Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет69/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Аа, Әә, Бб, Вв, Гг,Ғғ, Дд, Ее, Жж, Зз, 
Йй (Ии), Кк, Ққ, Лл, Мм, Нн, Ңң, Оо, Өө, Пп, Рр, Сс,Шш, Тт, Уу, Ұұ, Үү, Фф, 
Һһ (Хх), Ыы, Іі. 
Қай елдің жазу мәдениеті болмасын қандай да бір жаңа әліпбиге көшкен 
кезде оның емле-ережелері бірге жасалынады. Жоғарыда берілген әліпбидің де 
емле-ережелері жасалынды. Бірақ, мұнда да көңілге қонбайтын емле- 
ережелердің орын алғандығын айта кеткенді жөн көрдім. 
1957 жылдан бастап, бір дыбысты 2 әріп болып дауысты 
и, у 
мен дауыссыз 
й, у 
қалыптасқан болатын. Содан бері «қыйын, жыйын, тыйын, сыйпат, қый, мый 
т.б..» деген сөздерді «қиын, жиын, тиын, сипат, қи, ми» деп қате жазып келеміз. 
Себебі, «Қазақ тілінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді» деген ережемізге 
сәйкес жазылмайды. Екіншіден «Сөзді тасымалдағанда дауысты дыбыстан 
басталатын буын келесі жолға тасымалданбайды» деген ережемізге де қайшы 
келеді. Яғни, буынға бөлген кезде де осындай қателерге тап боламыз. Сонымен 
бірге мұндай негіздегі сөздердің айтылуы дұрыс болғанымен, жазылуында қате 
жазып жүрміз. Мысалы (жоба ретінде): 
сипат – syіpat (сыйпат), қиын – qyіyn 
(қыйын), ки – kɪi (кій), и – ɪi (ій), қиямет – qyіamet (қыйамет), ұят – ūіat 
(ұйат), ащы – aşşy (ашшы), күю – küіɪu (күйіу), тыю – tyіуu (тыйыу) 
сөздері 
курсив нұсқаларындай жазылуы керек (кейінірек толық беріледі). Өкінішке орай 
бұл мәселе қанша айтылса да әлі емле-ережелер қатарынан дұрыс шешімін 
тапқан жоқ. Осы мәселе түсінікті болу үшін оған кеңірек тоқталуды және нақты 
деректерді бере кетелік. Мәселен, Орхон-Енисей жазба мұраларымызда дауысты 
болсын, дауыссыз болсын И дыбысы жоқ, таңбасы да жоқ. Ал дауыссыз Й 
дыбысы жуан-жіңішкелігіне қарай 2 түрлі таңбамен таңбаланады. Кейбір 
дыбыстардың 10-12ге дейін әріп-таңбалары да бар, керсінше 2 немесе 3 дыбысқа 
ортақ 1 ғана әріп-таңба арналғаны да кездеседі және 4 қос дыбысты (лт,нт,нч,рт) 
бір-бір әріп-таңбамен берілетіндігін де білеміз. Бұл осы заманғы түркі-қазақ 
тілінің өзіндік ерекшелігі болып саналады. Көне ұйғыр әліпбиінде де дауысты И 
дыбысы да, таңбасы да жоқ. Бұл дыбыс араб әліпбиінен (ХІғ.) бастап қазақ жазу 
тарихымыздан орын алып отыр десек болады. Сонымен бірге 1303 жылы 
көне латынмен жазылған 
«Кодекс куманикусте» (Қыпшақ тілінің сөздігі) И дыбысы бар, оның басты 
себептері италян, неміс, парсы тілдерінде аудармалары қатар берілгендіктен 
және латын графикасында жазылғандықтан болып отыр. Жалпы орта ғасырда 
тілімізде И дыбысы болғандығы анық. Алайда біздің тілімізге орыс тілі арқылы 
енген кірме дыбыс И мен араб тілі арқылы енген кірме дыбыс И-дің фонемалық 
қызметі, мағынасы, орын тәртібі тең дәрежеде емес. Сонымен А.Байтұрсынұлы, 
С.Аманжолов, Е.Омаров, С.Мырзабеков, Р.Сыздықова, Ә.Жүнісбеков т.б. сынды 
лингвист ғалымдарымыздың қазақ тілінің заңдылықтарына сәйкес емес 
екендігін, кейбірі тіпті кеңес заманында орыс тілінің әсерінен жіберілген қате 


145 
екенін мойындап, түзететін күн туғанын, мүмкіншілік барын жазып, біздерге 
аманат ретінде айтып отырса да түзете алмай қиянат жасалынып отыр. 
А.Байтұрсынұлының 1928 жылы (Қазағыстан Білім ордасы 
мектебте 
қолданыуға ұйғарған) 3-рет баспадан шыққан «ӘЛІБ-БІЙ» жаңа құралында 
қазіргі жазуымызға үлгі болатындай мысалдары жеткілікті берілген. Мысалы: 
оқыйды, сыйақты, айырықша, жыйнал, ійлейді, кійіу, кійім, кійіз, ійт, ійлеген, 
ылғый, таныймын, тій десем тіймейді, тійме десем тійеді, сыйыр, жыйылыс, 
жійі, үрпійіб, жасатыу, оқыу, қойдырыу, сұуық, сұуат, ұлыу, сұлыу, жайау, 
қойыу, шұулау, айтыу, бойау, жеткізіу, ашыу, болыу, зыйанды, шарыуасын, 
жылыт, айақ, іреті, жайа, дайар т.б. 
[1]. А.Байтұрсынұлының бастапқы жазған 
еңбектерінде у-ға қатысты басқаша пікірі кездесетіні бар, бірақ кейінгі жазған 
еңбектерінде жіберген кемшін тұстарын өңдегенін байқаймыз. Сонымен бірге 
төте жазуынан кирилл жазуына ауыстырып көшірген кезде кейбір сөздерді қате 
жазғанын түпнұсқамен салыстырған кезде ап-айқын аңғарасыз. Қ.Жұбанов 
жоғарыда берілген А.Байтұрсынұлының жазу негіздемесіне қосылмағанын 
еңбектерінен білеміз. С.Аманжолов басында Қ.Жұбановтың пікірін қуаттап, 
кейін қателескенін мойындайды. Ғалым былай дейді: 
«1939- 1940 жылы қазақ 
жазуын орыс алфавитінің негізіне көшірумен байланысты қазақ тілінің емлесін 
(орфографиясын) де өзгерттік. Мұнда латын алфавитіне байланысты 
жасалған соңғы (1938) ережеден бірсыпыра өзгерістер бар. Соңғыны (орысша 
алфавит пен орфографияны) да жасаушы мен болғанымен, ертеректегі қатені 
соңғы кезде түзеу айып емес, қайта керекті іс деп білдім. Сондықтан да, сөз 
басындағы, сөз ортасындағы ый, ій жөнінде көп қарастырудың нәтижесінде, 
осы күнгі ережелер қабылданған болатын. Қазақ тілінің емлесі негізінде сөздің 
естілуіне қарай жасалған. Бұл құрғақ сөз емес, принцип, жол. Сондықтан «ый» 
естілген жерде жазбасқа болмайды» деп кезінде жіберіп алған қатесін түзеп, 
енді қыйын, жыйын, қыйсын, сыйқым, сыйық, тыйын, сыйын, қыйқым, қыйық 
болып жазу керектігін айтқан болатын 
[2]. Қазақ тілінің емле-ережесін 
жасаушылардың белді де беделдісі академик Р.Сыздықова осы мәселеге қатысты 
А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Ә.Жүнісбектердің оң пікірлерін айта отырып, 
кезінде қателік жіберілгенін мойындап, былай дейді: 
«Бұрынғы емлемізде 
жансақ танылған тұстар бар. Яғни Й,У дыбыстарын бірде дауысты, бірде 
дауыссыз деп танып келдік. Орыс тілінің үлгісімен Й дыбысын әрдайым 
жіңішке, У әрдайым жуан айтылады деп келдік. Сондықтан жіңішке 
айтылатын Й-дің алдынан Іі әрпін жазбай келдік: би, тиек, киім, биік, имек, 
ирек, иіс, ине. Алайда Й үнемі жіңішке айтыла бермейді: мый, сый, қый, жый 
т.с.с. Ій,ый, үу,ұу дыбыстарын жалаң и,у таңбаларымен беріп, оқыту ісінде, 
морфемалардың жігін ажыратуда, сөздерді буынға бөлуде, тасымалдауда 
елеулі қиындық келтіріп келді Ендеше 
тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілінің емлесін жасауда қазақ тілінің 
табиғатын, шынайы болмысын танытуымыз керек. Сондықтан жуан болып 
келген жерде ЫЙ (мый, мыйық, оқыйды, тасыйды, сый, сыйлау, сыйады, тый, 
тыйады, тыйылды т.б.), жіңішке болып келген жерде ІЙ (жібійді, ерійді, 
кемійді, тійеді, бійлейді т.б.) жазуымыз керек. Сол сияқты жуан айтылатын 
сөздерде ҰУ (сұу, сұуық, тұуыс, барұу, жұу, жұуық), жіңішке айтылатын 


146 
сөздерде ҮУ түрінде (гүу, гүуледі, келүу, жүрүу) таңбаланады» деп, ЙЫ,ЙІ 
дыбыстарына біткен етістіктерге көсемшенің -ый,-ій жұрнағы жалғанғанда, 
Й әрпі (байы+й – байый, байыймын, байыйсың байыйды; кейі+й-кейій, кейіймін, 
кейійсің, кейійді, ійійді, ұйыйды) жазылатындығын ескертеді 
[3]. 
С.Мырзабековтың 1999 жылғы «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» атты оқу құралында 
И мен У-ға қатысты пікір-ойы жоғарыда айтылғанмен үндеседі [4]. Тұңғыш қазақ 
лингвисі А.Байтұрсынұлының негізін жалғастырып, ғылыми тұрғыда И,У 
мәселесін ғылыми негізде оңтайлы шешкен, қазақ тіл білімінің фонетикасына 
қомақты үлес қосқан, ана тіліміздің жанашыры болған, латын негізді әліпбимізге 
қажырлы еңбек еткен белгілі фонетист ғалымымыз Әлімхан Жүнісбек екенін 
айта кеткен орынды [5]. Кезінде ғалымның ұсынысын қазақ орфографиясының, 
емле-ережесінің майталманы академик Рабиға Сыздықова қолдаса да, Ұлттық 
комиссияның жанынан құрылған Орфографиялық топта толық қолдау таппаған 
еді. Өз басым бүгін болмаса да ертең ғалымның ұсынысы келешек ұрпақ үшін 
ана тілімізге қиянаты жоқ емле-ережелер мен жазуға ыңғайлы, тиімді де тәуелсіз 
"қазақы" әліпби жасауда ескеріледі деген үміттемін. Бұдан ары қарай басқа да 
ғалымдарымыздың пікірлерін келтіруді жалғастырмай, жоғарыда айтылған 
пікірлердің негізінде жаңа емле-ережеде кеткен кемшілікті түзетуге жеткілікті 
деп қанағаттанайық. 
Қорыта келе «Жаңа әліпби негізіндегі Қазақ тілі емлесінің ережелері» атты 
жобаның 7-параграфына қатысты мынадай негізді ұсынамыз: Осыған дейін 
И- 
мен жазылып келген «қиын, жиын, тиын, тиін, ми, ки, би, ти, и, жи, ши т.б.» төл 
сөздер жаңа емле-ережеде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет