КерідизайнМұғалімнің әрекетіндегі «оқу мақсаттары – сабақ – бағалау»
реттілігі классикалық болып келеді. Алайда білім беру үдерісін жобалаудың заманауи моделі аталған позицияны білім, ептілік, дағдыларды меңгеру мен бағалаудың (нені үйретіп және нені бағалау арасындағы қарама-қайшылық)
арасындағы сәйкессіздіктің жоғары қаупін ескере отырып қайта қарастыруды қажет етеді. Кері дизайн – бұл негізгі критерийі мазмұн (контент) емес,
жоспарланған оқу нәтижелері болатын [Велединская, Дорофеева, 2014] білім беру үдерісінің педагогикалық жобалаудың арнайы технологиясы. Тәжірибе көрсеткендей, мұғалім алдымен бағалау үдерісінің оқу мақсатарын анықтап, жобалап және қарастырғаннан кейін жоспарлау және оқушыларды оқыту
әрекеті тиімді екенін көрсетті.
Кері дизайн технологиясы аясында білім беру үдерісін жобалаудың үш кезеңін жүзеге асыру көзделеді [Wiggins, Tighe, 2008]:
кезең: мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни, «Оқушы нені білуі, түсінуі және жасай алуы қажет?» деген сұраққа жауап беру;
кезең: лайықты дәлелдерді анықтау, яғни, «Оқушылардың қалаулы нәтижелерге жетуі мен оның стандартқа сәйкестігінің дәлелі не болып табылады?» деген сұраққа жауап беру;
кезең: оқу мен оқушылардың нәтижелерге жету үдерісін жоспарлау.
Мұғалімге толық оқу-әдістемелік кешенді (оқу бағдарламалары, оқу
жоспарлары, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерінің жинағы, мұғалімдер мен т.б. үшін жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстары) алдын ала ұсыну кері дизайнде «оқу бағдарламасы – бағалау үдерісі – оқу мен оқыту» білім беру үдерісін жобалауға мүмкіндік береді. Бұл оқу үдерісін оқу мақсаттарына жетуге бағдарлауға, ал бағалау оқу
қорытындысы бойынша күтілетін нәтижеге сәйкестік дәрежесін орнатуға мүмкіндік береді.
Оқудың әлеуметтік-конструктивистік теориясыКритериалды бағалау жүйесі оқудың әлеуметтік-конструктивистік көзқарасына сүйенеді.
Оқытудың әлеуметтік-конструктивистік теориясы жеке-тұлғалық, ұжымдық, топтық оқыту үдерісінде әлеуметтік құрылымдардың пайда болуына ерекше назар аударады. Дэвис және Херштің (1981) ойынша, оқуға конструктивистік көзқарасы бар мұғалім оқу мен бағалау білім мен дағдыны дамытуға
бағытталғандығын түсінеді. Білім мен дағды танымның келісілген саласы ретінде қарастырылады, яғни, оқушы сылбыр білім алушы және бағалану нысанасы болуды тоқтатып, аталған үдерісті «құраушы/жасаушыға»
айналады. [Davis, Hersh, 1981]. Пиаженің (1967) конструктивистік теориясына сәйкес, оқушылар нені таныды, нені жасауға үйренді, қандай дағдыларды меңгерді деген негізде өз түсінігін құрушы адам ретінде
қарастырылады [Piaget, 1967]. Яғни, оқуды жаңа ақпаратты түсіну және
оқушының тәжірибесін трансформациялау үшін қолдану қажет [Выготский, 1966]. Бұл оқушылардың өз дағдыларын дамытуға, оларды болашақта
рефлексия арқылы негізгі қағидаттарды абстракциялау көмегімен қолдануға мүмкіндік береді [Darling-Hammond, Wentworth, 2010].
Оқудың әлеуметтік-конструктивистік теориясына сәйкес оқушылардың ойлауын дамыту әлеуметпен (социуммен) өзара үйлесімді қарым-қатынас
жасау есебінен қамтамасыз етіледі, яғни, «бар» білім әртүрлі дереккөздерінен (мұғалім, құрдасы, оқу ресурстары) «алынған» біліммен өзара әрекеттесіп
«абсалютті жаңа» білім құрайды. Оқытудың әлеуметтікконструктивистік теориясының идеясына негізделген бағалау, көптеген елдерде түрлі деңгейде кеңінен қолданылатын, қалыптастырушы бағалау тәжірибесін өзектілігін
арттыруға мүмкіндік береді.