Қанды тоқтатудың әдістері. Қан кетуде алғашқы көмек. Бас,қол,аяқ,жамбас сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету.
Қан тамырынан ағып тұрған қанды уақытша және біржолата тоқтату әдістері бар.
Қанды уақытша тоқтату әдістері.
Уақытша қан тоқтату әдістері бір нешеу:
а) Қан ағып тұрған жерді басып, қысып тастайтын таңғыш салу арқылы аққан қанды тоқтату әдісі. Бұл әдісте қанап тұрған жерге дәкені бірнеше қабаттан салып, қысып таңып тастау керек. Осылай еткенде қанау баяулайды, тоқтайды. Жарақатқа байланатын дәке микробтардан таза, стерильді болу керек. Жарақат және жарақаттанған қан тамыры ірі болса, соңынан қанды түпкілікті тоқтату үшін қан тамыры байланып, ол жерге хирургиялық тігіс салынады.
ә) Қанап тұрған артерия қан тамырларын бармақпен басып, ағып тұрған қанды тоқтату әдісі бар. Саусақпен басып қан тоқтату әдісі сирек қолданылады. Себебі, шаршаған саусақты ауыстырған кезде қан шапши береді. Күре тамырдан аққан қанды уақытша тоқтатқанда жиі қолданылады. Басқа амал болмағандықтан осы әдісті есте сақтаған дұрыс. Бармақпен қан тамырын басу әдісі кездейсоқ жарақаттарда және операция кезінде ірі қан тамырларынан аққан қанды уақытша тоқтатудың шұғыл әрі жылдам әрекеті ретінде белгілі.
Көбіне қан тамырын сүйекке басқандықтан тамырмен бірге жүйке тамыры да қатты қысымға түсетіні хақ. Ондайда басып түрған жердің зардабы күшейіп, үдей түседі.
б) ірі қан тамырлар жарақаттанып, қан шапшып ақса, қан ағып тұрған қан тамырын қан тоқтатқыш хирургиялық қысқышпен қысып қанын тоқтатады.
в)Адам аяқтарының жараланған жерінен жоғары, бұлшық еттерді сүйекке резеңкемен қыса буса, қанап тұрған қан тамыры қысылып, аққан қан тоқтайды. Жалпы қан тоқтату үшін орамал, белбеу, резеңке, түтіктерді де қолдануға болады. Осы мақсатта 1873 жылы Эсмарх деген хирург ширатылған созылғыш резинаны ұсынған еді, қан тоқтату үшін сол құрал күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Қан ағуды біржолата тоқтату әдісі. Қанап тұрған жердің қанын біржолата тоқтату әрекеті тек қана малдәрігерінің қолында. Біржолата қан тоқтату әдістері 4 топқа бөлінеді:
а) механикалық әдістер;
ә) физикалық әдістер;
б) биологиялық әдістер;
в) химиялық әдістер.
Механикалық әдістер. Ұсақ қан тамырлары жарақаттанып, қанап тұрған шақта жарақатты таңғышпен қатты қысып байласа, қан ағу тоқтауға тиіс. Ал ірілеу қан тамырлары жарақаттанғанда оған қоса жарақаттанған жерге 5 - 10 пайызды иод ерітіндісіне батырылған мәрлі тығыны қойылып таңылады. Паренхиматозды органдардан қан ағып тұрса, жарақатты операциялық жолмен тығындайды. Дәкені ұзыншалау кесіп, соны жарақатға бірнеше қабат қылып бүктеп кіргізеді. Паренхиматозды органдардан басқа жатырдан, танау қуысынан, жамбас ішіндегі органдардан қан кеткенде де осындай әдісті қолданады. Тығын ретінде салынған дәке 48 сағаттан кейін алынуы керек. Қанның біржолата тоқтауына осы мерзім жеткілікті.
Қан кету кезіндегі алғашқы көмек:
1. Жарақат алушының басын сәл шалқайтып жатқызамын, бұл шошынуды азайтады, жүрек соғысын тыңдап, дема алуын қадағалаймын.
2. Жарақат алған жерін жүректің деңгейімен сәл биіктетіп қоямын, егер, «сынды-ау» деген ойым болса, тиіспеймін.
3. Қан тоқтаған соң, жарақат бетіндегі лас жерлерді мұқият, ауыртпай аламын.Егер лас заттар үлкендеу болса (әйнек, ағаш, т.б.), алмаймын. Бірақ жарақаттың айналасын дәкемен таңып тастаймын.
4. Дәкемен немесе таңғыш, матамен таңған соң, қанды тоқтату үшін қолыңыздың көмегімен жарақат алған жерді қысамын.
5. Қан тоқтамай жатса, жаңағы қысымды үдетіп, баумен байлаймын. Шап немесе тағы да байлауға ыңғайсыз дене мүшелерін қолыңызбен не қалың таңғыштармен қысамын.
6. Қанды тоқтатын күретамырларды қысу нүктелері:
Егер жарақат қолда болса, шынтақтан жоғары, қолтықтан сәл төмен жерді, ал аяқта болса, тізе мен шаптың ортасын басамын. Осы аталған тұстағы сүйектерге қарама-қарсы күре тамырдан қысамын. Саусақтарыңызды тік ұстап, екінші қолыңызбен барынша салмақ түсіріп, қаттырақ қысамын.
Аяқ,қол,жамбас сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету.
Сынық белгілері:
—сынған жердің катты ауруы (шұғыл, сол жердің ауруы);
— аяқ-кол функцияларыньщ бүзылуы — толық сыну кезінде анық, ал толық
емес сыну кезінде жөне шаншылған немесе аяқ-қол сүйегінің бірі сынуы
кезінде онша білінбейді;
—аяк-кол сүйектерінщ кыскаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде);
— аяқ-қол сүйектері формасының езгеруі (деформация-майысу);
— зақымданған жердегі қалыпсыз козғалыстың болуы (силалап көру кезінде);
— кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың қажалуы —
қолмен сезуге немесе естуге болады);
— кейде дене қызуыньщ көтерілуі (алғапгқы күндері —38°С-қа дейін);
— бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен
омыртқа кемігі, өкпе, қуық, тік ішек жөне басқаларының закымдану
белгілері айқындалады.Сынық түрлері мен олардың асқынулары
Алғашқы көмек көрсету
Дененің зақымдалған бөлігін (аяқ-қолы) толық тынышталдыру қажет
және сынған жердегі сүйектің сынған бөліктерінің қимылдауын болдырмау
қажет. Бұл үшін дененің зақымдалған бөлігін иммобилизациялау қажет, яғни,
оны қимылсыз күйге келтіру қажет, мұны ұстап тұратын таңғыш таңу немесе,
ең дұрысы, тасымалдау шендеуішін таңу арқылы жүзеге асырамын.
Тасымалдау иммобилизациясы үшін дайын стандартты шендеуіштерді қолдану
қажет, олар болмаған жағдайда, шендеуіштер қолда бар, оқиға орын алған
жерден табылған заттардан жасалады – таяқ, тақта, ағаш бұтағы, картон, ағаш
қабығы, сабан бумасы, күрек және т.с.с. Барлық шендеуіштер жеткілікті
дәрежеде ұзын және мықты болуы қажет.Шендеуіштерді дененің жалаңаш
бөлігіне таңған жөн, алайда, алғашқы жәрдем көрсеткен кезде, тасымалдау
шендеуішін киімнің үстінен таңамын
Қолдың иық сүйектерінің сынуы
Зақымдану шынтағымен, иығымен құлағанда орын алады.
Зардап шеккен адамның иығы шыдатпай ауырады. Шынтағынан
денеге қарай бүгілген қолды cay қолымен ұстап тұрамын. Иықтың
көлемі өзгеріп, қатты ауырады, ақырын сипап көргенде және
қозғалтқанда сынған сүйектің дыбысы естіледі.
Алғашқы көмек. Қолын орамалға асып қоямын, қатты ауырса, денесіне
таңып тастаймын.Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін
немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егемін.
Иықтың ортаңғы бөлігінің сынуы тік құламаған жағдайда
(шынтақпен құлау, иықтың кенеттен бұралып кетуі), сондай – ақ
тікелей жарақат алғаңда (иығынан ұрғанда) орын алады. Сынықка
тән сипаттар: иықтың қысқаруы мен деформациялануы, сынған
жердің қалыпсыз қозғалуы, сүйек сынықтарының қытырлауы.
Жамбастың сынуы
Қарт адамдардың жамбас мойынының сынуы болмашы жарақаттан
(бойынан үлкен биіктіктен құлаған кезде) болуы мүмкін;жастарда
автокөлік басып кеткенде, биіктіктен құлаған кезде орын алады.Осылар
жамбас сүйегінің сынуына себеп болады. Зардап шеккен адамның ұршық
буыны қатты ауырады, аяғы сыртқа қайрылған, ісік жылдам пайда
болады. Жамбасы қысқаруы мүмкін, қимылы бұзылып, сынған сүйектің
сықырлауы мүмкін.
Жедел көмек
Ауруды басатын дәрі егемін.Дитерихс таңғыш қалағын немесе ол
болмаған жағдайда екі таңғыш қалақ таңамын: ұзынын – қолтықтың
астынан сыртқы тобыққа дейін, ал кішісін – шатынан бастап ішкі
тобыққа дейін таңамын. Аяқ ұшы 90% жағдайында орналасуы керек.
1.Жүрек-өкпелік реанимациясын жасау
1.Науқасты қатты жерге жатқызып, тар киімінен босатамын.
2.Науқастың сол жағына тұрамын.
3.Науқастың басын бір жағына бұрамын.
4.Дәке салфеткасы немесе қол орамалмен оралған сау- сақпен ауыз қуысын кілегейден, құсық массасынан, қакырық- тан тазартамын.
5.Осы мақсатпен кәдімгі резеңке грушаның үшкір үшін ке- сіп тастап немесе электросорғышпен қолдануға болады.
6.Науқастың алынатын тіс протездері бар болса алу керек.
7.Ауыз қуысында бөтен зат болса, оны 2-3 саусақтармен қысқыш
ретінде ұстап алып, шығару керек.
8.Сол қолымды мойын астына, ал оң қолымды науқастың маңдайы- на қойып, емделуші басын шалқайтамын.
9.Жауырын астына валик қоямын. Осындай қалыпта емделушінің тілі жоғары көтеріліп, жұтқыншақтың артқы қабырға- сынан ажырайды. Осы әдіспен ауа жолындағы кедергілер жойылып, тыныс алу жолдарының саңылауы кеңейеді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Тыныс алу жолдарының өтімділігін қамтамасыз етемін.
2.Науқастың маңдайында тұрған қолдың 1-2-ші саусақтарымен
науқастын мұрнын қысып, өкпені "ауызбен-ауызға" әдісімен
жасанды түрде тыныс алдырамын.
2.Терең дем алдырамын, кейіннен дәкеден жасалған салфеткамен жабылған емделуші аузына өз аузыңызды тығыз түрде басып, оның тыныс алу жолдарына терең, күшті түрде дем шығарамын. Кеуде торы жақсылап керілетіндей етіп ауаны жеткілікті көлемде үрлеуге тырысамын.
3.Емделуші басы шалқайған күйінде сүйеп отырып шегінемін, ырықсыз дем шығарудың жүзеге асырылуына мүмкіншілік беремін. Кеуде торы орнына түсіп, бастапқы қалпына келген кезде, циклды қайталаймын.
Өлікті ретке келтіру
1.Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды: (тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлық науқастың медициналық картасына жазамын, оның өлген күні мен уақытын көрсетемін.
2.Қолды тазартамын, қолғапты киемін.
3.Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен қаталкаға жатқызамын, қолы тұлға бойында болуы керек.
4.Төменгі жақты бинтпен байлап, қабақтарын түсіремін.
5.Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешемін, олардың тізімін құрастырамын және аға мейірбикеге немесе туыстарына қолхатпен сақтауға беремін.
6.Егерде бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық науқастың медициналық картасына тіркеймін.
7.Өлікті ақ жаймамен жабамын, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте, палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырамын.
8.Биологиялық өлім белгілерін анықтаймын: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, «мысық көз» симптомы, 200 С төмен дене температурасы төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып (бұлшық ет) қалады.
9.Өліктің санына және биркіге сиямен стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірін жазамын.
10.Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірі, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты көрсетілгентолтырылған құжатпенөлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарамын.
11. Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, егерде туыстары болмаса милиция бөлімшесіне хабарлаймын.
12.Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі.
13.Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, кереует жанындағы тумбочканы сүртеді, судноны дезинфектант ерітіндісіне салады.
14.Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргіземін.