Дымқыл оттегін жастықша арқылы беру. Оттегін мұрын катетрі арқылы беру.
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіремін.
2.Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырамын.
Ол үшін:
-оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырамын;
-жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашамын.
-оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырамын. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабамын. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөлемін.
3.Қолды гигиеналық деңгейде тазартамын.
4.Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырамын.
5.Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораймын.
6.Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашамын (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаймын.
7.Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіремін.
8.Оттегін беру жылдамдылығын реттеймін (1 минутта 4-5 л).
9.Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басамын.
10.Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөлемін.
11.Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.
12.Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіп аламын.
13.Қолды жуып, кептіремін.
Оттегін мұрын катетрі арқылы беру
Бұл мақсат үшін № 10 катетрлер немесе тиісті үзындығь- мен диаметрдегі пластмасса түтікшелер қолданады, олар V- тәрізді ұштыктың екі шетіне кигізіледі, ал үшіншісі кез келген оттеп кезінде (оттегі жастығына, оттегін берудің орталықтанған жүйесінің шүмегіне ) қосылады. Алдын ала катетрлерді қайнатады, вазелин майымен майлайды да, төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтын артқы қабырғасына дейін құсу рефлексін болдырмайтындай етіп кіргізеді. Отгегін ылғалдағыш арқылы (Бобров аппараты ) 2-3 л/мин жылдамдықпен береді.
Беру жылдамдығын оггегі көпіргішінің ылғалдағыш арқылы өту тездігі бойынша бақылауға болады. Отгегін маска арқылы беру. Маскалар металдан және пластмассадан жасалған болады. Олардың капсулалары бетке маска салғанда ауыз бен мұрынды жауып тұратындай етіп иілген. Масканын дем алатын және дем шығаратын клапандары бар. Дем алатын клапаннын тубусы жұқа резенкеден жасалған қапқа қосылған, ол оттегінің берілуін реттейді. Дем шығару кезінде оттегі капқа жиналады да, дем алу кезінде белсенді түрде өкпеге сорылады. Дем алу кабы клапанмен қамтамасыз етілген, ол егер каптағы отгегінің мөлшері сыркаттың дем алғанда жұтатын оттегі мөлшерінен аз болған жағдайда еркін дем алуды қамтамасыз етеді
Қалталы ингаляторды қолдану. Жеке түкіргішті қолдану.
1.Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйретемін.
3.Науқасқа жоғары Фаулер қалпын беріп немесе науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, емшараны тұрып орындағаны жақсы, өйткені өкпенің дем алыс экскурсиясы әсерлі.
Қолды жуып кептіремін.
4.Науқасқа және өзіме бос ингаляторды аламын.
5.Дәрісіз ингаляторды қолдана отырып, науқасқа емшараның орындалуын тізбектілікпен көрсетемін.
6.Ингалятордың мундштугінен қорғаныш қалпағын аламын.
7.Ингаляторды аэрозольмен түбін жоғары қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеймін..
8.Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраймын.
9.Ингаляторды аэрозольмен қолға алып, ауызға жақындатып, ингалятордың мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраймын.
10.Науқастан терең дем алуын сұрап, бір мезетте ингалятордың түбін басып – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрде түседі.
11.Науқасқа аэрозольді ішке тартуын, 10-12 секундтай демін ұстауын сұраймын. Ауызынан ингалятордың мундштугін шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.
12.Ингалятордың мундштугіне қорғаныш қалпағын кигіземін.
13.Науқасқа өздігінен емшараны орындауын ұсынамын, ең алдымен бос ингалятормен, сосын дәрісі бар ингалятормен
14.Науқасты дәрісі бар ингалятормен емшараның орындауын өзіміздің барымызда бақылаймын.
Жеке түкіргішті қолдану
1.Науқаспен жеке түкіргішті қолдану ережесі туралы әңгіме жүргіземін.
2.Қақырықты жинауға арналған таза, құрғақ жеке түкіргішті науқасқа беремін.
3.Түкіргіштің ¼ бөлігін дезинфектантпен толтырамын (қақырықты зарарсыздандыру үшін).
4.Қақырықты түкіргіштің ¾ көлемі белгісіне дейін толтыру қажеттілігін түсіндіріп, науқасқа түкіргішті беремін.
5.Түкіргіш толған соң түкіргіштегі қақырықтың үстінен зарарсыздандыру ерітіндісін 4 сағатқа құйып зарарсыздандырамын.
6.Түкіргіштегі қақырықты зарарсыздандыру ерітіндісімен канализацияға төгемін.
7.Түкіргішті ағынды судың астында жуып, оны белгілі бір уақытқа медицина мекемелерінде қолданылатын дезинфектантқа саламын.
8.Түкіргішті ағынды судың астында жуып, құрғатып және оны таза түкіргішті сақтауға арналған шкафқа қоямын.