Педагогикалық диагностиканың формалары: жеке-дара, топтық, сыныптық.
Әдістемелік кеңестің практикалық бөлімінде жас мамандар тәжірибеде қолданатын Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда сынау,
тексеру,бақылаудегенмағынаныбілдіреді. Тест - дегеніміз оқушылардың білім деңгейін
анықтауға қажетті тапсырмалар жиынтығы. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз- өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді.
Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр.
1917 жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден беске дейінгі алты балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес балдық жүйе қабылданды. Оқу нәтижесін балл бойынша бағалау әрқилы көзқарастар туындатты
1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: “өте
жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық”, “жаман”, “өте жаман” – енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталды. 1944 жылдың қаңтарынан оқушы білімі
мен тәртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.
Бағалаудағы қателіктер
Мектеп пен жоғары оқу орындарындағы баға қоюдың субъектив қателіктері төмендегідей: – кең пейілділік, орынсыз жомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі
қойылады. Оқушыларды бағалаудағы “жомарттықтың” шектен асқан, бүгінгі күнде мектеп тәжірибесінен арылуы қиындық тудырып отырған формасы - “проценттікке” жүгіну (процентомания). – оқушыға болған ұнамды не кері
қарым-қатынас күйін бағалауға, бағаға өткізу; – көңіл-күйге орай баға қоя салу; – орташа бағалау ұстанымында болу (“екілік” не “бестік” бағаларды
қоймау); – жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен оқушылар бағасын тізіп
салу); – өткендегі бағаға жақындау бағаны қоя салу (мысалы, оқушының өткендегі “екілігінен” кейін оған бірден “бестік” баға беру мұғалім үшін қиын сияқты); – баланың тәртібіне қойылатын баға пән үлгеріміне
ауыстырылады; – бағаны әсіре көтеру не себепсіз төмендету және т. б.