Клиникалық практика күнделігі Клиникалық практика атауы «Пациенттің қауіпсіздігіне клиникалық мейіргерлік күтім»



бет8/15
Дата23.10.2023
өлшемі94,82 Kb.
#120794
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
дневник бакалавра кл практики (1)

15







04.12.21

Көктамыр ішілік егу техникасы
1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беремін.
2.Қолды гигиеналық деңгейде тазартып, тері антисептигімен өңдеп, демперде мен қолғапты киіп аламын.
3.Орауды ашып, шприцті құрастырамын.
4.Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып аламын.
5.Науқасты отырғызамын немесе кушеткаға жатқызамын.
6.Науқастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырып (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).
7.Резеңке бұрауды (венозды манжетаны) иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаймын.
8.Бұрауды былай байлаймын: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.
9.Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін) сұраймыг.
10.Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалап, қолдың ұшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрамыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).
11.Көк тамырды зерттеймін. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды тауып аламын.
12.Қолғапты тері антисептигімен тазартамын.
13.Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерімен екі рет тазартып, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына саламын.
14.Оң қолға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясын, V саусақпен – шприцтің поршенін, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаймын.
15.Шприцте ауаның жоқтығын тексеремін.
16.Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартамын, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесемін, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын «қуысқа» түскенін сезгенше көк тамырға енгіземін.
17.Поршенді өзіме қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіп аламын.
18.Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешемін, науқастан жұдырықты ашуын сұраймын.
19.Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзімді жеткіземін.
20.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, шприцтің поршенін тірелгенге дейін жібермей, жайымен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгіземін.
21.Залалсыздандырылған, спирттелген 3-ші мақта шаригін тесілген жерге басып, инені шығарамын.
22.Тесілген жерді тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастан қан толық тоқтағанға дейін шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраймын.
23.Мақта шаригін контейнерге саламын.
24.Шприцті инесімен, иненің қалпағын кигізбей қолғапты арнайы контейнерге саламын.
25.Қолды жуып, құрғатамын.
Көк тамырдан вакуумды жүйе арқылы қан алу
1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағанын анықтап аламын.
2.Лабораторияға жолдама жазамын.
3.Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесемін.
4.Гигиеналық деңгейде қолды тазартамын. Оларды тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерімен өңдеймін.
5.Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киемін.
6.Қанды алуға арналған жүйені аламын.
7.Ораудың саңылаусыздығын,қан алатын негізгі компоненттердің сақталу мерзімін тексеремін.
8.Орауды (қорапшаны) ашамын.
9.Инені алып, қорғаныш қалпағын аламын.
10.Ине ұстағышқа инені қондырып, оны тірелгенге дейін бұрап бекітемін.
11.Науқасты отырғызып немесе жатқызамын. Қолдың жоғарғы бөлігін киімнен босатып, қолын төмен қарай түсіріп шынтақ астына клеенкалы жастықшаны саламын.
12.Венозды манжетаны (бұрауды) иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне ішкі киімнің немесе салфетканың үстінен саламын.
13.Кәріжілік артериясындағы тамырды ұстаймын (тамыр соғуы сақталулы болу керек).
14.Көк тамырды зерттеймін. Ең көп толыған көк тамырды табамын.
15.Көк тамырды толтыру үшін, науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраймын.
16.Қолғапты тері антисептигімен өңдеймін.
17.Шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған 2 мақта шариктерімен тізбектілікпен сүртіп, контейнерге саламын. 3-ші мақта шаригін сол қолдың IV және V арасында ұстаймын.
18.Оң қолға жүйені аламын.
19.Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен қарай көк тамырды бекітемін.
20.Науқастың қолына байланысты ине мен ұстағышты 150 бұрышпен ұстаңыз, қанағымы бойынша инені 1-1,5 см енгіземін.
21.Сол қолға ине ұстағышты ауыстырып, ал оң қолмен түтікті ине ұстағышқа қондырамын, түтік қақпақшасы кіргенге дейін, алға қарай бұрап басып, ол қан ағуды қамтамасыз етемін.
22.Залалды түтікке қан аққан сәтте бұрауды (венозды манжетаны) шешемін. Қан шамасы түтікте белгіленген дәрежесіне жеткеніне дейін және қан ағымы тоқталғанша дейін күтемін.
23.Ұстағыштан түтікті алынған қан түрімен шығарып аламын.
24.Түтіктің ішіндегі затты 8-10 рет аударып араластырамын,бірақ та шайқамаймын,сілкімеймін!.
25.Басқа да зерттеулерге қанды алу қажет болса да,онда ұстағышқа келесі түтікті қондырамын.
26.Қанды тасымалдауға арналған контейнерге түтікті саламын.
27.Залалсыздандырылған мақта шаригін тамырды тескен жерге қойып, венадан инені және ине ұстағыштан шығарып аламын.
28.Инъекция жасаған жерге залалды мақта шаригін салуын, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 3-5 минутқа ұстауын сұраймын.
29.Түтіктерге белгілер саламын.
30.Қанды зерттеуге алатын журналға берілген мәліметті тіркеп, контейнердегі вакуумды түтіктегі қанды жолдамасымен лабораторияға апарамын.
31.Қорғаныш заттарды шешіп,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге саламын.
32.Қолымды жуып, кептіремін.
31)Көктамыр ішілік тамшылап құюдың техникасы
1.Науқасқа жайлы қалып алуға көмектесемін (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), науқасқа қуықты және ішекті босатуын ұсынамын.
2.Гигиеналық деңгейде қолымды тазартамын. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен қолымды өңдеймін, қолғапты киемін.
3.Тағайындалған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеремін, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқимын, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударып қарап аламын. Флаконды ашқан күнін белгілеймін.
4.Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны саламын.
5.Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаймын. Көк тамырды тесетін жерін қарап аламын.
6.Тамыр соғуын тексеремін. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұрап, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраймын.
7.Көк тамырды саусақпен басып, қараймын..
8.Қолғапты тері антисептигімен өңдеймін.
9.Көк тамырды тесетін жерді, алдымен үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жердітері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен тізбектілікпен тазартып, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV-V саусақ аралығына саламын.
10.Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіп, көк тамырды сол қолдың І саусағымен басамын.
11.Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгіземін. Оның еңкейту бұрышын азайтамын.
12.Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығына көк тамырға енгіземін. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысамын.
13.Ине көк тамырда екеніне көзімді жеткізіп; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді.
14.Сол қолмен бұрауды (манжетаны) босатып, науқастан жұдырығын жазуын сұраймын.
15.Ине тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткіземін.
16.Жүйенің қысқышын ашамын.
17.Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеймін (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығып тері астына ерітіндінің түспеуін. Науқастың жағдайын бағалаймын.
18.Түтіктің бір бөлігіне және инеге лейкопластырьды жапсырып, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабамын.
19.Енгізу жылдамдылығы тұрақты болуын қадағалаймын.
20. Дәрілік ерітіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және хал-жағдайын бақылаймын.
21.Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жауып, көк тамырдан инені шығарып алыңыз, тері антисептигіне суландырған 3-ші мақта шаригін 3-5 минутқа басамын. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут қан ағу тоқтағанға дейін бүкіземін.
22.Жүйеніжәне инені, қалпағын кигізбей қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге саламын.
23.Қолымды жуып, құрғатамын.
Көк тамырға катетр қою техникасы
Қойылатын жерлері:
1.Шынтақ бүгілісіндегі ішкі беткі көк тамыр 3. Білектің 4. Қолдың 5. Аяқтың беткейлік веналары 6. Бұғана асты венасы.
1.Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салып салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаймын.
2.Көк тамырды тесетін жерді сипап қараймын. Тамыр соғуын тексеремін. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраймын.
3.Көк тамырды тесетін жерді, алдымен үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жердітері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен тізбектілікпен тазартып аламын.
4.Ораудан катетерді поршенінен ұстап шығарып, қақпақшасын шешемін.
5. Ине тесігі жоғары қарап тұрған күйі, ине салатын орынға жанаспай пациент қолының терісін тартып, көктамыры тұрақты қыламын. 45С-та алдымен теріні, кейін көктамыр қабырғасын тесемін (бос кеңістікке түскендей)
6. Катетерді 15С-қа түсіріп, инені 2-3 мм кері тартып қараймын. Өткізгіш-ине мен канюлясында қан білінгені тамырда дұрыс орналасуын көрсетеді. Катетердің өткізгіш инесенінің 1/3 бөлігін паралелль бағытта тамыр бойымен жүргіземін.
7. Жгутты шешемін.
8.Катетердан жоғары көктамырды саусақпен басамын.
9. Инені өткізгіштен суырып Б класс қалдығына тастаймын, катетерді тығынмен жабамын.
10. Немесе дәрігер тағайындаған дәрілік сұйықтықты (систкмалық жүйені) катетерге бекітемін
11. Тесілген жерге мақта шаригін қойамын.
12. Катетерді қанатшаларынан залалсыздандырылған өздігінен жабысатын пластырьмен теріге жабыстырамын.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет