Куанжанова кундыз тугелбаевна



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата30.03.2017
өлшемі2,06 Mb.
#10604
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Пікір-талас« Сіз қандай бағытпен дамып келесіз?» 
Сабақ алдында оқытушыларға келесідей сҧрақтар қойылады: 
1.
 
Тұлғалық даму деген ұғымды қалай түсінесіздер? 
2.
 
Кәсіби әрекетте дамуға әсер ететін жағдайлар? 
3.
 
Неліктен адам ӛзін дамытуы қажет? 
4.
 
Кәсіби даму мен тұлғалық дамудың айырмашылықтары? 
Жоспар: 
1.
 
Даму. Дамудың кезеңдері 
2.
 
Кәсіби әрекеттегі тұлғалық даму және оның маңызы  
3.
 
Кәсіби дамудың  кезеңдері 
Пікір-талас: «Сіз қандай жолмен дамып келесіз?» 
Миға  шабуыл:  «Тұлғалық-кәсіби  даму  үшін  оқытушы  қандай  істермен 
айналысу керек?» 
Қорытындылау 
Кҥн 12.  
Мақсаты: 1. Ӛзін-ӛзі басқару, ӛзін-ӛзі түзету, ӛзгеру икемділігін дамыту; 
2.  Тұлғалық  және  кәсіби  дамудың  күнделікті  іс-әрекетте  жағымды 
қатынасын қалыптастыру; 
3. Шығармашылық ӛзін кӛрсету қабілетін дамыту;  
4.  Ӛмірді  саналы  жоспарлау  және  осы  жоспарларды  жүзеге  асыру 
қабілетіне сенімді қалыптастыру. 
Қыздыру сәті: «Молекулалар» жаттығуы 
Топ мүшелері бӛлмеде еркін қозғалады. Кейін бір-бірлерімен соқтығысқан 
реттерін  санай  отырып,  арқаларымен  алға  қарай  қозғала  бастайды.  Топ 
жетекшісінің  бұйрығымен  қатысушылар  айтылған  санға  сәйкес  адамдармен 
бірігіп,  «молекуланы»  құрау  керек.  Кейін,  қозғалыстарын  жалғастырып,  топ 
жетекшісінің бұйрығын күтеді («екі», «бес», «он екі»). 
«Ӛзім туралы мақтаулар» жаттығуы 
Нҧсқау:  «Парақ  алып,  денеңізді  бос  ұстап,  тынышталуға  тырысыңыз, 
қажет  болса  айнаға  қарауыңызға  болады.  Ӛздерімізге  мақтаулар  жазайық. 
Жақсылық,  денсаулық,  іс-әрекеттерімізге  сәттілік  тілейік.  Шығарманың 
формасы 5-10 сӛзден құралған ӛлең немесе шығарма түрінде де болуы мүмкін. 
Қатысушылар ӛздерінің әсерлерімен бӛліседі.  
Ҥйге  тапсырма:  «Ӛздеріңізге  әдемі  мақтаулар  жазып,  қажет  болса 
фотосуретті жиектемеге  салып,  кӛрінетін жерге іліп  қойыңыз.  Күнде  таңертең 
мақтауларды ойша немесе дауыстап оқу қажет. Оқу барысында кӛңіл күйіңіздің 
жоғарылап,  ӛмірлік  күштің  сізді  баурап,  қоршаған  әлемнің  жарық,  қуаныш 
сыйлап жатқан айналадағы құбылыстарды сезініңіз».  
«Мен неге ҥйрендім» жаттығуы 
Келесі аяқталмаған сӛйлемдері жазылған плакат ұсынылады: 
-
 
Мен үйрендім ...  

139 
 
-
 
Мен... ... екенін білдім.  
-
 
Мен ... ... дәлел таптым, себебі ... .  
-
 
Мен ... анықтадым.  
-
 
Мен ... таң қалдым.   
-
 
Маған ... ұнады.   
-
 
Менің ... ... кӛңілім толған жоқ.   
-
 
Мен үшін ... .... маңызды. 
ТЖ:  Топта  жұмыс  жасап,  үйренген  дағдылары  туралы  ойлануларын 
сұрайды.  Плакаттағы  кез-келген  аяқталмаған  сӛйлемді  еркімен  таңдауға 
болады. 
«Чемодан» жаттығуы 
Топтың  бір  қатысушысы  бӛлмеден  шығады,  қалғандары  шыққан 
қатысушы үшін ұзақ жолға «чемодан» дайындайды. Чемоданға шығып кеткен 
оқытушының  тұлғалық  және  кәсіби  ӛсуіне  мүмкіндік  беретін  жағымды 
мінездемелер салынады. Сонымен қатар, аталған адамға жағымсыз әсер ететін 
және оның болашақта жұмыс жасап, түзетуді қажет ететін қасиеттерге қатысты 
пікірлер айтылады.  
«Хатшы»  таңдалады.  Ол  парақты  тігінен  екіге  бӛліп,  «+»,  «-»  белгілерін 
қояды. Жақсы чемодан дайындау үшін әр жаққа 5-7 сӛзден кем емес қасиеттер 
жазылады. Кейін топтағы қатысушы оралып, дауыстап тізім оқылады. 
Кеңес!   Ӛмірлік мақсат 
1  -  қадам.  «Мен  ӛмірден  не  алғым  келеді»  атты  сұраққа  5-10  минут 
уақытыңызды бӛліңіз. Кӛп ойланбай, алғашқы келген барлық идеяларды жазып 
алаңыз.  Содан  соң  2-3  минуттың  ішінде  тізімге  тағы  қосатын  пікірлерді 
анықтаңыз.  
2  -    қадам.  Тізімнің  ішінен  алдағы  үш  жылыңызды  арнайтын  мақсатты 
таңдаңыз. Содан соң тағы тізімді толықтыруға немесе ӛзгертуге болады.          
3  -    қадам.  Алдағы  алты  айда  орындауды  қажет  ететін  мақсатты  бӛліңіз. 
Содан соң тағы тізімді толықтыруға немесе ӛзгертуге болады.          
4  -   қадам. Мақсаттардың  нақты  құрылғанын қараңыз.  Уақыты және  жеке 
ресурстары қаншалықты сәйкес келеді.  Содан соң тізімді толықтыруға немесе 
ӛзгертуге болады.   
Тұлғалық  ӛсудің  негізгі  қағидаларының  бірі:  тұлғалық  тиімділікті 
жоғарылату жүйесін ӛз қолыңызбен құру, - дейді Роберто Ассаджиоли. 
Роберто Ассаджиоли ұсынған тұлғалық дамудың моделіне назар салайық: 
1-ші кезең: Ӛзін қалайтын «Меннің» идеалды моделін таңдау; 
2-ші кезең: Барлық энергетикалық ресурстарды конструктивті қолдану; 
3-ші  кезең:  Жеткілікті  дамытылмаған  сапаларды  толықтыру  немесе 
дамыту. Ол: Ішкі жол – ӛзін-ӛзі сендіру. 
Сыртқы  жол  –  іс-әрекет  арқылы  қалыптастыру  және  қажетті  сапаларды 
нығайтудан тұрады. 
4-ші  кезең:  Тұлға  құрылымының  үйлесімділігі  (жеке  ноталардан 
біріктірілген  әдемі  күйді  шығару  немесе  таңдаған  идеалды  «Мен»  моделіне 
сәйкес түрлі сапаларды ӛзіне бағындыру) 

140 
 
  «Студентті 
ӛзін-ӛзі 
дамытуы 
үшін 
қалай 
қызығушылығын 
қалыптастыруға болады? (кейс-стади) 
«Тренингке қатысу Маған не берді» әңгіме қҧру 
Қорытындылау. «Рахмет айту» жаттығуы 
Нұсқау:  Қазір,  бәріміз  топта  жүре  бастаймыз.  Барлығымыз  бір-бірімізге: 
«Рахмет,  Сенімен  жұмыс  жасау  маған  ұнады  және  жеңіл  болды!»  -  деп,  қол 
алысамыз.  Осы  қарапайым  сӛйлемді  ғана  айтамыз.  Артық  сӛздерді  қосуға 
болмайды.  Жаттығудың  ережесі:  топтағы  бір  қатысушының  қолын  алған  соң, 
екінші қолымен басқаның қолын ұстағанда ғана бірінші адамның қолын жібере 
аласыз. Басқаша айтқанда Сіз үздіксіз топ мүшелерімен байланысты болуыңыз 
керек. 
II.  2.  Аталған  міндеттердің  тиімді  шешілуі  оқытушылардың 
мотивациясына тәуелді.  
Мотивациялық  аспект  оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін 
дамыту  бойынша  тұрақты  мотивациясын  және  қызығушылықтарын 
қалыптастыруды жүзеге асырады.  
Психотехнологиялық  бағдарламаны  оқытушыларға  ұсыну  барысында 
келесідей мотивациялық факторлар анықталды: 
Тұлғалық-кәсіби  ӛсу,  даму  туралы  білімдердің  жеке  ӛмірімізде  алатын 
орны; 
Тұлғалық-кәсіби ӛсу арқылы ӛз ӛмірінің басшысына айналу; 
Ӛз  ӛміріміздің  басшысына  айналып,  кәсіби  іс-әрекетте  оң  нәтижелерге 
жету; 
Тұлғалық-кәсіби  тұрғыдан  ӛзін-ӛзі  белсендіру  арқылы  психологиялық, 
физиологиялық денсаулықты дамыту. 
Аталған  мотивацияның  нәтижесінде  оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерін  дамытуға  қажеттіліктерін  қалыптастыра  отырып,  білім  алушы 
субъектілерінің  тұлғалық-кәсіби  ӛзін-ӛзі  дамуы  үшін  үйлесімді  орта  құруына 
мүмкіндік жасауға үлесімізді қоса аламыз. 
II.  3.  Мазмұндық  құрылым.  ЖОО  оқытушыларының  тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерін 
дамыту 
үдерісінің 
мазмұнын 
анықтайды. 
Аталған 
құрылымпсихологиялық  әсер  етудің  әдістері,  формасы,  құзыретті  жүргізуге 
қойылатын талаптардан тұрады. Ол тұтас үдерісті реттеуге және басқару үшін 
дамыту  бағдарламасының  мазмұны  мен  кезеңдерді,  сабақтың  құрылымы, 
ұстанымдары, ережелері мен дамытушы-түзетуші бӛлімді қамтиды.   
Жүргізілетін  шараларда  қолданылатын  әдістер:  оқыту  дәрістері,  қыздыру 
ойындар,    психотехнологиялық  жаттығулар,  топтық  дискуссиялар  және 
тренингтер. 
 Оқыту  дәрістері –  белгілі  мәселе бойынша  теориялық-ғылыми  тұрғыдан 
талдау  жасау,  сипаттау,  дәрістің  тақырыбына  байланысты  негізгі  тірек 
ұғымдарына анықтама беру. 
 Қыздыру  сәті  –  топ  жетекшісінің  сабақ  алдында  топ    мүшелерінің 
белсенділігін  арттыру,  аталған  сабаққа  оқытушылардың  қызығушылықтарын 
ояту, жағымсыз эмоциялық күйлердің (мазасыздану, үрей, қорқыныш) деңгейін 

141 
 
тӛмендету.  Қыздыру  сәті  сабақ  тақырыбына  кіріспе  болатын  ойындардан 
тұрады. Тиімді жұмыс үшін қыздыру ойындарына терең, мағыналы ой беретін 
немесе ойлануды қажет ететін жаттығуларды ӛткізбеген дұрыс. 

 
-  Топтық  дискуссия  –  кез-келген  мәселені  жан-жақты  қырынан  кӛруге, 
ӛзара  ұстанымын  нақтылап,  жаңа  ақпаратты  қабылдауда  туындаған 
кедергілерден арылуға, қарама-қарсы пікірлер туындаған шақтағы ортақ шешім 
қабылдау  үшін  топ  қатысушыларының  қарым-қатынасын  ұйымдастыру  тәсілі. 
Аталған  жаттығу  оқытушыларды  шынайы  жағдаяттарды  талдауға,  тыңдау 
икемділігі  мен  қоршаған  ортамен  ӛзара  қарым-қатынас  жасауға  баулиды, 
мәселелердің түрлі шешілу жолдарын кӛрсетеді. 
-  Психотехнологиялық  жаттығулар  –  бейсана  деңгейдегі  жағымсыз 
сезімдер  мен  ойларды  шығаруға,  анықтауға  кӛмектеседі,  адекватсыз 
эмоционалды  реакцияларды  жойып,  ӛзге  адамдардың  ерекшеліктерін  дұрыс 
қабылдауға, ӛзін-ӛзі тануға, ӛзін-ӛзі реттеуге үйретеді.  
Зерттеу  жұмысымызда  «Миға  шабуыл»,«Ашық  кеңістік»,  Кейс  стадии, 
«Интегратор»,  «Рӛлдік  ойын»,  «Сегіз  қадам»,  «Алты  телпек»,  «Қарым-
қатынасты үйлестіру» технологиялары қолданылды [171, 183]. 
«Миға  шабуыл»  технологиясы.  Аталған  технологияның  негізгі  идеясы  – 
ойға келіп түскен идеялардың санын шектемей және оларды сыни тұрғысынан 
бағалауға жол бермеуге уйрету. 
Оқытушылар 4 – 10 адамнан тұратын топшаларға біріктіріледі. 
Миға шабуыл технологиясы үш кезеңнен тұрады: 
Қатысушыларға  шешімін  табуды  қажет  ететін  педагогикалық  іс-әрекетте, 
жеке  ӛмірде  орын  алатын  мәселені  шешуге  байланысты  тақырып  немесе 
ситуация беріледі. 
Миға шабуыл үдерісі ӛтеді.  
 
Міндеті: мәселеге байланысты барынша кӛп идеялар алу. Мұндағы басты 
ереже:  кез-келген  тіпті  ақылға  сыймайтын, қате идеялар да  қабылданады,  сын 
тұрғысынан бағалау  қабылданбайды.  Керісінше, кез-келген  ойға  түскен  дүрыс 
және  дұрыс  емес  пікірлерді  бағалау  қажет.  Мұндай  жағдайда  шығармашылық 
үдерістерді  стимулдау,  қолдау  қажет.  Топ  жетекшісі  шараның  жүргізілуін 
белсендіреді, эмоционалды қыздырады. 
Талдау кезеңі. Алынған идеялар санымен (n= ... ...) анықталады. 
Ең кӛп идеяларды айтқан топ жеңіске жетеді. 
 «Ашық  кеңістік»  технологиясы  (АКТ)  Аталған  технология  топтардың 
немесе  тұлғалардың  кәсіби  іс-әрекетте  тиімді  жұмыс  жасауына,  тұлғалық-
кәсіби дамуына, ӛмірлерін саналы талдауға және мәселелерді шешу дағдысын 
қалыптастыруға, жетілдіруге кӛмектеседі. Тұлғаның әлеуетін толық ашуға және 
қажетті жағдайда пайдалануға септігін тигізеді.  
АКТ-ның  ұстанымы  «Екі  аяқты  заңдылық»  бойынша  жұмыс  жасайды: 
«Егер сіз жұмысыңызға пайдалы үлесіңізді қоса алмасаңыз немесе бір нәрсеге 
үйрене алмайтын жағдайға тап болсаңыз, онда екі аяғыңызды пайдаланып, оны 
жүзеге асыра алатындай ортаға (жерге) ауысыңыз».  

142 
 
Кейде ӛзіміз жағымсыз жағдайдан, сезімдер мен күйлерден арыла алмасақ 
та,  бірақ  ойымызды,  жанымызды,  рухымызды  басқа  жерге  ауыстыруымызға 
болады.  
АКТ-ның 4 қағидасы (кейде оларды ӛмірдің фактілері деп атайды): 
1.
 
Кім келсе де – бұлар дұрыс адамдар; 
2.
 
 Қандай жағдай болмасын – бұл бізбен ғана басқаша болуы мүмкін 
емес жағдай; 
3.
 
 Ол қашан басталса да, бұл дұрыс уақыт; 
4.
 
 Ол аяқталса, демек уақыттың да таусылғаны. 
Аталған  қағидалар  топтың  бойында  бар  тұлғалық  қасиеттерді  жағымды 
бағалауға шақырады.  
АКТ  ӛту  барысы:  аталған  технологияны  ӛткізу  үшін  алдын  ала  тақырып 
дайындалмайды.  
АКТ келесідей басталады: тапсырыс беруші  – шараны ұйымдастырушы  – 
әдетте  сӛзді  бастап,  кейін  сӛзді  фассилитаторға  береді.  15  минут  ішінде 
шараның  ӛту  барысы  туралы  айтады  және  топтың  қатысушыларын  шараға 
қатысу  үшін  қызығушылықтарын  оятады.  Топ  мүшелерімен  ӛзекті  немесе 
қызықтыратын тақырып анықталады және  қатысушылар шеңберге жиналады. 

 
 Фассилитатор  кез-келген  адамның  сессияда  жұмыс  жасауы  үшін 
тақырып тандай алатынын айтады. Қатысушылар шеңбердің ортасына шығып, 
парақтың  бетіне  ӛздерінің  атын  және  тақырып  жазу  ұсынылады.  Бұл 
қатысушының  тақырыпты  таңдауға  үлес  қосқаны  және  нәтижесі  жазбаша 
таңдалған тақырып үшін жауапкершілік алғанын білдіреді.  

 
 Кез-келген  қатысушы  топқа  тақырыпты  ұсынып,  парағын  алдын  ала 
дайындалған «Қоғамдық хабарландыру тақтасына» іледі. 

 
 Кейін 
ӛздері 
құрған 
топтарда 
мәселені 
шешуге 
кіріседі. 
Қатысушылардың  уақыттарын,  кеңістіктерін,  энергияларын  бақылау  ӛздеріне 
тапсырылады.  

 
 Жұмыс аяқталған соң, есептер «Қызу жаңалықтар» деп аталатын тақтаға 
ілінеді. Бұл қатысушылардың пікір-талас нәтижелерімен танысу үшін қажет.  

 
Қорытынды кезеңінде қатысушылар шеңберге жиналып, үйренгендерімен 
бӛліседі немесе ӛздерінің жеке пікірлерін айтады. 
АКТ  нәтижелері:  нәтижелер  жиналыстың  міндеттеріне,  ұзақтығына 
байланысты шешіледі. Аталған технологиядан байқауға болады: 
1. ЖОО оқытушыларын мазалайтын сұрақтар анықталады. 
2. Сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі бар. 
3. Топтағы пікір-таластың нәтижелері «Есептер кітабында» кӛрініс табады. 
4. Байланысты сұрақтар біріктіріледі. 
5.Кейінгі іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті адамдар анықталады. 
«Интегратор» технологиясы.Жаңа немесе қарама-қайшы ақпараттардың 
барлық танымдық деңгейлерін қабылдауға кӛмек береді.  
Ӛту  барысы:  Әр  қатысушыға  ӛздері  таңдаған  түсініктерге  байланысты 
келесі сұрақтар қойылады: 
1.Бұл не? (оны қалай түсіндіресіз?) 

143 
 
2. Мен мұны қайдан білемін? 
3.  Кейін барлық сезім  мүшелеріне  байланысты  аталған  түсінікке  қатысты 
сұрақтар қойылады. 
- мен оны қалай кӛремін? 
- ол қалай тындалады? 
- сол кездегі менің сезімім? 
- түсінікке байланысты ассоциациялық қатарлар жазылады. 
4.Алынған материалдарды жинақтау. 
Топта  4  оқытушыдан  құралған  топшалар  құрылады.  Солай,  нәтижесінде 
түсінікке  анықтама  беріледі.  Топтар  арасында  түсініктің  анықтамасына 
қатысты сұрақтар қойылады және жауаптар алынады. 
Психологиялық кеңес беруде аталған технологияны қолданған тиімді.  
Кейс  стади  технологиясы.ЖОО  оқытушыларының  бойына  шынайы 
немесе  жалған  оқиғалардың  негізінде  жаңа  сапалар  мен  біліктілікті 
қалыптастыруға арналған қысқа мерзімді интерактивті технология. 
Мақсаты:  топты  тыңдауға,  ақпаратты  талдауға,  туындаған  мәселенің 
негізгісін  бӛліп  алуға,  бағдарламалық  іс-әрекеттерді  бағалауға,  дұрыс 
шешімдерді табуға үйрету.  
Технологияны ӛткізу барысында нақты бір жағдай бейнеленеді. Оқытушы 
мәселемен танысып, оны шешудің тәсілдерін анықтауы қажет.  Бұл технология 
қолданбалы  кәсіби  міндеттерді,  кейбір  тұлғалық  мәселелерді  шешуге 
дайындайды  және  ӛзге  технологиялармен  бірігіп,  кәсіби  іс-әрекетті  табысты 
жүзеге асыруға тұлғалық қасиеттерді белсендіруге мүмкіндік береді. 
Жағдайларды  талдау  технологиялары:  Жағдайларды  талдау  –  мәселелі 
жағдайлармен жұмыс істеу.  
Мұнда  келесі  сұрақ  туындауы  мүмкін:  «Біз  әрдайым  түрлі  жағдайларды 
талдаймыз, бұл үшін арнайы технологиялардың қажеті неде?». Мұның себебі - 
талдаудың нәтижелі болып шығуында.                                                                                                                       
Жағдайларды  талдау  технологияларының  бірнеше  әдістері  бар,  срлардың 
тиімді 3 түріне тоқталамыз: 

 
 «Сегіз қадам»  - күрделі жағдайлардың шешімін табу мен талдау. 

 
 «Алты  телпек»  -  маңызды  шешім  қабылдау  қажеттілігі  туындайтын 
жағдайларды талдау. 

 
 «Тәуекелдің  бағасы»  -  тәуекелді  бағалау  қажеттілігін  талдау  және  оған 
қарсы құрал табу. 
«Сегіз  қадам»  технологиясы.  Берілген  технология  Мин  Басадурдың 
қағидасына сүйенеді.  Шешімі күрделі мәселені топ болып шешуге бағытталған 
әдіс. Мұнда мәселенің шешімі кӛрсетілмейді, технология жүзеге асыру ретімен 
8  қадам  бойынша  топ  іс-әрекет  етеді.  Нәтижесінде  топ  мүшелерінің  ойлары, 
пікірлері топтастырылады. 
Технологияны  жүргізу  уақыты  –  2-2,5  сағат.  Қажетті  құралдар:  тақта, 
түрлі-түсті  маркер.  Топ  мүшелері  жартылай  шеңберге  отырады,  ТЖ  тақтаның 
алдына тұрып, топтың ойларын жазып тұрады. 

144 
 
    Міндеті:  әр  қадам  сайын  мәселені  шешуге  арналған  талқылау  ретін 
нақты  әрі  дұрыс  ұйымдастыру  және  әр  қадам  сайын  топ  мүшелерінің  негізгі 
ойларын жазып алу. 
Бірінші қадам. «Тұманды ситуация» 
Негізгі  міндеті:  мәселені  топ  мүшелерінің  ойлары,  пікірлері  мен 
ұсыныстары  бойынша  құрастыру.  ТЖ  белгілі  тақырып  бойынша  мәселе 
ұсынып,  топ  мүшелерін  аталған  мәселеге  сәйкес  ӛздерінің  кӛзқарастарын 
білдіруін сұрайды. Эмоционалды сӛздерге тыйым салынады. 
Кейде кейбір топ мүшелері мәселені шешу бойынша ӛздерінің нұсқаларын 
ұсынады.  Сол  кезде  ТЖ:  «Құрметті  әріптестер,  қазір  біз  мәселе  бойынша  ӛз 
ойларымызды  ғана  айтамыз,  оны  шешпейміз.  Себебі,  біз  мәселе  жайлы  толық 
білмейміз  және  сіз  тым  эмоционалды  күйіндесіз.  Шешімге  сәл  кейін 
тоқталамыз. Дегенмен, ойыңызға рахмет!» - деп, одан әрі топтың іс-әрекеттерін 
қадағалайды. 
Талқылауға берілген уақыт: 10-15 минут. 
Барлығының ойларын тыңдалады.  
Екінші қадам. «Дәлелдерді іздеу» 
Қадамның міндеті: «Тұманды мәселе» қай жерде кӛрінеді?» - деген сұраққа 
нақты жауап беру. 
Енді  топ  мүшелерін  «эмоция  мониторингіне»  назар  аударту.  «Қадірлі 
әріптестер,  сіз  ӛз  ойларыңызды  эмоционалды  тұрғыда  айттыңыздар,  енді  тек 
қана дәлелмен сӛйлейік. «Эмоция мониторингі» жайлы ұмытпаңыздар. Тек қана 
проблемаға қатысты дәлелдер. Әрбір дәлелді мен тақтаға жазып отырамын». 
Проблемалар  анықталған  барлық  дәлелдер  тақтаға  жазылған  соң,  топ 
мүшелеріне:  «Құрметті  әріптестер,  біз  сіздермен  барлық  дәлелдерді  жинадық, 
тағы бір мәрте оқып шығыңыз, кейін осы «проблемалар болмаған жағдайда не 
болар  еді?»  -деген  сұраққа  жауап  беріңіз.  Әрбір  айтылған  сӛздеріңізді  мен 
жазып отырамын» 
Талқылауға берілген уақыт: 10 минут. 
Проблеманы суреттеуді жалғастырамыз, «тұманды құрылым»:  
Осы проблемалар болмаған жағдайда: 
Ӛміріміз тыныш болар еді; 
100% алдын-ала тӛлемді тӛлемеуіміз мүмкін; 
Жұмыс сапасы жоғары болар еді
Үшінші қадам. «Проблемаларды анықтау» 
Міндеті: проблемаға белсенді құрылым беру. 
ТЖ  топ  мүшелеріне  үшінші  қадамға  ӛткендерін  айтады  және  шешілген 
проблеманың  бейнесін  сипаттайды,  алдында  қойылған  сұраққа  берілген 
жауапты  қайта  оқып  шығуларын  сұрайды.  Кейін    проблеманың  шешілуінде 
қауіп жоқ па? Содан соң, сіз топқа «Неге бізде осындай қауіп бар?» - деп сұрақ 
қояды. Сосын, қауіптің пайда болу себебі мен шешілген проблеманың бейнесін 
ұштастырып, оған жағымды құрылым ойлап табады. 
Кейін,  топқа  проблеманың  «тұманды  құрылымы»  оқылып,  оны  қазіргі 
құрылыммен  салыстыру  ұсынылады.  Мысалы:  «Басында  қандай  проблеманы 

145 
 
шешуге  тырыстық,  қаншама  энергия  жоғалтқанымызды  кӛрдіңіздер  ме?  Ең 
алдымен,  проблеманы  дұрыс  құрастырып,  кейін  ғана  оны  шешуге  кірісуге 
болады.  Сонымен,  қазір  келесідей  бейнеде  анықталатын  проблеманың 
шешімімен жұмыс істейміз...» 
Талқылауға берілген уақыт: 25 минуттан кӛп емес. 
Проблеманы анықтау: ең маңызды қадам, себебі, проблема дұрыс құрылса, 
топ мүшелері әрі қарай не істеу керектігін біледі. Проблема бірнеше кезеңдерге 
бӛлінеді.  Бұл  жағдайда  топ  проблеманың  бүгін  шешілетін  жағын  және  қалған 
проблеманы қашан шешетіні жайлы жоспар құрады. 
Тӛртінші қадам. «Идеялар жолын құру» 
Міндеті: неғұрлым кӛп идеялар айту және оның шешу жолын табу. 
Бірақ, қаншалықты «ойға сыймайтын» болса да идеяларды бағалауға болмайды. 
Талқылауға берілген уақыт: 20 минуттан кӛп емес. 
Бесінші қадам. « Бағалау және жіктеу» 
Міндеті:  идеялардың  жіктеу  кӛрсеткіштерін  анықтау  және  оның 
шынайылығын бағалау. 
Талқылауға берілген уақыт: 10-15 минуттан кӛп емес. 
Алтыншы қадам. «Шешім бейнесі» 
Міндеті:  жүзеге  асырылған  практиканың  неғұрлым  шынайы  сценариін 
құру. 
Талқылауға берілген уақыт: 10 минуттан кӛп емес. 
Жетінші қадам. «Іс-әрекет жоспарын құру» 
Міндеті:  таңдалған  сценаридің  практикасына  бағытталған  нақты  жоспар 
құру. Ыңғайлы болу үшін тақтаға немесе ватманға келесідей кесте толтырыңыз: 
 
Не 
істеу керек? 
Кім 
оны істейді? 
Қашан 
істеу керек? 
Қалай 
істеу керек? 
Қайда? 
Ойлағанды 
жүзеге 
асыруға 
арналған  іс-
әрекеттер  мен 
іс-шаралар 
тізімі. 
Әр 
іс-шара 
кезінде 
оған 
жауапкершілікті 
адам 
тағайындалады. 
Әр  іс-шараның 
нақты  мерзімі 
кӛрсетіледі. 
Әр  іс-шара  үшін 
керекті  құралдар, 
сызба 
нұсұалар 
жасалынады. 
Іс-шара 
болатын  орын 
анықталады. 
 
Сегізінші қадам. « Іс-әрекет және оның бағасы» 
Бұл  қадам  жүзеге  асырылған  практика  мен  келесі  іс-әрекетті  бағалау. 
Нәтиже  шыққаннан  соң,  топ  қайта  шеңберге  жиналып,  келесідей  сұрақтар 
қойылады: 
 Күткен нәтижеге жеттіңіз бе? 
 Сценариді жүзеге асыру үдерісінде қандай қиыншылықтар кездесті? 
 Барлық қиындықтар мен қауіптер басында айтылды ма? Жоқ болса, неге? 
 Сценариді жүзеге асыру үдерісінде қандай жаңалықтар ашылды? 
 Топтық  тәжірибе неге үйретті? 

146 
 
«Алты телпек» технологиясы. Берілген технология Эдвард Де Бонаның 
ұсынған  қағидаларына  негізделген.  Маңызды  шешім  қабылдау  қажеттілігі 
туындағанда  топпен  жүзеге  асырылады.  Мәселенің  шешімі  неғұрлым  дұрыс, 
объективті болуы үшін ситуацияны жан-жақты қараған дұрыс. Бұл жерде «жан-
жақты» дегеніміз «телпектер»: 
Ақ телпек тек нақты дәлелдермен, сандармен, оқиғалармен жұмыс істеуге 
үйретеді.  Ақ  телпек  ойды  бұзатын  эмоциялардан  арылуға,  объективті  болуға 
кӛмектеседі. 
Қара  телпек  проблеманың  шығуын,  жағдайдың  жағымсыз  жақтарын 
кӛруге үйретеді; қауіпті бағалауға мүмкіндік береді. 
Сары  телпек  керісінше,  жағдайдың  дұрыс  жағын,  ресурстарды  ашуға 
кӛмектеседі; жағдайдың «жағымды» жағын кӛрсетеді. 
Қызыл  телпек  проблеманың  шығуын,  жағдайды  ашық,  эмоционалды 
түстерде кӛруге мүмкіндік береді; жұмысқа кедергі келтірмейтін, эмоцияға әсер 
ететін жағдайлар қалыптастырады. 
Жасыл  телпек  шығармашылық  ойды  белсенділендіреді,  тапсырманы 
шешуде  қалыпты  емес  жолдарын  іздеуге,  кӛруге  мүмкіндік  береді,  жаңа 
тәсілдер мен әдістер жүзеге асырылады. 
Кӛк  телпек адамның іс-әрекетінің мағынасын түсінуіне кӛмектеседі; ойлау 
үдерісін басқарады; тәжірибені жалпылауға үйретеді.  
Сонымен,  топқа  күрделі  проблеманы  шешу  немесе  кейбір  тапсырманы 
орындау қажет болған жағдайда, топ шеңберге отырады, әр телпектің мағынасы 
түсіндіріледі,  телпектерді  киіп  кӛру  арқылы  әртүрлі  ситуацияны  қарастыру 
ұсынылады. 
 «Алты  телпек»  технологиясы  пікір  алмасу  арқылы  нақты  шешімдерге 
келіп, жоспар құруға кӛмек береді. 
Психотехнологиялық дамытушы-түзетуші бағдарламасына сәйкес әр сабақ 
тӛмендегідей ұстаным бойынша жүзеге асырылды: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет