Алды, аст, үст, арт сияқты сөздердің т элементінсіз сирек қолданылатындлығын да түсіндіруге юолады. Біріншіден, түркі тілдерінде септік жалғауы өз мағынасын, синтаксистік қызметін өзгертіп, түбір сөзбен бірге, бір мағынада қолданылатын кездері де бар екендігін көрсетуге болады. Мысалы, кейбір үстеулер зат есімдердің септік жалғаулы формасының тұрақталуы арқылы жасалатындығы анық. Мысалы, зорға, босқа, бекерге, басынан, әуелден, ежелден, қапыда т.б. (304,330). Екіншіден, бұл тек септік жалғауларында ғана емес, тәуелдік жалғаулы сөздердің ішінде де кездеседі. Мысалы, бірісі, шунісі, тігісі (303,71). Алд, арт, аст, уст,арт дегендер т элементін қосқанда ғана кеңістік мағына білдірген болуы керек. Көне түркі тілінде алын «маңдай» мағынасында қолданылуы пікірімізге дәлел. Уақыт өтуімен байланысты ол мағына түбір сөздің мағынасына сіңіп, түбір морфема арқылы да берілетін дәәрежеге жеткен. Алға, алдан дегендердегі мағына маңдай мағынасынан туындағандығы анық.
Қарсы сөзі. Бүл сөз көпшілік түркі тілдерінде қолданылады. Мысалы, қазақ, қарақалпақ, ноғай – қарсы, башқұрт – қаршы, азербайжан, түркмен – гаршы, түрік – қарсі, өзбек – қарши т.б. Қарсы сөзі көмекші сөз ретінде Орхон – Енисей жазу ескерткіштерінде қолданылмайды. ДТС –ның көрсетуінше, қарсы сөз XI ғасырда жазылған ескерткіштерде қолданыла бастаған. Біздің топшалауымызша, қарсы сөзінің түбірі - қар. Бірақ қар сөзі ешқандай қосымша қабылдамай атау атау тұлғасында қарама – қарсы жақ мағынасында қолданылмайды. Ал қарсы сөзі көне түркі жазба ескерткіштерінің қол мағынасында қолданылған. Мысалы, бір қаріш – бір қарыс (МК,1,350). Қазіргі түркі тілдерінде қар сөзі де қолданылады. Мысалы, қанына тартпағанның қары сынсын. Қазақ тілінде қар қол сүйегі мағынасында қолданылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қар сөзіне үш түрлі мағына берген: 1)қолдың білек пен иек арасы; 2) қол; 3) 30-40 см-дай өлшем. Қар сөзінің қол сүйегі мағынасы қарақалпақ (қор- предплечье), ноғай (қары - локоть), қырғыз (қары – верхняя чать руки) т.б. қолданылады. С.Е.Малов қараг (корог) сөзін «ручка, сила, локоть, мощь» деп аударған (156,97). Қазіргі жанды түркі тілдерінде қар сөзінен өрбіген бірнеше сөздер бар. Біздің пікірімізше, қар сөзінің қол, қол сүйегі мағынасы оның көне мағынасы болуы керек. Бірақ ол көне түркі жазба ескерткіштері тілінде көп байқалына бермейді. С.Е.Малов қару сөзін ұйғыр руникалық жазба ескерткіштері тілінде қолданылатындығын, оның «локоть» мағынасын білдіретіндігін көрсеткен (155,412). Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде қару құрал – жарақ мағынасында бірнеше түркі тілдерінде қолданылады. Біздіңше бұл сөздің де түбірі қар –қол, күш мағынасын білдіреді. Ал, -ы, -у көне түркі тілдеріндегі есім сөздерден зат есім тудыратын жұрнақ (161,458). Қару сөзінің С.Е.Малов көрсеткен мағынасы қазіргі қырғыз тілінде сақталынған сияқты. К.К.Юдахин қырғыз тіліндегі қаруу сөзі туралы айта келіп: «Каруу то же, что кары» «жендерин каруудап туруп коюшкан» «они засучили рукава выше локтя», - деп түсініктеме берген (117,354). Жалпы қар, ғар тек түркі тілдерінде ғана емес моңғол тілдерінде де қолданылады. Мысалы, гар 1) ручка, руки; гар барих «брать, держать за руку» (170,112). В.Д.Колесникова алтай тіл бірлестігіне енетін тілдердің материалы негізінде салыстыра отырып көне моңғол тілінде уаг, моңғол, бурят, қалмық тілдерінде гар сөзі қол мағынасын білдіретіндігін көрсетеді (120,95).
Қарсы сөзінің екінші компоненті –сы туралы да пікір айтылған. Сы тәуелдік жалғауының қосымшасы. Бірақ бұл пікірді сәл дәлелдеу керек сияқты. Бұлай деуімізге себеп, көне түркі тілдеріне қатысы бар жазба ескерткіштерінде қарш (ы-сыз) сөзі де қолданылған. Мысалы, ат –тухфада қарш «противоположный, напротив» мағынасын берген (95,179). Екіншіден, ғалымдар арасында қарсы сөзінің этимологиясына талдау жасағанда, сы тәуелдік жалғауы делінбестен басқа қосымша делінеді. Мысалы, Э.В.Севортян әзірбайжан тіліндегі гаршу сөзінің құрамындағы у есім сөз тудырушы жұрнақ деп есептейді (217,253). А.М.Щербак болса қарсы сөзіне мүлде басқаша этимологиялық талдау жасаған. «Возможны две путей для оъяснения кара «смотреть» и қараш (форма взаимного залога), затем ұарашу (форма деепричатстия настоящего времени) и далее к каршу, че рез ослабление и редукцию гласного в безударной позиции (карашу≥карішу>каршу)» (300,188). А.М.Щербактың соңғы пікіріне Б.А.Серебрянников та қосылады: Поселог Қаршы возводят в деепричастию глагола караш(смотреть вместе), которое звучало как қаршы (229,248). Түркі тілдеріне қатысы бар жазба ескерткіштерінде бұл сөздің қаршы, қаршу формасы да қолданылған. Мысалы, һурма учун чаршу калділер «из за уважения они вышли навстречу» (Тефеир). Э. Фазылов XIV ғасыр жазба ескерткіштері тілінен қаршу сөздерінің қатар қолданылғандығын сөздігінде көрсеткен (267,684). ДТС-ның авторлары қаршы, қаршу сөздерінің екеуін де берген, бірақ мағыналарында айырмашылық бар деп есептеген. Қаршы сөзіне бірінші мағына ретінде «вражда», екінші – «противоположность», үшінші – «противник», төртінші – «опастность», бесінші – «враждебность», алтыншы – «противоположный» сияқты мағыналарда қолданылады деп көрсетсе, қаршу сөзіне «противоположность» және «против, навстречу» деген кері мағына білдіреді деп көрсетеді (80,429). Көне түркі сөздігіндегі шы сөз тудырушы жұрнақ десек те болады. Ал қаршу (противоположность, навстречу) сөзінің мағынасында ондай сөз тудырушы жұрнақтың қасиеті байқалынбайды. Қазірше қолымызда бар материалдардың бірде –біреуінде –шу, -су кеңістік мағына білдіретін туынды түбір сөз жасағандығын көрсететін мысал таба алмадық. Ал –шы, -ші қосымшасының киімдік зат есім жасайтын сөз тудырушы қосымша екендігі анық. Көмекші есім қызметінде қолданылатын қарсы (қаршу) сөзінің құрамындағы сы(шу) тәуелдік жалғауының қосымшасы екендігін дәлелдейтін нақтылы мысалымыз жоқ. Тек жорамал жасауымызға болады. Егер А.М.Щербактың пікіріне сүйеніп, қаршы, (қаршу), қарсы сөзін туынды түбір зат есімдейтін болсақ, оның кеңістік мағынасының пайда болу жолын анықтауымыз керек болады. Біздіңше семантикалық заңдылық бойынша орын, кеңістік мағынасынан сол кеңістікте орналасқан зат (шеңдестік заңдылығы бойынша) мағынасына өтуі мүмкін. Ал адамның дене мүше атауының көп мағынасының бірі ретінде кеңістік мағынадан қарсы шығу (алдынан шығу) қарсыласу, қарсы мағынасының өрбуі мүмкін. Ал қарыстыру (араластыру), қарау сөзіндегі қар түбірін қарсы сөзімен байланыстырудың семантикалық жақтан қисыны жоқ.
Қарсы сөзінің қар түбірі жеке қолданылмайтын қазіргі түркі тілдерінде қарсы (сы элементімен бірге) формасы ғана қолданылады. Осы формада тәуелденеді, септеледі, көптеледі, қажет болса жіктеледі. Оның бұл қасиеті тіл таарихына тиісті жазба ескерткіштерде де байқалынады. Мысалы, «Ат тухфада» қаршымыза «на против нас», каршысына (напротив него), қаршыларына «напротив них» деген сөздер қолданылған (95,233). «Ат тухфанын» көрсетуінше, қаршы (қарсы) сөзінің соңындағы ы дыбысы түсіріліп қарш тұлғасында да қолданылған. Мағынасын «свстречный, находящий напротив» деп аударған (95,233). «Тефсир» бұл қос сөз құрамында соның бір элементі ретінде қолданғанда байқалынады. Мысалы, қарша, қаршу «напротив» Отурсайлар ол тахтлар уза йузларі бір – біріне қарша қаршу бір бірі арқасін қормагайлар (Тефсир) (49,202). Бұл жердегі а қос сөздердің элементтерін бір біріне байланыстырып тұрушы элемент болып саналады. Ал кей сөздердің тәуелдік жалғауынсыз қолданылмайтындығын түркі тілдері материалы негізінде дәлелдеуге болады. Мысалы, хакас тілінің грамматикасының авторлары «Нужно отметить что аффисы принадлежности часто встречаются и в непродуктивном словообразовании. Например, слово хасты «свекор», «тесть, старший брат мужа» которе и логически и грамматически выражает идею идею принадлнжности, современным хакасском языке восприниматется как неразложимая основа и без форманта - (т)ы не употребляется, хотя элемент хас встречается и в других непроизводных основах: хозыналарга «избегать страших родственников мужа» хозяине «свекровь», «теща», хозынага «старший брат жены» , - деп жазады да, басқа да мысалдар берген(71,63). Ал десемантизацияға ұшыраған тәуелдік жалғауының үстіне екінші тәуелдік жалғауының (қабаттаса) қосылуын түрлі тілдерден кездестіруге болады. Мысалы, қарсысында, қарсысына, қайсысы, бұнысы т.б. (219,44; 302,74).