адам санасы болмыстың мәнді тараптарын және заңдылықты өзара байланыстарын бейнелейді. Тұлға өзінің тіршілігі проблемаларын қоршаған ортаның түрлі жағдайлары арасындағы тұрақты да заңды байланыстар мен қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады.
сана сипаттары: іс-әрекет мақсаттарының түсінімділігі, болашақ оқиғаларды ұғымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттың түсініктер мен білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері байқастыра білу.
Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет – бұл оның өз әрекеттерінің нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және соларға сәйкестендіріп әдіс, тәсілдер мен құрал-жабдықтарды таңдай білу қабілеті. Тұлға өз іс-әрекет, қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен жобалап, құрастырады. Бұл іс-әрекет жағдайды тікелей қабылдаумен шектелмей, оның даму заңдылықтарын білу негізінде орындалып жатады. Адам санасы алдағы оқиғалардың заңдылықты қалануын болжастырады, яғни бүгінгі болмыстың ертеңгі болашағынан хабар бере алады.
жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді.
Қоғамдық сана төмендегідей формаларда көрінеді:
ғылым - заңдасқан (канонды) білімдер, ұғымдар, тұжырымдар және дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі ;
өнер – болмысты бейнелік өрнектермен рухани-тәжірибелік тұрғыдан игерудің арнайы түрі, адамзат тіршілігінің әртүрлі қырларының бейнеге келтірілген моделі;
әлеуметтік талап, өлшем – шектеулер – қоғамдық сана аймағы, нақты қоғамның адамгершілік, идеологиялық, саяси және құқықтық құндылықтарының жүйесі;
адамдардың өз тіршілігінің экзистенциалды проблемаларына (өмір мен өлім, ақырет, жақсылық пен жамандық, т.б.) болған қатынастарын реттеуге қолданатын наным-сенімдері, рәміздері және әрекет-қыймыл үлгілерінің жиынтығын бейнелеуші әлеуметтік-мәдени сана формасы.
Сенім – заттасқан дүние зерттеулері және ой қисыны (логика) негіздерімен дәлелденбейтін ерекше психикалық құбылыс.
Қоғамдық сананың барша формалары бірлікті идеология құрайды. Идеология– бұл адамдардың болмысқа, бір-біріне, қоғам өміріне болған қатынастарын реттеуші тірек құндылықтар мен негіздемелік ұғым, пікірлер жүйесі. Сана өзіндік сана және өзіндік жауап әрекетке келу (саморефлексия) қабілеттерімен байланысты.
Өз төңірегіндегі дүниені сезінумен адам өзін сол дүниеге байланыстыра қабылдайды.