өлім аузында болып, неше
түрлі хикметті басынан өткізіп, ақыры мұраты-
на жетеді.
Ж үсіпб ек Айм ауы тов
Бұл - романнын фабуласына ынтыктырушь
тәсіл десек, өзегі әлеуметтік проблемалар, рево-
люциядан кейінгі жиырмасыншы жылдардың
тұсындағы казак елінің хал-ахуалы. Социализм-
ге өту дәуірінің ең бір күрделі кезеңі болғанына
карамастақ Жүсіпбек Аймауытов сол өзі сурет-
теп отырған түстағы коғамның бет-пішінін ре
ал и ста шеберлікпш түсіре алған. Осы астан-
кестш уакыттағы әлеуметгік өмірді автор шын
мәніндегі көркем талдауға барғанын сүйсінг әрі
таңыркай айтамыз.
Романда суреттеліп отырған кез - байларды
конфискациялауға дейінгі уакыт. Сондыктан
мүнда Матайдың Әбені сиякты әл>етті байлар,
бір жағы орыс капиталистеріне подрядчик бо-
лып пайда тауып, онымен коса не түрлі әдіс-ай-
ламен елін талап, жалшылыкка ондаған кісілер
үстаған шынжыр балак, шүбар тестер әлі күшін-
де екені көрсетіледі. Жазушы байдын арам жи-
наған дүние-мүлкін үстінен арыз түсірту және
үйінде елдің дау-ш ары н калай ш ешетінін,
К үреңбай болы с етекш іні б асы ны п, шын
мәніндегі ел билігін әлі жүргізіп отырғанын
мәнді эпизодтар аркылы жеткізе білген. Осы
типтік характерді Акбілектің әкесі Мамырбай,
айттырған кызы Ақбілекті алам деп ала алмай
калған Бекболаттың әкесі Сейіт сиякты байші-
кеш бейнелер коршайды.
Тағы да бір топ - сол кезде бас күрай баста-
ған казак интеллигенциясы өкілдері. Осыларды
Ж. Аймауытов Мамырбайдын окыған пысык
үлы продкомда істейтін Төлегеннін үйінде жи-
натып, әркайсысынын пікірін тарткызады,
К е р ек у -Б ая н кітапханасы “Р у х н ам а’
ііштерш ашады, төл м іжз-күлқын да қаза жібер-
мейді.
Ыкаң дегеи (Ыстықбай) бір мекеменің бөлім
меңгерушісінің орынбасары, бүрынғы адвокат,
«Керен» (Керенский) түсында күрылтай мүше-
лерінің тізімінде жүргш каһарман, өткен дәу-
ренін көксейді. Жазушы оның көңілсіз сйы, күй-
жайын оньщ шылым шегу рәсімі арқылы жет-
кізген. Ж әж сол детальге жліктен мән бергенін
де айта отырады. «Көңіліңді қына, көзіңді тор
басса, күйінсең, өкінсең, қайғынды үғар, сөзінді
тыңдар жан болмаса, қайғыға карсы түруға қай-
ратың жетпесе, ішке толған қапырықты... ш мш
сейілтер ең?.., Әлде көңіддің шері у емес ne?»
Басынан дәулет күсы үшқанның бірі Тыпаң.
Тыпаң кезінде Әбш байдыңтілмәші болған, Доға
да сол Әбеннің парасын қылғытып қойып,
Достарыңызбен бөлісу: |