Клиникалық практика күнделігі Клиникалық практика атауы «Пациенттің қауіпсіздігіне клиникалық мейіргерлік күтім»



бет10/15
Дата23.10.2023
өлшемі94,82 Kb.
#120794
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
7







07.12.21

Асқазанды жуу, жел шығару түтікшесін қою техникасы
1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын аламын.
2.Науқасқа және өзіме клеенкалы алжапқышты байлаймын.
3.Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызамын.
4.Алмалы-салмалы тіс протезін аламын (егер де олар болса).
5.Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаймын.
6.Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қоямын.
7.Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрамын.
Қолды тазартып, қолғапты киемін.
8.Қолға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеймін: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосамын.
9.Шыны түтік арқылы сүңгілерді жалғастырамын
10.Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіремін.
11.Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаймын.
12.Науқастан аузын ашуды сұраймын. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолмен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне саламын.
13.Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгіземін.
14.Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіремін, асқазандағы зат ағу керек.
15.Құйғыға 1 л суды құйамын, оны құйғының шетіне дейін толтырамын.
16.Құйғыны ақырын көтеремін, су тек қана құғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіремін.
17.Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйамын.
18.Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаймын.
19.Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығарамын.
20.Клеенкалы алжапқышты шешемін.
21.Сүңгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа саламын.
22.Науқастың аузын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртемін.
23.Қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғатамын. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.
24.Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесемін.
25.Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етемін.
26.Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық лабораторияға зерттеуге жіберемін.
27.Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргіземін.
Жел шығаратын түтікті қою техникасы
1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіремін.
2.Науқасты кермемен қоршаймын (егер де емшара палатада орындалса).
3.Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қоямын (судно ішіне аз мөлшерде су құйамын. Науқастың бөксе астына клеенканы салып,оның үстінен жаялықты төсеймін.
4.Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызамын, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.
5.Қолды тазартып, қолғапты киемін.
6.Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағып аламын.
7.Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және Vсаусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаймын.
8.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анустесігіне енгізіп оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгіземін.
9.Науқасты шалқасына бұрып немесе сол жағдайда қалдырамын.
10.Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа саламын.
11.Жел шыкқанда (су көпіршіктің шығуы бойынша)көзімді жеткіземін,суы бар судноны немесе лотокты аламын, ал жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораймын.
12.Науқастың хал-жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаймын.
13.Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырамын.
14.Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына саламын.
15.Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісіне саламын.
16.Қолғапты шешемін. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.
17.Қолды жуып, құрғатамын.
Тазарту клизмасын қою техникасы
1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін аламын.
2.Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаймын (егер де емшара палатада орындалса).
3.Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты кигіземін.
4.Қолды тазартып қолғапты киемін.
5.Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабамын.
6.Науқастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке крушканы іліңіз, оған ұштықты кигізіп, оның ұшына вазелин майын жағамын.
7.Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарамын, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабамын.
8.Кушетка жанына еденге шылапшынды қойамын.
9.Кушетка үстіне клеенканышылапшынға қарай салбыратып төсеймін, оның үстінен жаялықты төсеймін.
10.Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіреміз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.
11.Сол қолдың Іжәне II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оңқолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10см тереңдікке енгіземін.
12.Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраймын (егер де су ішекке түспесе, онда крушканыжоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңін), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырамын.
13.Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тартүбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып аламын.
14.Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраймын.
15.Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын (судноны)береміз немесе унитазға дейін апарамын.
16.Анус тесігінің айналасын тазартамын.
17.Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісіне саламын.
18.Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешемін.
Қолды жуып, кептіремін. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге саламын.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет