Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі



бет4/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Зерттеу жұмысының материалдары: А. Нұрмановтың шығармалар жинағы, 2000 және «Құланның ажалы» романы
Зерттеу жұмысының әдіс- тәсілдері: жұмыста талдау, жинақтау, салыстыру, қорытындылау әдістер басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері:
Жұмысты жазуға негіз болған Р. Сыздықова, Б.Уали, Т. Сайрамбаев т.б. еңбектері алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Бұл жұмыста жазушы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері зерттеліп, төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:
-Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігі анықталды, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеке топтарға бөлінді;
-Кірме сөздер, эмоционалды-экспрессивті (бейнелі) сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясы анықталып, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлінді;
-Шығарма тіліндегі қос сөздердің стильдік қолданысының мағынасы ашылды;
-Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметі, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясы анықталып, жеке-жеке стильдік қабаттарға бөлінді, талдауға түсті;
-Мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық-танымдық қызметі, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуы айқындалды, барлығы талдауға түсті;
-Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, метафора, синекдоха) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтыланып, мәні ашылды;
-Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі анықталды.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы:
Зерттеу жұмысының материалдарын орта және жоғарғы оқу орындарында «Тіл білімі», «Қазіргі қазақ тілі», «Қазақ тілінің лексикологиясы» пәндерін оқып үйрену барысында және арнаулы курстарға, мектеп мұғалімдеріне көмекші ретінде пайдалануға болады
Жұмыстың жариялануы.
«Әуезов оқулары – 22: Әлемдік кеңістіктегі ғылым мен руханияттың жаңа серпілістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері – Шымкент: М.Әуезов ат.ОҚМУ, 2022 ж. «А. Нұрмановтың «Құланның ажалы» шығармасы тіліндегі омоним, синоним, сөздердің қолданысы» тақырыбында мақаласы жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет