Клиникалық практика күнделігі Клиникалық практика атауы «Пациенттің қауіпсіздігіне клиникалық мейіргерлік күтім»



бет2/15
Дата23.10.2023
өлшемі94,82 Kb.
#120794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
дневник бакалавра кл практики (1)

15







26.11.21

Халі ауыр науқастың төсек орындарын (көлденең,тігінен) ауыстыру
Көлденең әдіс
1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киемін.
3.Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеймін (бинт тәрізді).
4.Бір мейірбикенің алақандарын жоғары қаратып ұстап науқастың басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеремін, жастықтарды алып тастаймын.
5.Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап науқастың беліне дейін бүктеймін, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеймін.
6.Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған науқастың басын түсіремін.
7.Науқастың жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап аламын да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығамын.
8.Науқастың жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріп, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеймін. Науқастың үстін жабамын.
9.Тыстарға арналған клеенка қапқа ластанған ақжайманы салып және оны шаруашылық мейірбикесіне тапсырамын.
10.Қолғаптарды шешемін. Қолды жуып, кептіремін.
Тігінен жасалатын әдіс
1.Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Қолды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киемін.
3.Таза ақжайманы бүкіл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеймін.
4.Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаймын.
5.Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып аламын.
6.Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударып, осы қалыпта қалдырамын.
7.Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаймын (яғни төсек бойына).
8.Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеймін.
9.Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударамын, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.
10.Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алып, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жаямын.
11.Таза ақжайманы жазып, ондағы қыртыстарды тегістеймін.
12.Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайырамын.
13.Науқастың басының астына жастықты қойып және оны көрпемен жабамын.
14.Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырамын.
15.Қолғаптарды шешемін. Қолды жуып, кептіремін.
Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеремін.
3.Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құямын.
4.Науқасқа Фаулер қалпын беремін.
5.Науқастың басын қырына қарай бұрып, мойнын және кеудесін клеенкамен жауып, астыңғы иегінің астына науаны қоямын.
6.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киемін.
7.Науқастан тістерін сығылыстыруын өтінемін (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз).
8.Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартамын.
9.Оң жағын да осы реттілікпен тазартамын.
10.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргіземін.
11.Тілді залалсыздандырылған дәке сүрткісімен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартамын. Шпательге ораған дәке сүрткісімен тілдегі бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртемін.
12.Дәке сүрткісімен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартамын.
13.Пинцетті, шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған науаға саламын.
14.Науқастың ауызын шаюға көмектесемін немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырамын. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуамын.
15.Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртіп, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаймын.
16.Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.
Қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғатамын.
Көзді күту дәрі тамызу
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаймын.
3.Науқасқа Фаулер қалпын беремін.
4.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киемін.
5.Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құямын.
6.Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысамын.
7.Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртемін (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).
8.Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаймын.
9.Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаймын.
10.Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде: сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығамын, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығамын, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртемін.
11.Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаймын.
12.Қолғаптарды шешіп, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа саламын.
13.Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундинканы ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа саламын.Қолды жуып, кептіремін.
Құлақты күту дәрі тамызу
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киемін.
3.Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаймын.
4.Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтып, науаны астына қоямын.
5.Сүрткіні жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртемін; сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатамын (кірді кетіру үшін).
6.Алдын-ала су моншасында (t-36-370С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құямын.
7.Оң қолға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаймын, ал сыртқы естеу жолын түзету мақсатымен сол қолмен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартамын; құлаққа 2-3 тамшы тамызамын.
8.Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырамын.
9.Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып аламын, бұл есту жолындағы бөлінуістер мен құлықтың шығуын қаматамасыз етеді.
10.Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартамын.
11.Қолғаптарды шешемін.
12.Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа саламын.
13.Қолды жуып, кептіремін.
Мұрын қуысын күту дәрі тамызу
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киемін.
3.Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беремін.
4.Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараймын.
5.Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгіземін.
6.Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құямын.
7.Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалдап, мензурканың шетіне аздап қысып, сығамын.
8.Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіп және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырамын (қатып қалған қабыршықтар болған кезде).
9.Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алып, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.
10.Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартамын.
11.Қолғапты шешемін.
12.Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа саламын.
13.Қолды жуып, кептіремін.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет