Эмоциялық кҥйлер: ашу-ыза, тітіркену, антипатия, реніш, қобалжу,
жиіркену, аффект т.б
«Жағымсыз кӛңіл-кҥйдегі бейне» жаттығуы
Топ мүшелерінің ӛздерімен жағымсыз кӛңіл-күйлерін сырттан бақылауға
және талдауға үйретеді. Білікті қалыптастыру арқылы ӛзге адамның тұлғасын
адекватты әлеуметтік қабылдауға кӛмектеседі.
Нҧсқау: Жаттығуды орындау үшін алдымен босаңсып, ыңғайлы жайғасу
қажет. Кӛз алдыңызға жаныңызда отырған қатысушының агрессиялық күйдегі
бейнесін елестетіңіз. Ол қандай болуы мүмкін? Қалай кӛрінеді? Ең бірінші
келген бейнені суреттеңіз. Керек деген барлық түстерді қолданыңыз. Сурет
дайын болған соң, қатысушылар бір-біріне сыйлайды. Сыйлықты қабылдап,
қатысушы сурет үшін ризашылығын білдіру керек. Кейін ӛзіміздің суретімізге
қараймыз. Ол қандай? Бұл Сіз бе, әлде басқа адам ба? Сіздің бейнеңізді
суреттеген қатысушы қандай түстерді қолданған? Суретті талдап болған соң,
қасына ӛздерінің қорытындысын жазу қажет.
«Кӛңіл-кҥй» жаттығуы
Кәсіби қондырғаларды түзетуге бағытталады. Ӛйткені ассоциациялар
қатысушылардың тәжірибесін байытып, кӛріністерді жан-жағынан кӛруге
мүмкіндік береді.
Нҧсқау: ТЖ шарды үріп, оған адамның бетін салады. Мынау «Дым
білмес», ол қандай?
Шарды бір-бірлеріңізге ұсынып, ТЖ ұсынған сӛзге байланысты, бір
ассоцияциядан айту қажет.
Ереже: ассоциациялар қайталанбауы қажет.
«Менің жағымсыз эмоцияларым» жаттығуы
Жаттығу
қатысушылардың
эмоционалды-аффекттік
тәжірибелерін
талдауға мүмкіндік береді. Эмоционалды қиын жағдайларда конструктивті
шешу дағдысын қалыптастырады.
Нҧсқау: ТЖ қатысушылардың жағымсыз эмоцияларды сезінген сәттерін
еске түсіруді ұсынады. Қатысушылар сол сәтті айтады және осы күйден қалай
шыққаны жӛнінде баяндайды. Барлық топ мүшелері қатысады. Топтың міндеті
131
– мәселені талқылап, аталған жағдайдан шығу туралы кеңестер беру. Мәселесі
талқыланған қатысушыға ТЖ рахметін айтып, берілген кеңестің кӛмегі туралы
пікір алысады.
«Интервью» жаттығуы
Оқытушының кәсіби іс-әрекетіндегі күрделі эмоциялық жағдайларды
саналы түсінуіне кӛмек береді.
Нҧсқау: Қатысушылар жұппен жұмыс жасайды. Бірі – тілші, екіншісі –
оқытушы, кейін рӛлдерімен алмасады. Қойылатын сұрақтардың санын және
бағытын тілшінің ӛзі анықтайды.
Интервьюда қойылатын сұрақтар:
-
Неліктен студенттер оқытушының кӛңілін бұзады?
-
Неліктен студенттер тек дауыс кӛтергенге ғана назар аударады?
-
Кӛңіл-күйін болмағанда қалай жұмыс істеуге болады?
-
Мазасыздану күйінде ӛзін қалай ұстауға болады?
-
Оқытушының қателік жасауына құқығы бар ма?
-
Пәннің талаптары қандай болуы керек?
Кейін қатысушылар ӛздері қабылдаған жаңа және пайдалы кеңестер
туралы пікір алмасады.
Қорытындылау
Кҥн 9
Мақсаты: 1. Ӛздерінің сезімдерін саналы түсініп, басқару қабілетін
дамыту;
2. Релаксация жасауға дағды қалыптастыру.
Қыздыру сәті: «Сезім» жаттығуы
Қатысушылар параққа бір сезім түрін жазады. ТЖ карточкаларды жинап,
араластырады. Кейін әр қатысушы кез-келген карточкада жазылған сезімді
мимика немесе қимыл-қозғалыс арқылы кӛрсетуі керек. Қалғандары табуға
тырысады. ТЖ дұрыс жауапты айтпайды. Әр қатысушы бірнеше сезімді
бейнелейді.
Пікір алысуға арналған сұрақтар:
-
Сіз сезімдерді адекватты қабылдадыңыз ба?
-
Сезімдерді анықтауда қандай кедергілер болды? Неліктен?
Алған әсерлермен бӛлісу.
«Коллаж» жаттығуы (Арт-терапия)
Қҧрал-жабдықтар: ватмандар, журналдар, қайшы, желім.
Қатысушылар
аудиторияда
жайғасады.
ТЖ
топ
мүшелеріне
шығармашылық кейіпте «Менің жұмысым» атты тақырыпта коллаж жасауды
ұсынады.
Коллаж дайын болған соң, қатысушыларды 4-4-тен топшаларға бірігіп,
талқылайды. Алдымен топ мүшелері коллаж туралы ӛз ойларын айтады, кейін
коллаж авторының пікірі тыңдалады. Әр қатысушының коллажды құрастыру
барысындағы мазмұны, ӛңдеуі және түрлі гаммалар түстерінің арасында
айырмашылықты кӛрсетуі маңызды.
Соңында шеңбер бойымен алған әсерлерімен бӛліседі.
132
«Мен бақыттымын» жаттығуы
Барлық қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Бір орындық бос болады.
Бос орындықтың оң жағында отырған қатысушы бастайды. Ол бос орындыққа
отырып: «О алақай, мен бақыттымын!» деп айтып отырады. Келесі қатысушы:
«Мен де», үшінші қатысушы «Мен (кез-келген қатысушының есімін айтады) ...
үйрендім!» дейді. Есімі аталған қатысушы дереу орындыққа отырып, кӛңіл-
күйді кӛтеретін бір әдісті айтады. Кейін бірінші тәсіл бойынша жаттығу одан
әрі жалғасады.
Пікір алысу: Кӛңіл-кӛтерудің қандай әдісі Сіз үшін қызықты болды?
«Ауырлық сезімі» жаттығуы
Мақсаты: релаксация жасауға дағды қалыптастыру.
Жаттығу үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең: Қатысушылар аутогенді жаттығуды орындау үшін ӛздеріне
ыңғайлы қалыпты таңдап, кӛздерін жұмады. Кез-келген тәсілмен зейінді бұрып,
ӛзін еркін, жеңіл сезіну қажет. «Мен тынышпын!». Осы күйді бірнеше минут
сезінуге тырысады. Демді алып, шығарып, бірден шапшаң жоғары орнынан
кӛтеріледі...
Барлық жаттығулар 3 минуттан артық орындалмауы керек. Кейін басқа
сӛздермен ауыстырылып, жаттығу қайталанады. Мысалы: «Мен бақыттымын!»,
«Мен жақсы демаламын!» т.б
Миға шабуыл: «Кӛңіл-күйлердің түрлері және олардың пайдасы мен
кесірі»
Релаксация:
Релаксацияға арналған әуеннің сүйемелденуімен жүргізіледі.
Бүкіл Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсынған антистрестік
релаксациясы:
–
Қолайлы, тыныш, жарық кӛлемі аз жерге ыңғайлы жатыңыз немесе
отырыңыз; Қимыл-қозғалыстарыңызға киіміңіз кедергі келтірмейтіндей
болсын.
–
Кӛзіңізді жұмып, терең және асықпай демалыңыз. Деміңізді ішке тартып
он секундтай ұстаңыз. Деміңізді сыртқа шығарғанда маужыраған қалпыңызды
ұстап ішіңізден мына сӛздерді айтыңыз: «Дем алу – бұл судың тасуы мен
басылуы сияқты». Бұл процедураны 5-6 рет қайталау. Содан соң жиырма
секундтай қалыпты демалу.
–
Ерікті түрде бӛлек-бӛлек бұлшықеттерді жиырып, он секундтай ұстап
тұрып, босату. Осы үрдісті барлық денеңізбен орындаңыз. Бұл процедураны үш
рет қайталап, демалыңыз, ӛзіңізді жайбарақат сезініп, ӛзге проблемалар туралы
ойламауға тырысу қажет.
–
Аяқтарыңыздың ұшынан басыңызға дейін демалғанын сезініңіз, осы
қалыпты бейнелейтін нақты түйсікті сезініп, елестетіп кӛріңіз. Ішіңізден: «Мен
тынышталдым, қуаныштымын, мені ештеңе мазаламайды» пікірлерін
қайталаңыз.
–
Тынышталу түйсігі барлық денеңізді жайлағандай сезіну керек. Сіз
жағымсыз эмоциялардың алыстап бар жатырғанын сезінесіз. Иығыңыз,
133
мойыныңыз, бет бұлшықеттеріңіз жеңілдеді, бос ұстаңыз (ауызды сәл ашуға
болады)... «Шүберектен жасалған қуыршақ» секілді бос жатыңыз. Отыз
секундтай осы тәтті түйсік пен сезімді түйсіну.
–
Онға дейін ішіңізден санап, әр санды санаған сайын бұлшықеттеріңіз
жеңілдеп, босаңсысын. Енді бір ғана міндет – сол босаңсу және керемет
күйіңіздің керемет сезімін сезіну қажет.
–
Ояну сәті басталды. Жиырмаға дейін санап шығыңыз. Ішіңізден
қайталаңыз: «Менің кӛздерім жиырмаға дейін санап шыққанда ашылады,
керемет сезінудемін. Жағымсыз эмоциялар жоғалды».
Бұл жаттығуды аптасына 2-3 рет қайталау ұсынылады.
Қорытындылау
Кҥн 10. «Тұлғалық-кәсіби даму»
Сабақтың мақсаты: 1. Ӛзіндік маңызды кәсіби қасиеттерді талдау, топ
мүшелерінің кәсіби іс-әрекетіне қатынасын анықтау;
2. Кәсіби іс-әрекет барысындағы жағдаяттар туралы жағымды кӛзқарасты
қарастыру;
3. Тұлғалық ресурстарды саналы түсініп, дамыту.
ТЖ: Әрқайсымыз ӛмірге үнемі ӛсу және даму үшін келдік...
Тұлғалық даму – ӛмірлік мәннің біріне жатады. Оның кӛмегімен қажетті
бағытқа
қарай
ӛзімізді
ӛзгертіп,
жағымсыз
әдеттерден
арылып,
эмоцияларымызды басқара аламыз. Тұлғалық дамуды психологиялық білімсіз
жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан аталған тақырыпты ӛту маңызды. Ӛзінің
жан-дүниеңнен
басқа
денсаулығымызға
да
кӛңіл
аудару
қажет.
Денсаулығымызға ұқыптылықпен қамқорлық кӛрсету бақытты ӛмір кешуге
кӛмектесетіні сӛзсіз. Үйлесімді дамитын адам - шынайы бақытты болатыны
анық!
Тұлғалық даму – ӛзін және ӛзін-ӛзі белсендендіру. Ол алға қарай ұмтылуға
талаптандырып, сәттілікті кӛрсететін жол.
Қыздыру сәті: «Траекторияны таңдау»
Аталған жаттығу мінез-құлықты психодиагностикалаудың тәсіліне
жатады. Белгілі бір істерге бейімдігін саналы түсінуге кӛмектеседі.
ТЖ: Адамдардың бойында күрделі тапсырмаларды шешу барысында
ойлану үдерісінің жабық, тұйық, белгілі бір траекториямен қозғалатын әдетке
айналған бағыт-бағдары қалыптасқан. Біреулер шеңбермен қозғалады
(шеңберді кӛрсетеді), басқалары тірелген бұрылыстар, бұрыштар бойынша
жүруді қалайды (квадратты немесе тӛртбұрышты салады), үшіншілері
үшбұрыш бойынша қадамдар жасайды (үшбұрышты салады). Соңғысы, зигзаг
траекториясына сәйкес қозғалады. Бірнеше минут бойы аталған траекториялар
бойынша бӛлмеде қозғалыңыздар... Фигураларды қалауыңызға сәйкес
кӛлемдерін кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.
Қатысушылар музыканың сүйемелденуімен қозғалады (бӛлменің кеңістігі
мүмкіндік берсе)...
ТЖ: әрқайсымыз ішкі түйсігімізге назар аударамыз... (бірнеше рет
ескертеді) Әдетте, қатысушыларға таңдау жасау үшін 5-7 минут жеткілікті.
134
Кейін, ТЖ топқа «шеңбер», «квадрат», «үшбұрыш», «зигзаг» деп аталатын
бӛлменің тӛрт бұрышын кӛрсетіп, сол бойынша топтарға бірігуін сұрайды.
ТЖ: Енді Сізбен бір топта жиналған адамдарға қараңыз. Топ ішінде
аталған фигураны неліктен таңдадыңыздар, Сіздерді не біріктіреді және аталған
фигура Сіздерге несімен ұнағаны жӛнінде пікір алысыңыздар.
5 минуттан соң әр топ ӛзінің таңдауын негіздейді... Қатысушылар аталған
фигураны таңдау себебін түсіндіріп, адамдарға мінездеме береді...
Соңында геометриялық фигураларға қысқаша психологиялық мінездеме
беріледі:
Квадрат: Квадраттар – жалықпайтын, қажымайтын еңбекқорлар.
Еңбексүйгіштік, тиянақтылық, бастаған ісін соңына жеткізетін, жұмысын
аяқтайтын ерік-күш – басты ерекшеліктері. Шыдамдылық, тӛзімділік квадратты
ӛз саласының кәсіби маманы болуына әсер етеді. Бұл ақпаратты қабылдауға,
жинауға ниеттерін тудырады. Барлық ақпараттары жүйелі. Квадраттардың ӛз
саласында эрудициялары жоғары болады. Квадраттың күшті жағы – ойша
талдау қасиеті. Ұсақ-түйектерге аса зейінді, бір рет ғашық болады, ұқыптылық
басым. Күрделі істерге шешім қабылдаумен асықпайды. Рационалдығы,
эмоционалды салқынқандылығы басқа адамдармен байланыс құруға кедергі
келтіреді.
Үшбұрыш: Бұл форма лидерлікті білдіреді және үшбұрыштар ӛздерін осы
саланың кәсіби маманы деп сезіндіреді. Ең негізгі ерекшелігі – мақсатқа
бағыттылығы. Үшбұрыштар – ұстамсыз, энергиясы күшті, алдына нақты мақсат
қоя білетін және сол мақсатқа жететін қайратты тұлға.
Үшбұрыштар – барлық жағдайда бірінші болуға және дұрыс шешім
қабылдауға тырысады, ӛздеріне сенімді. Тек ӛзінің емес, басқалардың
жұмыстарын жасап, үнемі ӛзгелермен бәсекеге түседі. Кез-келген істегі
қондырғысы – жеңіс, ұтыс және сәттілік! Ол шешім қабылдауға асықпайтын
жандармен кикілжіңге түседі, шыдамсыз, тәуекелге кӛп барады.
Үшбұрыштар
қате
іс-әрекеттерін
қиындықпен
мойындайды,
қабылдамайды. Олар жоғары лауазымды алуға құмар, басқаруды ұнатады.
Негізгі жағымсыз жағы – күшті эгоцентризм, ӛзіне деген бағыттылығы. Олар
бірінші болуы үшін әдептілік қатынастарда кінәмшіл емес, сол себепті
мақсатына жету үшін ештеңеден бас тартпайды. Үшбұрыштар ӛзгелерді
айналасында жүруге мәжбүрлейді.
Шеңбер. Үйлесімді дамудың мифологиялық символы. Аталған фигураны
таңдаған адам үшін ең алдымен тұлғааралық қарым-қатынас маңызды. Негізгі
құндылығы – адам және олардың жағдайы. Шеңбер – жұмыс ұжымын, жанұяны
біріктіріп, топты бір қалыпта ұстайды.
Сезімталдығы жоғары, эмпатиялық қабілеті дамыған – ӛзге адамның
эмоционалды күйіне ортақтасу, ішкі сезімін терең түсіну қабілеті басым.
Барлық адамдар шеңберге тартылады. Шеңберлер адамдарды жақсы таниды
және аз уақыт ішінде ӛтірік алдап тұрған адамды анықтай алады.
Олар тыныштықты қалайды, сол себепті кейде ӛздерінің пікірінен бас
тартуына тура келеді. Шеңбер үшін тұлғааралық конфликтке түсуден асқан
135
бақытсыздық жоқ. Шеңбер – жан-жағындағы адамдар жақсы қарым-қатынас
құрған шақта ӛзін бақытты сезінеді. Сол себепті шеңбер конфликт жағдайда
бірінші болып кӛне салып, келісуі әбден мүмкін.
Шеңберлер шешім қабылдау қабілетімен ерекшеленбейді, саясатқа
қатысты сұрақтарда ӛздерін және ӛз ұжымында ӛзін кӛрсете алмайды. Бұл
шеңберді басқаруға әкеледі. Мысалы, үшбұрыштар. Басшылықтың кім болғаны
қызықтырмайды. Олар үшін барлық адамдар тату ӛмір сүрсе, әлемде достық
қарым-қатынас орнаса болғаны. Адамгершілік пен әділдікке қатысты
сұрақтарға шеңбер ӛте мұқият және ӛзінің қатаң ұстанымы бар.
Ойлаудың негізгі стилі – мәселелердің субъективті факторларына
(құндылықтар, бағалау, сезімдер т.б) және қарама-қайшы кӛзқарастардың
ӛзінде ортақ келісімге келуге тырысады. Шеңберді туғаннан психолог деп
айтуға болады.
Зигзаг. Барлық фигуралардың ішінде әмбебаптылықты, креативтілікті,
шығармашылықты бейнелейді. Зигзагтың негізгі ойлау стилі – синтетикалық
стиль. Түрлі бірнеше ойларды, пікірлерді біріктіріп, жаңаны ойлап шығару
зигзагтарға тән ерекше берілген қабілет. Шеңберлерге қарағанда, конфликтілік
жағдайлардан айтқанға кӛне салу жолымен емес, керісінше – пікірлер мен
идеяларды қақтығыстырады. Ӛздерінің табиғи сӛзтапқыштығын қолданып,
жаңа шешім қабылдауда «ӛзгелердің кӛзін ашуға» қабілеті жоғары болады.
Зигзагтар жақсы ұйымдастырылған жағдайларда тиімді іс-әрекет ете
алмайды. Оларды нақты ережеге бағынатын кӛлденең немесе тігінен
ұйымдастырылған байланыстар, үнемі міндеттелген жұмыс тәсілдері аса тым
тітіркендіреді. Жұмыс орнында түрлі және жоғары деңгейде стимулдау қажет.
Басқаларға тәуелді болуды қаламайды. Осы кезде ғана зигзагтар қуат алып,
негізгі іс-әрекеттерін орындайды – жаңа идеялар және жаңа жұмыс тәсілдерін
ойлап табады. Осы шаққа қарағанда болашаққа ұмтылады.
Зигзагтар – ӛздерінің идеялары бойынша талмай жұмыс жасап,
айналасындағыларға мотивация беруге қабілетті келеді. Бірақ, ұстамдылық
қабілеті тӛмен: шыдамсыз, ұстамсыз, ӛздерінің ойларын бүркемей айтады.
Салдарынан идеялары ӛмірде жүзеге асырылмай жатады. Нақты деталдарды
ӛңдеуде әлсіз және бастаған істерін аяқтауға шыдамдылық таныта қоймайды.
Бұл жаңа идеялардың туындап, қызығушылықтарының басқа салаға ауысуымен
түсіндіріледі.
«Тиімді оқытушы» топтық пікір-талас
Мақсаты: тренинг-семинардың негізгі мәселесіне қызығушылықтарын
оятып, ӛзіндік сапаларын талдау.
Топ жетекшісі қатысушыларды екі топқа бӛледі.
ТЖ: «Қазір топтарыңыздың ішінен «Оқытушыны кәсіби маман ретінде
анықтайтын тұлғалық қасиеттер» атты тақырыпта пікір алысасыздар. Топ
ішінде әр қатысушының пікірі айтылуы керек».
Пікір алысып болған соң, әр топтың пікірлері талқыланады. Топ жетекшісі
қатысушылардың пікірлерінің мағынасын ашу үшін келесі сұрақтар қояды:
-
«Тиімді оқытушы» деген кім?
136
-
Не үшін кәсіби іс-әрекетінің шебер маманы болуы керек?
-
Жас маманға қажет қасиеттер қандай?
-
Кәсіби маман болуға мүмкіндік беретін қасиеттер қандай? (мысалы,
оқытушылық қызмет, шаштараз, етікші т.б...)
«Тірек» жаттығуы
Қҧрал-жабдықтар: парақтар, қаламдар.
-
Белгілі бір жетістікте жеткенде ӛзімізге деген сенім жоғарылайды. Мұны
қалай түсінесіздер? Ол үшін сізге қажеттінің бәрін параққа түсіріңіздер.
-
Ӛзімізді белсендендіру, дамыту - бойымыздағы әлсіз жақтарымызбен
күресу және қателерімізді талдау арқылы жүзеге асырылады деп ойлауды
әдетке айналдырдық. Бірақ, ӛзімізді дамытудың тағы бір маңызды жағы
бойымызда кӛмекші-досымыздың бар екенін түсіну қажет. Кейбір адамдар
ӛздеріне ішкі тіреу болатын бойындағы сапаларының бар екенін
мойындамайды.
Осындай
ішкі
тіреуге
мінез-бітістердің
жағымды
жетістіктеріңізді жатқызуға болады.
-
Қазір 3-4 минут ішінде түрлі ӛмірлік жағдаяттарда тірек болатын ішкі
сенімді сезімді тудыратын «күшті жақтар» туралы ойланып, ортаға салу керек.
Сҧрақтар:
-
Жаттығуды орындау барысында қандай сезімде болдыңыз?
-
Қатысушылардың пікірлерінің ішінде айтылған ортақ ойлар?
«Хабарландыру» жаттығуы
Әр қатысушы 5 минут ішінде ӛзге маман ұсына алмайтын, кәсіби
әмбебаптылығын бейнелейтін ӛзінің кәсіби қабілеті мен тұлғалық қасиеттері
туралы хабарландыру құрастыру қажет.
Кейін 1 минут ішінде топ алдында хабарландыру оқылады. Топ оқып
жатқан маманды қызметке алуға сенімді болуы үшін хабарландырудың
мазмұнына қатысты кез-келген сұрақтар қоя алады.
«Мен бейнесінің айқын бейнесін қҧру» жаттығуы
Қазір бәріміз тіке тұрып, кӛзімізді жұмып, барлық зейінімізді денелік
түйсіктерімізге бұрамыз. Барлық түйсіктеріміз жас, әдемі шыбыққа тән деп
елестетейік. Ӛзімізді осы шыбық деп сезінейік. «Мен жас әрі әдемі
шыбықпын!»
Ӛмірлік энергия барлық денемізді бойлап, ӛрлей қуат беріп жатыр... Бұл
күш аяқтан кіріп, барлық дене мүшелерімізден ӛтіп жатыр... Энергия денені
тӛменнен жоғарыға дейін толықтырып келеді... Қуат күші денеміздің әр
клеткасын жұпар иісімен және сергектік, ширақтық сезімімен толықтыруда...
Организм осы ӛмірлік қуатты бар сараңдығымен ӛзіне сіңіріп
жатқандығын сеземіз... Барлық организм тіріліп, ұйқыдан оралды. Тӛс кеудеміз
ақырын босаңсып, иықтарымыз ӛздігінен тӛмен түсіп келеді... Тӛс кеудемен
барынша толық тыныс алғыңыз келеді (терең тыныс алу және еркін тыныс
шығару).
Денеміз ақырын, баяу, түзу ӛз қалпына түсті... Омыртқамыз тік қалыпты
орнына түсіп келеді. Мойынымыз ыңғайлы орналасып, иығымыз түсіп,
137
басымыз тіке, қалыпты орнына түсіп келеді... Жас шыбық барлық ӛзінің
табиғилығымен күнге, жарыққа, қуанышқа, бақытты ӛмірге тартылып келеді.
Аталған күйді сезініп, іштей қалау қажет: «Мен-күштімін, белсендімін,
мақсатқа жететін тұлғамын!», «Мен жаңа әрі қуанышқа толы ӛмірді қабылдауға
дайынмын!», «Мен әр секунд, әр минут сайын қазір және осы жерде ӛмір
сүремін», «Мен ӛмірлік қуаттың барлық денеме таралғанын сезінемін», «Әр
сәтте мен, жаңа күш пен сергектікті сезініп келемін». Организм ұйқыдан
оянады. Терең тыныс алып, тыныс шығару барысында барлық денемізбен
жоғары тартыламыз! Қуаныш сезіммен жоғары тартыламыз! Тағы да терең
тыныс алып, тынысты шығару барысында жоғары тартыламыз. Осы жағымды
сезімді сезінеміз. Барлық денені бір сілкіндіріп, кӛзімізді ашамыз!
Бір-бірімізге қараймыз. Сыртқы бейнемізде қандай ӛзгерістерді байқадық?
Жаттығуды орындау барысында қандай күйлерді сезіндік? Қандай жаңа
сезімдер пайда болды?
Қорытындылау
Кҥн 10. Кәсіби іс-әрекеттегі тұлғалық-кәсіби дамудың орны
Сабақтың мақсаты: 1. Оқытушыларға тұлғалық, кәсіби даму туралы
ақпарат беру.
2. Психологиядағы негізгі тұлғалық даму сатыларын және кәсіби даму
кезеңдерімен таныстыру.
3.Сабаққа оқытушылардың қызығушылықтарын ояту;
«Қиыншылықтар туралы әңгіме» (ертегі терапиясы)
Бір күні оқушы ұстазынан: «мақсатқа жету жолында неге кедергілер,
қиыншылықтар орын алады?» - деп сұрайды. Сонда ұстазы былай жауап береді:
-
Сенің қиындық деп тұрғаның, мақсатыңның бір бӛлігі. Онымен күресуді
доғар. Үнемі жолды таңдау барысында, ӛзіңді садақтан оқ атып жатқанындай
кӛр. Нысана алыста орналасқандықтан оны таңғы қалың тұманның салдарынан
кӛре алмайсын. Сен тұманмен күресесін бе? Жоқ, желдің тұманды басқа
бағытқа сейілткенін күтесін. Енді, нысан кӛрінгенімен, кенеттен пайда болған
жел сенің садағынды басқа жаққа бұрады. Осы кезде желмен күресесін бе?
Жоқ, садақтың бағытына түзету еңгізесін. Сенің садағын ауырлығынан оны
тартуға күшін жетпейді. Сен садақпен күресесін бе? Жоқ, садақтан оқ ату үшін
бұлшықеттеріңді жаттықтырасын, - деп Ұстаз жауап берді.
- Бірақ, тұмансыз, желсіз күні жеңіл садақпен оқ ататын адамдар болады
емес пе? Неліктен, менің жолымда ғана кедергілер тұрады? Неліктен бүкіл әлем
менің алға қарай ӛсуіме қарсы? – деп Оқушы ренжіңкіреп сұрайды.
- Ешқашан басқаларға қарама, - деп жымиды Ұстаз. Әр адамның жеке оғы,
садағы, нысаны болады. Біреулер ӛздерін нысананың дәл ортасына тигізуді,
басқалары – атуға үйрету мүмкіндігін мақсат қояды.
Ұстаз дауысын тӛмендетіп, оқушыға басын бұрып:
-
Мен саған бір құпияны ашайын балам. Тұман сенің садағына кедергі
келтіру үшін пайда болмайды, жел садағынды жан-жаққа итеру үшін
желдетпейді,
садақтың
ауырлығы
сенің
әлсіздікті
сезінуін
үшін
жасалынбайды... Мұның барлығы ӛздігінен жүзеге асырылады. Сен осындай
138
жағдайлардан шығатындығына сеніп, ӛзін осы жолды таңдадын. Сол себепті де,
қиындықтарға шағымдана бермей, садақты ат! Немесе ӛзінің тәкәппарлығыңды
тый да, жеңіл жолды таңда.
Достарыңызбен бөлісу: |