Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні


Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тәжірибелік, компьютерлі (машынды) қадағалау және өзіндік қадағалаулар қолданылуда



бет69/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тәжірибелік, компьютерлі (машынды) қадағалау және өзіндік қадағалаулар қолданылуда.


Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тәжірибелік, компьютерлі (машынды) қадағалау және өзіндік қадағалаулар қолданылуда.

  • Ауызша қадағалау – оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол шәкірттердің білім, ептілік және дағдылар деңгейін айқындауға,

сонымен бірге оқушының материалды баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін процестер мен төңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін байқауға, өз пікірін білдіру мен дәйектеу және қателікті көзқарастарға қарсы тұрып, дәлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.

  • Жазбаша қадағалау – жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, бақылау жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп

беру ж. т. б.) орындау формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау әдісі барлық оқушылар білімін бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді,
алайда жазба жұмыстары көзден өткізіліп, бағалау көп уақытты талап етеді.

  • Тәжірибелік қадағалау – оқу, тұрмыс және өндірістік ептілік, дағдылардың қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының орнығуын анықтауда пайдаланылады.



Педагогикалық диагностикаға негіз болатын ақпарат сипаты төмендегідей бөліктерден тұрады:


  • 1. Оқушылар үлгерімі:

  • - оқушылар үлгерімінің жалпы пайызы;

  • - үлгерім сапасының пайызы;

  • - орта тоқсандық балл;

  • - оқушылардың оқу-танымдық біліктерді меңгеру сапасының пайызы;

  • - оқушының сынып ұжымындағы мәртебесі.



    1. Критериалды бағалау жүйесінің қағидаттары, мақсаты мен міндеттері


Критериалды бағалау жүйесі бағалау рәсімдерінің сапалылығына, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және әр оқушының оқудағы
қажеттілігіне бағытталған. Бағалау ұғымы латын тілінде «assessio» деген сөзбен беріледі. Оның мағынасы «бірге отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде мұғалім оқушымен «отырады», оқушының рәсімді қолдануы үшін ғана емес, рәсімді онымен бірге және ол үшін өткізеді. Сондықтан,
критериалды бағалау жүйесінің негізгі басымдықтары оқушыларды дамыту, олардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, бағаға қатысты
қобалжуын, қорқынышын бағалау рәсімдеріне қатыстыру және түсіндіру арқылы азайту болып табылады. Егер анық және өлшенетін бағалау
критерийлері болса, әр оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болса бұған жетуге болады.
Нақты жасалған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да мыналарды түсінетін болады:

  • Оқушы оқудың қай сатысында?

  • Ол өзі оқуда неге талпынады?

  • Оның оқуда күтілетін нәтижелерге жетуіне көмектесу үшін не істеу қажет?

Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлері негізінде
оқушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпараттар алу және оны оқу үдерісін әрі қарай жетілдіру үшін мүдделі барлық қатысушыларға ұсыну болып табылады.
Критериалды бағалаудың міндеттері:

  1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін объективті және айқын бағалау жүйесінің қызмет етуі.

  2. Халықаралық тәсілдемелер мен стандарттарға сәйкес бірыңғай, сапалы бағалау механизмдерін құру.

  3. Бағалау әрекетінде мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру.

  4. Оқушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру және оларды өз бетінше оқу дағдыларына дағдыландыру үшін жағдай жасау.

  5. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру.

  6. Оқушылардың күтілетін нәтижелерге жетуін бағалау үдерісін, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларын (талдау, жинақтау, бағалау)

автоматтандыруға және дербестендіруге мүмкіндік беретін тапсырма үлгілері қорын құру.

  1. Объективті, үздіксіз, анық ақпараттарды ұсыну: оқушыларға олардың оқу сапасы туралы, мұғалімдерге оқушыларының ілгерілеуі туралы, ата-аналарға оқу нәтижесіне жету деңгейі туралы, басқару органдарына ұсынылатын білім беру қызметінің сапасы туралы.

  2. Жинақтау үдерісін белсендіру және ақпараттар ұсыну үшін электрондық журналды қолдану.

  3. Мемелекет, облыс, аудандық барлық мектептер, жеке мектептер, әр оқушы деңгейінде бөлімдер мен тақырыптар аясындағы оқу бағдарламаларын

меңгеруге қатысты мониторингті қолдану.

  1. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру және басқарушылық тиімді шешім қабылдау үшін зерттеу және талдау жүргізу. Критериалды бағалау оқу үдерісінде белгіленген қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады (1-сурет).


Білім беру сапасын арттыру үшін ынталандырушы орта құру арқылы тиімді бағалау жүйесін жасауда келесі негізгі жағдайларды қамтамасыз ету қажет: Білу деңгейінен бағалау деңгейіне дейін - Б.Блумның таксономиялық тәсіліне сәйкес нақты күтілетін нәтижелерге бағытталған және оқу мақсаттары


жүйесін жүзеге асыратын стандарт пен оқу бағдарламаларын құрастыру (Кіріктірілген білім беру бағдарламаларын, пәндер бойынша оқу
бағдарламаларын қараңыз). Білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды өткізудің тәртібін анықтайтын нормативтік-құқықты қамтамасыз ету. Бұл бірыңғай стандарттар
құрастыруға, нақты рәсімделген механизмдерді жасауға, барлық рәсімдерді жүзеге асыруға және үйлестіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді (Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта Оқу мен бағалаудың өзара байланысы Дамуға бағыттылық Анықтық пен қолжетімділік Үздіксіздік Объективтілік, айқындық және валидтілік Бағалау баланың өз оқуы мен дамуында қай тұста екенін, қалай жақсы жетістікке жетуге болатынын түсінуге мүмкіндік береді Дер кезінде және пайдалы ақпараттар ұсыну мақсатында бағалау үнемі
жүргізіледі Бағалау сапалы өткізіледі және барлық талаптарға жауап береді Мұғалімдер мен оқушыларға бағалаудың қалай өткізілетіні түсінікті,
нәтижесі анық және қолжетімді Оқу бағалауды, ал бағалау оқуды анықтайды және дамытады білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық
бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларының 3-тарауы.
Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібін қараңыз). Басқарудың ұйымдық құрылымын анықтайтын және бағалау жүйесін енгізу мен
үйлестіру кезінде есеп жүргізетін ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Аталған жағдайды жүзеге асыру аясында бағалау үдерісінің мониторингісін жүйелі өткізу (жиынтық бағалау мәліметтері негізінде өткізіледі және қосымша іс- шараларды талап етпейді), бағалау жүйесінің тиімділігін зерттеу және
бағалау үдерісінің қатысушыларының пікірін танып білу мәселелерін қарастыру қажет. Көптеген ұйымдастырушылық және басқарушылық
қызметті жүзеге асыруды критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілері жүргізеді (Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты қараңыз). Өңірлік
үйлестірушілер қалалық/аудандық білім басқармасы әдіскерлері ішінен,
мектеп үйлестірушілері жалпы білім беретін мектеп директор орынбасарлары арасынан анықталады. Бағалау бойынша үйлестірушілердің міндеттерінің бірі озық істәжірибені зерделеу, талдау, енгізуге бағытталған педагогтердің
кәсіби қоғамдастығын дамыту болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет