Оқу мақсаттарының таксономиясы Оқу мақсаттары оқушылардың ілгерілеуін көрсету үшін тиімді пайдаланылуына болады. Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары ерекше маңызды, өйткені олар
критерийлерді түсінікті анық және жеңіл формада құрастыруға мүмкіндік береді.
Əр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары оқушылардың пәнді меңгеруде дамытуы қажет білім мен дағдыларын анықтайды. Осы дамытуды бақылау және күтілетін нәтижелерді анықтау үшін Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында Б.Блумның таксономиясы қолданылады. Б.Блум таксономиясы оқу бағдарламаларында негізгі бағыт болып табылады.
Оқу мақсаттарының таксономиясы [Bloom, 1956] ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды:
Білу – өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды растау.
Түсіну – материалды бір формадан екінші формаға ауыстыру, материалды интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау.
Қолдану– жаңа білімді, әдістерді және ережелерді басқа түрде (нұсқада) қолдану.
Талдау – біртұтас нысанды, оның болмысын жақсы түсіну және меңгеру үшін ұсақ бөліктерге ажырату.
Жинақтау (синтез)– жекеленген түсініктерді тұтас түсінік ретінде біріктіру үдерісі. Жаңа үлгіде элементтерді түрлі әдістермен қиыстыру немесе баламалы шешімдер ұсыну арқылы ақпаратты жүйелеу.
Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде нысанның жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да
сипаттарын анықтайтын үдеріс.
Таксономиялық тәсіл бағалау критерийлерін оқу мақсаттары ойлау
дағдыларының таксономиясы деңгейлеріне сәйкес құрастыруға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде бағалау критерийлері ойлау
дағдыларының деңгейлері бойынша үш топқа бөлінген: білу және түсіну; қолдану; жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау және бағалау).
Сөйлеу әрекетінің теориясыТілдік пәндерді оқыту сөйлеу әрекеттерінің [Зимняя, 1973] толық сипаттарын меңгеріп, өз бетінше қалыптастыру тұрғысынан жүзеге асырылуы қажет. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері келесі
дағдыларды қамтиды: ақпаратты еске түсіру дағдысы ретінде – айтылым мен жазылым, сондай-ақ, ақпаратты қабылдау дағдысы ретінде – тыңдалым мен оқылым.
Бағалау критерийлері аясында тілдік пәндер үшін ұсынылған МЖМББСнда сөйлеу әрекеттері дағдылары бойынша күтілетін нәтижелерге сәйкес оқушылардың не істей алатыны, коммуникативтік тілдік
құзыреттіліктері қандай мақсатта тексерілуі қажет екендігі анықталады.