Клиникалық практика күнделігі Клиникалық практика атауы «Пациенттің қауіпсіздігіне клиникалық мейіргерлік күтім»



бет4/15
Дата23.10.2023
өлшемі94,82 Kb.
#120794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
7







29.11.21

Қолтықтан дене қызуын өлшеу
1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіремін, оның келісімін аламын.
2. Гигиеналық деңгейде қолымды тазартамын.
3. Науқасты отырғызамын немесе жатқызамын.
4. Термометрді қолыма аламын. Оның бүтіндігін тексеремін. Сынап бағанасы 350 С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкимін және қараймын.
5. Қолтық асты ойысын қараймын: егер де қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).
6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртемін (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).
7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына саламын, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраймын).
8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойамын.
9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарылауы бойынша анықтаймын. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаймын.
10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазамын(қара түспен).
11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткіземін.
12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа саламын.
13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттын иісі кеткенше жуамын, салфеткамен құрғатып сүртемін, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаймын.
14. Қолымды жуып, кептіремін.
Кәріжілік артериясындағы тамыр соғуды есептеу
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіремін, оның келісімін аламын, тамыр соғуын анықтайтын жерді табамын.
2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беремін.
3. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартамын.
4. Бір мезгілде өз қолымыздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) ұстаймын, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырамын. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.
5. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаймын. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаймын, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сеземін.
6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырамын. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаймын. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егер де тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).
7. Тамыр соғу реттілігін анықтаймын.
8. Тамыр соғу жиілігін анықтаймын.
9. Тамыр соғу толысуын бағалаймын.
10. Тамыр соғу кернеу күшін анықтаймын.
11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық эдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазамын.
12. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаймын.
13. Қолымды жуып, кептіремін.
Иық артериясынан артериалды қысымды өлшеу
1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіремін, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаймын, қандай нәтижелер болғанын науқас біле ме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.
2. Науқасқа ыңғайлы қалып беремін, отыру немесе жату салмақты босаңсыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары), аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.
3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырамын; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітемін.
4. Манометрді манжетамен бекітемін, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертемін.
5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаймын, фонендоскопты осы жерге қондырамын (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).
6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырамын. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.
7. Вентильді ашамын және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беремін. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараймын, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаймын.
8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеймін (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систолалық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастолалық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарамын.
9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешемін.
10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазамын (алымы – систолалық қысым, бөлімі –диастолалық қысым).
11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырамын.
12. Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырамын.
13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаймын.
Тыныс алу анықтау
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіремін.
2. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргіземін.
3. Науқасқа ыңғайлы қалып беремін (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көру қажет.
4. Кәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға бір қолмен науқастың қолын аламын.
5. Екінші қолыңызбен науқастың қолын кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойамын.
6. Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеймін.
7. Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаймын.
8. Науқасқа дем алу қозғалысының жиілігін есептегеніңізді түсіндіремін, нәтижесін айтамын.
9. Қолымды жуып, кептіремін.
10. Қызу парағына мәліметті тіркеймін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет