Конференция материалдары


«Ел болғанымызға ХХ ғасыр болды»



Pdf көрінісі
бет71/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

«Ел болғанымызға ХХ ғасыр болды» 
деп келсе, онда 
қойылмайды. Ал егер 
«ХХІ-ғасыр еліміздің өркендеуіне маңызды міндеттер 
жүктейді» 
деп келсе, онда дефис қойылғаны дұрыс. Егер ережеге сәйкес дефис 
қойылмайтын болса, онда мына тәріздес сөйлемдердің қайсысы қандай мағынада 
берілгенін бірден айыру қиынға соғады. Мысалы: 
ХХІ ғасырда еліміз қандай 
болмақ? ХХІ ғасырда еліміз қандай болмақ? 
Яғни, берілген сөйлемдерді 
ХХІ 
ғасыр өткен соң 
деген мағынада ма әлде 
ХХІ-ғасырда 
ма? Міне, осы сияқты 
сауатсыздық болмас үшін ережеге сәйкес реттік сан есімнің 
- ыншы (-інші) 
қосымшасының мағынасында келсе дефиспен жазуымыз керек. Сол сияқты араб 
цифры да контекстік мағынасына қарай бірде дефис қойылады, бірде 
қойылмайды. Мысалы: 
«Мектеп бітіргеніме 20 жыл болды» 
дегенде 
қойылмайды. Ал 
«Мен мектепті 2015-жылы бітірдім» 
деген сөйлемде 
қойғанымыз дұрыс сияқты. Сонымен бірге реттік сан есімдер 
«том, тарау, 
тармақ, тарауша, бөлім, рет, секция, параграф т.б.» 
сөздермен келгенде де, 
дефиспен жазылу-жазылмауы контекстік мағынасына қарай ескерілгені жөн. 
Жалпы Цифрды 
грек 
немесе 
араб 
деп бөліп-жармай, ортақ ереже ретінде 
«Реттік сан есімнің -ыншы (-інші) қосымшасы түсірілген немесе 
жазылмаған жағдайда оның орнына дефис қойылады» 
деп беруіміз керек [6]. 
Сөз соңында айтарым жоғарыда латын негізді әліпбиіміздің әріптері мен 
емле-ережелеріне қатысты айтылған кемшіліктер қоғамда қызу талқыға түсіп, 
бұл әліпби де сынға ұшырап, әлемдік және қазақ қоғамында өзінің қызметін 
атқара алмады және тағы да жетілдіре түсуді қажет етті. Соның нәтижесінде 
әліпбилер қайтадан қаралып, жетілдіріліп мемлекет басшысына умлаут 
нұсқадағы латын негізді әліпби ұсынылған көрінеді. Өкінішке орай, бұл әліпби 
қоғамда болып жатқан жағдайларға байланысты бекітілмей кейінге шегеріліп 
келеді. Қалай дегенмен де соңғы бекітілген 2018 жылғы 19-ақпандағы латын 
графикалы Қазақ әліпбиіне және жасалған емле-ережелеріне қатысты кемшін 
тұстары ортаға салынып, пікір-ұсыныстарымыз дәйектеліп, мысалдармен 
түсіндірілді. Жалпы латын графикасына көшу: біріншіден еліміздің алға қарай 
дамуындағы басты қадамы, болашағы, екіншіден жер шарының жартысына 
жуығы латын графикасында жазатынын ескерсек, ғаламтор арқылы ақпараттану 
көзі кеңейіп, ана тіліміз халықаралық сипат алатыны сөзсіз. Сонымен қатар басы 
артық әріптерден арылып, емле-ережелеріміз біршама жақсаратын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет