Көмекші сөздер ( Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларына, тіл мамандарына, студенттерге қосымша оқу құралы ретінде)


Алды сөзінің түбірі – ал екендігін көпшілік ғалымдарымыз мойындайды. Мысалы, Э.В.Севортян түркі тілдеріндегі алда, алға, олдан, алқы



бет18/22
Дата14.12.2022
өлшемі245,77 Kb.
#57120
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
К мекші с здер ( аза тілі мен дебиеті о ытушыларына, тіл мама

Алды сөзінің түбірі – ал екендігін көпшілік ғалымдарымыз мойындайды. Мысалы, Э.В.Севортян түркі тілдеріндегі алда, алға, олдан, алқы сияқты сөздердің түбірі ал екендігін көрсетіп, оның а) перед, передняя часть(сторона); ә) лоб мағыналарында қолданылатындығын айтқан болатын (221,124). Түркі тілдерінің тарихына тиісті материалдардың көрсетуінше, Э.В Севортян көрсеткен екі мағынаның екеуінен де анықтауға болады. Э.В.Севортян ол сөзінің алдыңғы, бұрынғы мағынасы оның маңдай мағынасынан дамыған деген пікір айтады. А.Т.Қайдаров ол өз сөзінің негізгі мағынасы адамның дене мүше атауы деп көрсетпейді «перед, передняя, лицевая сторона» деп көрсетеді (108,186). Г.Вамбери олды сөзінің түбірін іл, ел, ал сөздерімен байланыстырады. Біздіңше, олды сөзінің о бастағы түбірі ол «маңдай» болған, қалған мағына осы мағынадан өрбіген деген Э.В.Севортянның пікірі дұрыс. Алды сөзінің этимологиясымен байланысты ескерте кетерлік бір жәйт, түркі тілдерінің тарихында екінші бір ол морфемасы қолданылған. Ол төмен, астыңғы жақ мағынасын білдірген. ДТС авторлары ал сөзін келтіре отырып: ал Ш.І «низ, нижняя часть» деп көрсетеді. Алдыңғы жақ мағынасын осы сөздің екінші мағынасы ретінде келтіріп «Оғызнамадан» «Бір көл арас(ы)нда алындан бір (й) иғач көрінді» (Мысалы К.Өмірешевтің «Оғыз қазан эпосының тілі» Алматы, 1988, 1921. Кітабынан алынды) деген мысал береді (80,32). Біздіңше бұл екі сөздің бір түбірден өрбігендігін, мағыналық ерекшеленуді көрсетіп беретін семантикалық сыбайластық жоқ. Аст төмен, асты мағынасында қазіргі кейбір түркі тілдерінде, мысалы азірбайжан тінлінде: алт «низ чего-либо, дно», астда «внизу», астдан «снизу» (15,110-111), гагауздарда «аст – низ, нижняя чать» (58,43) болып қолданылады.
Алды сөзінің құрамындағы д дыбысының тарихы туралы да азды – көпті пікірлер айтылған. А.Н.Кононов «В слове олд я вижу два элемента: ал – д, где ол «перед», остается только – «д». Я полагаю, что д аффикс принадлежности» - деп жазады (125,33). Э.В.Севортян болса олды, асты, үсті дегендердегі т/д дыбысын кеңістік септігінің қосымшасы деп есептейді (224,125). В.Банг болса оны шығыс септігінің тын, тен қосымшасымен байланыстырады.1 Қазіргі кезде қолданылып жүрген біршама көмекші есімдеріміз (басқа сөздерде жоқ) т/д дыбыстарын қосып барып, тәуелденіп қолданылады осы формада ғана септелінеді. Мысалы, асты, үсті, алды қарашай – малқар тілінде юс (үст орнында), юсюнде, юсюне, аллы (алды орнынла) аллына, аллында. Кейбір түркі тілдерінде ғана (хакас – алына, алында, алыннан т.б) т/д дыбысынсыз қолданылады.



  1. Сілтеме Э.Б.Севортян (Этимологический словарь) (125)берілді.

Сондай – ақ қазақ, өзбек, қарақалпақ тілдерінде т/д дыбысынсыз қолданылатын кейбір көмекші есімдер түркі тілдерінің кейбіреулерінде т/д дыбыстарын қосып барып қолданылады. Мысалы, хақас тілінде істіне, істінде, істінен (ішіне, ішінде, ішінен) формалары қолданылады. Тіл тарихына тиісті материалдарды салыстырып қарайтын болсақ, бір кездерде олар т/д дыбысынсыз да қолданылған сияқты. Себебі, Орхон – Енисей жазу ескерткіштерінде, XI – XIV ғасыр жазба ескерткіштерінде алды, үсті, асты сөздері т/д дыбысынсыз қолданылған жерлері байқалынады. Мысалы, уза кок таңрі асра нағыз ір калынтукда, ақін ара кісі оклы қылынмыс «Когда было сотворены (букв бурая) земля, между (ними) обоим были сотворены (или возникли) сыны человеческие» (ҚТб - 1). Бұл мысалымыздағы асра сөзінің құрамында д дыбысы жоқ. Ас – түбір, ра – көне барыс септігінің көрсеткіші. М. Қашқари сөздігінде бұл сөзде д дыбысы қосылып қолданылған. Мысалы, астін – аст, куий демакдир (МК,1,133). Арт – арқа, буйин демакдир (МК, 1,76). М.Қашқари дәуірінде бұл әдеттегі тілдік норма сияқты. Егер сөздіктің материалдарын толық салыстырып қарайтын болсақ, алды сөзінің ал түрі де қолданылған. Садыстырыңыз, алін – пешене, маңдай (МК, 1,107). Жалпы түркі тілдерінің мат тарихи материалдарына назар салып қарайтын бослақ, т мен н элементтерінің алмасып қолданылатындығының да куәсі боламыз. XIV ғасыр ескерткіштері тілінде алын, алны сөздері алдына, алды сөздерімен мағыналас болған. Салыстырыңыз, Э. Фазылов XIV ғасыр ескерткіштерінің сөзін жаза отырып: «алны (алын) лоб, перед, передняя часть, у, около, возле» деп түсініктеме береді (266,44). Бұл сөздің нақ осындай қасиеті бар екендігін Э.В.Севортян да көрсеткен болатын (224,48). Бірақ автор алын сөзіндегі ын элементін кішірейткіш қосымша деп есептейді. Қазіргі хақас тілінде алдыны д дыбысынсыз кездестіруге болады. Мысалы, алнына, алнында т.б. Хақас тілі грамматикасының авторлары алнына сөзінің түбірін алн(ы) деп есептейді (71,263). Егер бұны қазақ тілімен салыстыратын болсақ т менен н дыбыстарының алмасатындығын байқауға болады. Алны дегендегі ы – тәуелдік жалғауының қосымшасы.
Қазіргі түркі тілдерінің грамматикасын зерттеген ғалымдар арасында т элементі туралы екі түрлі пікір бар. Проф. Н.К.Дмитриев башқұрт тіліндегі дын, дин қосымшасы туралы айта келіп: «Редкие в литературном языке примеры астыртын (тайком, изподтишка) восходяший из корня ас(т) (низ), в башкирском (отчасти татарс.) диалектах можно встретить еще формы иәшертен (тайком) и әкертен(потихоньку). Ср. Также уфимско – татарское соңынтын (впоследствие). Происхождение его еще недостаточно выяснено. Една ли его можно считать частным случаем предыдущего так тогда трудно объяснить – т. Скорее это остатки старого(уйгурско - чагатайского) исходного падежа дындин, который сохранился как пережиток образца дореволюционного башкирского и особенно татарского фольклора (ср., ак кугэрчэн бодайдин, Мәскәудин и т.д.)», - деп қорытындылаған болатын (76,116). Нақ осындай пікірді қарайым тілі материалына сүйене отырып Қ.М.Мұсаев та айтқан еді (174,192).Екінші бір топ ғалымдар аст, үст сөздеріндегі т элементінің –ун –үн қосымшасының фонетикалық варианты деп есептейді. Мысалы, Ф.Г.Исхаков түркі тілдеріндегі аст, үст сөздерінің құрамындағы т/д элементі туралы арнайы мақала жазып, оны ерін (эрин), мойын(бойун), мұрын (бурун), қарын, алын сияқты сөздердің құрамындағы –ын,-ін,-ун,-үн қосымшаларымен байланыстырады. Аст сөзі туралы айта келіп: «По нашему предроложению оно одного протсхождения с т слова үст, а именно представляет собой видоизменный рудмент древнего аффикса ун. По всей вероятности: аст < асты; асты≤ аз – ын – ы. Конечное т существительного алт, по видимому, так же одного происхождения с т существительных уст и алт, о чем свидетельствуют живые формы этого слова, употребляемые в отдельных современных тюркских языках: алды – в хакаском и шоском, ал-ын-ы алты вместо алны; алды в тувинском: ал –ын-ы вм. Алны так как по выпадении беглого гласного н д», - деп жазады (104,130). Автор өз пікірін түркі тілдерінің дыбыс заңдылығы негізінде дәлелдеуге әрекет етеді. Мысал ретінде хақас тіліндегі кезін (қайың) сөзін алып көрсетеді. Қазіргі шор (кезин) және хақас (кісті) сөздерінің мысалында «...3) в шорском: кезин – и > кести т.е. кес – ин -и ≥ кести вм. Кес-ни или кез- ин, так как по выпадении беглого гласного кез кес и ввиду несочитаемости звонкого н с глухим с рудмент н>т; 4) в хакасском (так же, как и в шорском) кизін – і <кисті, так как кис – н – і ≥кис – ті (киз>кис, н≥т), т.е. от древнего эффикса ун остается лишб видоизменный рудмент», - дейді (104, 129). Қазіргі хақас шор тілдерінде кейін деудің орнына кесті, ішін деудің орына ішті деу байқалынады. Сонымен қатар, -ы, -і дыбыстарының түркі тілдерінде сырғымалы дыбыстар екендігі де, кейде түсіріліп қалатындығы да даусыз. Сонымен бірге н дыбысының қатаңға біткен морфемаларға қосылмайтындығын да түркі тілдері материалдары негізінде дәлелдеуге болады. Бірақ неліктен ондай кездерде –ы, -і дыбыстары түсіріліп қалуы керек деген де сұрау туады. Қазіргі қазақ, өзбек т.б. жанды тілдерде, түркі тілдерінің таризына тиісті материалдарда қатаң дауыссызға біткен сөз не қосымшаларға н-дан (жалпы үнділерден) басталатын қосымшалар қосылмайды; дауыстыдан басталынып екінші орында н тұрса, онда дауысты дыбыс түсіріліп қалдырылмайды. Сондықтан, алын мен алды дегендерді бір форма деу (мағынасы бір болса да) дәлелдеуді талап етеді. Екінші сұрау – неліктен н ≥ т-ға айналады, басқа дыбысқа өтпейді? Тіл тарихынан н мен т дыбыстарының алмасуын дәлелдеп беретін материалдар табуға болады. Мысалы, көптік жалғауының чулым татар тілінде – лар, - лер, -нар,- нер, -тар, -тер түрлері қолданылады. Бірақ бұл алын формасының алды формасына өтуіне негіз бола алмайтын сияқты. Ең алдымен, алын сөзінің құрамындағы ын мойын, ерін, қарын сөздерінің құрамындағы ын морфемасымен негіздес пе? Э.В.Севортян түркі тілдеріндегі кішірейту – еркелету мағынасын білдіретін –ын, -ін қосымшасы туралы айта келіп: «К уменьшительным формам имеют отношение алын «лоб» от ал в других языках со значением «передняя часть», - деп көрсетеді (217,172). Автор осы қосымшалы сөздер қатарына бойын, орын, отын сияқты сөздерді де қосады. Ал асты, үсті, арты дегендерде ондай мағына білдіретін реңк жоқ.
Біздің пікірімізше, алды, арты сөздеріндегі т көне түркі тілдеріндегі кеңістік септігі -дың,-дің, -тын, -тін қосымшасының қалдығы сияқты. Бірақ, бұл тек жорамал ғана. Мұндай жорамал жасауға мына жағдайлар себепші болды. Біріншіден, көне түркі жазба ескерткіштерінің тілдерінде шығыс септігі соңғы н дыбысын түсіндіріп –да, -де формасында да қолданылған. Г.Абдурахманов «Девану луғат – ит түрктегі» «исходный падеж представляет в следующих вариантах: - дан, -дан, -тан, -тан, -дын, -дин, - тын, - тин, -та, -та,-да, -да»,- деп жазады (1,34). Сол дәуірдің тілдік қасиетін тексерген басқа ғалымдар да шығыс септігі қосымшаларының құрамында да, -де формасының қолданылғандығын көрсетеді. Мысалы, Ш.Шукуров «Исходный падеж образуется при помощи аффиксов –дан, -дан, - дын, -дин, -дун, - дун, -да, -де», - деп М.Қашқари сөздігімен байланысты сөз айтады (294,481). –Да, -де формасының жатыс және шығыс септігінің мағынасында қолданылатындығы А.М.Щербак X-XII ғасырда жазылған Шығыс Түркістан жазба текстерінің материалдарына негізделіп айтқан болатын (300,80). А.Н.Кофонов –да, -де, -та, -те қосымшасын Орхон – Енисей жазба ескерткіштерінің тілінде қолданылатындығын көрсетіп, оны «место - исходной» падеж деп көрсеткен болатын (122,157) . А.Н.Кононовтың пікірінен мына нәрсені анықтауға болады: Орхон – Енисей жазулары жазылған кездешығыс септігі мен жатыс септіктері форма жағынан әлі ажырала қоймаған сияқты. Сондықтан –да, -де жалғауының үстіне тәуелдік жалғауының –ы, -і қосымшасы қосылған да, ол екі дауысты дыбыс қатар келгендіктен бір дауысты дыбыстың түсіп қалуынан – ды, -ді тұлғасында қолданылып алды, асты тұлғасына ие болған. Егер алды сөзі алын сөзіінң дыбыстық варианты дейтін болсақ, онда кеңістік мағынаны (Есіктің алды ағын су) қайдан алды деген сұрауға жауап беру керек сияқты. Яғни тәуелдік жалғауы септік жалғауынан кейін қолданылады ма? Қазіргі түркі тілдерінде тәуелдік жалғаулы сөз септелінеді, септік жалғаулы сөз барлық түркі тілдерінде тәуелденбейді. Дегенмен кей тілдерде, өте сирек болса да, септік жалғаулы сөздің тәуелденетіндігін білдіретін мысалдар табуға болады. Мысалы, қазақ тілінде шеткерісі, жоғарғысы сияқты сөздердің құрамында –ғары, -гері,- ғару, -геру көне барыс септігінің қосымшасы екендігі, ал –сы, -сі болса тәуелдік жалғауы екендігі дау туғызбайды. Әрине , бұл жерде - ғару, -геру қосымшасы өзінің септік жалғауына тән болған қасиетін жоюы, морфема ретінде бөліну қасиетінен ажырауы қажет. Салыстырыңыз өзгесі, басқасы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет