Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: 22.11.2016ж Бөлімі: көркем жазу
Тақырыбы: Уу әрпін жазу
Мақсаты: у дыбысын таныстыру, у дыбысы бар сөзді оқуға, у әрпін жазуға үйрету.У дыбысы кейде дауысты, кейде дауыссыз болатынын түсіндіру. Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу Балалардың калиграфиясына назар аудару.
Міндеттері: Балалардын қолын жазуға жаттықтыруға, ұқыптылыққа баулу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Балапан дәптерін дайындау, тақпақ жаттау.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, жазуға баулу.
.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру-іздестіру
Рефлексивті – түзетушілік
Шаттық шеңбері:
Қуан ,шаттан балақай!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
1– тапсырма
Негізгі бөлім:
Тау, ту, уық, науа, аудың суреттерін
көрсетіп, олардың аттарын айтқызу.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Уық –кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш.
Науа – малдың су ішуіне , жем, тұз жеуіне арналған үлкен, ұзынша астау.
Осы сөздердің бәрінде у дыбысының кездесетінін айту.
У әрпінің жазба түрімен таныстыру.
У әрпін ауада жазғызу
Дәптермен жұмыс
Балалар сендер жазу жазбастан бұрын денелеріңді тік ұстап дәптерлеріңді көлбеу қойып қолдарыңа қаламдарыңды алыңдар.
балапан дәптеріндегі Уу әріпі бар бетті ашыңдар.қаламды дұрыс ұстап,әдемілеп жазыңдар.
2– тапсырма
«Ойлан тап» дид. ойыны. Ойын шарты Уу дыбысы бар сөздерді ойлап тауып, буынға бөліп, текшеден сөз құрау.
Тіл ұстарту.
У-у-у
Желбірейді біздің ту
Сергіту сәті
Дәптердегі тапсырмаларды орындау:
«Балапан» дәптерімен жұмыс
Қорытынды: балалар жазған жазуларын мұғалімге көрсетеді, мұғалім тиісті бағаларын қойып мадақтайды.
Қызығушылық білдіреді.Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді.