Курс жұмысының тақырыбы



бет3/15
Дата19.09.2023
өлшемі244,06 Kb.
#108824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Курсавой бүгін

Курс жұмысының мақсаты – қазақ тілі сабақтарында оқу мақсаттарына сәйкес үстеудің мағыналық түрлерін оқыту арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытудың тиімді жолдарын теориялық және зерттеушілік жұмыстар арқылы негіздеу.
Курс жұмысының міндеттері:
1. Тілдік дағды түрлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама беру.
2. Сөз таптарын оқытуда тілдік дағдыны дамытуға негізделген жұмыстарды қолданудың маңызын айқындау.
3. Үстеудің мағыналық түрлерін оқытуда тілдік дағдыларды қолдану жолдарын анықтай отырып, жан-жақты талдау жасау.
4. Қазақ тілі сабақтарындаүстеудің мағыналық түрлерін оқытуда тілдік дағдыларды қолдану эксперимент жұмысы арқылы айқындау.
Курс жұмысының нысаны: қазақ тілі сабақтарында үстеуді оқытуда айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым дадыларын қолданудың тиімді жолдары.
Курс жұмысының пәні: қазақ тілі пәнінде үстеуді тілдік дағдылар арқылы үйрету үрдісі.
Курс жұмысының гипотезасы: егер қазақ тілі сабақтарында оқушыларға сөз таптарын меңгертуде, солардың ішінде үстеу табының мағыналық жағы мен түрлерін меңгертуде айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым бойынша 4 дағдының түрлерін жүйелі падаланатын болсақ, онда оқушылардың бойынша төмендегідей білім, іскерлік пен дағдылар қалыптасатын болады:

  1. Жеке қабілеттері мен қажеттілігін ескере отырып, түрлі деңгейдегі топтар үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін саралап тапсырмалар беру;

  2. Үстеу сөз табын меңгеруде ішкі уәжіне қолдау көрсету мақсатында саралау тапсырмаларын орындай алады;

  3. мәтіннен негізгі және қосымша үстеулерді анықтай алады;

  4. үстеудіңмағыналық жағына қарай талдау жасай алатын болады;

  5. оқылған мәтіннен мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады,жауап береді;

  6. үстеудің емле ережесін сақтай отырып тапсырма орындайды.

Курс жұмысының теориялық маңыздылығы: оқушыларға қазақ тіліндегі сөз таптары бойынша тілдік дағдыларды қалыптастыруда айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым әрекеттеріне баса назар аудара отырып, оқушылардың сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту. Сөз таптарын талдауға үйретуде оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыру. Бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн. Айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын дамытуда, тілді еркін игеріп, қарым-қатынасқа түсе алады. Алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет