1.3. Тыңдалым дағдысы
Тыңдалым оқылым сияқты рецептивті дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Ол үшін біз контекстіні, тілді және ғалам туралы білімізді пайдаланамыз. Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді. [9]
Кесте 3 - Жазба тілі мен сөйлеу тілінің айырмашылығы
Жазба тіл
|
Ауызекі тіл
|
Парақ бетінде тұрады, жоғалмайды.
|
Сөйлеу барысында жоғалып отырады. Сөйлеу тілі кейде тым жылдам не баяу болуы мүмкін.
|
Сөйлемдерді ажыратып көрсету үшін пунктуация мен бас әріптерді пайдаланып отырамыз
|
Сөйлемдер мен бір топ сөздер мағынасын интонация және екпін арқылы ажыратып отырамыз
|
Әріптерден, сөздерден және сөйлемдерден жасалып барып, мәтінді құрайды.
|
Дыбыстар, жалғыз сөздер, сөз тіркестері қосылып, ассимилияцияға ұшырап отырады. Мысалы, алып бер – әпер, бара жатырмыз – баратырмыз.
|
Мәтін түсінікті болу үшін қосымша суреттер берілуі мүмкін.
|
Сөйлеуші өз ойын жеткізу мимиканы пайдаланады. Мысалы, жест, қолдарын сермеу және ым-ишара сияқты әрекеттер.
|
Құрылымы жақсы ұйымдастырылады: сөйлемдер толық және алдыңға сөйлемдер кейінгі сөйлемдермен бір-бірімен логикалық үйлесімде болады. Тақырыптар бірнеше абзацтарға бөлінеді.
|
Дұрыс ұйымдастырылмайды. Себебі кідірістер, ойдың бөліне беруі, сөздердің қайталануы және тақырыптың жиі өзгеруі көрініс тауып отырады
|
Көбіне нақты тақырыпқа арналған сөздер мен күрделі грамматиканы қолданады
|
Қарапайым грамматика мен ауызекі тілдегі сөздер қолданылады
|
Тыңдалым түрлері: Әңгімелесу (диалог), әңгімелер (оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және жарнама және т.б.
Тыңдалым дағдылары бірнеше ішкі дағдылардан тұрады: [9]
Мазмұнын түсіну үшін тыңдау – жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау. Нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау - тыңдалымдағы қажетті ақпараттарды алу үшін тыңдау. Мысалы, теміржол вокзалында өзіңізге қажет уақытты немесе пойызды білу үшін сол ақпаратты ғана тыңдайсыз, басқа ақпаратты қажет қылмайсыз.
Детальді түрде тыңдау- әр сөздің мағынасын түсіну үшін әр сөзін зер салып тыңдау, түсіну. Мысалы, маңызды жаңалықты айтып жатырғанда оны дұрыс түсінуге әр сөзін мұқият тыңдап шығу.
Cөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау – сөйлеушінің көңіл-күйін не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.
Интенсивті тыңдалым – сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы мақсат – оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру. Мысалы, белгілі бір грамматикалық тақырыптарды өткен кезде тыңдалымды пайдалану, бірақ бұл жерде басқа дағдыларды араластырмайсыз.
Экстенсивті тыңдалым - үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды(роман, әңгіме) тыңдау.
Тыңдалымға арналған сабақ жүйесінің мысалы: [1]
1. Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.
2. Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.
3. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіре отырып, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |