Клиникалық практика күнделігі Клиникалық практика атауы «Пациенттің қауіпсіздігіне клиникалық мейіргерлік күтім»



бет12/15
Дата23.10.2023
өлшемі94,82 Kb.
#120794
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
7







09.12.21

Рентгеноскопия зерттеу әдісіне науқасты дайындау
Науқасты асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге дайындау
Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу – бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
1.Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беремін(немесе оның жанүя мүшелеріне).
2.Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін аламын.
3.Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертемін.
4.Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаймын. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.
5.Егер де іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылуы керек.
6.Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарамын.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
1.Зерттеуді жүргізгенде сульфат барий жүзін (100-150 гр) 1 стакан суға езіп науқасқа ішкіземін.
2.Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетемін.
3.Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарамын.
Иррогоскопия зерттеу әдісіне науқасты дайындау
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатамын.
2.Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
3.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргіземін.
4. Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіп және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз етемін.
5.Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беремін.
6.Күндізгі сағ.12-де зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беремін.
7.18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етемін.
8.Кешке зерттеу қарсаңында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойып 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат аралығында.
9.Тәнертең зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойамын.
10.Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертең жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етемін, жіңішке ішектің ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.
11.Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ертіп апарамын.
Рентгенологиялық кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
12.Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызамын.
13.Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t-36-370С) енгіземіз.
14.Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шығамын.
15.Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарамын.
1.Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргіземін.
3.Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаймын. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым саламын, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.
4.Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етемін, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.
5.Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаймын.
6.Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескертемін (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).
7.Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарамын.
8.Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарамын және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраймын. Темекі шегуге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет