Клиникалық практика күнделігі Клиникалық практика атауы «Пациенттің қауіпсіздігіне клиникалық мейіргерлік күтім»



бет7/15
Дата23.10.2023
өлшемі94,82 Kb.
#120794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
дневник бакалавра кл практики (1)

20







03.12.21

Ампуладан,флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу
1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырамын.
2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқимын, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеремін.
3. Гигиеналық деңгейде қолыма тазартуды жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, қолғапты киемін.
4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырамын (стандартты қараймын).
5. Сол қолға ампуланы аламын, оны сәл сілкимін, барлық дәрілік ерітінді ампуланың кең бөлігінде болуы керек.
6. Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартамын. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге саламын.
7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесемін.
8. Мақта шаригімен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашамын, оны өзіңізден жылдам қозғалыспен сындырамын. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге саламын.
9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы аламын, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек.
10. Оң қолға құрастырылған шприцті аламын. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаймын.
11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгіземін, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаймын, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.
12. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып аламын.
13. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигіземін. Бір рет қолданылатын шприцпен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдаланамын.
14. Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарамын. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).
15. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басамын, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеремін ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарамын. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.
16. Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне саламын.
17. Қолғапты шешемін. Қолымды жуып, кептіремін.
Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу
1. Дәрігер тағайындаған дәрілік затты қолға алып, ем тағайындайтын парақпен салыстырамын
2. Дәрілік заттың атын, дозасын, көңіл қойып оқыңыз сақталу мерзімін және сыртқы көрінісін тексеремін.
3. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеймін. Қолғапты киемін.
4. Орауды ашып, шприцті құрастырамын (стандартты қара).
5. Зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашамын.
6. Тері антисептигіне суландырылған мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртемін. Оны кептіремін.
7. Оң қолға құрастырылған шприцті аламын: II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде, V саусақты – шприц поршенінде ұстаймын.
8. Шприцті 900 бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға инені 0,5-1,0 см енгізіңіз, сол қолмен флаконды ұстаймын.
9. Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріп, сол қолдың II және III саусақтары арасында ұстай отыра, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтарды шприцтің цилиндрінде ұстаймын. Оң қолмен дәрілік ерітіндіні қажет мөлшерде сорып аламын.
10. Шприцті сорып алған дәрілік ерітіндісімен флакон инесінен алып тастаймын, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітемін.
11. Шприцті сол қолға тік қалыпта көз деңгейінде инесін жоғары қаратып ұстаймын: V саусақ – шприц поршенінде, II саусақ - иненің канюлясында, I, III және IV саусақтар – цилиндрде).
12. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басамын, ІІ және ІІІ саусақтармен цилиндрдің жиегінен ұстаймын. Иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні шығарамын. Инеден қорғаныш қақпағын алмайды.
13. Дайындалған шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне саламын.
14. Қолғапты шешіп, контейнерге саламынь Қолымды жуып, кептіремін.
Тері ішілік егу жасау техникасы
1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, келісімін аламын.
2. Қолғапты тері антисептигімен өңдеймін.
3. Инъекция жасайтын жерді тері антисептигімен суландырған екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартамын: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін саламын). Тері антисептигін толық кебуін күтемін.
4. Оң қолға шприцті аламын: цилиндрдегі бөліну көріну керек, оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенінен, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрден ұстаймын.
5. Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекцияға қарама-қарсы жағына тартамын.
6. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгіземін. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басамын.
7. Шприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгіземін.
8. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).
9. Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам қозғалыспен шығарамын (тері антисептигімен суландырған мақта шаригін тері үстіне баспау қажет).
10. Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге саламын.
11. Қолғапты шешіп, контейнерге саламын
12. Қолымды жуып, кептіремін
13. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіремін.
Тері астына егу жасау техникасы. Инсулин салу техникасы
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіремін, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаймын.
2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолды тері антисептиктерімен өңдеймін, қолғапты киемін.
3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырамын (стандартты қараймын).
4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараймын).
5. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызамын.
6. Қолғапты тері антисептигімен өңдеймін.
7. Тері антисептиктермен суландырған екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартамын: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерін контейнерге саламын).
8. Сол қолдың ІV-V саусақтар арасына тері антисептигімен суландырған үшінші мақта шаригін саламын.
9. Оң қолға шприцті аламын: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенінен, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрден ұстаймын.
10. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаймын.
11. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгіземін, қолдың сұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаймын.
12. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырамын), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгіземін.
13. Тері антисептигімен суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойамын.
14. Иненің канюлясынан ұстап отырып, жылдам қимылмен шығарамын.
15. Теріден мақта шаригін алмай, инъекция жасалған жерді жеңіл уқалаймын.
16. Инеге қалпағын кигізбей шприцті, мақта шариктерін және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.
17. Қолымды жуып, құрғатамын
18. Науқастың хал-жағдайын сұраймын.
Инсулин салу техникасы
1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп және оны жүргізуге келісімін аламын.
2. Қолымды тазартып, тері антисептигімен өңдеймін. Қолғапты киемін.
3.Флаконның жазуын оқимын: атын, дозасын, сақталу мерзімін. Дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырамын. Флакон қорабындағы және этикеткасындағы инсулиннің атын және әріптік белгілерін тексеремін.
4.Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргіземін. Дәрінің қоюлығына көңіл аударып, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып оқимын. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеймін.
5.Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаймын. Ерітінді бір қалыпты лайлы болу…
Бұлшық етке егу жасау техникасы
1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысамын.
2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беремін.
3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесемін.
- бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызамын.
- санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгемін немесе отырғызамын.
- иыққа енгізгенде – жатқызамын немесе отырғызамын.
4. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатамын.
5. Инъекция жасайтын жерді анықтаймын (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).
6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеремін түйін және қатаюы болмау керек.
7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолымды тері антисептигімен өңдеймін, қолғапты киемін (стандартты қараңыз).
8. Шприцті құрастырамын (стандартты қараймын).
9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып аламын: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне саламын. (стандартты қара).
10. Қолғапты тері антисептигімен тазартамын.
11. Тері антисептигіне суландырылған екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартамын: алдымен үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Тері антисептигіне суландырған үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына саламын
12. Оң қолға шприцті аламын: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтің поршенінен ұстаймын; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қоямын (поршеннің сабы бос болуы керек).
13. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітемін
14. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгіземін (шприцті теріге тік 90 бұрышпен ұстап), тері үстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмау қажет.
15. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгіземін.
16. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қоямын.
17. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып аламын.
18. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаймын.
19. Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге саламын.
20. Қолымды жуып, кептіремін.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет