Көмекші сөздер ( Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларына, тіл мамандарына, студенттерге қосымша оқу құралы ретінде)


Үст сөзі. Бұл сөз морфологиялық жақтан мынадай бөлшектерден тұрады: үс



бет20/22
Дата14.12.2022
өлшемі245,77 Kb.
#57120
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
К мекші с здер ( аза тілі мен дебиеті о ытушыларына, тіл мама

Үст сөзі. Бұл сөз морфологиялық жақтан мынадай бөлшектерден тұрады: үс – түбір, т –қосымша. Т элементі туралы түрліше пікір бар. (Оның этимологиясына тиісті пікірлерді алд сөзімен байланысты айтқан болатынбыз). Ал үс туралы айтылған пікірлер күні бүгінге дейін бір ізге түскен жоқ. Ж. Дени Анкара түріктерінің тіліне сүйене отырып изере сөзінің тарихына талдау жасайды. Ол изере сөзін изе және ара деп екі элементке бөледі. Изе – жоғарғы, ара орын мағынасын білдіреді дейді де, изе элементтің үст сөзімен төркіндес екендігін мойындайды (74,582). А.Н. Кононов үст сөзінің этимологиясына арнайы тоқталмаса да, өзбек тіліндегі узра сөзіне талдау жасайды. «...узра состоит из двух элементов: уз «поверзность» (ср. Ус-т) –ра аффикс направительного – местного падежа,» - дейді(22,639). Ф.Г.Исхаков үст сөзінің этимологиясын жүз сөзімен байланыстырады (104,130). Тіл тарихына тиісті материалдарды қарайтын болсақ, жүз, юз, үст, уза, узра сөздерін де кездестіруімізге болады. С.Е.Малов көне түркі ескерткіштерінде үст және жүз сөздерінің қолданылатындығын көрсетеді. Ол йуз «лицо» десе, узра «на сверху», уза «на, на основании, наверху» деп аударады (156,390). Мысалы, Уза кок таңрі асра йағыз йір қылунтукда, акін ара кісі оғлы қылынмес (ҚТб-1). Уст сөзі мен жүз сөзін салыстырып қарайтын болсақ, айырмашылығы тек бастапқы й мен ж дыбыстарымен байланысты. Ал тіл тарихында й дыбысының кейде түсіріліп қолданылатындығы белгілі. С.Е.Малов жоғарыда осы екі сөзден басқа «наверху» сөзінің де бар екендігін көрсетеді. Ол «Памятники Древнетюркской письменности» деген кітабының сонында берген сөздігінде ускинта, устал, устан, устар деген бір түбірден өрбіген сөздерге аударма берген. (155, 441).Уст сөзі басқа түркі тілдерінің жазба ескерткіштерінде де қолданылады. М.Қашғари өз сөздігінде үст сөзін өз алдына, жүз сөзін өз алдына жеке ұя етіп берген. Мысалы, иузга корма эрдам тіlа «жүзінің сұлулығына қарама, қылықты болуын тіле» (МК, П, 156). Сөздікте уза сөзі де бар.Мысалы, Сартнің азуқі аріғ юолса, йол уза йэр «Саудагердің азығы таза болса, жол үстінде жер» (МК, 1, 97). Анің уза йуғурқан ашулді «Оның үстіне киім жабылды» (МК, 1, 205). Бір ескерте кететін нәрсе сол, М.Қашғари сөздігінде уз сөзі жске қолданылмаған тек уза формасында қолданылған. А.М.Щербак V – XIII ғасыр ескерткіштерінде уза, узра, узала деген көмекші сөздер бар екендігін және олардың түбірлес сөз екендігін көрсетеді ( 300, 186-187). М.Қашғари сөздігінде бұның узу ( арқа,кейін) тұлғасы да қолданылған.Мысалы, Мэн анің узу кэлдім «Мен оның арқасынан келдім». Мэн сэнің узу бардім «Мен сенің артыңнан бардым (МК,1,114). XIV ғасыр ескерткіштері тілінде узу, узру сөздері бір мағынада қулданылған. Айырмашылығы узә формасы тек үст сөзімен мағыналас болып қана қоймай, туралы, .үшін, қарай сөздерімен де мағыналас болған (267,452,-453). Қазақ тіліндегі «Асанның үстінен сөз қозғады» дегендегі үстінен сөзінің мағынасы сол дәуірде-ақ бар болған.
Біз жоғарыда этимологиясына талдау жасаған үш көмекші есімнің үшеуі де а) адамның дене мүше атауы, ә)нақтылы заттық мағынаға ие болған, б) көп мағыналы, в)актив лексикалық құрамның элементі екендігі анық.Олар өздерінің номинативтік лексикалық мағынасын өзгертіп, біртіндеп көмекші сөздерге тән қасиетке ие бола бастаған. Нақ осындай қасиетті ара, орта, іш, қасы, маңы, жаны, арқасы, басы сияқты көмекші есімдердің этимологиясын талдағанда да байқауымызға болады. Әрине, етегі, үшін, шеті, іргесі сияқты сөздерде адамның дене мүше атауымен байланысатын мағыналы реңкті анықтай алмасақ та, олардың өте нақтылы зат атаулары, актив лексика элементтері болғандығын дәлелдеуге мүмкіндігіміз бар.
Тіл элементтері бір жақты дамымайтындығы, оның түрлі прустарының да дамып жататындығы, әр ярустың заңдылығы жеке-жеке өмір сүргенімен өзара тығыз байланысты болатындығы, бірі-екіншісіне түрлі ықпал жасап отыратындығы анық. Сондықтан кей ғалымдар көмекші сөздер атауыш сөздерден тек лексикалық мағынасы жағынан ғана емес, грамматикалық мағынасы жағынан, қызметі жағынан ажыратып жатады дейді (14,37;91,33-38). Қазақ тілінің материалдарының көрсетуінше де, зат есімдер көмекші есімдер қатарына өткенде жан-жақты дамиды. А.Ысқақов «можно предположить что такой процесс развития слов в языке вырабатываются в ходе развития самой основы языка, то есть основного словарного фонда и грамматического строя. Согласно внутренним законам развития языка и по линии морфологии и по линии синтаксиса, в тесном их взаимодействии», - деп дұрыс айтқан болатын (100,131). Тіл-тек лексикалық категорияларын дамытып қоймастан, грамматикалық категориялардан да дамытып отыратын құрылым. Олардың өз ерекшілігі, өзіндік заңдылығы бар.
Атауыш сөздердің көмекші сөздерге өту процессі өте ерте кезден басталынған. «Система послелогов, широко развитых в современных языках начало формироваться, вероятно еще до енисейского периода», - деп И.А.Батманов дұрыс айтқан болатын (36,133). Бірақ бұл процессті ғалымдар әр түрлі түсінетін сияқты.Мысалы, Ф.Р.Зейналов толық мағыналы сөздің көмекші сөз қатарына өтуіне талдау жасай отырып, «Служебные части речи не образуются морфологическим способом, а выделяются из знаменательных путей десемантизации и, изменение синтаксической функции», - деп жазған болатын (94,14). Көмекші сөздердің атауыш сөздерден морфологиялық жол арқылы бөлінбейтіндігін мағынасын дерексіздендіру арқылы өтетіндігі анық. Бірақ бұл көмекші есімдердің атауыш сөздерден грамматикалық тұрғыдан ешқандай ерекшелігі жоқ деген пікірге алып келмеуі керек. Қазіргі түркі тілдерінің материалдарына назар салып қарайтын болсақ, зат есіидерден ешқандай тұлғалық ерекшелігі жоқ деп жүрген көмекші есімдерідң де өзіндік ерекшелігі бар екендігін анықтауға болады. Сондықтан кей ғалымдар бас, қас, жан сияқты көмекші есімдерді тек кеңістіктерде ғана көмекші сөз қызметінде қолданылады, грамматикалық септіктерде зат есім болады дейді. Сондай –ақ олардың грамматикалық септіктерде сирек қоладнылатындығының өзі көмеші сөздердің бір морфологиялық ерекшелігі болып саналады. грамматикалық ерекшелік дегенде көмекші есімдердің ілік септікті зат есімдердің жетегінде келіп, өзі тек тәуелдік жалғау формасында ғана қолданылатындығын, тәуелдік жалғауынсыз қолданылса зат есім (толық мағыналы сөз ретінде) қызметін атқаратындығын көрсетуге болады. Мысалы, аст, үст арт т.б көмекші есімдердің тәуелдік жалғауынсыз қолданылмауы, грамматикалық септіктерде сирек кездесуі оның морфологиялық жақтан шылау сөздерге қарай аунай бастағандығын көрсететін бір белгі деп есептейміз. Түркі тілін зерттеген кей ғалымдар алд, аст, ара, үст, жан сияқты көмекші есімдердің грамматикалық септіктерде қолданылатындығын мойындаса да, олардың көмекші есім қызметінде қолданылатындығын мойындамайды. Мысалы Қ.З.Ахметов «Поскольку служебные имена выражает пространственные отношения, они употребляются только в тех падежах, которые по своему значению соответствуют, именно в направительном, исходном, местно-временном падежах», - деп башқұрт тілінің материалы негізінде пікір айтқан (24 762). Нақ осындай пікір басқа ғалымдардың еңбектерінде де бар. Біздің бұл авторлардың пікірімен келіспейтіндігіміз сол – олар көмекші есімдердің кеңістік мағынасынан басқа мағыналарын мойындамайды.Көмекші есімдер, біздің пікірімізше көмекші сөздер қатарына жататындықтан бір ғана (тар) мағынаның шеңберінде қолданылуы мүмкін емес. Тар мағыналық шеңбердің аясында қалып қойған сөз көмекші сөз қызметінде қолданылуы екі талай нәрсе. Көмекші сөз туралы еңбек жазған ғалымдардың барлығы атауыш сөз бен көмекші сөздердің айырмашылығын: а) мағынаның дербес болмауын; ә) екінші бір сөздің жетегінде келіп, соны мағына жағынан тиянақтап тұратындығын не соған түрлі мағыналық реңк қосатындығын; б) жеке өздері белгілі бір сұрауға жауап бере алмайтындығын; в) сөйлемнің дербес бір мүшесі бола алмайтындығын көрсетеді. Тек бір мағына ( кеңістік) аясында ғана тұрақтатып, басқа белгісіне қарамау – жоғарыдағы белгілерді мойындамау деген сөз. Ал таудың басы, тауды етегін жайлаған, тау басының қары дегендегі тау басы, тау етегін, таудың басының дегендер сөйлемнің бір мүшесі болып, өз сыңарларымен бір-ақ сұрауға жауап береді. Мұндағы бас, етек сөздері кеңістік мағына білдірмесе де тау сөзінің мағынасын толықтырып, соның жетегінде қолданылып тұр. Демек, бас, етек сөздерінің мағына дербестігі жоқ, оларды көмекші сөз деп қарауға мәжбүрміз.
Көмекші есімдердің сөйлем құрамында қолданылу табиғатына назар салып қарайтын болсақ, мынадай құбылыстарды байқауымызға болады. Бірінші, көмекші есім сөз тіркесінің құрамына енгенде, сөздерді байланыстыратын грамматикалық формаларды толық мағыналы сөздерге жалғатпай өздері қабылдайды. Атауыш сөз (зат есім) болса, ілік септігінен басқа септік қосымшасын қабылдамайды. Мысалы, үйдің іші жылы, үйдің ішінде отыр, ішінен дауыс шықты, үйдің ішімен жүрдім т.б. Бұл – көмекші есімдердің морфологиялық қасиетінің күштілігінен емес, қайта әлсіздігінен пайда болған қасиет. Бұл жерде (үйдің іші) көмекші есімдер толық мағыналы сөздің (үй) мағына шеңберіне ені, соның ырқына бағынғандығының айғағы болып тұр. Басқа сөздермен тіркескенде осы тұтастықты сақтайды. Сондықтан да үйдің іші, столдың үсті, таудың етегі деген сияқты сөздердің тізбегі бір ғана мағына аумағында қолданылады. Н.Е. Петров таудың етегі, таяқтың ұшы, ағаштың басы сияқты тіркестерде көмекші есімдер атауыш сөздермен бірігіп келіп заттық мағына білдіріп тұр деген пікір айтады: «... если служебное имя обозначает известную часть конкретного предмета и имеет материальное значение, то оно во всех падежах остается именем, - т.е. не подвергается грамматизации», - деп жазады (197, 95). Екіншіден, көмекші есімдер ілік септікті зат есімдердің жетегінде қолданылады. Егер ілік септігі жасырын келсе, араларына сөз салмайды. Ілік септігі жасырынбай ашық қолданылған жағдайда араларына мағынасы сәйкес келетін сөздерді не күшейтпелі сөздерді қоса алады. Мысалы, таудың ұшар басында, баланың дәл қасында, ауылдың екі арасында т.б.
Атауыш сөздердің көмекші сөздердің қатарына өтуіне сөз тіркестерінің де белгілі қызметі болады.Көмекші есімдер сөз тіркесінің құрамында қолданылған жағдайда, аз босла да, өз дербестігін сақтайды. Бірақ бұл дербестік – мағыналық дербестік емес, тұлғалық дербестік. Көмекші есімдер тәуелдік жалғауынсыз қолданылмайтындықтан, өзі тіркескен сөзге (зат есімге) септік жалғауын жалғатпайтындықтан, өзі екі жақты байланысқа түседі. Бұл екі жақты байланыс стандартты байланыс болады да, атауыш сөздің қолданылу аясының тарая бастағанының алғашқы сатысы болып есептеледі.Мысалы, үйдің ішіне кірді. Бұл мысалымыздағы бірінші байланыс – үй мен іші сөзінің арасындағы байланыс. Іш сөзі мағына жағынан үй сөзіне бағынышты. Ол үй сөзінің мағынасын толықтырып, нақтылап тұрса да, атауыш – үй сөзінің ілік септік жалғауында тұруын талап етеді. Мағына жағын ескермесек іші басыңқы сыңар болар еді де, үй бағыныңқы сыңар болар еді. Яғни матаса байланысқан есімді сөз тіркесі болар еді. Жоғарыдағы мысалымыздағы екінші сөз тіркесі іші және кірді сөздерінің аралығында. Мұнда басыңқы сыңар - кірді, бағыныңқы сыңар – ішіне болады. Аты аталған сөз тіркесінің екеуі де тұлға жағынан дербес сөз тіркестері: бірінші тіркес (үйдің іші) – матасу, екінші тіркес (ішіне кірді) – етістікті меңгеру. Көмекші есімдердің бұл қасиеттерін барлық түркі тілдерінен де кездестіруге болады. Салыстырыңыз, өзбек тілінде: Шоир ғазални китобнинг ичига солди (Ойбек).Қарақалпақ тілінде: Шайық жетип келди, найза ушында аяқ қолы сәл-пәл қыбырлап кишкене Сүйіндік би жатыр ( найза – ушында – жатыр) (Т.Қайыпбергенов). Түркмен тілінде: Хаты билдирмән тарих мугалымының китабынын арасына салдық (Б.Сәйтәков). Азербайжан тілінде: Мән дә синин йаныныза кәлим (Г.Аббасзаде). Татар тілінде: Гашак абий кисәк кинәсузини битереп остел-янына ките (Ә.Енкин). Қарашай – малқар тілінде: Шахар бла элни арасында автобусла жюрюйдюле ( Элни арасында жюрюйдюле) (К.Кулыев) т.б. Мұндай екі жақты байланыс шылау сөздерге тән емес. Септеулік шылаулар өздері қатысты болған атауыш сөздердің белгілі бір септік жалғауында тұруын талап етіп, өздері сол септіктің мағынасын нақтылап толықтырып тұрады. Шылау сөздер өзгермейтін тұлға, сондықтан өздерінен кейін келетін сөздермеш тұлға жағынан байланыспайды, орын жағынан ғана қабысып тұрады. Мысалы, Ауылға қарай беттеді десек, қарай септеулік шылауы ауыл сөзінің барыс септігінде тұруын талап етеді. Ал беттеді етістігі басыңқы сыңар болса да қарай сөзімен тек орын жағынан ғана байланысып тұр. Көктемге дейін барамыз деген сөйлемде дейін септеулік шылауы ге-барыс септігінің мағынасын толықтырып, екеуі бірге, барамыз етістігімен байланысып тұр. Көмекші есімдерден бұл тіркестің айырмашылығы сол – көмекші есімдерден екі жақты тұлғалық байланысу матасу, меңгеру арқылы болса, соңғы мысалымызда тұлғалық байланысу бір жақты – меңгеру арқылы болып тұр. Бір ескертетін нәрсе – жоғарыдағы көмекші есім қатысқан тіркесті сөз тіркесі деп шартты түрде атадық. Жалпы қағида бойынша сөз тіркесі болу үшін екі толық мағыналы сөздің сабақтаса байланысы шарт(31,12;88;81;152;169). Сондықтан жоғарыдағы тіркесті мына схемамен беруге болады: Үйдің ішіне кірді. Ауылға қарай беттеді. Көктемге дейін барамыз. Түркі тілдерінің материалдарының көрсетуінше,сатылай байланысқан толық мағыналы сөздер көмекші есімдер сияқты,екі жақты байланысқа ттүсе алады. Мысалы, Асанның үйіне барды. Үлкен көпірден өтеміз. Бірақ атауыш сөздердің арасындағы екі жақты байланыс пен көмекші есімдер қатысқан екі жақты байланыс арасында үлкен айырмашылық бар.
Ертеректе атауыш сөздер көмекші сөз қызметінде қолданыла бастаған алғашқы кезеңдерде, олар матасусыз-ақ қолданылған сияқты. Бұл туралы А.М.Щербак мына пікірді айтады: «Лишь немногие послеложно-именные слова сочетаются с именами путем простого соположения, без использования каких-либо формальных средств. ср. КВ. ІІ; кіші кутлуғі кім кішілар ара «Счастье у человека,который среди людей», Муні бу эсізлар ара созілур «этот порицается злыми». МК кіші ара кірдім « Я вошел в гущу людей»,ХХ:,кәтіглі кәлізлі кішілар ара «сред предков и потомков» (300,185). А.М.Щербак көрсеткен бұл жағдайды екі түрлі түсіндіруге болады. Біріншіден, көмекші есімдерр өздері қатысты болған зат есмідермен арасына сөз салмай қатар қолданылса, ілік септігі жасырын келіп, қабысу үлгісімен де байланыса алады. Мысалы, ауыл маңы, тау іші, су етегі, стол үсті т.б. А.М.Щербак келтірген үзіндіде көмекші есім сөздер өздері қатысты болған зат есмідермен осы үлгіде байланысып тұр. Қараңыз, кішілер ара, өсізлар ара. Екіншіден,кей көмекші есмідер қазіргі күннің өзінде де өзі қатысты болған зат есімдермен қабыса байланысады. Мысалы, төңірек, маңы, жақ (129,63):
Дегенмен де ара сөзін ерекше атау керек сияқты. Себебі қазіргі қазақ тілінде де ара сөзі жинақтау сан есімдерімен тіркесіп келіп, тәуелділік жалғауынсыз қолданылады. Мысалы, екеу ара, үшеу ара, төртеу ара т.б. бұл жерде изафеттік қатынасты білдіретін ешқандай белгі жоқ. Қазіргі өзбек тілінде ара сөзі өлеңді текстердің ішінде қолданылғанда да жоғарыдағыдай қасиет байқатады. Мысалы, Халқлар ора салом-алик одат булсин деб, Тупроқларнинг томирига қувват утлсин деб (Шаихзада). Сен бу хижрун зулмати ора, Пак севгини айлагин чирок, Висол билан алмашур фироқ (Э.Вохидов). жоғарыда көрсетілген өзбек тіліндегі ара (ора). ХХ ғасырдың жемісі емес,ол көне жазба ескерткіштер тілінде де қолданылған. Мысалы, Буйун тэк бутмади, Бустон аро саври равон эй жон (Саккали). Савр бирла гул томошасига майлим йуқ турур (Боғ аро саври гул рухдин томоша булмаса (Науаи). Ул қиздин сурди бу хоси харам, Недин эрур халқ ора сузи олам (Дурбек). Бұл мысалдарымыздағы ара сөзін көмекші есім деуге болмайды. Біздіңше ол XIII-XIV ғасырдың өзінде-ақ септеулік шылау қызметінде қолданылған. Қазақ тіліндегі екеу ара, үшеу ара дегендер – сол заманнан қалған бір белгі.
Көмекші сөздердің екі жақты байланысқа енуі және оның стандартты сипатқа ие болуы, алды, арты, үсті сияқты сөздердің екінші бір сөздің жетегінде келуіне себепші болған. Бұнда, әрине матасудың қызметі мол. Ең алдымен матаса байланысқан сөздер, сөзсіз, екінші бір сөзді талап етуі қажет. Сондықтан да ілік септікті сөз өзінен кейінгі келген бір сөздің тәуелдік жалғау формасында тұруын талап етеді десек, тәуелдік жалғаулы сөз өзінің алдындағы сөздің біреуінің ілік септігінде тұруын талап етеді дейміз. Осы матаса байланысу екі толық мағыналы сөздің біреуінің лексикалық мағынасының солғандауына да өз ықпалын тигізеді. Жалпы тіркесетін сөздердің тіркесу формасының стандартты болуы көпшілік көмекші сөздерге тән. Тек бұл орын талғамайтын жалғаулықтар мен мағынасы жағынан тым дерексізденген демеуліктерге қатысты емес.
Көмекші сөздер атауыш,толық мағыналы сөздердің дамуы нәтижесніде қалыптасады. Бұны тілдің жалпы даму процесінен бөліп алуға болмайды. Сондықтан да өкмекші сөздердің пайда болуы тілдің сөздік қорынң, грамматикалық құрылымының дамуының бір көрінісі ретінде тән алынуы керек. Егер қазіргі түркі тілдерінің грамматикалық жүйесінің табиғатына талдау жасайтын болсақ, көмекші сөздер, негізінен, сөйлемнің талабы негізінде, ойды нақтылы, дәл жеткізу мақсатында қолданылатындығы сыр емес. Демек, көмекші сөздің қолданылуы синтаксистің талабымен байланысты. Даму үстінде грамматикалық амал-тәсілдер,грамматикалық форманттар туып, жетілуімен қатар сөздер де лексика-семантикалық жақтан сараланып,іштей негізгі және көмекші болып жіктелініп, лексика-грамматикалық жақтан бірте-бірте дамып отырады деп А.Ысқақов дұрыс айтқан болатын (308,63). Сөздердің грамматикалқық даму жолын тіл тарихына тиісті материалдардан да, қазіргі түркі тілдерінің материалдарынан да байқауға болады. Мысал ретінде қазіргі қазақ тілінің шақ категориясының тарихынан да, көмектес септігінің тарихымен байланысты көрсетуге болады. Тілдің грамматикалық құрылымы өте баяу дамитын болғандықтан, оның негізгі бағытын анықтау онша қиынға соқпайды. Сөздердің грамматикалық жалғауынан дамуы тілдердің грамматикалық құрылымының туу негізі болып, ежелгі заманнан бері қарай бірте-бірте дамып қалыптасқан негізгі заңдылықтарға сүйенеді (308,67). Міне, осындай бірте-бірте даму нәтижесінде пайда болып, қалыптасқан тілдің грамматикалық құрылымын көпшілік ғалымдар мынадай төрт сатыға бөліп қарап жүр: 1.Дербес сөз (тулық мағыналы сөз). 2. Көмекші сөз. 3. Шылау сөз. 4. Қосымша (76,49,304,175-176;174,98). Қазіргі түркі тілдерінің сипаттамалы грамматикасының авторлары басқа үлгіде топтастырып та жүр. Мысалы, Г.Исхаков қазіргі түркі тілдеріндегі сөздерді топтастыра отырып, оларды 4-ке бөледі: «1. Знаменательное слово,куда выходят все так называемые знаменательное или основные части речи:имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение, глагол, наречия. 2. Служебные слова,куда выходят союзы,послелоги и служебные имена. 3. Модальные слова и частицы. 4. Междометия и звукоподражательные слова»,-деп көрсетеді (103,77). Түркі тілдеріндегі сөздерді бұлай бөлу (азын-аулақ ауытқулармен). Ф.Г.Исхаковтан бұрын да, кейін де, қазір де бар нәрсе.1 Бұлардан түркмен ғалымы М.Н.Хыдыров сәл өзгешелеу топтастырады. Ол өзінің көмекшілерімен байланысты жазған күрделі еңбегінде тілдің даму процесін қамтуға әрекет етіп, мынадай топтарға бөледі: 1. Дербес (атауыш) сөз. 2. Дербес сөз бен көмекші сөздердің арасындағы сөздер (М.Н.Хыдыров бұл топтағы сөздерді конкрет-релияцион сөздер деп атайды). 3. Көмекші сөздер. 4. Көмекші сөздер мен қосымшалар арасындағы сөздер. 5. Қосымшалар (281,60-62) М.Н.Хыдыровтің топтастыруын яғни сөздердің аралық тобын арнайы көрсетуін, сөздердің дамуындағы диалектикалықы байланысты нақты көрсетуге әрекет ету деп түсінген дұрыс.



  1. В.А.Гордолевскийден бастап жарық көрген оқулықты қараңыз.

Тілдің грамматикалық құрылысынң ұзақ және біртіндеп дамуын есепке алсақ, онда сөздер бір категориядан екінші категорияға үзіл-кесіл бірден өтіп кетпей, біртіндеп өтетіндігі анық. Бірақ ғылым үшін өтпелі кезеңнің шегарасын анықтап алу қажет сияқты. Біздіңше, көмекші есімдерді өтпелі кезеңдегі сөздердің қатарына енгізіп, атауыш сөздер мен көмекші сөздердің арасындағы бір буын деп қарау шындыққа жараспайды (281,60;86,66). Біздіңше, көмекші есімдер өзіндік лексико-грамматикалық қасиетке ие болған көмекші есімдер өзіндік лексико-грамматикалық қасиетке ие болған көмекші сөздердің бір тобы болып саналады. Көмекші есімдердің бұл қасиетін анықтау үшін өпелі кезеңдегі сөздердің табиғатын анықтап, көмекші есімдермен салыстыру керек. Жалпы кез келген грамматикалық категорияның табиғатын толық және терең білу үшін оның екі жағын да салыстырып зерттеген жөн. Біріншіден, оның статистикалық, қазіргі қалпы да, екіншісі – оның тарихи даму жолы. Грамматикалық категориялардың даму жолы қиын, қаншалықты күрделі болмасын оның қазіргі қалпының сырын ашып беретіндей бір тәсіл болады. Көмекші есімдердің тарихи жағдайы мен қазіргі қалпын салыстырыпп, араларындағы ыңғайластық пен айырмашылықтарды анықтап қарайтын болсақ, көмекші есмідердің табиғаты толық ашылмақ. Бұл категориядағы сөздер ұзақ уақыттан бері (орхон-енисейге дейінгі дәуірлерден) дамып, басқа сөздерден лексико-грамматикалық жақтан оқшауланып, өз алдына лексико-грамматикалық топ ретінде қалыптасқан. Рас, көмекші есімдер көптеген атауыш сөздердің шылаулар қатарына өтуне жәрдемші болып, осы категорияны бастарынан өткізіп шылаулар қатарына өткендігі, тарихи жақтан шылау сөздерді зат есмідермен байланыстырып тұратындығы анық. Бірақ бұл шылаулардың пайда болуының бірден-бір жолы емес. Көмекші есімдердің мұндай «буферлік» қызметін ғана тән алу сыңаржақ көзқарастан туған нәрсе. Біздіңше, кей атауыш сөздердің көмекші есім арқылы шылау сөздердің қатарына өтуі олардың біртіндеп дамуындағы жоғарғы шылаулардың (шылаулардан) басқыш болуынан. Грамматикалық категориялардың біртіндеп дамып отыратындығын жоғарыда айтқан болатынбыз. Демек сөздердің атауыш сөздерден көмекші есімге, көмекші есімдерден шылауларға, шылаулардан қосымшаларға дейін дамып отыруы грамматикалық құрылымның дамуындағы бір жол. Өзгеретін категорияның бәрін өтпелі кезеңдегі категорияларға жатқызатын болсақ, онда, сын есім де, есімдік те, етістік те, устеулер де аралық категориядағы сөздердің қатарына жатқан болар еді. Бірақ олардың барлығы да өзіндік лексикалық, грамматикалық сипатқа ие жеке сөз таптары болып есептелінеді. Көмекші есімдердің де өзіндік категориялық мағынасы, басқа сөз таптарынан ажыралып тұратын тұрақты грамматикалық белгісі бар, ертеден қалыптасып келе жатқан түрлену жүйесі бар сөздер. Сонымен бірге көмекші есімдерді басқа көмекші сөздермен бірлестіріп бір топқа бастарын қосып тұрған белгісі бар. Сондықтан біз көмекші есімдерді шылаулар мен көмекші етістіктермен бірге бір топқа енгізіп, көмекші сөздер деп атағанбыз.
Адамзат санасының төмен кездерінде тілде көмекші сөздердің болмауы мүмкін. Оның қызметін түрлі атауыш сөздер, сөз тіркестері, интонация, септік жалғаулары т.б. атқарған болуы мүмкін. Орхон-енисей жазба ескерткіштері тілінде, аз болса да, көмекші есімдер қолданылған. «В языках памятников можно помедлить становление служебных частей речи и их последующих дифференации в качестве лексических категории», - дегенде В.М. Насилов көмекші сөздердің аз қолданғандығын еспке алса керек (178, 72). «Жазбалар тілінде көмекшіесімдер белгілі бір септік жалғауын меңгеріп қалыптаса қоймағандығы байқалынады. Көмекші есімдер соның салдарынан септік жалғауларының көлемдік және мезгілдік мәнін айқындаушы, нақтылаушықызметін де атқара бастаған сияқты», - дейді қазақ тілі тарихының мамандары (149, 72). Нақ осындай пікір В.М. Насиловта да бар: «Асра «вниз», «над», ичра «внутри», ташра «вне» «снаружи» и другие аналогичные слова, которые стали часто встречаться в качестве послелогов в древнеуйгурских памятниках, в орхоно-енисейских письменностях адербиальным образованиями послелогов в древнеуйгурских памятниках, в орхоно-енисейских письменностях адербиальным образованиями послелогов не встречается» (178, 42). Көмекші есімдердің тарихы туралы пікір айтқанда екі мәселеге ерекше көңіл аударуымыз керек сияқты. Біріншіден, орхон-енисей жазу ескерткіші VI-IX ғасырларда жасаған түркі тайпаларының (тым болмағанда белгілі бір тобының) тіл байлығын толық қамтыған емес. Ол этнографиялық ескерткіш ретінде сол дәуірдің белгілі бір стильмен байланысты сөздерін ғана қамтыған. Екіншіден, көмекші есімдер айтылайын деген ойды нақтылы, дәл жеткізілуі қажетті болғанда ғана қолданған. Ондай нақтылық болмаса, түркі халықтары басқа грамматикалық формаларды пайдаланған (78). Орхон-енисей жазба ескерткіштерінде көмекші сөздердің (соның ішінде көмекші есімдердің) аз қолданылу сыры осыдан деп түсінген дұрыс. Ал мүлде қолданылмаған деу дұрыс емес. В.М. Насиловтың орхон-енисей жазу ескерткіштері мен көне ұйғыр жазуындағы айырмашылықты көрсеткені дұрыс, бірақ бұдан орхон-енисей жазу ескерткіштерінде жазу ескерткіштерінде көмекші сөздер жеке категория ретінде қалыптаспаған деген қорытынды шығаруға болмайды. Біріншіден, бары-жоғы бір не екі ғасыр ішінде бүткіл бір грамматикалық категория қалыптаса қойды деуге ешкім де сенбейді. Екіншіден аз болса да қолданылған. Бірақ біз олардың аз не көп мөлшерде қолданылу сырын ескерткіштердің стильдік сипатынан не диалектілік ерекшелігінен деп ойлаймыз.
Жоғарыдағы айтылғандардан шығатын қорытынды сол – көмекші есімдер сөздің пайда болуымен пайда болған еме, беріректе пайда болган. Орхон-енисей ескерткіштерінде грамматикалық категория ретінде, жеке топ ретінде қалыптасқан. «..Послеложно-именные слова образовались и выделились в качестве особой группы служебных частиц сравнительно недавно, так что происхождение т.е. время отрыва их от соответствующих слов, так в большинстве случаев легко прослеживается. Более того, иногда вообще трудно говорить об отрыве, так как о использовании того или иного слова в служебной функции происходит факультативно и это же слово в другом грамматическом контексте полностью проявляет свое знаменательное значение», - деп А.М.Щербак X – XIII ғасыр түркі тілдеріне байланысты пікір айтады (301. 183). Көмекші есімдердің қалыптасу дәуірін онша ерте дәуірге алып бара алмайтынымыз анық, ал оның екі жақтылығы күні бүгінге дейін байқалынады. Сондықтан біз көмекші есімдерді функционалды көмекші сөздердің қолданылу жиілігі қалындай бастайды. XIV – XV ғасырларда жазылған жазба ескерткіштерде көмекші есімдердің қолданылу жиілігі өсіп грамматикалық категория ретінде қалыптасқан. Көмекші есімдердің зат есімдермен матаса байланысуы, септеулік шылаулардың белгілі бір септік жалғауын меңгере байланысуы орхон-енисей жазба ескерткіштерінде аз байқалынса, М.Қашғари сөздігінде бұл жүйеге түскен, ал «Тефсир» тілінде болса қалыптасқан, дағдылы құбылыс ретінде көрінеді (173, 119-121, 294, 502-504; 1, 131-145; 3, 141-159: 301,182-191). Алғашқы кездерде сөздердің грамматикалық қасиетінің өзгеруі сезілер-сезілмес дәрежеде байқалынады да грамматикалық категория ретінде қалыптасқанша ұзақ уақыт өтеді. Сондықтан ондай сөздердің екі түрлі сипатқа ие болуы таңқаларлық құбылыс емес. Біздіңше, көмекші есімдер де көмекші сөз қызметінде қолданыла бастаган дәірде әрі көмекші есім, әрі зат есім қызметінде қатар қолданылған болуы ықтимал. Бұл пікірімізге мысалды тіл тарихына тиісті материалдардан іздемей-ақ қазіргі түркі тілдерінің материалдарынан табуға болады. Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі көмекші есімдер екі түрлі қызметте қолданылады. Салыстырыңыз, адамның басы, малдың басы, таудың басы, шөптің басы, судың басы, сөздің басы т.б. Көмекші есімнің бұл қасиетін көпшілік ғалымдар мойындайды (77, 183-188; 78, 119; 307, 37, 304, 97, 18, 172, 13, 68, 98, 69, 407). Көмекші сөздердің кейінгі даму сатысында бұл алшақтықтың арасы мүлде ұзақтайды, түбір тұлғасы, мағынасы өзгеруі мүмкін. Мысал ретінде асты, үсті, арт сияқты сөздерді көрсетуімізге болады. Көмекші есімдердің зат есімдермен сыбайлас қолданылуы алғашқы кездерде әрі мағыналық, әрі морфологиялық түрлену үлгісінде де байқалынады. Кей көмекші есімдердің заттық мағынадан мүлде жүз беретін құбылыс екендігін алды, үсті, қарсы сияқты сөздер негізінде дәлелдеуге болады (Олар туралы жоғарыда айтқанбыз).
Көмекші сөздердің дамуында екінші бір тілдің де ықпалы болуы ықтимал. Бұл процесс түрлі тілдерде түрліше болады. Мысалы, қазақ тіліндегі кейбір көмекші есімдердің мағынасының қалыптасуында бұл ықпал анық байқалынады. Орыс тіліндегі под лозунгами, под руководством сияқты тіркестерді аудару нәтижесінде қазақ тілінде ұранның астында, басшылығы астында сияқты тіркестер пайда болған. Бұл сияқты калька жолымен сөз мағынасының дамуы тілшілеріміз тарапынан зерттелінген де болатын (45,54). Көрші тілдерден сөз алу арқылы да көмекші сөздердің қатары байыды. Бұл қазақ тілінде аз болса да бар. Мысалы тарап, хақында т.б. Ал өзбек тілінде болса олардың саны әлде қайда көп.
Сөздердің бір басқыштан екінші басқышқа өтуі ұзақ уақытты қамтиды. Сондықтан осы екі басқыштық арасын байланыстырып тұратын сөздердің болуы ықтимал. Мысалы көлеңке сөзін алып қарайық. Көлеңке, негізінен, зат есім. Бірақ үйдің көлеңкесінде отыр деген тіркесте көмекші есім қызметін атқарып тұр. Басы, қасы жаны сияқты сөздерден бұның айырмашылығы сол-көлеңке сөзі көмекші есім қызметінде жиі қолдыналмай, өзінің негізгі мағынасынан қол үзе қоймаған (Ол туралы өз алдына кейін сөз болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет