Дәрілік заттардың сақталуына қойылатын талаптар
Мейірбике бөлмесінде дәрі дәрмектерді сақтауға арналған кілтпен жабылатын шкафтар болуы керек.
Дәрілік заттар шкафы ішіндегі сөрелерде дәрілер топтарға бөлініп орналасады (стерильды, ішке, сыртқа). Әр сөреде тиісті нұсқаулар («сыртқы қолдануға арналған», «ішкі қолдануға арналған» және т.б.) болуы керек.
Парентеральды және энтералды енгізулерге арналған дәрілік заттарды сөрелерге тағайындау бойынша (антибиотиктер, витаминдер, гипотензивті дәрілер т.б.) орналастырған жөн.
Артына үлкенірек, ал алдына кішірек ыдыс пен қорапшадағы дәрілерді қойған жөн. Бұл кез-келген этикетканы оқып және қажетті дәріні тез алуға мүмкіншілік береді.
Емделуші күтіміне арналған және дезинфекциялаушы заттарды дәрі дәрмектермен бірге сақтауға қатаң тыйым салынады.
«А» тізіміне кіретін дәрілік заттар сейфте сақталады.
Күннің әсерінен ыдырайтын дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде (оларды әдейі қоңыр флаконда шығарады) сақтайды.
Иісі аңқыған дәрілерді (иодофарм, лизол және басқалар) басқа дәрілерге иісі тарамау үшін бөлек сақтайды.
Тез бұзылатын препараттарды (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар) және майлар, вакциналар, сарысу, ректалдық, балауыздарды және т.б. тоңазытқышта сақтайды.
Спиртті сығындылар, тұнбалар, тығыз тығындалған флакондарда сақталады, өйткені спирттің булануына байланысты уақыт өткен сайын олар қоюланып дозасының ұлғаюын туғызуы мүмкін.
Дәріханада даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы стерильді ерітінділердің сақтау мерзімі 10 тәулік, ал қағазбен оралғандар 3 тәулік бойы сақталады. Тұнбалар, қайнатпалар мен микстураларды сақтау мерзімі 3 тәуліктен аспауы керек. Сол уақыт ішінде пайдаланбаса да, жарамсыздық белгілері болмаса да оларды төгіп тастау керек.
Жарамсыздық белгілеріне жатады:
Залалсыз ерітінділерде түсінің, мөлдірлігінің өзгеруі, үлпектердің болуы;
Тұнбалар, қайнатпаларда лайлану, түсінің өзгеруі, жағымсыз иістің пайда болуы;
Ұнтақтар, таблеткалардың түсінің өзгеруі.
Мейірбикенің құқығы жоқ:
Дәрілердің формасы мен қорапшаларын өзгертуге;
Түрлі қорапшалардағы бірдей дәрілерді бір қорапшаға біріктіруге;
Дәрілердің этикеткасын ауыстыруға және жөндеуге;
Дәрілерді этикеткасыз сақтауға.
Науқастарға дәрілерді тарату
Мейірбике дәрілерді дәрігердің тағайындауымен таратады. Дәрілерді тағайындауға, тоқтатуға немесе басқасымен ауыстыруға мейірбикенің құқығы жоқ. Тек қана кейбір жағдайларда, мысалы - шұғыл көмек қажет болғанда немесе дәріге жоғары сезімталдық байқалғанда өздігінен дәрі беруге немесе дәріні тоқтатуға болады. Бұл жағдай жылдам дәрігерге хабарланады.
Көп жағдайда науқастар өздеріне белгіленген дәрілерді қабылдаудан бас тартады, дәрі ешбір жақсы өзгеріс әкелмейді деп дәрілерді лақтырады. Осы кезде мейірбике сабырлық сақтап, емделу барысында дәрі-дәрмектерді белгілеген уақытта арнайы тәртіппен қабылдау қажеттігін, қатаң сақтау керектігін байыппен түсіндіру керек. Мейірбике дәрілерді тарату кезінде науқастардың дәріні қабылдағандығын мұқият қадағалауы керек. Науқастар тарапынан оларға белгіленген дәрілік препараттар жөнінен көптеген сұрақтар туындайды, бұл жағдайда мейірбике өз деңгейінде толық жауап беруге (дәрінің көмегі, ерекшелігі) тиіс. Кейбір жағдайда науқастар дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді ұят деп ойлайды, сондықтан олар келіспейді. Мейірбике науқасқа бұл емнің дәрігердің тағайындауымен жүргізілетіндігін түсіндіре отырып, емді жеке бөлмеде, ешқандай ыңғайсыздық туғызбайтын жағдайда өткізу керек.
Науқастарға дәрілік заттарды тарату
1.Емделушілерге дәрілерді тарату алдында жылжымалы үстел үстіне дәрілері бар ыдыстарды (қатты және сұйық), пипеткалар (әрбір флаконға бөлек), мензуркалар, су құйылған графин, қайшылар, белгілеу қағаздарын қойамын.
2.Дәрігердің нұсқауына сәйкес дәріні емделушілердің төсектері алдына
таратамын:
3.Емделушіге дәріні бере отырып, дәрінің ерекшеліктері туралы
ескертемін: ащы дәм, жаман иіс, қабылдаған соң зәр иісі, нәжіс түсінің
өзгеруі.
4.Емделуші Сіздің көзіңізше дәріні қабылдауы керек
Дәрілерді осы тәртіппен тарату өте ұтымды болады, себебі:
-Медбике емделушінің дәріні қабылдауын бақылайды;
-Медбике белгіленген дәрі туралы емделуші сұрақтарына жауап бере
алады;
-Дәрілерді таратқанда қателіктер жіберілмейді.
Дәрілерді таратқан кезде есте сақтау керек:
-Дәрілерді тарату кезінде көбінесе дәрілерді тамақтанудан 15-30 минут бұрын береді, себебі дәрілер тамақпен араласып сорылуын баяулатады.
-Ас қорыту жолдарының кілегей қабатын тітіркендіретін (темір препараттары, ацетилсалицил қышқылы, кальций хлориді ерітіндісі және т.б. дәрілерді) ас ішіп болған соң 15-30 минуттан кейін қабылдайды.
-Ас қорыту процесін жақсартатын ферментті препараттарды (фестал, панзинорм, асқазан сөлі және т.б.) емделушіге аспен бірге береді.
-«Ашқарынға» белгіленген дәрілер емделушілерге таңғы астан 20-60 минут бұрын беріледі.
-Ұйықтатын дәрілер ұйқыдан 30 минут бұрын қабылданады.
-Нитроглицерин, валидол (қажет болса) емделушінің тумбочкасында үнемі болады.
-Тұнбалар, қайнатпалар, ерітінділер, микстуралар әдетте ас қасықпен (15 мл) белгіленеді. Ал ауруханада мөлшерленген мензурка қолданған ыңғайлы.
-Спирттік тұнбалар, сығындылар мен кейбір ерітінділер (мысалы, 0,1% атропин ерітіндісі, сасық шөп тұнбасы) тамшы ретінде белгіленеді. Дәрі толтырылған флаконның тамызғышы болмаса, пипетканы қолданады. Әрбір дәріге арналған бөлек тамызғыш болуы керек.
-Көптеген емдеу бөлімшелерінде медбикелер уақытты үнемдеу мақсатында ұяшықтарға бөлінген астаушаға дәрілерді алдын ала салып қояды. Әр ұяшықта емделушінің аты-жөні, палата нөмірі көрсетілген. Медбике осы астаушамен дәрілерді емделушілерге палаталар бойынша таратады.
Дәрілік заттарды (энтеральды) ауыз,тіл асты енгізу
Пероральды (ауыз арқылы) енгізу жолдары
Дәріні ауыз арқылы қабылдау кең тараған. Дәріні ауыз арқылы қабылдағанда, ол ащы ішекте сіңіріліп, қан тамырлары арқылы бауырға түседі де, жалпы қан айналымына қосылады. Ауыз арқылы енгізудің жағымды жақтары:
Бұл жолмен әртүрлі формадағы дәрілерді қабылдауға болады (ұнтақ, пилюля, таблетка, микстура, қайнатпа, экстракттар түрінде);
-қарапайым және ыңғайлы;
-залалсыздандыруды талап етпейді;
-арнайы дайындалған көмекшілерді талап етпейді.
Пероральды қабылдаудың кемшіліктері:
-дәрілік заттардың бір бөлігі бауырда белсенділігін жоғалтады;
-дәрінің әсері ағза иесінің жасына, жағдайына жеке сезімталдығына байланысты;
-ас қорыту жолында дәрінің баяу әрі толық сіңірілмеуі (бұған ас қорыту ферменттері әсер етіп, дәрі 10-15 минуттан кейін ыдырай бастайды).
-науқастың ессіз жағдайында немесе жүрегі айну кезінде дәріні қабылдай алмауы;
-бұл тәсіл шұғыл жағдайда дәрінің әсері жылдам керек кезінде тиімсіз;
-асқазан мен ішектің кілегей қабығына кері әсер беруі мүмкін
Сублингвалдық (тілдің астына) енгізу
Сублингвалдық енгізу деп дәрілік затты тіл асты қабылдауды айтады. Дәріні бұлай қабылдағанда тіл асты кілегей қабаты арқылы тез сорылып қанға араласады, бауырға бармайды және ас қорыту ферменттері әсерінен жойылмайды. Бірақ бұл жолды сирек қолданады, өйткені тіл асты маңының сіңімділік көлемі аз, сондықтан бұл жолмен өте белсенді дәрілерді аз мөлшерде (мысалы: 0,0005 г көлемде нитроглицерин , 0,06 валидол) қабылдауға болады
Кезекшілікті қабылдау және тапсыру құжаттарымен жұмыс
Кезекшілікті тапсыру таңертең (8.00 - 8.30) және күндіз (15.00 - 16.00) жүргізіледі. Кезекшілікті тапсыру кезінде 2 мейірбике (тапсырушы мен қабылдаушы) палаталарды қарап шығады, оның санитарлық жағдайын қарайды, ауыр науқасты емделушілерді байқайды.
Кезекшілікті тапсыратын мейірбике қабылдаушы мейірбикеге:
1) ауру тарихынан жазылып алынған манипуляция мен егуге белгіленген "белгілеу журналын";
2) мейірбикелік орындағы дәрілік аспаптар мен мүліктер (шприцтер, термометрлер);
3) "А" тізімдегі дәрілер шкафының кілті және "Б" "улы және қатты әсер ететін дәрілер есебінің журналына" екі мейірбике қол қояды;
4) "қабылдау және тапсыру журналында" бөлімдегі емделушілердің жалпы саны, ауыр және қызбасы ұстаған науқастар саны жазылады. Журналдағы жазу анық болуы керек.