Курс жұмысының тақырыбы


Курс жұмысының практикалық маңызы



бет4/15
Дата19.09.2023
өлшемі244,06 Kb.
#108824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Курсавой бүгін

Курс жұмысының практикалық маңызы: зерттеу барысында сипатталған барлық ақпараттар мен мәліметтерді және ұйымдастырылатын іс шаралар кешенін бастауыш сынып мұғалімдері жұмысында қолдана алады.
Курс жұмысының зерттеу әдістері. әдебиеттерді талдау, теориялық және тәжірибелік-іздеу деректерін жалпылау; бақылау, эксперимент.
Курс жұмысының базасы: Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі
Курстық жұмыстың құрамы: кіріспе, екі бөлім, қортынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі, эксперименттен тұрады.

1. ТІЛДІК ДАҒДЫ ТҮРЛЕРІНІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


1.1. Айтылым дағдысы

Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады. Қарапайым тілмен айтқанда, айтылым дегеніміз – өзге адамдармен қарымқатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану. [5]


Сөйлесу барысында кейбір біз әрекеттерді жиі қолданамыз және олардың тізімі төмендегідей: [5]
1. Сөздерді дыбыстау
2. Сұрақтарға жауап беру
3. Интонацияны қолдану
4. Бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну
5. Сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру
6. Пікірталасқа қатысу
7. Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдану
8. Дилогқа қатысу (әңгімеге араласу)
9. Адамдармен сәлемдесу
10. Сөйлеу сөзін жоспарлау (презентация жасау барысында)
11. Жест, мимиканы қолдану
12. Ақпаратты сұрау немесе айту
13. Грамматикалық тұлғаларды қолдану
14. Сөз және сөйлем екпінін қолдану
15. Сөйлеуші сөзін аяқтаған кезде, кезек алып сөз бастау
16. Оқиғаларды баяндап беру
17. Тілді сауатты қолдану
18. Сөйлемді қайта құрастыру (перифраза), яғни бірнәрсені айтып берудің басқа жолын қарастыру.
19. Сөйлеушінің сөзін бөлу
20. Сөйлеу барысында кідіріс жасап отыру
Айтылымның ішкі дағдылары мынадай: [9]
• Грамматиканы, сөздерді және қарым-қатынасқа түсу функцияларын (қарымқатынасқа түсу себебі мен мақсаты, мысалы: сәлемдесу, кеңес беру, кешірім сұрау, т.б.) қолдана білу;
• Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдана білу;
• Сөздерді дыбыс үндестігінің ерекшелігіне сай айта білу;
• Вербальді емес тілді қолдана білу (ым-ишара, мимика);
• Мәтін түрлерін (жаранама, хат, мақала) жаза білу;
• Ауызша флуенттілік (нормаға сай жылдамдықта, аздаған кідіріспен, қайталаулармен өзін-өзі түзете отырып сөйлесе білу және дыбыс үндестігін табиғи түрде қолдана білу);
• Интерактивті стратегияларды (сөйлесу барысында адамдарды қызықтырып, тілдесуге тартудың жолдарын білу) пайдалана білу. Айтылымның ерекшелігін білу мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдістәсілдерді қолдана отырып сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Айтылымды сыныпта қолдану: [3]
• Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту арқылы көрініс табады. Яғни айтылымның белгілі бір аспектісіне назар аударып, практикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы оқушыларға көмектесуге болады. Мысалы: интонация, флуенттілік, сөздерді қолдана білу, т.б.
• Бастапқы уақыттарда айтылым дағдыларының көп бөлігін жаттықтыру барысында бақылауға алынған практика әдісі қолданылады. Ол жаттығуларға сөздерді дауыстап айту, қайталау және сөздерді жаттап айту (есте сақтау) сияқты әдістер жатады. Бұл оқушыларға сөздерді, олардың дыбысталуын, грамматиканы айтылым барысында сауатты қолдануға көмегін тигізеді.
Сонымен қатар қолданып тұрған сөздерінің дұрыс екенін білу оларға сенім ұялатады. Бұл әдістен басқа жартылай бақылауға алынған практика және еркін практика сияқты әдістер бар. Оларды кесте арқылы салыстыра отырып түсініп көрелік.

Кесте 1 – Айтылым дағдысы





Бақылауға алынған немесе шектелген практикалық жаттығу – сабақ барысында оқушылар тілдік бірліктің белгілі бір түрін ғана қолдануды үйренеді.
• Тілді сауатты қолдану үшін практикалық жұмыстар жүргізіледі.
• Жаттығулар тілдің белгілі бір формасына ғана негізделеді

Жартылай бақылауға алынған практикалық жаттығу – оқушыларға белгілі бір тілдік бірлікті қолданумен қатар өзге де форманы таңдау мүмкіндігі беріледі.
• Тілді сауатты қолдану және қарымқатынасқа түсу үшін практикалық жаттығулар ұйымдастырылады.
• Тапсырма өмірге қажетті жағдаяттарға негізделеді.

Еркін практикалық жаттығулар – қарым-қатынасқа түсуге қажетті еркін практикалық тапсырмаларды қамтиды.
• Тапсырмалар еркін сөйлеу тақырыптарына негізделеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет