Көмекші сөздер ( Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларына, тіл мамандарына, студенттерге қосымша оқу құралы ретінде)


ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР ҚАТАРЫНА ӨТУ ЖОЛЫ



бет15/22
Дата14.12.2022
өлшемі245,77 Kb.
#57120
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
К мекші с здер ( аза тілі мен дебиеті о ытушыларына, тіл мама

ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР ҚАТАРЫНА ӨТУ ЖОЛЫ

Көмекші есімдердің тарихи категория екендігі анық. Олардың зат есімдерден семантикалық даму нәтижесінде қалыптасқандығы және шарттары туралы жоғарыда айтқан болатынбыз.Сол шарттардың бірі – сөз мағынасының солғындауы дерексізденуі.Сөз мағынасы және оның құрылымы мен мағынасының даму жолы арнайы зерттеуді талап етеді. Біз соның тек көмекші сөздерге байланысты жақтарын ғана сөз ету ниетіндеміз.Кез келген сөздің мағынасында жалпылау бар. Жалпылық сипатқа ие болмаған мағына не таным процесінің аясында, не гнесиологиялық бейне шеңберінде ғана қалып қояды(187). Сондықтан біз лексикалық мағына құрамындағы жалпылау мен грамматикалық мағынаның жалпылау дәрежесі аралығында айырмашылық бар деген пікірді мойындаймыз. Біздіңше атауыш сөздердің мағынасындағы жалпылау аяқталған, тұрақталған деуге болады. Кез келген сөз өз мағынасын ары қарай жалпылай, дерекіздене түсуге бейім тұрады, оған тек түрлі шарттардың болуы қажет. Біз бұны таным теориясымен адам санасының дамуымен тікелей байланыстыра қараудым жөн деп есептейміз.


Алғашқы адамдардың санасының онша дами қоймағандығы, тіл байлығының онша бай еместігі ғалымдар тарапынан түрлі дәрежеде сөз болып жүр. Уақыт өтуімен байланысты, адамзаттың күн көру мұқтаждығы нәтижесінде өздеріне түсініксіз болған түрлі табиғи құбылыстармен, заттармен бетпе- бет келуге мәжбүр болады. Бұл құбылыс бірнеше рет қайталана бергендіктен оның қарапайым сырын түсіне бастайды, оны пайдалана бастайды. Мысалы, алғашқы кезде адамдар тас, кесек, ағаш,су сияқты заттарды ұстап көреді, бірін- екіншісінен ажыратады. Ағаш басындағы қол жетпейтін жердегі жемісті алу үшін ағаштың, тас пен кесектің қажет екендігін аңғарады,соларды пайдалана бастайды. Судың тек сусынды қандыруға ғана жарамастан өртті, қатты сөндіруге де жарайтындығы уақыт өтумен байланысты біле бастайды. Кейбір заттардың бір нәрсеге ғана жарап қалмастан, бірнеше нәрсеге, әжетке жарайтындығын түсінеді. Мысалы, аң аулау үшін тас пен таяқтың (ағаштың), жерден қазған ордың пайдасы бар екеніндігіне көзі жетеді.Алып аңдардың жеке-жеке жүрген адамдар үшін қауіпті екендігін, олармен күресу үшін, азық-түлік жинау үшін бірігу қажеттігін түсініп, адамдар топ-топ болып, қауым –қауым болып жасай бастайды.Міне, бұл кішкентай болса да, адамдардың басының бірігуіне, адамзат қоғамының басталуына себепші болады. Тамақ үшін, адамзат тұқымының сақталып қалуы үшін болған күрес адамзатқа айналасындағы дүние сырын жете білуге,оның ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін қажетті болған тілдің дамуына жағдай жасайды. Адамзат санасының дамуы, әрбір пайда болған жаңа ұғым сол ұғымның атауы болатын сөзді не басқа бір нәрсені талап етеді.Осы атауға сөз болған мұқтаждық тілдің дамуының бірден-бір қорғаушы күші болып саналады.Әрине, әрбір пайда болған жаңа ұғым, түсінік жаңа сөз талап етсе де, жаңа сөз жасалына бермейді. Ол талапты қанағаттандырудың бірнеше жолы бар. Тіпті жаңа ұғымды білдіру үшін сол кезде бар байырғы сөздерді де пайдалануымызға да болады, кейде оны суреттеп, сипаттамалы жолмен де түсіндіреміз. Бұл қазіргі кезде де байқалынады. Мысалы, еш адам көрмеген бір затты сол адамдардың арасына алып келсе, адамдар оның өздеріне бұрыннан таныс(басқа заттарда бар) жақтарын, күнделікті өмірде қолданып жүрген заттармен ұқсастығы бар ма, жоқ па екендігін ,- ұқсастығы болса сол заттарды салыстырып көреді; сонымен байланыстырып атау береді. Алғашқы адамдар дәуірінде бұлай атау өте көп кездескен болуы ықтимал. Этимологиялық зерттеулер мен семантикалық заңдылықтар бұл пікірімізді дәлелдей алады.
Адамзат санасының дамуы нақтылы ойлаудан абстракты, дерексізденген ойлауға қарай бағытталады. Ал, сөзбен байланыстырып ойлауды Б.А.Серебрениковтың пікірінше вербольді ойлау – ойлаудың ең жоғарғы сатысы деп есептейміз. Дегенмен де вербольді ойлау да бірнеше сатыдан тұрады. Бұның төменгі сатысы мен жоғарғы сатысының арасында өте үлкен айырмашылық бар. Вербольді ойлауды мойындаушылар адам ойы, санасы мен тілі өте тығыз деп есептейді. Ойлау қаншалықты қарапайым болса тіл де сондай қарапайым болады. Сондықтан да алғашқы кезде адамдар бір затты екінші бір затқа сәл ұқсастығы болса механикалық түрде көшіріп, сол атаумен атай бастаған. Мысалы, ағаштың ешқандай басы жоқ, яғни ағашта көз, құлақ, шаш орналасқан мүше жоқ. Бірақ адамның басы оның жоғарғы, ішкі қасиеті жағынан емес, орналасқан орны жағынан, мүше болғандықтан ағаштың, шөптің , таудың т.б. жоғарғы жағын бас еп атап, оған басы сөзін теліп айтатын болдық. Мысалы, Шөптің басы жел тұрмаса қимылдамайды(Мақал). Осы жолмен шың,жар, төбе сияқты тік (вертикаль) тұрған заттармен де тіркесіп, жардың басы, шыңның басы,төбенің басы деп те аталып жүр. Жар басына қонбаңыз, дауыл болса үй кетер (Бұқар). Бас сөзі – көп мағыналы сөз. Оның басқа мағынасының дамуына бастың басқа бір белгісі себепші болған.1 Бас сөзі тек затқа ғана телінбестен, көлденең жатқан заттарға байланысты да (судың басы, арықтығ басы, бұлақтың басы ), екі жағы аяқталған затпен де (жіліктің басы, ауылдың о басы мен бұл басы), тік заттардың аяқталатын жағымен байланысты да (таяқтың басы, аяқтың басы) тіркесіп қолданыла береді.
­­­­­­­­­­­­­1Көп мағыналы сөздің пайда болуы туралы, оның заңдылығы бұл еңбекте арнайы сөз болмайды
Бұндай мағынада бас сөзінің қолданылуын түркі тілдерінің семантикалық заңдылықтары арқылы түсіндіруге болады. Сондай сияқты іш сөзі де іші (живот, брюхо) жоқ зат атауларымен тіркесіп келіп, мағынасын тиянақтайды. Мысалы: үйдің іші, қаптың іші, үңгірдің іші, шелектің іші т.б. Бұл сөздің мағынасының ауысына түрткі болған нәрсе – адамда ішкі қуыс бір нәрсенің (тамақтың,сусынның) кіруіне мүмкіндігі бар кеңістіктің болуы. Осы соңғы мағына – кіруге болатын іш сөзінің және бір мағыналық реңкте қолданылуына себепші болған.Мысалы, оттың іші, орманның іші, торғайдың іші, судың іші т.б. Ауыз сөзінің мағынасы қуыс заттардан сыртқа шығатын не соған кіретін жиегі,ернеуі дегенді білдіреді. Нәтижеде қаптың аузы, ошақтың аузы, іннің аузы сияқты тіркестер қолданылады. Бұл сөздің басқа зат атауы ретінде қолданылуына себепші болған нәрсе – сол заттың сыртқы көрінісі. Шын мәнісінде біз ауыз дегенде адамның дене мүшесін - тіс, тіл, таңдай сияқты аппараттары бар, тамақ жейтін дене мүшемізді түсінеміз. Қаптың, іннің, ошақтың аузы дегенде жоғарыдағы аты аталған мүшенің бірде-бірі жоқ, әрі қызметі мүлде басқа екінші бір нәрсені түсінеміз т.б. Түркі тілдерінің тарихына тиісті материалдардың көрсетуінше, бұл сияұты тіркестер, зат атауларының ауысып қолданылуы өте ерте дәуірден басталған. Мысалы, Тамақ ыдук башда сукушдіміз « Мы сразились присвященной вершине Томаг» (ҚТ б-41) учинчи Чуш башында сокушдым «Третий раз ... я сразился на вершине Чуш» (Могиян -30). Нақ осындай тіркес ХІ-ХІІ ғасыр жазба ескерткіштерінде де кездеседі. Алдыңғы дәуірден айырмашылығы сол ХІ-ХІІ ғасырларда ол жиі қолданыла бастаған. Мысалы, Қонақ баші созракініг «тары басының дәнінің аз болғаны жақсы» (МК І,365). Қақлар қамуғ куларді (Тағлар баші ілаірді) «Сулар көбейіп, қақтар көлге айналды» (Таудың басы көрінді..)» (МК. І,189). Тақнің башіндін нерка чаліңлар еді. « Тау басынан жерге тастаңдар деді» (Тефсир). Кум кобті еннін ініні ташіңі қабсаді «Құм көтерілді, елдің (қаланың) ішіи, сыотын басты» (Тефир). Демек ерте кездегі адамдар басы, іші жоқ заттармен байланысты да бас, іш сөзін тіркеп қолданылған. Сөздердің бүлай ауыса қолданылуы қалай болса солай бола салатын құбылыс болмастан белгілі бір ішкі заңдылығына негізделетіндігі де анық. Жоғарыдағы ауыс мәнді қолданылу заттардың сыртқы ұқсастығына қарай яғни семасиологиядағы ұқсату заңдылығына негізделген (сөздердің көп мағыналығы туралы алдыңғы тарауларда сөз болған).
Қазіргі көмекші есім қызметінде қолданылып жүрген сөздердің барлығы да бір кездерде нақтылы, толық заттық мағынаға ие атауыш сөз болғандығы анық. Қазіргі этимологиялық зерттеулердің көрсетуінше олар, негізінен, адамның дене мүше атаулары болған сияқты. Адамның дене мүше атауларының қазір көп мағыналы болғанымен, ертеректе бір мағыналы сөз болғандығы анық. Адамның дене мүше атауларының сөздік құрамдағы басқа сөздерге қарағанда басты ерекшелігі сол – олар әрі нақтылы заттың қолмен ұстап көрсетуге болатын атауы, әрі күнделікті өмірде көп қолданылатын актив сөздер болып саналады. Бұған мысал ретінде, бас сөзін алып көрсетуімізге болады. Бас адамның дене мүшесі атауы болуымен бірге ол жан – жануардың да дене мүшесі болып саналады. Адамзаттың аң аулауымен, аңды қолға үйретумен байланысты оларда ауыз, көз, құлақ, ми сияқты мүшелері орналасқан, бірақ формасы жағынан да, орналасқан орны жағынан да сәйкес келе бермейтін мүшесін бас деп атаған. Нақ осындай белгісіне қарай (мүшелері толық болмаса да) бас жәндіктерге, шіркейлерге де байланысты қолданылады. Мысал, жыланның басы (құлағы,мойны жоқ), шыбынның басы (құлағы, аузы жоқ). Ал ағаштың басы, шөптің басы дегендегі бас сөзінің мағынасы жоғарыда мысал ретінде келтірілген екі бас сөзінің мағынасынан да жалпы, дерексізденген. Оларда бастың құрамында қолданылған басқа дене мүшелері жоқ, олар адам басымен тек орналасқан орнының сыбайластығы , сәйкестігі арқылы байланысып тұр. Қыстың басы, жаздың басы, істің басы дегендердегі бас сөзінің мағынасы мүлде дерексізденген, адамның дене мүше атауының мағынасынан мүлде алшақтаған, олар тек басталыну жағынан бірінші, алғашқы фазасы болуымен байланысып тұр. Соңғы екі мағынада заттық мағына мүлде әлсіреп, грамматикалық мағына жетекші мағынаға айналуға бейім тұр. Осы заттық мағынаның әлсіреуі бас сөзін көмекші сөз қатарында қолдануға жағдай жасаған. Бұл көп уақытты, бірнеше басқышты басынан өткізуі ықтимал. «Чрезвычайно любопытен механизм переход от конкретного значения к обобщенному и затем к служебной функции. Его можно представить так: выделяет слова, смыкающиеся одной стороной свого значения с группой слов, семантические связи которых образуют своего рода доменанту, давлящую над его конкретным словом, ср., например, баш «голова» (разряд высоких предметов) баш «вершина». Ясно что второе значение более абстрактно, чем первое. Отсюда уже возможно употроблена не только по отношению к живому существу или организму, но и к любому предмету», - деп А.М.Щербак ХІІ-ХІІІ ғасыр ескерткіштер тіліне қорытынды жасағын (300,184).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет