Клиникалық практика күнделігі Клиникалық практика атауы «Пациенттің қауіпсіздігіне клиникалық мейіргерлік күтім»



бет14/15
Дата23.10.2023
өлшемі94,82 Kb.
#120794
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
дневник бакалавра кл практики (1)

9







11.12.21

Күйік шалған зардап шегушіге алғашқы медициналық дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Кешіктірмей күйік себебін жоямын(мысалы жалынды сөндіру). Денесінен тұтанған немесе ыстық май, су, химиялық зат сіңген киімді, ол теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шешемін.
- Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаймын. Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабамын. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе ақжайма қолданамын. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су беремін.
Күйген алаң онша үлкен болмаса (қызарған тері, көлкілдек бүршік) жергілікті жердің травпункттіне қаратамын. Дененің күйген алаңы үлкен болған жағдайда "103-жедел жәрдемін" шақырамын
Уланулардың клиникалық белгілері. Химиялық ластану ошағында медициналық көмек көрсету.
Улану - ағзаға улы заттың кіруінің себебінен болатын ағза қызметінің бұзылуы немесе ауруға шалдығуы.
Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу жағдайлары балалардың арасында көп кездеседі. Керосин, бензин және басқа да у атаулының барлығын және улы сұйық заттарды еш уақытта кока- коладан, алкоголсіз ішімдіктерден босаған шишаларға құйып сақтаушы болмаңыз. Себебі оны балалар сусын шығар деп ішіп қоюы мүмкін.
Уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек
Егер уланды деп күдіктенсем, дереу мыналарды жасаймын:
егер жас сәби ұйықтамай, тынышы кетсе, оны құстырып тастаймын, тамағына сұқ саусағыңызды саламын немесе бір ас қасық ипекак сиропын, артынан бір стакан су ішкіземін немесе оған иіс сабын мен ас тұзы қосылған су ішкіземін(бір кесе суға 6 шай қасық тұз қосамын).
егер қол астымда активтенген көмір езілген бір кесе су болса, соны беремін, ересек адамға бұл микстурадан 2 стақан ішкіземін.
Клиникалық ағымының ерекшеліктері бойынша бөлінеді:
1.Жедел улану – ағзаға удың жоғары дозасының нәтижесінде
дамиды. Жылдам дамитын симптомдарымен байқалады және
бірнеше минут, сағат немесе тәулік аралығында өлімге әкелімен
аяқталуы мүмкін, мысалы, синил қышқылы және оның тұздары).
Көптеген жағдайларда мұндай улану кездейсоқ болады, бірақ әдейі
(криминалдық), суицидтік, өзін өзі емдеу нәтижесіндегі, мед.
персоналдың қателігінен болатын жағдайлары да кездеседі.
2.Созылмалы улану – ағзаның қандай да бір қызметін зақымдау
үшін жеткілікті, ағзада ұзақ уақыт аз дозада қайталап қабылдағанда
кумуляцияланатын улы заттарды қайта қабылдағанда дамуы
мүмкін.
Баяу ағымдаумен және айқын байқалмайтын симтомдарымен сипатталады.
Химиялық ластану ошағында медициналық көмек көрсету.
Химиялық ластану — қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі немесе нормадан артық шамада түсуі
миялық ластануды келесі түрлерге бөледі:
1) атар, жұмыс істейтін жерлер);
2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;
3) жербетілік және жерасты суларының;
4) топырақтың;
5) тамақтың және т.б.
Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;
2) ластанушы заттар шығаратын немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;
3) ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар;
4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар.
Үсу кезіндегі алғашқы көмек. Суға бату кезіндегі алғашқы медициналық көмек.
Дененің үсік шалған жерлерін тез арада жалаңаштаймын.
Зақымданған жерлерді абайлап ұстаймын.
Егер аяқ-киім күшпен шешілетін болса, онда оны кесіп шешемін.
Ең алдымен суықтың ағзаға әсерін тоқтатамын. Ол үшін науқасты жылы бөлмеге кіргізіп, жылыту әсіресе үсіген аймақтарына көңіл бөліп, сол аймақтың қанайналымын қалпына келтіремін. Науқасқа ыстық шай, кофе, сүт беруге болады.
Үсіктің бірінші кезеңінде үсіген аймақты қолдың жылуымен немесе жылытқыштың көмегімен жылытамын.Жылы ванналарды қолданамын. Зақымдалған аймақтың терісін құрғатып, науқасты жылы ораймын.
Жалпы үсудің алғашқы сатылаында науқас адамды тек жылы киімге киіндіріп, жылы жерге кіргіземін. Егер науқас ес-түссіз жағдайда табылса, оны жылы киімдермен орап, тез арада ауруханаға жеткізуді ойлаймын. Жиі пульс жоқ, жүрек тондары айқын түрде әлсіреген, және тындалмайтын жағдайда болады. Егер науқаста аз да болса тыныс алу мен жүрек соғысы болса, ауруханадан тыс жасанды жүрек -өкпелік реанимация шараларын жүргізудің қажеті жоқ. Себебі мұндай жағдайда жүрекке соққылы түрде жасанды массаж жасағанда жүрек ритімі бұзылып, аритмия туындауы мүмкін, ал бұл өте қауіпті.
Ал егер науқас ес түссіз жағдайда және жүрек соғысы мен тынысы анықталмайтын жағдайда табылса, жүрек өкпелік реанимация жасау жалғыз көмек шарасы болып табылады. Мұндай адамға дереу ауруханаға жеткізіліп, емдік шараларды күттірмей бастау керек. Себебі осындай жағдайда адамның өліп кету қауіпі аса жоғары. Үсуден кейінгі өлім науқасты жылытып, реанимация шараларынан кейін өмір белгілерін көрсетпесе ғана тіркеледі.
Суға бату кезіндегі алғашқы медициналық көмек.
Алғашқы дәрігерлік көмек:
-Трахеяға интубациялық түтік қоямын, оттегін жіберу арқылы өкпені желдетемін
-Интубация жасар алдында, көктамырға миорелаксанттар жіберемін:
-Листенен 100-150 мг, 0,1% – 0,8 мл атропин
-Асқазанды зондтаймын
-Жыбырлы аритмия кезінде, жүрекке дефибрилляция жасаймын
-Теңіз суына батқан жағдайда көктамырға енгіземін:
реополиглюкин ерітіндісі /қанның реологиялық қасиетін жақсарту мақсатында/
Ақуыз, қан плазмасы, плазмаалмастырғыш ерітінділер
Өкпе ісінуін қайтару үшін, гидрокортизон 80-100 мг 5% глюкоза ерітіндісімен, 150-180 мг преднизалон, жүрек гликозидтері – строфантин 0,005 % - 0,5-1,0 мл, корглюкон 0,06 % - 1,0 мл
-Тұщы суға батқанда: гемолизге қарсы 4-8 % 400-600 мл натрий гидрокарбонат ерітіндісі, 40-60 мг лазикс тәулігіне 2-3 рет макрогематурия басылғанша енгіземін. Гипопротеинемияда концетрацияланған ақуыз – альбумин 20%, плазма қолданамын.
Екінші реттік суға бату түрінің алдын алу үшін, барлық реанимациялық шаралар жасалады, бронхолитиктер мен оттегі пайдаланылады, зардап шегушіні ауруханаға жатқызу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет