«қыйын, жыйын, тыйын, тійін, мый, кій, бій, тій,
ій, жій, шій, сый, тый т.б.»
деп жазуылуы керек. Себебі, орыс тілі арқылы енген
«сироп, символ, синтез, синоним, синолог, синоптик, митинг, минерал, министр,
минус, мирас, мизам, тир, титан, тиран, иран, икон, т.б.»
тәрізді кірме
сөздердегі
И
мен қазақ тілінің төл сөздерінде қате жазылып жүрген
«қиын, қиғаш, қиқ, қиқым, қилы, қиыр, қию, сипат, сиқыр, сирақ, сирек, сию,
жиын, жиде, жинақ, жиі, жию, тиын, тиін, тиек, тию, тиянақ, тиіс, миғұла,
мият, мипалау, киім, киік, киіз, шипа, ширақ, ширек, шикі, шимай, шиыршық,
бипыл, бикеш, билік, бие, биыл, ине, имек, ирек, игі, иір, иіс, ми, қи, ки, би, ти, и,
жи, ши т.б.»
тәрізді сөздердегі
И-ді
қазақ тілінің заңдылығымен салғастырып
қарағанда бірдей емес, сәйкес емес, тепе-тең дәрежеде емес. Мысалы:
«қыйын,
қыйғаш, қыйық, қыйт (етсе), қыйқым, қыйлы, қыйыр, қыйыу, сыйпат, сыйқыр,
сыйрақ, сійрек, сыйыу, жыйын, жійде, жыйнақ, жійі, жыйыу, тыйын, тійін,
тійек, тійіу, тыйанақ, тійіс, мыйғұла, мыйат, мыйпалау, кійім, кійік, кійіз,
шыйпа, шыйрақ, шійрек, шійкі, шыймай, шыйыршық, быйпыл, бійкеш, бійлік,
бійе, ійне, іймек, ійрек, ійгі, ійір, ійіс, мый, қый, кій, бій, тій, ій, жій, шій т.б.»
Сонымен бірге аталмыш параграфтың Ескертуіне де мынадай негіз
ұсынамыз: Йy,йі әріп тіркестеріне аяқталған етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы
жалғанғанда, Р.Сыздықтың жоғарыда ұсынған ережесі бойынша жазылғаны
дұрыс:
baıуıdy, keıіıdi, moıуıdy.
Келесі бір мәселе, ол «Реттік сан араб цифрымен берілсе, оның түсірілген
-
ыншы (-інші)
қосымшасының орнына дефис (-) қойылады,
рим цифрымен
берілсе, дефис қойылмайды
» деген ережеге қатысты мынадай ұсынысым бар:
147
Егер контексте:
Достарыңызбен бөлісу: |