Өзіндік сана – бұл адамның қоршаған әлемге болған құндылықты – мәнді тұлғалық қатынастарының жүйесі. 2. Психиканың пайда болуы Адам психикасы – мидың табиғи өнімі емес, әлеуметтік жағдайлар туындысы. Алайда, ол табиғи, физиологиялық зат – мидың арқасында әрекетке келеді. Психиканы ми әрекетінен ажыратып та болмайды, сонымен бірге оны бүтіндей нейрофизиологиялық үдеріс деп те атау орынсыз. Психика мен физиологиялық үдерістердің өзара қатынасы – идеалды дүние мен заттасқан болмыстың ажыралмас байланысы.
Психика – ми қызметінің әлеуметтік жанамаланған өнімі.
Адам миының жұмыс ерекшелігі сырттан түсіп жатқан ақпараттың ерекше тәсілмен таңба, белгілерге айналуынан көрінеді. Адамның болмысты психикалық бейнелеуі – бұл қоғамды- тарихи тәжірибеде қалыптасқан сөздік белгі, адамдық ұғымдармен жанама күйде берілген өрнек, бейне.
Психиканың негізгі жасау белгілері – оның жүйелілігі, біртұтастығы, бөлшекке түспейтіндігі. Психика әрқилы күрделілік деңгейіндегі әрекет-қылықты қамтамасыз етуші көп сатылы (бірінен бірі жоғары) қызметтік жүйелерден тұрады. Психика көп деңгейлі ғана емес, ол сонымен бірге көптеген қасиет-сапаларға ие бола тұрып, сан алуан қызметтерді орындайды. Көрінген жүйе өз құрылымымен, әрекеттік қозғалысымен, бірлікті (интегралды) күй-қалпымен және жүйелі қасиеттерімен сипатталады.
Психикалық жүйе өзінің ұйымдасу шарттарымен ерекшеленеді. Ол жүйе психикалық үдерістерге, психикалық қалыптарға және психикалық қасиеттерге ажыралады.
Психикалық болмыс өте күрделі, дегенмен, оны келесідей шартты түрлерге бөліп қарастыруға болады: экзопсихика, эндопсихика және интропсихика. Экзопсихика – психикалық дүниенің адам ағзасынан тыс жатқан болмысты бейнелеуші бір бөлігі. Эндопсихика – психикалық болмыстың адам азғысының қалпын бейнелеуші құрамы. Интропсихика – құрамды психиканың адам ойын, ерік күшін, қиялын, ұйқыдағы түстерін қамтыған бөлшегі. Психика қоршаған дүние жөніндегі санаға келіп түскен ақпараттарды біріктіру және оларға түсініктеме беру, оларды адамның қажеттерімен сәйкестендіру және адам әрекет қылығының бейімделу, болмысқа икемделу үдерісінде реттеу қызметтерін атқарып бару үшін қажет. У.Джемс пікірінше, психиканың негізгі қызметі: сырттай болмысты бейнелеу негізінде жеке әрекет-қылықты басқару және ретке келтіру, сонымен бірге оны адам қажетіне сәйкестендіру. Е.Ф.Ломов өз еңбектерінде жеке адам әрекет-қылығы мен іс-әрекетіне байланысты психиканың үш түрлі қызметін ажырат: танымдық, реттеушілік, ақпарат алмасымен қарым-қатынасқа келу (коммуникативті). Адамның бейімделуі мен шығармашыл әрекетке түсуі осы үш қызметтің орындалуына тікелеу тәуелді.
Барша психикалық құбылыстар өзара байланыста, дегенмен дәстүрлі психология оларды үш топқа бөліп қарастырады: 1) психикалық үдерістер; 2) психикалық қалыптар; 3) тұлғаның психикалық қасиеттері.
Психикалық үдерістер негізгі тірек құбылыстар ретінде қарастырылады, ал психикалық қалыптар мен қасиеттерді уақытша әрі психикалық үдерістердің тектік ауысулары деп білеміз. Барша психикалық құбылыстар өзара бірігумен бейнелеу-реттеу іс-әрекеттерінің біртұтас сарынын құрайды.
Негізгі үш психикалық құбылыс сипаттамасы төмендегідей: