Бизнестің табыс алып келетінін біз қалай анықтаймыз?
Кез келген кәсіпкер үшін төменде қарапайым формула көрсетілген:
Табыс – Шығын = Пайда
Табыс – тауар немесе қызметті сату арқылы келетін түсім;
Шығын – тауарлар мен қызметті дайындау және сату нәтижесінде көтерген шығыстар;
Пайда – еңбекпен табылған ақша саны;
Бақылау сұрақтары:
1.Сіздің идеяңызға ақша қажет пе?
2.Сіздің өндіріс саласында тәжірибеңіз бар ма?
3.Сізде сату дағдысы қалыптасқан ба? Қалай сату керек екенін білесіз бе?
4.Идеяңыз сіз қызмет көрсететін нарықтық сегментте жаңа немесе жаңашыл идея болып табыла ма, немесе бар идеяларды жалғастыру ма?
5.Сізден кім сатып алатынын білесіз бе?
4-Тақырып. Бизнес-модель құру.Инновациялық бизнес-модельдер. Бизнес-модельді трансформациялау.-2сағат.
Дәріс жоспары
1. Бизнес-модель үлгісі.
2. 9 блоктың сипаттамасы.
3. Инновациялық бизнес-модельдер.
Біз жиі керемет идеяларды ойымызда жасаймыз, бірақ олар серіктестердің арасында жауап таба алмайды, өйткені біз оларды дұрыс бөлісе алмаймыз. Бұл мәселені барлығына түсінікті ортақ тіл шешуге тиіс. Канвас бизнес-моделі-бұл бір қағаз бетінде жобаның сипаттамасын жасауға, оны талдауға және күшті және әлсіз жақтарын табуға мүмкіндік беретін құрал.
Канва бизнес үлгісі -тоғыз бағандардан тұратын кесте. Олардың барлығы өзара логикалық байланысты, әр бағанның сұрақтарына жауап беру керек.
Әдістіойлаптауқан,швейцария бизнес-талдаушысыАлександр Остервальдер.
Бақылау сұрақтары:
1. Бизнес-модель үлгісін кім ұсынды.
2.Блоктар арасындағы байланыс қандай?
3. Бизнес-модель құру (мысал ретінде).
5-Тақырып. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің салық режимдерінің ерекшеліктерімен мемлекеттік қолдауы-2сағат.
Дәріс жоспары
1.Салық түсінігі және салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар.
2. ҚР салық жүйесі.
3. Шағын бизнес субъектілеріне арналған салық салу.
4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.
5. Кіші және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
6. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы.
Салық -мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат.
Достарыңызбен бөлісу: |