Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет73/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
математика о ә

Жақын арадағы даму аймағы Жақын арадағы даму аймағы – бұл Л.С.
Выготский енгізген, «баланың қойылған міндеттерді өз бетінше шешу қабілеті анықталатын дамудың нақты деңгейі және үлкендердің немесе
қабілетті құрдасының көмегімен күрделі тапсырманы шеше алу қабілеті
анықталатын дамудың әлеуеттік деңгейі» [Выготский, 1978] арасындағы аймақты білдіреді.
Осылайша, қалыптастырушы бағалау үдерісінде оқушыға мұғалім немесе қабілетті құрдасы қолдау көрсеткен кезде оның дамуы жақын арадағы даму аймағында өтеді.
Скаффолдинг теориясы Скаффолдинг теориясы Л.С.Выготскийдің жақын арадағы даму аймағы түсінігімен тығыз байланысты, оқыту ең әуелі,
когнитивтік емес, әлеуметтік, тұлғааралық деңгейлерде болады деп
есептеледі. Аталған дәйектерге қарамастан, Л.С. Выготский «скаффолдинг» терминін ешқашан қолданбағанымен [Stone, Clark, 2001], ол адамның
когнитивтік дамуындағы әлеуметтік өзара әрекеттің маңызды рөлін атап көрсеткен.
Білімді толық меңгеру теориясы Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы [Bloom, 1968] жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушы нәтижелерінде 90% айырмашылықты түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайды. Бірінші фактор оқушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, оқу үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін
диагностикалауды көздейді. Бұл нәтижелердің қорытынды айырмашылығын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Екінші фактор оқуды ынталандыруға ерекше әсер ететін, алғашқы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық қолдау көрсетуді көздейді. Нәтижесінде
қорытынды жетістігінің айырмашылығын 25%-ға дейін қысқарту мүмкін болады. Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады.
Осылайша, қорытынды нәтижелері тағы 25% ерекшелікті қысқартуы мүмкін. Білімді толық меңгеру теориясы жиынтық бағалау кезінде балдарды есептеу әдістемесі мен баға қою механизмін анықтаудың негізі болып табылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалаудағы балдардың түрлі әсер етуі тоқсанның соңына дейінгі қорытынды бағаны жақсартуға мүмкіндік береді. Демек, тоқсан барысында оқушылар алғашқы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық жұмыста төмен балл алса, онда қорытынды нәтижені жақсарту мүмкіндігі сақталады. Осылайша, критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негіздері оқыту және бағалау үрдісінде оқушы тұлғасының когнитивті, аффективті
және әлеуметтік салаларының даму ерекшеліктері есебін (тіркеуді) қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет