Байланысты: Концепт – когнитивтік лингвистиканы негізгі категориясы
Қорытынды Тіл - бірнеше элементтердің жиынтығынан тұратын жүйелі құбылыс. Оның жүйелігі құрамына енетін элементтердің бір-бірімен байланысын, бір- бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, біртұтастықты құрайтындығынан көрінеді. Тілдің жүйелік сипаты тілдің заңдылықтарын, мүмкіндіктерін ашып сипаттауда тіл ғылымында көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
Когнитивтік тіл білімі аспектісі тұрғысында «жүрек/heart» және «жан/soul» концептілерінің қазақ және ағылшын тілдеріндегі көрінісін зерттеу екі тілдің ішкі, сыртқы жүйелерінің ерекшеліктерін анықтауға мол мүмкіндік берді.
Диплом жұмысының кіріспесінде жалпы жұмыстың бағыт-бағдары, мақсат-міндеттері айқындалды.
Бірінші тарауда концептілер когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы ретінде қарастылып, зерттелу тарихы мен қазақ ағылшын тіліндегі айырмашылықтары сөз болады. Лингвистикалық когнитивизм негізінде жүрек, жан концептілерінің танымдық бейнесі анықталады.
Когнитивизм - адамның зердесін, ойлау қабілеті мен менталды әрекеттері және оның жай-күніп зерттейтін ғылыми бағыт екенін дәлелдей отырып, концептілердің мәнін ашуға ұмтылдық.
Когнитивтік бағыттың негізгі қызметі - дүниенің бейнесі белгілі бір жүйеде репрезентациялау болса, жүрек, жан концептілерін алғашқы түсініктен бастап, дамыған бай концептілік жүйедегі түсінікке дейінгі санадағы білімінің көрінісін нақты мысалдармен дәлелдедік. Демек когнигивтік тіл біліміндегі ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді репрезентациялау әдісін, заңдылығын, теориясын қолданыста көрсете алдық десек болады.
Сонымен қатар когнитивтік тіл біліміндегі дүние бейнесін модельдеуге, тілдік сананың құрылымын модельдеуге бағытталған үш деңгейлі психикалық әрекеттердің өзара қатынасынан туындаған нәтижесін де осы тарауда кеңінен сөз қолданылды. Журек, жан концептілерінің қалыптасу деңгейіндегі бірнеше мағыналық топтары анықталып, танымдық сипаты екі тілде салыстырыла- салғастырыла қарастырылды.
Екінші тарауда қазақ және ағылшын тілдеріндегі жүрек, және концептілерінің құрылымдық жүйелену ерекшеліктеріне мән беріліп, жүйеленді. Алдымен «жүрек/heart» және «жан/soul» концептілерінің ішкі және сыртқы құрылымдық жүйесі сараланып, кейін аталған концептілердің лексика- семантикалық топтары жіктелді. Екі тілдегі жүрек, жан концептілерінің құрылымын ұлттық мәдени реңктегі фразеологизмдер мен сөйлемдер, ақын- жазушы еңбектерінен, түрлі сөздіктерден мысалдар алу арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланды. Біздіңше, жүрек, жан концептілері негізінде туындаған лексика-семантикалық топтар - лингвистиканың зерттеу нысанының бірі ретінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі тілдік ерекшеліктерді, оның танымын, бейнесін анықтайтын құрылым.
Лексика-семантикалық топтарға жіктегенде «же «жүрек/heart» және «жан/soul» концептілері бір-бірімен тығыз байланыста болатын сөздердің бірнеше топтарынан тұратын өзіндік құрылымы бар, элементтері белгілі бір тәртіппен байланыскан жүйе Мұндай жүйелер ретінде тіл білімінде тақырыптық топтар лексикалық-семантикалық парадигмалар, лексикалық- семантикалық топтар, ҫемантикалық өрістер т.с.с. алынады. Аталған кіші жүйелер негізінде адам дүниетанымымен, мәдениетімен, өмір-салтымен танысуға мүмкіндік туады. Осы тұрғыдан келгенде, бітіру «жүрек/heart» және «жан/soul» концептілерінің тілдегі көрінісін жүйелеу, топтау тұрғысынан қарастырдым.
Сонымен, бітіру жұмысының нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады: жүрек/heart» және «жан/soul» концептілерінің тілдегі көрінісіне қатысты зерттеулердің барлығы концептілік жүйенің қызметі деп саналады. Біздің пікірімізше, дүниенің концептлік бейнесін көрсететін негізгі тірек концептілік жүйе. Концептілік жүйе ішкі және сыртқы құрылымдардан тұрады. Ішкі құрылымы концептіні танытуға бағытталған құрылымдары: фрейм, сценарий, ойсурет схема болса, ал сыртқы құрылымы - сөз, фразеологизм, метафора, сөйлем, тіркес т.б. Концептілік жүйе қалыптастыруда санадағы ішкі құрылымдар белгілі бір когнитивтік модельге салынып жинақталады. Сонымен қатар концептіні тану лексика-семантикалық топтарға жіктелу арқылы жүзеге асырылады.
Бітіру жұмысымда соңғы кезде қызығушылық туғызып жүрген концепт теориясының не екенін түсіндіріліп, тілдегі атқаратын қызметі айқындалды. Концепт табиғаты туралы айтылған зерттеушілердің пікірлеріне шолу жасалынып, оның сөз мағынасын зерттеуде беретін мүмкіндіктері мен бағыттары сөз етілді. Таным теориясының тілге қатысы анықталып, жүрек/heart» және «жан/soul» концептілерінің қазақ және ағылшын тілдеріндегі көрінісі қаралды.