Курс жұмысының тақырыбы


Жаттығу -1 Жаттығу -2



бет5/15
Дата19.09.2023
өлшемі244,06 Kb.
#108824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Курсавой бүгін

Жаттығу -1

Жаттығу -2

Жаттығу - 3

Төмендегі сөйлемдерге ұнатамын және ұнайды сөздерін қойып, айтып көр! 1. Мен гүл өсіргенді ..... .
2. Маған гүл өсірген .... .
3. Мен шахмат ойнағанды ... .
4. Маған балық аулаған .... .

Сен үшін ең жақсы демалыс сәтін сипаттап айтып көр! Төмендегі сөздерді және болжалды келер шақ жұрнағын пайдаланып! -ар; -ер; -р. Мысалы: ...қыдырар едім, ...барар едім, ...көрер едім, cуретке түсірер едім, ...саяхаттар едім, ...дем алар едім.

Қазір екі топқа бөлініп, «Мектеп формасы оқушы еркіндігін шектейді» деген тақырыпта пікірталасқа түсесіздер.
Көк шаршыны суырып алғандар, «Иә, келісеміз» деп аргументтерін ұсынады, ал қызыл шаршыны суырып алғандар қарсы пікір айтып, өз дәлелдемелерін ортаға салады.

1.2. Жазылым дағдысы

Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни продуктивті дағды дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Қарапайым тілмен айтқанда, жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін біз әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрай алуымыз керек, ал сөйлемдерді топтастыру арқылы біздер өз ойымызды жеткізе аламыз. [20]


Жазылым түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б. Әр жазылымның өзіне сай ерекшелігі болады: жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері, хабарламалар); қағаз бетінде орналасу тәртібі; ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы. [14]
Жазылымның ішкі дағдыларын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – сауаттылық, ал екінші тобы – идеяны (ойды) жеткізе білуі.

Кесте 2 – жазылым дағдыларының түрлері





Сауаттылыққа қатысты дағдылар:

Идеяны жеткізе білуге қатысты дағдылар:

1. Орфограяфиялық қатесіз жазу;
2. Әріптерді дұрыс және қосып жаза білу;
3. Пунктуацияны дұрыс қолдану;
4. Қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу;
5. Сөздерді дұрыс таңдай білу;
6. Грамматиканы дұрыс қолдану;
7. Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу;
8. Абзацты (жаңа азат жолдан басталған, бір идеяға ғана негізделген көлемділеу жазылым бөлігі) дұрыс ұйымдастыра білу.

1. Стильді дұрыс таңдай білу;
2. Идеяларды жүйелі ұйымдастыра білу;
3. Мәтін түрлерінің ерекшеліктерін қолдана білу және мағынасын жеткізе білуде қажетті функцияларды пайдалана білу.



Функцияларға баяндау, шағымдану, өтініш білдіру, алғыс айту, қысқарту (бірнеше сөздермен негізгі идеяларға тоқталу), қорытындылау жатады Жазылымда қарастырылатын тағы да бір екі аспект- үйлесімділік пен жүйелілік. Үйлесімділік дегеніміз сөйлеу және жазу тілінде грамматикамен сөздердің логикалық үйлесімде болуы. [11]


Ал үйлесімділік құралдарына үстеулер (кейін, сосын, келесі); есімдіктер (ол, сол, бұл,); шылаулар (дегенмен, әйткенмен, себебі), т.б. жатқыза аламыз. Жүйелілік дегенге келетін болсақ, ол оқырманға түсінікті болу үшін жазу тіліндегі идеялардың жүйелі және логикалық дұрыс байланыста болуы. [11]
Сыныпта белгілі бір жазылым тапсырмасын толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады: [9]
1. Әуелі жазғың келетін нәрсенің мақсатын анықтап алу (тақырып, идея, оқырман, стиль, жанр).
2. Ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау.
3. Шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру.
4. Түзету ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру).
5. Тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу).
6. Дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу. Жазылымды үйретудің бірнеше жолдары бар.
Солардың ең бастылары продуктивті жазылым және процесті жазылым. Егер үлгі беру арқылы жазылымды үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни оқушыларды жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек.
Белгілі бір жазылым мәтіні, оның мазмұны, лексикасы, стилі және құрлымымен таныстырып, талдау жасату керек. Сонымен қатар үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді. Ал егер де мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл процесті жазылым деп аталады. [19]
Толығырақ айтқанда, оқушыларға тақырыпты талқылаудан бастап, жазылымды жоспарлау, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге, соңғы нұсқасына дейін орындата отырып, белгілі бір мәтінді құрастырту. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерін кез келген уақытта жаза білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалайды, яғни өз жұмысының артықшылығы мен осал тұстары туралы ойлануға мүмкіндік береді. [10]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет