Куанжанова кундыз тугелбаевна



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата30.03.2017
өлшемі2,06 Mb.
#10604
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Сабақтың ҧстанымдары

 
 сабаққа ӛз еркімен қатысу ҧстанымы  – сабақтарға ӛз еркімен қатысу

 
 белсенділік ҧстанымы  – сабақ барысында белсенділік таныту

 
 зерттеушілік,  шығармашылық  кӛзқарас  ҧстанымы    –    топтық 
жұмыстарда ӛзгелерге ұқсамау, еліктемеу, жаңа жолдар табуға ұмтылу. Ӛмірлік 
тәжірибені  жаңа  білімдермен  толықтыратын  ұстанымдардан,  қондырғылардан 
арылудан қорықпау; 

 
 ӛзара  іс-әрекет  ҧстанымы  –  сабақ  уақытында  тұлғааралық  байланысқа 
ұмтылу, бірін-бірі сыйлау, құрметтеу, сенімділік білдіру; 

 
 субъект-субъектілік 
қатынас 
ҧстанымы 
– 
қатысушылардың 
қызығушылықтарын  ескеру,  құндылықтарын,  сезімдерін,  кӛңіл-күйлерін 
сыйлау;  

 
 іс-әрекетті  саналы  басқару  ҧстанымы  –  сабақ  барысында  кері 
байланысты  жүзеге  асыру,  ӛзін-ӛзі  бақылау  және  ӛзін-ӛзі  талдау  үдерісінде 
импульсивті деңгейден объективті деңгейге ұмтылу; 

147 
 

 
 ӛзіндік  диагностика  ҧстанымы  –  сабақта  ӛзін-ӛзін  кӛрсету,  маңызды 
мәселелерді саналы түсінуге ұмтылу. 
Әр сабақ барысында топ мүшелеріне топтың ережелері туралы ақпараттар 
берілді.  
Сабақтың негізгі ережелері: 

 
 сенімді  қарым-қатынас  стилі  –  барлығына  ортақ  «Сен»  қарым-
қатынасы. 

 
 қарым-қатынастың  «Қазір  және  енді»  ҧстанымы  –  осы  уақыттағы 
күйін, сезімдерін немесе жағдайын ғана айту. 

 
 ӛзінің  атынан  сӛйлеу  –  «Менің  кӛп  достарым  ...  ...  ойлайды»,  «Кӛп 
адамдардың  пікірінше  ...»  орнына  «Менің  ойымша  ....»,  «Менің  тәжірибем 
кӛрсеткендей ...» атты сӛйлемдерді қолдану. 

 
 қарым-қатынастағы  шынайылық  –  ӛзге  қатысушылардың  іс-
әрекеттеріне шынайы сезімдерімен қарым-қатынас жасау. 

 
 қҧпия  сақтау  –  жаттығу  барысындағы  жағдайларды  топтан  тыс 
жерлерге шығарма және жәрия жасамау. 

 
 тҧлғаның кҥшті жақтарын анықтау –  әр қатысушы алдымен топтағы 
серігінің жағымды сапаларын айрықша кӛрсетіп, кемшіліктерін атауда сыпайы, 
әдепті болуы қажет. 

 
 ӛзіндік  бағалауға  жол  бермеу  –  топ  мүшелерінің  тұлғасын  емес,  іс-
әрекеттерін бағалау қажет (мысалы, «Сен маған ұнамайсын» сӛйлемнің орнына 
«Сенің маған қарым-қатынасың ұнамайды» т.б). 
Психотехнологиялық  дамытушы-түзетуші  бағдарлама  негізінде  әр 
сабақтың  ӛту  барысы  қатаң  тәртіппен  алдын  ала  дайындалған  құрылым 
бойынша жүзеге асырылды.  
Сабақтың құрылымы: 
Кіріспе.  Әр  сабақтың  мақсаты,  міндеттері,  ұстанымдары,  ережелері 
айтылып,    сабақтың  тақырыбына  байланысты  негізгі  терминдерге  анықтама 
беріледі.  
Танысу.  Топ  мүшелерінің  бір-бірімен  танысуы.  Топта  жағымды 
эмоционалды  күйді  орнату  үшін  түрлі  тапсырмаларды  орындау  (алғашқы 
күндерде). 
Қыздыру  сәті.  Топ  мүшелерін  белсендіруге,  ішкі  мазасыздану  деңгейін 
тӛмендетіп,  жағымды  эмоционалды  күйлерді  жоғарылататын  ойындар 
жүргізіледі. 
Дамытушы-тҥзетуші. Дамытуш-түзетуші бағдарламаның маңызды кезеңі. 
Дамытушы-түзетуші  бӛлім  әр  сабақтың  мақсатына  сәйкес  алдын  ала 
дайындалған психотехнологиялардан тұрады. 
Қорытындылау. Сабақтағы жаттығуларға рефлексия.  
Рефлексия келесі сұрақтардан тұрады: 
Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз? 
Бойынызда қандай жаңа ерекшеліктерді байқадыңыз? 
Сіз үшін топ мүшелерінің қандай қасиеттері ашылды және жаңа қырынан 
танылды? 

148 
 
Жаттығуды  орындауда  сезінген  эмоционалды  күйлеріңіз  туралы  айтып 
беріңіз. 
Келесі сабақтан не күтесіз? 
II.  4.  Ұйымдастырушылық  құрылымтүрлі  әдістер,  әдістемелер,  құрал-
жабдықтар  мен  олардың  формаларын  жүзеге  асыру  арқылы  орындалады. 
Қызметі  –  жүзеге  асырылатын  психологиялық  әсер  етудің  мазмұнын  беріп, 
қайта жаңғырту.  
Ұйымдастырушылық  құрылымға  әдістер,  әдістемелер,  құрал-жабдықтар 
мен формалардың қӛмегімен жүзеге асырылатын тұлғалық қасиеттерді дамыту 
бойынша  оқытушылардың  іс-әрекеттері  жатады.  Жоғарыда  аталған  барлық 
элементтер  бір-бірімен  тығыз  байланысты  және  аталған  құрылымның 
ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз етеді.  
Зерттелінетін  жұмыстарды  жүзеге  асырудың  тиімділігі  алға  қойылған 
мақсат  пен  қол  жетімді  нәтижелердің  сәйкестік  дейгейлері  ескеріліп 
анықталады.  
II.  5.  Бағдарламаның  бағалаушы-диагностикалық  құрылымыалынған 
сандық  және  сапалық  нәтижелердің  кӛрсеткіштерінен  тұрады.  Аталған 
құрылым  барысында  зерттелінетін  үдерістің  нәтижелері  тексеріледі, 
бағаланады,  мақсаттан  тыс  нәтижелер  мен  олардың  пайда  болу  себептері 
анықталады және қажетті түзетулер еңгізіледі.  
Бағалаушы-диагностикалық  құрылым  зерттеу  барысында  анықталған 
тұлғалық-кәсіби  қасиеттердің  орташа  және  тӛмен  деңгейдегі  кӛрсеткіштерін 
түзету-дамыту  жолымен  жоғарылату  үшін  дамытушы-түзетуші  қызметті 
қамтамасыз етеді  
 
2.3 Қалыптастырушы эксперименттік зерттеудің нәтижелері 
Қалыптастырушы  экспериментке  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтӛбе  ӛңірлік 
мемлекеттік  университетінен  ӛз  еркімен  72  оқытушы  қатысты.  Олардың  30-ы 
эксперименттік,  42-сі  бақылау  тобына  біріктірілді.  Психотехнологиялық 
дамытушы-түзетуші бағдарлама 3 сағаттан 12 күнге арналған. Қатысқандардың 
85%-ын  1-5  жыл    жұмыс  ӛтілдері  бар  оқытушылар  құрады.  Сондай-ақ 
экспериментке  оқытушылық  қызметте  жұмыс  жасаған,  қазіргі  уақытта 
магистратурада білім алып жүрген магистранттар қатысты.  
Қалыптастырушы эксперимент 3 кезеңнен тұрды: 
1 кезең: психодиагностикалық әдістер мен әдістемелерді іріктеу; 
2  кезең:  тұлғалық  ӛсуге  бағытталған  пстхотехнологиялық  дамытушы-
түзетуші бағдарламаны жүзеге асыру; 
3  кезең:  психотехнологиялық  дамытушы-түзетуші  бағдарламасын  жүзеге 
асыруға  дейінгі  және  кейінгі  бақылау,  эксперименттік  топтарының  тұлғалық-
кәсіби қасиеттерінің ерекшеліктері мен деңгейлерін анықтау. 
Анықталған 
зерттеу 
қорытындыларының 
сенімділік 
деңгейі 
математикалық-статистикалық 
талдау 
бойынша 
жүзеге 
асырылды. 
Эксперименттік-зерттеу 
жұмысының 
маңыздылығының 
статистикалық 
сенімділігін анықтау мақсатымен Стъюденттің Т-критерйі колданылды. 

149 
 
Қалыптастырушы эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелері: 
1.
 
Басса-Дарки әдістемесінің нәтижелері 
 
Кесте 16 – Басса-Дарки сауалнамасының кӛрсеткіштерінің динамикасы 
 
Басса-Дарки 
сауалнамасының 
кӛрсеткіштері 
Экспериментке дейін 
Эксперименттен кейін 
Ұпайларының орташа кӛрсеткіштері 
Эксперимент- 
тік топ 
(n=30) 
Бақылау 
тобы 
(n=42) 
Эксперимент- 
тік топ 
(n=30) 
Бақылау 
тобы 
 (n=42) 
Физикалық 
агрессия 
49 
47 
44 
49 
Вербалды 
агрессия 
52 
51 
47 
52 
Жанама 
агрессия 
60 
58 
53 
56 
Негативизм 
52 
53 
49 
42 
Күдіктенушілік 
47 
48 
41 
47 
Ашушандық 
54 
53 
48 
47 
Ӛкпе 
50 
48 
48 
47 
Кінә сезімі 
63 
62 
55 
60 
Ӛшпенділік 
50 
52 
44 
52 
Агрессивтілік 
56 
54 
50 
53 
 
Кестеден,  дамытушы-түзетуші  бағдарламадан  соң,  эксперименттік  топтың 
кӛрсеткіштерінің тӛмендегенін байқаймыз.  
 
Кесте  17  –  Топтардың  экспериментке  дейін  және  эксперименттен  кейінгі 
психодиагностикалық әдістемелердің нәтижелері 
 
Әдістемеле
рдің 
атаулары 
№ 
Тұлғалық-кәсіби  
қасиеттердің 
кӛрсеткіштері 
Экспериментке дейін 
Эксперименттен кейін 
Экспери 
менттік топ 
(n=30) 
Бақылау 
тобы 
 (n=42) 
Экспери 
менттік топ 
(n=30) 
Бақылау 
тобы 
 (n=42) 
Ұпайларының орташа кӛрсеткіштері 
Тұлға
ның
 ӛз
бе
лс
ен
діл
ен
імін
  
ди
агн
ос
ти
ка
ла
у 

Ӛзін-ӛзі белсендіру  60,33 
61,2 
66,1 
61,7 

Уақытқа 
бағдарлану 
7,3 
6,7 
8,3 
7,1 

Құндылықтар  
7,63 
7,8 
8,1 
7,9 

Адам  табиғатына 
кӛзқарасы 
7,4 
7,5 
8,1 
7,9 

Танымға 
қажеттілігі 
7,9 
8,5 
9,5 
8,2 

Шығармашылыққа 
ұмтылу 
немесе 
зияткерлік 
7,6 
7,9 
9,5 


Автономдылық 
8,7 
8,2 
9,1 
8,4 

Спонтандылық 
7,87 
7,5 
8,2 
7,7 

Ӛзін түсіну 
7,65 
7,8 
8,6 
7,8 

150 
 
10 
Аутосимпатия 
7,76 
7,9 
10,2 
7,4 
11 
Контактілік  

7,8 
8,6 

12 
Қарым-
қатынастағы 
иілгіштік  
7,7 
8,1 


Пс
ихи
ка
л
ық к
үй
ді 
ӛз
ін
дік
 
ба
ға
ла
уын 
ди
агн
ос
ти
ка
ла
у 
13 
Мазасыздану 
11,2 
13,2 
10 
13,8 
14 
Фрустрация 
12,1 
10,8 
10,5 
12 
15 
Ригидтілік 
10,5 
11,8 
9,7 
12,1 
16 
Агрессивтілік 
13,3 
13 
11,3 
14 
Эм
оц
ион
алды 
ин
те
ллект
ін
е 
ан
ықт
ауға
 
арн
алға
н тес
т 
17 
Эмоциялық  күйден 
хабардарлық 
10,7 
10,7 
14 
10,9 
18 
Ӛзіндік мотивация 

9,4 
13,8 
9,4 
19 
Эмпатия 
9,9 
9,4 
10,8 
9,7 
20 
Ӛзге  адамдардың 
эмоцияларын 
басқару 
8,3 

10,5 
9,5 
 
Н.Ф.Калин  бейімдеген  А.В.Лазукиннің  «Тұлғаның  ӛзін-ӛзі  белсендіруін 
диагностикалау» әдістемесінің нәтижелері эксперименттік топта (60,33 → 66,1) 
ӛзін-ӛзі 
белсендірудің 
жалпы 
деңгейі 
бойынша 
кӛрсеткіштерінің 
жоғарылағанын байқатты. Демек, оқытушылар ӛзін-ӛзі белсендірудің кәсіби іс-
әрекетте және тұлғалық дамуында маңызын саналы түсінгендігі анықталды. 
Ӛзін-ӛзі  белсендірудің  кӛрсеткіштерінің  арасында  әсіресе  уақытқа 
бағдарлану  (7,3  →  8,3),  танымға  қажеттілігі  (7,95→9,5),  қарым-қатынастағы 
иілгіштігі  (7,7  →9),  аутосимпатия  (7,76  →  10,2)  қасиеттерінің  жағымды  оң 
нәтижеге жоғарылағанын кӛреміз. Аталған ӛзін-ӛзі белсендірудің құраушылары  
арасындағы  байланыстың сенімділіг Стъюденттің Т-критерйі (t
Эмп
 =2,1.,p≤0.05) 
арқылы дәйектелді.  
 
 
 
 

151 
 
Мұндағы: 1- уақытқа бағдарлану; 2- құндылықтар; 3- адам табиғатына кӛзқарасы; 4- 
танымға қажеттілігі; 5- шығармашылыққа ұмтылу немесе зияткерлік; 6- автономдылық; 
7-  спонтандылық;  8-  ӛзін  түсіну;  9-  аутосимпатия;  10-  контактілік;  11-  қарым-
қатынастағы иілгіштігі. 
 
Сурет 5 – Эксперименттік топтың ӛзін-ӛзі белсендірудің кӛрсеткіштері 
бойынша экспериментке дейін және эксперименттен кейінгі нәтижелері 
 
Кесте 17 – де берілген Г.Айзенктің «Психикалық күйді ӛзіндік бағалауын 
диагностикалау» әдістемесінің нәтижелерін диаграммадан байқайық (Сурет 6): 
 
 
Сурет 6 - Г.Айзенктің «Психикалық күйді ӛзіндік бағалауын 
диагностикалау» әдістемесінің нәтижелерінің динамикасы 
 
Диаграммадан  оқытушылардың  жағымсыз  эмоционалды  күйлерінің 
тӛмендегенін  байқаймыз.  Атап  айтсақ,  мазасыздану  11,2  →  10-ға,  фрустрация 
12,1  →  10,5-ке,  ригидтілік  10,5  →  9,4-ке,  агрессивтілік  13,3  →  11,3-ке 
тӛмендеген. 
Оқытушыларға 
психотехнологиялық 
дамытушы-түзетуші 
бағдарламаны  жүргізу  барысында  «Кәсіби  деформация»  атты  тақырыптағы 
сабақтарда белсенділік танытып (дәріс оқу барысында сұрақтар қою), қосымша 
материалдар сұрап, қызығушылықтарының артқандығын байқаған болатынбыз.  
Эмоционалды  интеллектіні  анықтауға  арналған  тесттің  (Н.Холл) 
нәтижелері: 

152 
 
 
Сурет 7 – Оқытушылардың эмоционалды интеллектісінің кӛрсеткіштері 
 
 
Мұнда  эмоциялық  күйден  хабардарлық  (10,7  →  14)  пен  ӛзіндік 
мотивацияның (9 → 14) деңгейлері жоғарылаған.  
Стреске  тұрақтылық  типін  анықтау  барысында,  эксперименттік  топта 
экспериментке дейін А тип – 8, Б тип – 4, АБ тип – 18 болса, эксперименттен 
кейін  А  тип  –  3,  Б  тип  –  13,  АБ  тип  –  14  оқытушыны  құраған.  Яғни, 
эксперименттік  топта  оқытушылардың  стреске  тұрақтылық  қабілеттерінің  оң 
ӛзгергенін  Стъюденттің Т-критерйі (t
Эмп
 =2,33,p≤0.05) арқылы анықталды. 
 
Кесте  18  –  Эксперименттік  топтың  стреске  тұрақтылық  типінің 
динамикасы 
 
Стреске тұрақтылық типін анықтау 
эксперименттік топ, (n=30)  Экспериментке дейін 
Эксперименттен кейін 
А тип (саны, %) 
8, 27% 
3, 10% 
Б тип (саны, %) 
4, 13% 
13, 43% 
АБ тип (саны, %) 
18, 60% 
14, 47% 
 
 

153 
 
 
 
Сурет 8 – Оқытушылардың стреске тұрақтылық типтерінің диаграммасы

 
Ассоциативті эксперименттің нәтижелері. 
Ассоциативті  эксперимент  эксперименттік  және  бақылаушы  топтарына 
эксперименттен кейін ӛткізілді. Мұнда да анықтаушы эксперимент барысында 
қолданылған  ассоциациялар  қатары  берілді.  Бақылаушы  тобындағы 
оқытушылар  қалыптастырушы  эксперменттің  нәтижелерінен  айтарлықтай 
ӛзгерістерді байқаған жоқпыз.  
Ал,  эксперименттік  топтың  «Мен»  және  «Тұлға»  бейнесіне  қатысты 
оқытушылардың кӛзқарастарының кеңейгенін аңғардық.  Психотехнологиялық 
бағдарламаға  қатысқан  оқытушылардың  жауаптары  анықтау  эксперименті 
барысында ӛздерін жоғары деңгейде жетілдірген оқытушылардың пікірлерімен 
сәйкес  келді.  Олар  «Мен»  түсінігіне  қатысты  шебер  маман,  қабілетті  маман, 
басшы,  құзыретті,  әлеуетті  т.б  секілді  қасиеттер  тұрғысынан  баға  берді. 
Әсіресе,  «ӛзімді  танимын»,  «кемелденген  тұлғамын»,  «ӛзіме  сенемін»,  «мен 
басшымын»  және  т.б  жағымды  ӛздері  туралы  пікірлері  біраз  кӛбейген,  яғни 
таптаурындары  ӛзгерген.  Егер,  анықтау  эксперименті  барысында  оқытушылар 
жауап  беруге  қиналып,  қосымша  сұрақтарды  кӛп  қойса,  ендігіде  оқытушылар 
бірден  сенімділіктен  жауап  берді.  Бұдан  біз  оқытушылардың  ӛздерін  кәсіби 
маман  ретінде  және  ӛздеріне  сенімділіктерінің  қалыптасқанын  байқадық.  Ал, 
«Тұлға»  түсінігіне  қатысты  тұлғалық-кәсіби  қасиеттердің  ішінде  ӛзін 
жетілдірген  тұлғаны  сипаттайтын  қасиеттерді  (жауапкершілік,  тӛзімділік, 
адалдық,  қарым-қатынасшылдық,  креативтілік,  ӛзін  сын  тұрғысынан  бағалау 
т.б)  атағандары  бізді  қуантты.  Демек,  оқытушылар  ӛздерін  тұлға  тұрғысынан 
анықтау  барысында  ӛздері  атаған  тұлғалық  қасиеттердің  мәні  мен  мағынасын 
саналы түсінгендерін кӛрсетті.  

154 
 
Оқытушылардың ӛзіне деген қатынасын анықтау үшін Ӛзіндік қатынасын 
анықтау тест-сауалнамасын (В.В.Столин, С.Р.Пантелеев) ӛткіздік. 
Сонымен,  оқытушылардың  ӛзіне  жағымды  қатынас  қалыптасқанын 
байқадық. Шкалалардың ішінде әсіресе, ӛзін-ӛзі сыйлау, аутосимпатия,  ӛзін-ӛзі 
түсіну бойынша кӛрсеткіштері жоғарылаған. 
 
Кесте  19  –  Оқытушылардың  «Ӛзіне  қатынасын  анықтау»  тест-
сауалнамасының кӛрсеткіштерінің нәтижелері 
 
№ 
Шкалалар 
Экспериментке дейін 
Эксперименттен кейін 
Эксперимент-
тік топ 
(n=30) 
Бақылау 
тобы 
 (n=42) 
Эксперимент- 
тік топ 
(n=30) 
Бақылау 
тобы 
 (n=42) 
Ұпайларының орташа кӛрсеткіштері 

Шкала  S  —  ӛзіндік 
«Менін»  «қолдау»  немесе 
«қолдамау»  сезімі 
65 
67 
72 
65 

Шкала  I  —  ӛзін-ӛзі 
сыйлау 
52 
54 
61 
56 

Шкала 
II 
— 
аутосимпатия; 
58 
49 
63 
51 

Шкала III — басқалардан 
ӛзін-ӛзіне  деген  жағымды 
қатынасты күту; 
54 
56 
58 
54 

Шкала  IV  —  ӛзіне 
қызығушылық. 
52 
57 
59 
53 

Ӛзіне сенімділігі   
58 
47 
65 
50 

Күтетін қатынасы 
49 
51 
56 
52 

Ӛзін-ӛзі қабылдау 
60 
58 
62 
58 

Ӛзін-ӛзі басқару 
44 
42 
46 
42 
10 
Ӛзін-ӛзі кінәлау 
66 
66 
60 
64 
11 
Ӛзіне қызығушылық 
66 
59 
68 
60 
12 
Ӛзін-ӛзі түсіну 
60 
61 
72 
62 
 
Эксперименттік 
топтың 
ӛзін 
дамыту 
бойынша 
қабілеттерінің 
жоғарылағанын Стъюденттің Т-критерйі (t
Эмп
 =2,p≤0.05) арқылы анықталды. 
ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерінің компоненттерін 
топтастыру барысында келесіні анықтадық: 
 
Кесте 20 – ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерінің 
компонеттерінің динамикасы 
 
ЖОО 
оқытушыларының 
тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерінің 
компоненттері 
Экспериментке дейін 
Эксперименттен кейін 
ЭТ 
(n=30) 
БТ 
(n=42) 
ЭТ 
 (n=30) 
БТ 
(n=42) 






155 
 





Тұлғалық 
42% 
45% 
64% 
47% 
Кәсіби-танымдық 
62% 
66% 
72% 
64% 
Әлеуметтік-қарым-
қатынас 
41% 
49% 
66% 
51% 
Эмоционалды 
52% 
48% 
73% 
47% 
 
Сонымен, кестеден ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерінің 
компоненттерінің  кӛрсеткіштері  (тұлғалық  42→64,  кәсіби-танымдық  62→72, 
әлеуметтік-қарым  қатынас  41→66,  эмоционалды  52→73)  жоғарылағанын 
байқаймыз.  Жоғарыда  кӛрсетілген  кӛрсеткіштерден  психотехнологиялық 
дамытушы-түзетуші бағдарламасының тиімділігін байқадық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

156 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
«Білім  беру  субъектілерінің  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін  дамыту»  атты 
диссертациялық  зерттеу  жұмысының  ғылыми  болжамы  дәлелденіп,  бірнеше 
теориялық  және  қолданбалы  ұғымдар  жинақталды.  Сонымен,  жүргізілген 
теориялық-әдіснамалық  және  эксперименттік  зерттеу  жұмысының  нәтижелері 
тӛмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді: 
Оқытушы  –  білімді  жеткізуші  ғана  емес,  білім  алушының  бойында  адами 
қасиеттерді    қалыптастыратын,  адамды  жасау  борышы  міндеттелген  жоғары 
санатты  маман.  Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  оқытушылардың 
тұлғасы,  оның  құрылымы,  кәсіби  іс-әрекеті  мәселесінің  жан-жақты 
қарастырылғанын,  оның  тұлғалық-кәсіби  дамуында  алдымен  кәсіби 
деформацияны  анықтау  мен  оны  болдырмау  және  жою  мәселерінің  зерттеу 
қажеттілігін кӛрсетті. Оқытушылардың кәсіби іс-әрекеті – бұл психологиялық, 
педагогикалық,  ӛндірістік-технологиялық  қызметтерден  тұратын  кіріктірілген 
іс-әрекеттержиынтығы.  Кәсіби  педагогикалық  іс-әрекетінің  нәтижесі  оның 
кӛпқызметтілігімен  анықталады:  дидактикалық  (педагогикалық  технология, 
сабақтар, техникалық құралдар және т.б.), психологиялық (жекелік тәжірибие, 
психологиялық 
жаңашылдықтар, 
қабілеттерінің 
дамуы 
және 
т.б.). 
Оқытушыларының  кәсіби  іс-әрекеттерінің  негізгі  нәтижесі  тұлғаны  кәсіби 
дамыту  болып  табылады.  Ал,  олардың  кәсіби  іс-әрекетінің  негізгі  мақсаты  – 
студентке кәсіби білім беру және кәсіби ӛзін-ӛзі дамытуы үшін үйлесімді орта 
қалыптастыру  болып  табылады.  Кәсіби  іс-әрекетінің  пәніне  тұлғаға 
бағдарланған  білім  беру  мен  ізгілендіру  үдерісін  атасақ,  негізгі  нәтижесі  – 
студенттің  тұлғасын  дамыту  болып  табылады.  Демек,  ЖОО  оқытушысы 
шығармашыл,  ӛзін-ӛзі  дамыта    алатын,  бәсекеге  қабілетті  тұлға,  мәдениет 
адамы, тәрбиеші, әдіскер, зерттеуші болуы қажет. 
 ЖОО  оқытушыларының  тұлғалық-кәсіби  қасиеттері  –  ӛзін-ӛзі  белсендіру  
контексінде  тұлғалық,  кәсіби-танымдық,  әлеуметтік–қарым-қатынастық  және 
эмоционалдық компоненттерден тұратын жүйелі психологиялық білім. 
Ғылыми  әдебиеттерде  тұлғаның  қалыптасуына  оның  оқу  мен  кәсіби  іс-
әрекетінің  жағымды  ықпал  ететіні  туралы  зерттеулер  кең  орын  алған.  Алайда 
тұлғаның жетілуі мезгілімен пайда болатын ішкі және сыртқы, аумалы кезеңдер 
барысында  кәсіби  векторының  ӛзгерісіне  ұшырайды.  Әрбір  даму  үдерісі 
сияқты,  адамның  кәсіби  қалыптасуында  оның  жетілуі  мен  психикалық 
жаңащылдықтарға  ерісумен  қатар  тұлғаның  деструктивтік  ӛзгерістеріне 
әкелетін ауытқушылықтары  орын алады.  
Тұлғаның  кәсіби  деформациясы    -  кәсіби  іс-әрекеттің  табыстылығы  мен 
тұлғаның  дамуына  жағымсыз  әсер  ететін  іс-әрекет  пен  күрделі  тұлға 
құрылымының  ӛзгерісімен анықталады. Оқытушы тұлғасының бойындағы бұл 
ӛзгерістер    оның  ӛмірлік,  кәсіби  жолында  (пайда  болу,  даму,  алдын  алу  және 
түзету,  жеңу)  пайда  болатын  тұлғалық  қасиеттерінен  талап  етіледі.  Зерттеу 
жұмысының  нәтижесінде  біз  ЖОО  оқытушыларының  тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерін  анықтап,  аталған  қасиеттер  контексінде  кәсіби  деформациясын 

157 
 
тӛрт кеңістікте пайда болатын (тұлғалық, кәсіби-танымдық, әлеуметтік - қарым-
қатынас, эмоционалды) ӛзгеріс деп қарастырамыз.   
Әр қоғамның дамуына сәйкес оқытушының тұлғалық-кәсіби қасиеттері мен 
сапаларына қойылатын талаптар да ӛзгеріп отырады, тек ӛзін-ӛзі белсендіретін 
тұлға ғана қоғамның сұраныстарын қанағаттандыра алады деген қорытындыға 
келдік.  Демек,  ЖОО  оқытушыларының  ӛзін-ӛзі  белсендіруіне    қажеттілігі 
жоғары  болған  сайын,  кәсіби  табыстылығының  кӛрсеткіштерін  айқындайтын 
жағымды  тұлғалық  қасиеттердің  деңгейлері  жоғары,  ал  деформация  ретінде 
орын  алатын  жағымсыз  тұлғалық  ерекшеліктердің  деңгейлері  тӛмен  болады 
деген  болжам  жасай  отырып,  аталған  пікірімізді  тексеру  үшін  зерттеу 
жұмысымызды эксперименттік бӛлімде жалғастырамыз.  
  Осыған 
орай,  тұлғалық  ӛсуге  бағытталған  психотехнологиялық 
дамытушы-түзетуші бағдарламаның тиімділігі мен нәтижелілігі эксперименттік 
зерттеу жұмыстарының сандық және сапалық талдау барысында анықталды.    
  Бұған 
қоса 
оқытушылардың 
тұлғалық 
ӛсуге 
бағытталған 
психотехнологиялық  дамытушы-түзетуші  бағдарламасы  кәсіби  іс-әрекетті 
тиімді  орындауға  мүмкіндік  беретін  кіріктірілген  тұлғалық–кәсіби  қасиеттерді 
тұтас  дамытуға  болатындығын  кӛрсетті.  Бұл  зерттеу  жұмысының 
маңыздылығын  арттырды.  Ӛйткені  зерттеу  барысында  оқытушыларға  қажет 
тұлғалық-кәсіби  қасиеттердің  сан-алуандығы  мен  әрбір  қасиетті  дамытуға 
арналған уақыт пен ортаны ұйымдастыру жұмыстарының күрделі болғандығы 
анық.   
Аталған қорытынды негізінде бірқатар ұсыныстар анықталды.  
1.  Оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін  дамытуда  олардың 
тұлғалық-кәсіби  дамуына  ықпал  ететін  субъективті  факторларды  дамытуға 
бағытталған жұмыстарды жүргізу қажеттілігін ескеру қажет. 
2.  Психотехнологиялық  дамытушы-түзетуші  бағдарламасын  білім  беру 
саласындағы  қызметкерлерді  психологияландыру  үдерісінде  пайдалануға 
болады.  
3.  Зерттеу  нәтижелері  оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін 
дамыту және  аталған бағыттағы жаңа зерттеулер жүргізуге негіз бола алады. 
Алынған  зерттеу  нәтижелерін  жоғары  оқу  орындарында,  педагогикалық 
колледждерде және  білім беру  қызметкерлерін қайта  даярлау    мен  біліктілігін 
арттыру мекемелерінде қолдануға болады. 
Зерттеу  мәселесі  ӛзектілігімен  қоса  күрделі  болғандықтан,  оның  барлық 
салаларын  қамту  мүмкін  емес.  Жаңа  психотехнологиялар  негізінде 
оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін  дамыту,  болашақ  мұғалімдерді 
психологияландыру  сияқты  мәселелерді  зерттеу  келешектің  ісі  болып 
табылады.  Ӛйткені,  аталған  жұмыста  психотехнологияларды  кәсіби  іс-
әрекетінде  жүзеге  асыру  тұлғалық  факторды  ескеруді  талап  ететіндігін 
кӛрсетті. Біздің ойымызша, мұның ӛзі әрі қарай зерттеу пәні бола алады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет