Конференция материалдары


Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры



Pdf көрінісі
бет4/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, 
э.ғ.к. Сырлыбаев М.Қ. 



ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС БАЯНДАМАЛАРЫ 
 
ӘӨЖ 81-26 
Джусупов Маханбет 
Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университеті, 
Ташкент,Өзбекстан 
АХМЕТ БАЙТУРСЫНОВ ФОНЕМОГРАФИЯСЫНЫҢ ӘЛЕМ 
ФОНОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ОРНЫ 
 
Еңбекте Ахмет Байтұрсыновтың әлем фонологиясындағы, әлем 
лингвографиясындағы орны, ғылыми теориясының устанымдары, ерекшеліктері, 
дыбыс-сингармофонема-әріп-сингарможазылым мәселелері қарастырылады. 
Ахмет Байтұрсынов осы заман әлем тілтанымында, тілге оқыту 
әдістемесінде тұнғыш болып сингармофонологиялық алфавитті, орфографияны 
(араб жазуының негізінде) дүниеге келтірді. Араб жазуының реформалары 
бұрын да болған парсы тілдерінің мамандары жағынан, бірақ нағыз ғылыми 
биік 
реформа 
деңгейінде 
Евразия, 
Европа, 
Америка 
мамандары 
А.Байтурсыновтың сингармониялық алфавитімен орфографиясін қабылдады 
(Е.Д. Поливанов, Н.Ф. Яковлев, А.А. Реформатский, Р.О. Якобсон,...). Араб 
жазуының бұл реформасының негізгі жаңалығы мына зыңдылықта: сөз қалай 
дыбысталса – солай жазылады, қалай жазылса – солай оқылады. Яғни жазылым 
түркі тілдерінің сингармониялық орфоэпиясына бейімделді (қазақ тілінің 
материалы мысалында). Сингармониялық жазу, көне түркі орхон-енесай 
жазуында да болған, бірақ xx ғасырдың басында ол жазуды мамандар да, халық 
та пайдаланбаған. Ол жазу түркі тарихының ұлы олжасы болып кеткен. 
А.Байтұрсыновтың сингармофонологиялық жазылымды дүниеге келтірудегі 
негізгі устанындары, орындау әдістері төмендегідей: 
1.
Жұан, жіңішке сингармофонемаларды, сөздерді айырып жазу. 
2.
Жұан, жіңішке сөздерді айырып жазу ушін жаңа таңба ендіру 
(дәйекші). 
3.
Жаңа таңба (дәйекші) сингарможіңішке дыбысталатын сөздің 
басында орналасады. 
4.
Әріп бір сүрет болып жазылады. 
5.
Сингармофонема жазуда бір таңбамен белгіленеді (диграф, 
полиграфтар болмау керек). 
Ахмет Байтурсынов әлем фонологиясында бірінші болып оның 3 негізгі 
уғымдарын айтып кетті: 
1.
Позиция ұстанымы (1912ж.). Бұл фонологиялық ұстаным Москва 
фонология мектебінің теориясына 1945 жылы ендірілді. 



2.
Фонема 
(сингармофонема) 
өзінің 
позициялық 
дыбыстар 
жиынтығынан құралады (1912ж.). Бұл фонологиялық ұстаным Москва 
фонология мектебінің теориясына 1945 жылы ендірілді. 
3.
Тілдің дыбыс жүйесі дәстурлі тілтанымында 2 түрлі дыбыстардан 
тұрады (дауысты, дауыссыз). А.Байтурсынов кебір тілдерде тілдің дыбыс жүйесі 
3 түрлі дыбыстардан турады деп анықтады (дауысты, дауыссыз, сонант). Сонант 
фонема сөздің бір позициясында бұын жасайды, яғни дауысты (ба-ру, ке-лу), 
басқа бір позициясында бұын жасамайды, яғни дауыссыз (бау, деу). 
Зерттеу барысында лингвистикалық жазылым әдісі, салыстырмалы әдісі, 
индуктивтік және дедуктивтік әдістер қолданылды. Сол арқылы еңбектің 
қорытындыларының теориялық және тәжрибелік маңызы айқындалды. 
ӘӨЖ 81.81-13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет